Қазақстан полигондары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 12:52, реферат

Краткое описание

Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары. Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақстан полигондары
2. Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферасына тигізетін әсері
3. Ақтөбе: Жұрт полигондар зардабын шегіп отыр
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

СӨЖ.Қазақстан полигондары.Эк.тұрақюдаму.docx

— 53.64 Кб (Скачать файл)

 

Қазақстан полигондары

 

 

Жоспар

Кіріспе

1. Қазақстан полигондары 

2. Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферасына тигізетін әсері

3. Ақтөбе: Жұрт полигондар  зардабын шегіп отыр

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.      Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.          Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазақстан полигондары

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймелім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, щұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де 1949 – 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі атмосферада, 183 – і жер бнтінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы саналған елдермен салыстырсақ 225, АҚШ – та 1032, Қазақстанда 500 – ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция, Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр Ресей ме Лонбор Қытай , Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.           Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінгі дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500 – ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті.         Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған.     Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өикізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966 – 1979 жылдар аралығында 24 рет ядралық қару сыналған. Соным ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (камдий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені аныталған. Мұндай сынақтар Үстірте де 1968 – 1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тойсойған, Балқаш көлі маңында Сарышыған, Ташкент – 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.    Полигондардың ішіндегі Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен эколдогиялық апатты аймаққа айналды.  Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелер бүлдіріліп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн. Гектарға жетті. Полигондарға пайданылған жерлердің ауа, сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. Адам мутагенез аурымен есепте тұр. Оның ьасым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта ресмуплика бойынша жоғары. Полигондар аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп жарамсызданған.        1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейлегі бұл шешім “Семей – Невада” қоғамдық қозғалысының жемісі болды.   Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда “Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зертеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру” (1992,1995) туралы маңызды құжатар қаблыданды.

2. Қазақстан Республикасы  территориясындағы әскери полигондар  және олардың Қазақстан биосферасына тигізетін әсері

