Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 19:32, доклад
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз ; нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері— адам-ның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп молшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін.
Қоршаған ортаның химиялық,
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз ; нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері— адам-ның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп молшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптк қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар аркылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Қазіргі кезде бізді қоршаған
ортаның ластаушы көздері төмендегідей
топқа бөлінеді:
Физикалық ластану — радиоактивті заттар,
электромагнитгі толқындар, жылу, шулар
және тербелістер.
Химиялык ластану – көміртегі өнімдері,
күқірт, көмірсулар, шайыңды сулар, пестицидтер,
гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр
металдар, аэрозолдар.
Биологиялық ластану — ауру қоздырғыш
бактериялар мен вирустар, құрттар, карапайымдылар,
шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
Химиялық факторлар.Өнеркәсібі дамыған елдерде
ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің
қос тотығы (80з) коксохимия зауыттарымен,
тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің
жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады.
Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына
айналады. Құрамында күкірт кышқылы бар
тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың
тыныс жолдарының кілегей қабаттарына,
терісіне әсер етеді. және өсімдік те көп
зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек
адам организмін улап қана қоймайды, сонымен
қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктің
құрамындағы фторлы сутек адамды,жануарларды
құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы
сутек пластмасса қалдықтарын жақканда
пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда;
адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын
закымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады.
Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға
күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылығы
мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе,
көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де
зиянын тигізеді Ластанған өсімдікпен
қоректенген жануарлардың адамдарды организмдерінде
физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары
топырақта калий, кальций, магний элементтерінің
көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына
жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді.
Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия
зауытының калдықтары да өте улы әсер
етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен
адам не жануар қоректенгенде олардың
денсаулығына қауіп төнуі мумкін.
Организмнің осы улы заттарға төзімділігі
әр адамнның өзінің жеке басының гигиенасына
байланысты, ең алдымен денсаулығы- жасы
мен жынысына байланысты болып келеді.
Аталған улы заттарға балалар,қарт адамдар
және денсаулығы нашар ауру адамдар өте
сезімтал қеледі.
Улы заттар адам организміне біртіңдеп
жүйелі турде жинала берсе, онда созылмалы
улануға ұшырайды. Оның басты белгілері:
адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі
шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе
ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмыт-шақтық,
көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің
төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан
айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына
әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар
адамның әрбір органдарының созылмалы
қабынуына, жүйке жүйесінің өзгеруіне,
адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің
ауру болып тууына әкеліп соғады.
Дәрігерлер адамдардың әртурлі аллергиялық
аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік
ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық
жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап
отыр. Сонымен катар, хром, никель, бериллий,
бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар
сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары
—канцерогендік заттар болып табылады.
Олардың адамдарда қатерлі ісік ауруларын
туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда
балалардың қатерлі ісік аурулары сирек
болса, қазір балалардың арасында ол ауру
өте жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен
ластану нәтижесіңде бұрын кездеспеген
жаңа аурулар пайда болуда.
Адам денсаулығына зиян келтіретін улы
химиялық заттардың қатарына темекі мен
есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің
құрамына 4 мыңға жуық химиялық заттар
кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың
қырыққа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады.
Темекінің уы сонымен қатар қолқаның созылмалы
ауруын туғызады, сол себептен де темекі
шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін
ата-аналардың жаңа туған нөрестелерінің
организміңде улы газ бірінші жылы олардың
канында бірнеше сағатқа дейін болады.
Есірткі заттары да қолка, өкпенің қатерлі
ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық
еріткіштер: авиациялық, желім, бензин,
эфирі еріткіштер мен аэрозольдер буланып
ауаға шығарылады. Егер осы заттардың буы көп мөлшерде организмге
түссе жүйкені, миды, асқазанды жөне өкпенің
ауруын туғызады. Кейде ол өлімге
де әкеліп соғуы мүмкін.
Физикалық факторлар.Ғылым мен техниканың қарқынды
дамуы кезеңiнде атмосфераның шумен ластануы
да бiрқатар зардаптарын тигiзуде.
Айнымалы физикалық өрiстiң әсері болатын
серпiмдi денелерде пайда болатын аз механикалық
тербелiстер дiрiлдеу деп аталады.
