Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 09:15, реферат
Экологиялық жағдайлар күрделі түрде айқындала бастады және барлық елдер мен халықтардың ішкі және сыртқы саясатының мемлекеттік деңгейінде маңызды болды. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортамен әрекет етуінің оптималды стратегиясының проблемасы осы кезеңге тән. Антропогендік фактор, қоршаған ортаның техногенді ластануы, жаппай ізденістер және биосфера құрауыштарына: атмосфера, гидросфера, литосфераға әсерді азайтудың инженерлік шешімдері өзекті болып табылады.
Бақылаушыға арналған метеостанцияларда арнайы ережелер, қағидалар болады, олар мұқият орындалып, ескеріліп отырылуы шарт.
Метеостанциялар жұмыс істеу бағдарламасы бойынша 3 дәрежеге бөлінеді. Ал жұмыс істеу бағыты (саласы) бойынша негізгі және арнайы деп бөлінеді.
1-ші дәрежедегі негізгі метеостанцияларда мына метеоэлементтер өлшенеді:
- ауа температурасы;
- атмосфералық қысым;
- ауа ылғалдылығы;
- желдің бағыты мен жылдамдығы;
- бұлттылық (аспанды бұлт торлау дәрежесі, бұлттар түрі, биіктігі және жылжу жылдамдығы мен бағыты);
- жауын-шашын мөлшері, түрі, қарқындылығы;
- жер бетінде пайда болатын шөгінді жауын-шашын (шық, қырау, қылау, көктайғақ) және тұман;
- горизонталды көріну қашықтығы (атмосфераның көмескіленуінен заттар пішіні көрінбей бастайтын қашықтық);
- күн сәулесі түсу ұзақтығы;
- топырақ бетінің және топырақтың бірнеше қабаттарындағы температура;
- топырақ бетінің жағдайы;
- қар жамылғысының биіктігі мен тығыздығы;
- топырақ (немесе су) бетіндегі булану;
- сонымен қоса атмосфералық құбылыстар тіркеледі.
Метеоөлшемдер өңделіп, талданады. Олар бойынша ғылыми-зерттеулік жұмыстар атқарылады. Мұндай станцияларды метеообсерваториялар деп атайды.
2, 3-дәрежедегі станцияларда жұмыс қысқартылған бағдарламамен жүргізіледі, әрі бірнеше метеоэлементтер ғана өлшенеді.
3-ші дәрежелі станциялар көбінесе автоматикаланған және адам тұрақты қоныстанбаған аймақтарда орналасады.
Орналасқан ландшафт ерекшелігі бойынша метеостанциялар арнайы мамандандырылған болып бөлінеді, мысалы, таулық, батпақтық, мұздық, шөлдік т.б. Мұхит айдындарында атмосфера жағдайын «ауа райы кемелері» үздіксіз бақылап отырады. Метеостанцияларда атмосфераның ең төменгі жағдайы бақыланады. Ал 40 км биіктікке дейін шар-пилот (жел бақылайтын), радиозонд (температура, қысым, ылғалдылық өлшеуге) ұшырылады. Бұл бақылауларды аэрологиялық деп атайды. Одан жоғары атмосфера жағдайын метеорологиялық ракеталар мен спутниктер, геофизикалық ракеталар, аэрокосмостық тәсілдер арқылы зерттейді. Қазіргі кезде метеорологиялық аспаптарда соңғы ғылыми-техникалық жетістіктер кеңінен қолданылады: термо-, фотоэлементтер, жартылайөткізгіштер, радиобайланыс, радиолокация, аэрокосмостық сканерлеу, автоматикаланған бақылаулар т. б.