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық “Капустин Яр” атты ескери полигоны болып келгені кейінгі кезде ғана халыққа белгілі бола бастады. Батыс Қазақстан облысының Орда, Жаңғалы аудандарында 24 мың зьшыран ұшырылып 177 әскери жаппай қырып жоятын қару-жарақ сыналғаны соңғы уақыттарда белгілі болды. 1988-1991 жылдары аралығында осы аймақта 619 СС-20 зымыраны ұшырылып айналаны қоршаған сыртқы ортаға 30 мың тоннадай өте улы химиялық заттар шығарылған.         Жоғарыда көрсетілген жылдарда жер астында — 18, ал атмосферада — 11, қуаты Херосима жөне Нагасаки (Жапония) қалаларының үстінде жарылған атом бомбыларының қуатынан бірде-бір кем емес керісінше күші пара-пар келетін термоядролық жарылыстар өткізілген. Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында “Капустин Яр”, Атырау облысының Теңіз ауданындағы “Атырау”, “Азғыр” әскери полигондары болған. Оларда 1966 жылдан 1979 жылға дейін жер астында ең кем дегенде 17 ядролық жарылыс өткізілгені туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Олар баспасөз беттерінде ашық жарияланған. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының көптеген жерлері радиоактивті және химиялық улы заттармен ластанған. Осы күнде бұлақ, өзен, көл не шаруашылыққа, не жуынып-шайынуға жарамай қалаған. Өйткені ондағы улы қосылыстардын (нитраттардың) көлемі 2,6 есе ден 800 есеге дейін өскен. Мысалы, 800 есе, қорғасының мөлшері 206 есе, стронций-90-ның мөлшері 150 есе, темірдің улы қосылыстарының көлемі 5 есе белгіленген деңгейден асып кеткен. Кадмий мен мыс Бисен қалашығының тұрғындарының ішетін ауыз суларында өте жоғары денгейде болғаны байқалды. Бұл суларды адамның және жан-жануарлардың ішуіне болмайтынын арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеулер анықтап шықты. Қорғасын, стронций мен темірдің деңгейі Елқонды қалашығы тұрғындарының, Орда ауданының басқадай ауылдарының ішетін ауыз суларында көп мөлшерде екені тәжірибе жүзінде толығымен дәлелденді. Оларды тұрғын халықтардың өздері де жақсы біледі. Бұл ауданның биосферасын да қорғасын, стронций-90, темір деңгейлері көрсетілген мөлшерден 6-7 ден 11 есеге дейін өсіп кетксн. С.Д. Лсфендияров атандағы Алматы мемлекеттік медициналық университеттін бір топ доценттері мен профессорлары аранулы түрде Батыс Қазақстан облысының Орда, Жәнібек, Қазтал қалашықтарының аймақтарында радиоэкологиялық ғылыми-зерттсу жұмыстарын жүргізген болатын. Олар топырақтың құрамындағы судың ішіндегі радиоактивті элементтері. Стронций-90, цезий-137 анықтаған еді. Зерттеу жұмыстарының қорытынды-ларына қарағанда, зерттеуге алынған объектілердің құрамында радиоактивті қосылыстар үш еседен артық екені анықталған.       Жануарлар денесінен, жерден, судан алынған үлгілерді лабораториялық анализдерден өткізгенде, оларда радиоактивті калий-40, торий-232, радий-236 бар екені анықталған.     Жәнібек және Сайхин қалашықтары тұрғындарының тістерін жан-жақты зерттегендс, адамдардын тістерінде радиоактивті сәулеленудің 23-тен 38 Бэрге дейінгі (Бэр радиоактивті сәулеленудің көрсеткіші) көлемінде иондалған сәуле шығаратын заттар бар екені дәлелделінген. Халықаралық үлгі бойынша, егер 7 Бэр көлемінен астам иондалған сәуле шығаратын заттар анықталса, онда ол жерлерді радиациялық қауіпті аймақтар қатарына жатқызып, жергілікті тұрғындарға мемлекет тарапынан әртүрлі жеңілдіктср беріледі. Сонымен бірге сол аймақтың халықтарының денсаулықтарын сауықтыру үшін мындаған-миллиондаған ақшадай, заттай, неше түрлі азық-түліктер беріліп отырады.        Медиктер мен биологтардың соңғы кездерде жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары мезгіл — мезгіл ресми баспа беттерінде халыққа жарияланып отырады. Әскери полигондарда неше түрлі сынақтар өткізген кездерде зымырандар апатқа ұшырап қалатын жағдайлары болады. Ондай кездерде олардың жанармайлары (отындары) топырақпен су көздеріне шашылады да, оларды улайды. Әсіресе нитрозодиметиламин және гептилмен (симетриялы емес радиоактивті диметилгидразин) зақымданатыны анықталды. Сонымен бірге мұнай (жанармай) құрамындағы қалдықтары – бензпирин жерді және суды улан-дыратыны анықталды. Бензпирин зымырандар жанармайларының құрамында көп болады. Ол концерогенді қосылыс. Адамдарға аса қауіпті дерт – рак ауруын тудырады.   Кейбір жағдайларда зымырандар кенеттен апатқа ұшырап жататыны жоғарыда айтылды мұның негізгі себебі техника ғой. Оның уздіксіз (апатсыз) жұмыс істеуіне ешкімде кепілділік бере алмайды. Апатқа ұшыраған зымырандардың бактарында қисапсыз көп жанармайлардың (отындардың) қоры болады. Олар зымы-рандар апатқа ұшыраған кезде түгелдей жанып болмағандары түгелдей жерге, ауаға, суға төгіледі.     