Дiрiлдеулерге, ең алдымен, дыбысты жатқызуға
болады.
Серпiмдi орталардың естiлмейтiн тербелiстерi
де, естiлетiндері де акустикалық тербелiстердi
қамтиды. Дыбыс тербелiстерi - бұл 16Гц –
пен 20кГц аралығындағы тербелiстер. 16Гц-тен
төмен жиiлiктегі тербелістер – инфра
дыбыс, 20кГц-тен жоғары тербелістер –
ультрадыбыс деп аталады.
Шу – әр түрлi қарқын және жиiлiктегі периодтық
емес дыбыстардың жиынтығымен анықталады.
Адамдарды қоршаған шулар әртүрлi қарқында
болатындығын білеміз, мысалы: сөйлеу
тiлi – (децибел) 50-60Дб; серена – 100Дб; жеңiл
автомобильдiң қозғаушысының шуы – 80Дб;
қатты музыка – 70Дб; кәдiмгi пәтердегi шу
– 30-40Дб.
Шу адамның организміне, оның физиологиялық
белсендiлiгiне әсер етедi және белгілі
мөлшердегі әсерлердің жинақ күші адам
организмінде түрлі ауытқушылықтарды
шақыра алады, алдымен адамның дыбысты
қабылдау қабілетінің төмендетуiне, кереңдiкке
алып келуі мүмкін.
Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар
адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту
органдарының қызметiн нашарлатып, тiптi
кейбiр жағдайларда жүйке — психикалық
аурулардың пайда болуына себеп болады.
Бұнымен қатар гипертония, асқазанның
жарасы, организмнiң эндокриндiк системасының
бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына,
нерв клеткаларының дегенерациялануына
əкеп соғады. Үздiксiз қатты шу əсерiнен
перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық
еттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды.
Деңгейi 130 децибелден асатын шу акустикалық
травмалар туғызады.
Батыстың бiрқатар елдерiнде əскери аэродромдар
маңындағы елдi мекендер тұрғындарының
үнемi ұшып тұратын реактивтi самолеттердiң
шуынан жүректiң миокардi инфаркт, жыныс
органдары қызметiнiң əлсiреуi сияқты аурулар
жиiлеген. Ал кенеттен болған қатты шу
əсерiнен жүректiң тоқтап қалуы да байқалады.
Жануарларда да, əсiресе үй құстарында
жұмыртқалар салу, сиырлардың сүт беру
қабiлетi төмендейтiнi байқалған.
Электромагниттi өрiстер.
Табиғатта табиғи сипаттағы электромагниттік
өрiстер бар. Табиғаттағы төмен жиiлiктi
ЭМ толқындарға мыналар жатады: атмосфералық
электр, табиғи тау жыныстарының табиғи
магнетизмi; теңiз суының қайтуы және тасуы
құбылыстары; жердегi магнитосфераға күн
желінiң әсерi; атмосфералық электрдiң
жылжымалы зарядтарымен әрекеттесетiн
ғарыштық бөлшектердiң әр түрлi ағындары;
полярлық жарқыраулар.
Аталған электромагниттік толқындар көздерiнің
арасында, атмосфералық электр эрісінiң
көздерiн 0,003-30 МГц жиiлiктерi аралықтарында
санау керек.
Радиоэлектронды құралдардың
ЭМ өрiстерi. Жасанды сипаттағы
электромагниттік толқындарға
ТД және радиохабар. Радиотолқындар басқа
электромагниттік өріс толқындарымен
салыстырғанда аса жоғары қуатты, ұзақ
уақыт бойы үздiксiз ағымда жұмыс iстеу
үшiн арналған. Радио және телестанцияның
негiзгi міндеті қоршаған кеңiстiкке ЭМ
өріс толқындарын тиiмдi шығару болып табылады,
сондықтан да оны қоршаған ортаға және
адамдарға қолайсыз әсер етуші бастапқы
фактор ретінде қарау керек. Мұндай ЭМ
өріс шығарған толқындар адамдардың басым
көпшілігіне әсер етеді.
Санитарлық талаптарға сай, адамдар тұратын
ғимараттарда, емдiк, мәдени, бала оқытатын
мектептер және орта білім беру оқу орындарында
ЭМ өріс әсерін ұзақ уақыт пайдалануға
рұқсат етiлмейдi.