Бақылаулар нәтижелері телефон, телеграф, радио, спутниктік, Интернет байланыстары арқылы ауа райы қызмет ұйымдарына қолма қол жіберіледі. Онда олар синоптикалық карталар жасауға, жалпы ауа райы жайлы мәлімет жинауға, талдауға, болжауға қолданылады. Бақылаулар, жоғарыда айтылғандай, әрбір 3 сағатта жаңартылып отырылады. Мемлекеттік метеорологиялық станциялар жүйелері ХІХ ғасырда құрыла бастады. ХХ ғасырда олар Азия, Африка, Антарктида, Арктиканың адам аяғы баспаған жерге орын тебе бастайды. Кеңес Одағында ең үлкен метеорологиялық станциялар жүйесі жұмыс жасады, құрамында негізгі станциялардың саны 400-ден астам, аэрологиялық станциялар 200-ден астам (дүние жүзінде барлығы 1000-ға жуық) болды. Метеорологиялық бақылаулар гидрологиялық бақылаулармен бірге жүргізіліп (олар гидрологиялық станциялар мен бекеттерде), талданылады. Сондықтан қызмет орталықтарын гидрометеорологиялық орталық деп атайды. Олардың негізгі мақсаты — ғылыми-зерттеулік жұмыстармен қоса, халық шаруашылығын гидрометтік ақпаратпен қамтамасыз ету. Барлық метеостанциялар территория бойынша бір ортаға қарайды. Мысалы, Қазақстанда аудандық станциялар облыстыққа, олар мемлекеттік метеорологиялық орталыққа қарайды. Мемлекеттік орталықтар аймақтық (регионалды) орталыққа бағынады. Жер шарында барлығы 25 аймақтық орталықтар бар, олардың 3-і ТМД елдер территориясында: Москва, Новосибирск, Ташкент қалаларында орналасқан. Аймақтық метеоорталықтар әлемдік 3 орталыққа (Москва, Вашингтон, Мельбурнде орналасқан) қарайды. Жалпы Дүниежүзілік метеорологиялық жүйе БҰҰ қарамағында жұмыс атқарады.
Дүние жүзі бойынша метеорологиялық қызмет міндетін Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) атқарады. Оның бірінші конгресі 1873 жылы өтіп, әрбір бес жылда жиналады. Секретариаты Женева қаласында орналасқан. Мемлекеттік метеорологиялық ұйымдар осы бүкіл әлемдік ұйымға кіреді. Қазір құрамында 120-дан астам мемлекеттер бар. ДМҰ планета бойынша бақылаулар жүргізілуін, метеоақпараттардың таралуын, ауа райы болжамдарының бірыңғай келісілген жобамен жасалып, уақытында таралуын қадағалайды. ДМҰ шешімімен 23-ші наурыз Халықаралық метеорология күні деп аталады.
Метеорологиялық жүйенің жұмыс атқаруы келесі көп сатылы күрделі ақпараттық-есептегіш құрылымнан тұрады:
- бақылаулық ақпарат алу, яғни олар планета бетіндегі метеостанциялар мен космостық құралдармен жасалады;
- ақпараттарды жинау және хабарлау;
- ақпараттарды өңдеу, яғни ол метеожүйенің төменгі сатысынан жоғары қарай жүргізіледі;
- метеорологиялық ақпараттарды тұтынушыға жеткізу.
Метеорология және климатология даму тарихынан
Атмосфералық құбылыстарды бақылауға ежелгі кездерде Қытай, Үндістан, Жерорта теңізі маңында алғашқы қадамдар жасалған. Орта ғасырларда да аса маңызды, күрделі атмосфералық құбылыстар тіркеліп отырылған. Бірақ онда ғылыми бақылаулардан алыстау, көбінесе құбылыстардың табиғатын түсінбей, байқалған ақпараттар болды. Ал өлшеу жүргізетін аспап-құралдар болған жоқ. Мысалы, ежелгі Мысыр елінде «Ніл өлшеуіш» деген, су деңгейін қадағалап отыратын құрал болған екен. Бірақ ол кезде көптеген процестер мен құбылыстар түсініксіз болып, адам үрейін қашыратын. Біздің д.д. ІV ғасырда ежелгі грек ғұлама ғалымы Аристотель атмосфералық процестерді түсіндіру мақсатымен алғашқы «Метеорология» атты кітап жазған.
Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде — ХV, ХVІ ғасырларда жаңа ашылған жерлердің алғашқы климаттық сипаттамалары пайда болады.
Қазіргі ғылыми метеорология ХVІІ ғасырдан басталады. Ол кезде физика ілімінің негізі қалана бастады. Ал метеорологияны атмосфералық физика деп түсінуге болады. Алғашқы аспаптарды Галиллей мен оның оқушылары жасады (термометрді 1597 жылы — Галиллей, барометрді 1643 жылы — Торричели). Сөйтіп, инструменталды бақылаулар жасауға мүмкіндік туды. ХVІІ ғасырдың аяғында — ХVІІІ ғасырдың басында Еуропада алғашқы метеорологиялық бақылаулар жүргізіле бастайды. Бірақ олар ретсіз, жүйесіз жүргізіледі. ХVІІІ ғасырдың ортасында орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов (1711–1765) метеорология дамуына елеулі үлесін қосады, ол анемометр, теңіздік барометр ойлап шығарып, найзағай табиғатын түсіндіріп, ауа райы болжауының маңыздылығын дәлелдейді.