Кейбір әскери мамандардың айтуына қарағанда зымыран отындары ауада түгелімен жанып кетеді де, жерге және онда тұратын халықтарға ешқандай зиян келтірмейді деп есептейді. Мұның бәрі бос сөз екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді. Өйткені зымыран апатқа ұшыраған аймақтардағы гептильдің мөлшері 158 есе өсіп кеткеннін арнаулы түрде жүргізілген зерттеулердің қорытындылары дәлелдеп отыр. Ал топырақты зақымдаған мұнай өнімдерінің қалдықтары 1,5-тен 32,6 есеге дейін безпириннін көлемі 1,2-ден 25,5 есеге дейін артып кеткенін арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Зымырандардан қауіпті жанармайлармен жердің, судын ластануы Батыс Қазақстан облысының Орда қалашығы жерінде және Хаки-Сор атты көлде 22-ден 58 есеге дейін өскенін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары анықтап шықты.      Орда ауданының тұрғындарының арасында жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, халық санының өсуі жыл өткен сайын төмендеп келе жатқанын көрсетіп келеді. Адамның өмір сүру мерізімі тым қысқарып кеткенін байқауға болады. Егер Қазақстан Республикасы бойынша, адамдардың орташа тіршілік ету мерізімі ер адамдар үшін 64, ал әйелдер — 71 жас мөлшерінде болса, ал Орда ауданында тұратын адамдардың орташа өмір сүруі небәрі: ер адамдар үшін – 58, ал әйелдср – 61 жыл ғана өмір суретіні дәлелденіп отыр. Бұл ауданда балалардың, тууы 1987 жылы әрбір мын адамға шаққанда 33,4 болса, ал бұл көрсеткіш жыл сайын азайып, 1998 жылы 16,74 есеге дейін төмендеп, кейін 19,3 мөлшерге жеткен.  “Капустин Яр” және “Азғыр” әскери полигонындарында жаппай қырып-жоятын жаңа қару-жарақты сынау жас келіншектердің бала туу қабілетінен айырып жібергені байқалады. Неге десеніз, жас әйелдердің денсаулықтары адам айтқысыздай болып нашарлап кеткен. Бұған не айтуға болады. Осыған орай адамдардың өсу процесі тежеліп қалаған. 1998 жылдындағы туған балалармсн 1975 жылы туған балалар бұған дәлел бола алады, яғни 1975 жылы балалар өте көп туғаны байқалады 1998 жылмен салыстырғанда. Сол аймақтардын адамдары туған жерлері болған соң қайда барсын, әйтеуір отыр ғой.         Айта кететін тағы бір жәйт, бұл өлкедс адамдар арасында өлім-жітім өте көп кездеседі. Сонымен бірге неше түрлі аурулар, кемтар туған сәбилер, қол-аяғы жоқ кемталар балалар қисапсыз көп кездеседі. Оларды көргенде зәреңіз ұшады.          Кейінгі жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар арасына көптеп тарап кеткен. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. Әрбір мың бала туса олардың 40-ы кемтар болып туатынын медиктер айтып жүр. Орда ауданында халық басқа жерлермен салыстырғанда көп ауратыны байқалып отыр.             1999 жыл әскерге шақырылған жас өспірімдердің 40,7 пайызы әскери қызметке жарамсыз деп табылған. Балалардың бойы өспей қалған. Ондай балалардың саны 42,2-64,3 % мөлшеріндей. Кейбір балалардың ақыл-ойы қалыптағыдай больш жетілмеген. Олардың мөлшері 7,2 % құрайды.  Осы келтірілген ғылыми деректер соңғы жылдары Орда ауданы тұрғындарының арасынан байқалған. Онда мүгедектер саны басқа жерлерге қарағанда өте көп. Әсіресе I және II топтағы мүгедектер саны айтарлықтай. Олардың мөлшері 72,8%. Мүгедектердің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Орда ауданының тұрғындарының арасынан бүйрек аурулары бар адамдар саны 60,6 % құлақ дерті 345 есе көбейіп кеткен. Неше түрлі қояншық аурулары жеткілікті. Мұның бәрін жіпке тізгендей етіп айта берсе адамның көңіл күйі тым төмендеп кететіні белгілі. Сондықтанда осы айтылғандармен сөзімізді тоқтаталық. Осының бәрі зымырандардың гептилінен екенін әрқашанда есте ұстаған жөн. “Ескіні көксеген өспейді” дейді қазақ біз ескі уақытты көксеп отырған жоқбыз. Келешекті ойлап отырмыз, келешскте не боламыз, ақыр заман бола кетпейме екен (апакалипсис) деген ойдамыз, Иә, өткен замандарда адамзат болған деседі ғалымдар. Оларда осындай істермен шұғылданамыз деп жер бетінен мүлдем жойылып кеткен. Сол сияқты МАРС планетасында да тіршілік иелері болған деген жорамал бар. Оларда атом қаруын пайдаланып бірін-бірі МАРСтан жойып жіберген. Басқа планеталардағы жағдайды біз білмейміз. Бірақ тіршілік иелерінің бар екенін биология ғылым дәлелдейді.   Биылғы жылы (2001 жыл) адамзат баласына ең ауыр жыл болып тұр ғой. Неге десеніз, елім-жітім өте көп. Анау өліп қалыпты, мынау өліп қалыпты деген шындық қазіргі кезде кеп айтыльш жүр. Осының бәрі биосфераның адам айтқысыз болып ластануынан дегем қорытынды жасауға болады. Адамзат баласының барлық тіршілігі биосфера компоненттерімен тікелей байланысты. Сондықтан жер жүзінің халықтары биосферанын тазалығына айрықша көңіл бөліп отыр ғой. Өйткені кейінгі уақытта адамдардың тіршілік етуі мүмкін болмай келеді. “Выживание человечества становится невозможным”, “За выживание человечества” деген девиз бар ғой. Тегінен-тегін айтылмаған сияқты.