Ұялы байланыс. Ұялы байланыс құралдарының
қазiргi адамдардың күнделiктi өмiрiне жаппай
енгiзілуі оның зиянды әсерін ескеру қажеттілігінен
туындаған басты мәселе болып тұр.
Негізінен ұялы телефондардың шығаратын
әлсіз ЭМ өрістерінің адам организміне
зияны бар екендігі кеңінен талқылануда.
Энергетика және электрлік көлiк. Электрлік
көлiк бүгiнде өмiрдiң ажырамас бөлiгіне
айналды, дегенмен оның адам денсаулығына
әсеріне басты назар аударылмайды. Көп
жағдайларда, жолаушылар электрлік көлiктiң
электромагниттiк қауiпсiздiгiнiң дәрежесi
жайлы ойланбайды.
Зерттеулері нәтижесінде электрлік көлiктiң
әсері оны пайдалану жағдайында мүмкіндігінше
өзгеретіндігі анықталған. Яғни көліктің
жылдамдық алуы мен тоқтауының 0,01 – 50Гц
аралықтарында қозғалыс кезіндегі магниттiк
индукциясының мәні төмендегідей өзгереді:
троллейбустардың жүргiзушiлерiнiң кабиналарында
– 49 – 325 мкТл, трамвайлардың жүргiзушiлерiнiң
кабиналарындағы – 160 – 220 мкТл, жолаушылар
салондарда - 265 мкТл-ға дейiн, қаладан тыс
электрлік көліктерде – 75 – 85 мкТл-ға
дейін.
Компьютер және кеңсе техникасы. Адам
ағзасына зиянды әсері жағынан дербес
компьютерлер ұялы байланыстың сенiмдi
бақталастары болып табылады. Зерттеулер,
ДК-мен жұмыстың 45 минутынан кейiн қолданушылар
организмінде маңызды шамадан тыс жүктеулер
айқындалатындығын көрсетедi.
Қазiргi заманда кеңсе үшiн маңызды техникалық
құралдар компьютер, телефон, ксерокс
– адам ағзасына өте қауіпті. Компьютердің
жүйелік блогы мен мониторынан шығарылатын
электромагниттi сәулеленулер компьютердің
айналасына толық таратылады, қауіпті
электромагниттік өріс аймағы 2,5 м-ге дейін
жетуі мүмкін.
Тұрмыстық техника. Қазiргi тұрмыстық
техника бүгінгі күнде адам үшін электромагниттік
сәуле шығару көзі болып қалуда. Электр
тогымен коректенетін барлық тұрмыстық
техника электромагниттік өріс көздері
болып табылады. Ең қуаттысы – ультратолқынды
пештер, аэрогриль, электрлік плиткалар.
Ультратолқынды пештерден (УТП) басқа
барлық тұрмыстық техника жиілігі 50Гц
электромагниттік толқындарды пайдаланады.
УТП-терде жұмысшы жиілігі 24ГГЦ-тi құрайтын
өрiстiк арнайы ультратолқынды өріс генераторлары
қолданылады.
Биологиялық
факторлар - экожүйеде бұрын болмаған
немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған
организмдер түрлері. Микрорганизмдермен
ластануды бактериологиялық ластану деп
атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы
күштерінің лабораторияларында жасалатын
арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш
микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын
ластануы өте қауіпті.
Экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен
өздері бөліп шығаратын фитонцидтер деп
аталатын арнайы заттармен күресе алады.
Кейбір фитонцид түрлері көп клеткалы
организмдерге қатты әсер етіп тіпті жәндіктерді
өлтіріп те жібереді. Олар әсіресе бактериялы
және саңырауқұлақты флораға қатты әсер
етеді. Емен ағашының фитонциді қашықтан
дизентерия мен паратиф қоздырғыштарын
өлтіреді. Эвкалипт ағашының жапырақтары
бөлетін фитонцидтер стрептококты, май
қарағай қылқандары - дифтерия қоздырғышын,
қарағайдың қылқандары - өкпе - құрт ауруы
қоздырғыштарын өлтіреді. 1 га арша тоғайы
күніне 30 кг фитонцидтер бөледі. Олар зиянды
микроорганизмдерді өлтіріп қана қоймай,
шыбындарды және басқа да жәндіктерді
жолатпайды.