Ресейде ретті метеорологиялық бақылаулар жүргізу негізін I Петр қалайды. 1725 жылы Петербургте бақылаулар жүргізуін қадағалайтын Академия ашылады. 1849 жылы дүние жүзі бойынша алғашқы метеорологиялық ұйым — Бас геофизикалық обсерватория ашылады. М.А.Рыкачевтың ұйымдастыруымен Ресейде алғаш метеорологиялық күнбе күндік бюллетень шығарыла басталады. Бірте-бірте ұйым үлкейіп, ғылыми-зерттеулік институттар, обсерваториялар құрылады. Динамикалық, синоптикалық метеорология негіздері қаланады. 1930 жылы орыс ғалымы П.А.Молчанов радиозонд ашып, аэрологиялық бақылаулар жасауға мүмкіндік туғызады. Ресейлік ғалым-метеорологтар — Г.И.Вильд, А.И.Воейков, П.И.Броунов, Я.Д.Захаров, Б.П.Мультановский, Б.И.Срезневский т.б. әлемдік метеорология мен климатология дамуына үлкен еңбек сіңіреді.
ХХ ғасырдың басында норвегиялық Бьеркнес мектебінің ғалымдары ауа массалары, атмосфералық фронттар жайлы ғылыми теория енгізеді. Өз үлесін АҚШ ғалымы В.Феррель, неміс ғалымдары Г.Гельмгольц, В.Кеппен, австриялықтар Ю.Ханн, М.Маргулес, швециялық К.Россби, ағылшындық В.Нэпир-Шоу т.б. сол сияқты көптеген ғалымдар қазіргі метеорология мен климатология негіздерін қалаушылар деуге болады.
Кеңес Одағында метеорология ілімі одан әрі қарқынды дами бастайды. 1921 жылы В.И.Ленин «РСФСР метеорологиялық қызметінің ұйымдасуы жайлы» атты декретке қол қояды. 1929 жылы Халықтық Комиссарлар Кеңесі метеорологиялық және гидрологиялық қызметтің бірігіп, біртұтас гидрометеорологиялық қызмет құрылуы жайлы үкім шығарады. Ол қызмет үздіксіз, жүйелі бақылаулар жүргізіп, халық шаруашылығын керекті де маңызды ақпаратпен қамтамасыз етіп отырды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Армиясының жауға қарсы тұру, шабуыл жасау әрекеттері метеорологтардың үлесісіз болған жоқ. Олардың да еңбектері медальдар мен ордендермен белгіленді. Одан кейінгі кезеңдерде ғалымдар О.Д.Хвольсон, С.И.Савинов, Н.Н.Калитин, В.Н Оболенский, Л.С.Берг, А.А.Каминский метеорологияның түрлі қолданбалы салаларын дамытады.
Қазақстан территориясында алғашқы метеорологиялық бақылаулар 1855 жылы Семей және Қазалы қалаларында жүргізіле бастады. 1917 жылы метеостанциялар саны 49-ға, постылар саны 123-ке жетті. 1922 жылы Орынбор қаласында Облыстық метеорологиялық бюро ашылады, ол Бас физикалық обсерваторияға қарайды. 1931 жылы Қазақ гидрометеорологиялық комитеті болып құрылады. Оның негізінде Қазақ гидрометеорологиялық қызметінің бірыңғай басқармасы 1933 жылы құрылды. Бұл қызметті бірінші басқарған Ораз Жандосов. Қазір Қазақстанда 750-ге жуық негізгі метеостанциялар, агрометеорологиялық, гидрологиялық станциялар мен бекеттер жұмыс атқаруда. Бақылаулар нәтижелері Қазақ гидрометеорологиялық институтында жиналып, мониторинг құрылып, талданады.
Метеорология саласындағы жоғары білімді мамандарды
аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география факультеті «Метеорология» кафедрасы даярлайды. Ол кафедраның ірге тасын қалаушысы З.П.Коженкова, ал үлес қосқандар Т.А.Есеркепова, Ю.И.Ключников, Э.Н.Гашинская т.б.
