Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 22:55, статья

Краткое описание

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.

Вложенные файлы: 1 файл

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар.docx

— 26.49 Кб (Скачать файл)

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар


Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.

Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

  • Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.

  • Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.

  • Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.

ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.

Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация;Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.

Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:

  • Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.

  • Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.

  • Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.

  • Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.

  • Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.

Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық құқық бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер қойнауы және т.б.) ластау;

  • табиғи объектілерді бұлдіру, бұзу, жою (жерді бұлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен құрту және т.б.);

  • табиғи қорлардың азып-тозуы;

  • табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану және т.б.).

Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы шарт. Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құқық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, коршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бұлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өңдеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі органдары және т.б. қарастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мулкін тәркілейді Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық қылмыстардың барлық түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бұлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар.

Экоцид — өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру, атмосфера, жер және су ресурстарын уландыру, сонымен қатар экологиялық апаттарды тудыратын немесе себепші болатын әрекеттерді жасау.

Азаматтық-құқықтық жауаптылық азаматтарға экологиялық зиянның орнын толтыру үшін ақшалай немесе мүліктік айыппұл салуды көздейді. Ол кінәліні қылмыстық, әкімшілік немесе басқа да жауаптылыққа тартуға қарамастан бастала береді. Тәртіптік жауаптылыққа— кәсіпорындарда табиғатты қорғау шараларын өткізуге жауапты және өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмайтын лауазымды қызметкерлер тартылады. Материалдың жауаптылық деп кәсіпорын қызметкері өзіне жүктелген еңбек міндеттерін дұрыс орындамағаны нәтижесінде оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген мүліктік зиянды ендіруді айтамыз. Сонымен, экологиялық мәселелерді бірігіп шешу кажет. Табиғаттың ластануы, бұлінуі аясындағы өзекті мәселелерді тек мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бірлесе отырып қана шеше алады. Жылдан жылға экологиялық қылмыстар мен өзге де құкық бұзушылықтар саны өсуде. Олардың қоғамдық қауіпсіздік жағдайына ықпалы да жоғарылап бара жатыр. Экологиясаласындағы қылмыстар елдің экономикасына ғана зиян келтіріп қоймай, сондай-ақ адам тіршілігінің биологиялық негізін жояды. Әрдайым экологиялық құқық бұзушылықтың салдары экологиялық-құқыктық жауаптылыққа әкеліп соктырып отырады. Мұндай жауаптылықтың бес түрі бар — әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалдық жауаптылықтар.

 


Информация о работе Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар