Қазақстандағы қазба байлықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2014 в 07:51, реферат

Краткое описание

Біздің еліміз қазба байлықтарына өте бай. Қазақстанда Менделеев кестесінің барлық дерлік элементтері бар. Пайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді: жанғыш пайдалы қазба, кенді пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы қазба. Жанғыштарға - тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ,
кенді - алюминий, мыс, қорғасын, күміс, мырыш, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар - ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент

Содержание

Кіріспе3
1.Қазба байлықтар – халқымыздың байлығы4
2.Қазақстандағы қазба байлықтары 6
3. Пайдалы қазба байлықтардың түрлері 12
4.Қазба байлықтарын тиімді пайдалану – негізгі бағыт13
5.Қазба байлықтарының қазіргі жаздайы мен болашағы14
Қорытынды17
Қолданылған әдебиеттер18

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстандағы қазба байлықтары.docx

— 54.12 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

 

 

 

 

 

 


 

 

Тақырыбы: «Қазақстандағы қазба байлықтары»

 

 

 

 

                                                                  Орындаған: Мансұр Н.М

                                                                 Тексерген: Қуандықова Э.М

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014

Жоспар

 

Кіріспе3

1.Қазба байлықтар – халқымыздың байлығы4

2.Қазақстандағы қазба байлықтары 6

3. Пайдалы қазба байлықтардың түрлері 12

4.Қазба байлықтарын тиімді пайдалану  – негізгі бағыт13

5.Қазба байлықтарының қазіргі жаздайы мен болашағы14

Қорытынды17

Қолданылған әдебиеттер18

 

 

 

 

Кіріспе

Біздің еліміз қазба байлықтарына өте бай. Қазақстанда Менделеев кестесінің барлық дерлік элементтері бар. Пайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді: жанғыш пайдалы қазба, кенді пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы қазба. Жанғыштарға - тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ,  
кенді - алюминий, мыс, қорғасын, күміс, мырыш, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар - ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент. Пайдалы қазбаларды геологтар зерттейді. Қазақтың тұңғыш геологі ол - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.  Жанғыш пайдалы қазбалардың қатарына тас көмір жатады. 
Тас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. 
Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі. 
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. 
Кенді пайдалы қазбалар орталық Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе, Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі. 
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Тас көмір-Қарағанды, Екібастұзда, мұнай- Атырау, Ақтау, Орал өңірінде, газ- Ақтау, Орал облыстарында, алюминий- Арқалықта, мыс кені- Жезқазғанда, ас тұзы- Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде, темір кені-Қостанай өңірінде, фосфорит- Ақтөбе, Тараз өңірлерінде бар.Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен 
Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен.  
 

 

 

 

  1. Қазба байлықтар – халқымыздың байлығы

Қазақстанның жерінде пайдалы қазбалар бар. Қазақстанның жері кең — байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды, қазба байлықтарын пайдалануымен барынша тығыз байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Қазба байлықтарын игеруге  жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы  әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75%  болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар  қояды. Көптеген қазба байлықтары (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.

Қазақстан жер қойнауының пайдалы қазбаларға тұнып тұр, көмiр, темiр кен орындарындағы қорлар кем дегенде 300 жылға жеткiлiктi.

Қазба байлықтары да орны толмас табиғат ресурстарына жатады. Оларды тасымалдау және өңдеу, қазып шығару кезінде өте үнемді қолдану керек. Қазба байлықтарын қазу орындарында қазылған жер ландшафтарын қайта орнына келтіру жұмыстарына да көп көңіл бөлінуін қадағалап отыру қажет.Топырақтың бұзылуы, эрозиясының тоқтауы және эрозияға ұшыраған топырақтың қайта қалпына келуі өте көп еңбекті, үлкен қаржыны, шығынды қажет ететіндігін үнемі есте сақтау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстандағы қазба байлықтары

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он  үшінші орында.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Қазақстанда барланган тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастүз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайың-Жем)  жатады.

Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі больш табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында,   газ бен газды конденсат — 15-ші, мұнай өндіру — 23-орында.  Қазақстанның үлесіне барланған мұнай қорының 2%-на дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат — шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен  13  млрд.  тонна.

Қазақстанның жер қыртысы мұнаймен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты,  Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50—100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб  метрді  құрайды.

Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры, табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газга қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан—Алакөл ировинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары барланған.

Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай темір кен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Алатау темір марганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылган. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер — 80 млн. тоннаны құрайды.

Ұлытаудағы Қарсақатай темір кен орындарында 500 млн. тонна темір кені бар.

Шағын темір кен орындары Кеңтөбеде (Қарағанды), Атансарда (Көкшетау), Қаратаста (Жезқазған), Иірсуде (Оңтүстік  Қазақстан)  және  т.б.  жерлерде  табылған.

Марганец кендері Атасу темірмарганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен  Семейде  анықталған.

Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге   дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді.  Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60% ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.

Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.

Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22 %. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадий бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында  кездеседі.

Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда  және Жезқазған  облысындағы  қоры  белгілі.

Қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардың көптүрлілігімен, байлығымен  сипатталады.

Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының  маңындағы  кен  орындарын  атауға  болады.

Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.

Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Карағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өндеу барысында  талқыланады.

Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған.  Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпатында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісқанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саян, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттың байлығы болып табылады.

Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.

Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентге, Қарағайлыда, Кентауда жәие т.б. жұмыс істейді.

Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс пен мырыш немесе қорғасын мен  мыс  немесе тек  мырыш болады.

Сарыарқада Атасу тиіндегі полиметалл кендері Қарағанды және Жезқазған облыстарында орналасқан. Комплексті, қосымша компоненттері бар кен орындары Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиме-талл кендерінен біреуі ғана — Ақжол іске қосылған.

Қаратауда Ақсайдан басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т.б. кен  орындары   іске  қосылған.

Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары  табылған.

Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте — Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста — Қалбы алтынды ауаны. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.

Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10—15-тен 100—120 тоннаға дейін арттыруға  болады.

Сирек металдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған.

Вольфрам мен молибденнің өнеркәсіптік кен орындары Сарыарқада (Байназар, Ақмая, Шалқия, Саран, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда (Көкшіл, Шындығатай), Іле Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен орындарында (Қоңырат, Бозшакөл, Саян) және Қаратаудың, ванадийлі кен орындарында әр түрлі мөлшерде  молибден  қоры  бар.

Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплексті ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған.

Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.

Висмут қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде кездеседі. Сураманың бірден бір кен орны (Торғай) Акмола  облысында  орналасқан.

Сынап Шар ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында  табылған.

Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.

Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры қорғасынды-мырышты, мысты кен орындарында орналасқан. Кадмийді концентраттардан өндіреді.

Информация о работе Қазақстандағы қазба байлықтары