Добавить комментарий
Дүние жүзіндегі демографиялық жағдай
Жер шарында халықтардың саны тез өсіп жекелеген халық көп қоныстанған аймақтардың экологиялық жүйелеріне түсетін ауыртпалықты жоғарылатып отыр. Сондықтан, адамдар экологиясы қазіргі демографиялық жағдай және қалалардың тез өсуі қоршаған ортаға қандай ықпал жасайтынын жан-жақты зерттеп, қажетті ұсыныстар жасауы тиіс.
Демография деп халықтың құрам санының өсуін зерттейтін ғылым саласын айтады. Демографиялық зерттеулер халықтың санын қалай өсуде, орналасқан жерлері, құрамы (қоғамдық топтар, ұлты, тілі, жасы, жынысы, білімі, мәдениеті, мамандығы, т.б.), оның өзгеру себептері мен қорытындыларын, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерін қамтиды. Осындай зерттеулерге сүйеніп қоғамның өркендеуін, негізгі бағыттарын және уақытын анықтауға болады.
Қазіргі қалыптасқан демографиялық жағдай бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатуда. Өйткені біздің ғасырдың ортасында дүние жүзінде «демографиялық жарылу» деп аталатын құбылыс болды. Бұрын адамдар саны мың жылда екі пайызға көтерілсе, ХХ ғасырдың 60-80 жылдарының өзінде жыл сайын осы мөлшерде өсті.
Халық санының өсуі қазіргі таңда ғылыми-техниканың црогресс дәуірінде медицинаның жетістіктері табиғи сұрыпталуды шектеп, денсаулығында ақауы бар болып келген сәбилердің де өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Бірақ, бұл көбінесе дамыған елдерге тән.
Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырысымен жүргізген Р.Дюба, С.И.Брук және Вилькокс зерттеулерінен Дүние жүзі халқының санының өсу көрсеткішін көруге болады.
Кесте 2 - Дүние жүзі халқының санының өсу көрсеткіші
Жылдары
Дүние жүзі халқының саны
(миллион)
Халықтың екі есе өсуіне кеткен жылдар саны
Біздің дәуірге дейінгі 4500 ж.
20
2500
Біздің дәуірге дейінгі 2500 ж.
40
2000
Біздің дәуірге дейінгі 1000 ж.
80
1500
Біздің дәуірдің басында
160
1000
900 ші жыл
320
900
1700 ші жыл
600
800
1850-ші жыл
1200
150
1950 ші жыл
2000
100
1985 жыл
5000
35
Халықтың жыл сайын өсу мөлшері мұнан 1000 жыл бұрын пайыздың оннан бір бөлігіне де жетпейтін болса, ХХ ғасырдың екінші жартысында 1,7-2,0 пайызға жетті.
Әрине халықтың өсуі әлемнің әр түпкірінде бірдей болған жоқ. Батыс және Оңтүстік Европа елдерінде Австралия, Жаңа Зеландия мен Жапониядағы соңғы 40 жылда халық саны аз өссе Дания, Швеция, Ұлыбритания, Австрия, Белгия, Люксембург, Швейцария, Эстонияда халық саны өскен жоқ, ал кейбіреуінде кеміп кетті.
Дамыған елдердің халқы аз өскенмен планета тұрғындарының саны дамушы елдердің әсіресе Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін тәуелсіздік алған мемлекеттердің халқы есебінен тез өсіп көбеюде. Жыл сайын халық саны 78-80 миллионға көбейіп, 2000 жылы 1 миллиардтан астам өссе оның 56 % Азияға, 25% Африкаға, 11% Оңтүстік Американың үлесіне келеді.
Екінші көңіл аударарлық мәселе – бұл халықтың құрамында қартайған кісілердің көбеюі. Палеолит және неолит дәуіріндегі қазбалардан орташа жас ұзақтығы 20-50 жас екені белгілі болған. Алғашқы қауымдық құрылыс қартсыз қауым болған. Ал қазіргі таңда жанұядағы балалар саны тым азайып барады. Және экономика мен ғылымның өркендеуіне, денсаулық орындарының жұмысы жақсаруына байланысты ересек адамдардың өлімі азая бастады. Қарт адамдардың үлесі өскен сайын жалпы халықтың да жасы ұлғая түседі.