3. Ақтөбе: Жұрт  полигондар зардабын шегіп отыр

Ақтөбеде «Невада-Семей» қозғалысының белсенділері полигондар зардабын жою, жаңадан туындаған мәселелерді шешу жолдарын талқылады. «Невада-Семей» 19 жыл бұрын ядролық сынақтарға қарсы қозғалыс түрінде құрылған болатын. 1989 жылы Семей полигонының жабылуына мұрындық болған қозғалыстың біраз уақыт саябырсып қалған еді.  Таяуда Ақтөбеде «Невада-Семей» қозғалысының белсенділері полигондар зардабын жою, жаңадан туындаған мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Расында, кеңестік жүйенің әскерилері сынақ жүргізген аймақтардың тұрғындары қазіргі уақытта түрлі қиыншылықтармен бетпе-бет қалғаны жасырын емес. Адам төзгісіз экологиялық ахуал, халық денсаулығының нашарлауы, әлеуметтік жағдайдың төмендігі – өзара байланысты күрделі мәселеге айналды. Жергілікті халықтың полигон зардабымен күресінің алда қанша жылға созылатыны тағы беймәлім. Сынақ орындарында мүгедек, кемтар балалардың өмірге келуі әлі жалғасуда. Ауру түрлері көбейіп тұр.        Мамандардың айтуына қарағанда, бұрынғы полигон аумақтарындағы радиация мөлшері 1992 жылдан бері тексерілмепті. Қазақстанның батысындағы облыстарда Азғыр, Капустин Яр, Тайсойған, Ембі-5, Регион-3, Мир, Жамансор полигондарының аты ғана жария.   Қозғалыстың Батыс бөлімшесінің жетекшісі Ізімғали Көбеновтың мәлімдеуінше, кеңес билігі тұсында елдің батыс облыстарында 20-дан астам қуатты ядролық сынақтар жүргізілген:  - Соның ішінде Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Қалдайбек елдімекенінде 11 рет жарылыс болды. «Қалдайбек – «Ембі-5» әскери полигонының дәл нүктесі. Өкінішке қарай, облыстық мұрағатта екі ай отырып, сол жылдарда сынақ жүргізілгендігі туралы ешбір мәлімет тапқан жоқпыз.    Облыс орталығынан 450 шақырым жерде орналасқан Байғанин ауданының тұрғыны Бисен Жақанұлы жарылыстардың тірі куәгері. Оның айтуынша, бұрынғы Кеңестер Одағының әскери сынақ жүргізетін «Ембі-5» полигонында 1956 жылдан бастап әскери техникалар, қуатты қарулар сыналған:  - 1987 жылдың 3 қазанында Қалдайбекте ең соңғы рет термоядролық сынақ болды. Өзім куәмін, электр шамы қозғалып, үй теңселді. Үй ішіндегі пештер құлады. Төбеде бұлт пайда болып, ол төмен түсті де, 10 минуттан соң жоғалды.        Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының профессоры Т.Үмбетов:  - Қазақстанда ядролық қарулар 1962 жылға дейін жер бетінде, ал 1962 жылдан бастап жер астында сыналды. Мұның зардабы бірнеше ұрпаққа жетеді. Радиациядан қорғаныш жоқ. Себебі, радиация ең алдымен адамның гендік жүйесіне әсер етеді. Болашақта дүниеге келер ұрпақ арасында да радиация аурулары көбейіп кете ме деген қорқыныш бар. Даун, қоянжырық, лейкоз аурулары тікелей ядролық сынақ болған жерлерде өршиді.           «Невада-Семей» ұйымының бірінші вице-президенті Виталий Ерохин келесі жылы қозғалыстың 20 жылдығына арнап елде ғаламдық конгресс өткізу жоспарланып отырғандығын хабарлады. Әзірше, қозғалыс мүшелері үкіметтен жарылыс болған аймақтарда ескерткіш тұрғызуға ғана келісім алған. Полигон аймақтарындағы тұрғындардың денсаулығын тексеру, өтемақы төлеу, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік тумай отыр.         Ядролық сынақтардың зардабын тікелей тартқандар – полигонда қызмет еткендер. Бұлардың дәл саны нақты емес. Әрі бұрынғы полигон қызметкерлері мемлекет назарынан тыс қалып келеді. Бүгінде, олар өзара бірігудің жолдарын іздеп, бірлестіктер құрып, мәселелерді айқындап жатыр. «Невада-Семей» қозғалысының Солтүстік Қазақстан аймақтық филиалы төрағасы Өмірбек Сәтмұхамбетов полигонда қызмет еткен жігіттердің басын қосып, оларды емдеп-сауықтыру жұмысын жүйелі түрде қолға алу керек деген ұсыныс айтты:  - Ол үшін бұрынғы Одақ тарағанда жеке меншікке өтіп кеткен емдеу-сауықтыру мекемелерін қайтаруға күш салу керек. Өзіміздің емдеу орнымыз болмайынша, жұмыс жүрмейді. Алыстан іздеудің де қажеті жоқ. Мәселен, Қостанайдың, не Бурабайдың сауықтыру мекемелерінің қайсысы бұрынғы әскери полигон қызметкерлерін емдейтін орын болды? Осыған назар аударайық.     Қазақстандағы ең ірі сынақтар жасалынған Семей және одан басқа полигондарда қанша адам қызмет еткені жөнінде орталықтандырылған мәлімет жоқ. Ізімғали Көбенов Ақтөбе облысының 7 мың азаматы әр жылдары Семей полигонында жұмыс жасады деп хабарлады.

 

Қорытынды

Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.

Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

www.google.kz

 

 


Информация о работе Қазақстан полигондары