Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 05:33, реферат

Краткое описание

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.

Содержание

Кіріспе
ҚР-ң экологиялық проблемалары
Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық
Пайдаланылған әдебиттер

Вложенные файлы: 1 файл

Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық.docx

— 40.04 Кб (Скачать файл)

 Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.

Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.

Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.

Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

1. Іле өзені бойындағы  өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.

2. Қапшағай суқоймасынан  Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.

3. Ақдала және Шарын  массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.

4. Жер асты суларын  пайдалануды жүзеге асыру.

5. Суармалы жерлердің  көлемін шектеу.

   Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.  Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км 2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады.

Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді.

Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.

Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

1. Физикалық ластану  – радиактивті заттар, электрмагнитті  толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

2. Химиялық ластану  – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

3. Биологиялық ластану  – ауру қоздырғыш бактериялар  мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.

4. Эстетикалық зиян  – табиғаттың қайталанбас сұлу  ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.

Осындай апаттарды болдырмас үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.

1997 жылы 24 шілдеде  АҚШ президенті Клинтон атақты ғалымдарды жинап (оның ішінде 3 Нобель сыйлығының лауреаты бар) «парниктік эффекті» тудыратын газдарды азайтуға бағытталған заңды қабылдап, глобальдық жылынуға қарсы күресетін ұлттық компанияны құрып, бұл мәселені радикалды түрде шешуге жұмылдырды. 1997 жылы 29 шілдеде «Вашингтон папкасы» қабылданды.

«Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жан-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.

    Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі  БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды.

Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады.

    Қазақстанның  Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердіңң Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.

Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар жөніндегі перспективалары ашады.

Киото хаттамасын біткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады.

Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.

Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.

Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!

2) Қоршаған ортаны  қорғауды басқарудағы халықаралық  ынтымақтастық

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.

Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

    ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.

Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.

Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.

ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.

Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда «Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы» келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық «Гринпис» ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, «Табиғат» экологиялық одағы, «Невада-Семей», «Каспий табиғаты» (Атырау), «Көкті сақтау», Ауқымды экологиялық қор, «Жастар экология мен мәдениет үшін» азаматтық қозғалыстары, «Тау» орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.

Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:

Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.

Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.

Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.

Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.

Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.

Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық құқық бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

Информация о работе Қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы халықаралық ынтымақтастық