XIV ғасырда Англияда адамдардың орташа жасы 17 жас болған – бұл «қара өлім» (чума) дәуірі еді. XVII-XIX ғасырда статистикалық мәліметтер бойынша бельгицтердің орташа жасы 32 жас, голландықтардікі – 34, ағылшындардікі – 33, неміс, шведтер – 33-35 жасты құрды.
1800 жылы АҚШ халқының орташа жасы 32, Ресейде (1897) – 31,4 жас болды.
1950 жылы жасы 65-тен асқан қарттардың үлесі 7,6 %, 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 28 % болса, 1980 жылы қарттардың үлесі 11,4% -ке дейін көбейіп балалардың үлесі 3%-ке дейін кеміді. Ұлыбритания мен Швецияда қазіргі кездің өзінде қарттардың үлесі 16,2%, балалардың үлесі 20% ғана.
Орта есеппен адамның ғұмыры дүние жүзінде 59 жыл болса, дамыған елдерде 70 жылға жетті. Қазақстанда қазіргі таңда ерлердің орташа жасы 59,8, әйелдердікі 71,3 жасты құрайды. Біздің мемлекетіміздің әр төртінші тұрғыны – бұл 16 – 29 жас аралығындағы – жас адам (бұл жастағылар 3490,6 мың, яғни халқымыздың 23,3% құрайды).
Әр мемлекет өз ерекшеліктерін ескеріп демографиялық саясат жүргізеді. Франция мен Шығыс Европа елдері сәбилердің көбірек болуын көздеп мемлекет тарапынан жаңа туған бала үшін ата-анасына жәрдем беріп, анасы 3 жыл бойы жұмыс істемей баласын бағуға ақылы демалыс алады. Біздің елімізде де қазір мемлекетіміздің тарапынан мұндай шаралар қолға алынуда. Қазақстан Республикасы жанұялар көп балалы болуға, адамдардың ғұмырын ұзартуға бағытталған саясатты қолдайды. Бізде әрбір 1000 адамға жыл сайын орта есеппен 16-17 адам қосылады, бұл дүние жүзіндегі жоғары көрсеткіштердің бірі. Баланы үйде тәрбиелеуге 1,5 жыл бойы ақылы демалыспен мемлекеттік жәрдем көзделген.
Қытай, Үндістан сияқты мемлекеттер баланың санын өсірмеуге тырысады. Бір жанұяда 1-2 артық бала болуына тыйым салынған.
Дамыған елдерде 1000 адамға есептегенде жыл сайын 6-7 кісі өлсе, дамушы елдерде 10-12 кісі өледі. Өкінішке орай, 80 жылдан бастап Қазақстанда да кісі өлімі көбейіп келеді. Қазір 1000 адамға есептегенде жыл сайын 10,8 адамға жетті. Әрине, кісі өлімінің көбеюі қарттардың үлес салмағының өсуіне байланысты екені шындық. Дегенмен, соңғы кезде орта жастағы адамдар көп өлетін болды. 1960 жылмен салыстырғанда 40 жасқа дейінгі кісілердің өлімі 19%-ға, 50 жасқа дейінгілердің өлімі 29%-ға көбейді. Мұның басты себебі жастар арасында маскүнемдікпен нашақорлықтың кең өріс жайуы. Егер соңғы деректерге сүйенсек, республика бойынша ерлердің 57% , әйелдердің 34%, жас өспірімдердің 40% шылым тартса, ересек адамдардың 55% үнемі арақ ішеді. Мектеп оқушыларының 29,5% нашақорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20% себеп болып отыр. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім, 4 мыңнан аса дене бітімі мен ақыл-есі кем балалар барын, әр үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85% тірі жетімдер екенін көреміз.
Б.Урланистің есебі бойынша ер адамдардың тең жартысы маскүнемдіктен қайтыс болады екен.
БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда (құжат Е/CONF -76/19) дүние жүзінің халқының саны 100-120 жылдан кейін 10,5-11 миллиардқа жетіп, онан әрі өспей тұрақтайтын көрінеді. Адамдардың орташа ғұмыры 78-79 жасқа жетеді. Бір жанұяда екі баладан болып, басқаша айтқанда бар халықтың орны толып отырады.
Информация о работе Қолданбалы экология немесе табиғатты қорғау