Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 22:58, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде экологияны адам әрекетімен байланысты табиғи ортаны зерттеу объектісі ретінде алатын, ғылымдық дисциплина комплексі түрінде анықтайды. [7]
Қазіргі периодтағы табиғи-ғылыми білімдердің дамуы барлық ғылым- дардың экологизациясымен сипатталады. Экологиялық ғылым тек биологиялық ғылым болып қана қоймай, ол адамның қоршаған табиғи ортаға әсерін және осы антропогенді қысымдарды азайту жолдарын қарасты- ратын ғылымға айналды. [13]
Экологияның геология, химия, медицина, физика, құрылыс ғылымдары сияқты ғылымдармен қиылысқан жерінде жаңа білімдер түрі пайда болды – геоэкология, урбоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашы- лық экологиясы және басқалары. [13]

Содержание

I.Кіріспе. ......................................................................................................
II.Негізгі бөлім.
2.1. Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу........
2.2.Құрылыстық биосфераға әсері.......................................................6-22
2.3.Құрылыстың биотикалық бірлестіктерге әсері .........................23-25
2.4.Қала құрылысы экологиясының негіздері ..................... ..........26-28

Қорытынды................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................
Қосымша материалдар.

Вложенные файлы: 1 файл

курылыс экологиясы.docx

— 48.90 Кб (Скачать файл)

                            экологиялық  ластануы  және  бұзылуы.        

Типі

    Түрі

              Формасы

Ластану  және  бұзылу  көзі

                            Б и о т и к а л ы  қ   б і р л е с т  і к т е р 

                         Экологиялық  бұзылулар

                Фитоценоздар

 Ағашты-бұталы  өсімдіктер-дің  құруы. Биокөптүрліліктің  жойылуы.

Құрылыс  территориясында  ағаштар  мен  бұталардың  кесі-луі.Ағаш  аралықтарының  бульдозермен  тазалануы.

 Өнімділіктің  төмендеуі  және  таралу  ареалының  бұзылуы.

Құрылыс-монтаждық жұмыстар, әсіресе  мәңгі  мұз  және  торфта-лынып  тасталған  груннттарда.

              Зооценоздар

 Жануарлардың  өлуі  және  санының  қысқаруы.

Құрылыстық-монтаждық  жұмыстар. Су  қоймаларына  құйылуы.

 Жануарлар  мен  құстарды  үркіту.

Құрылыс  техникалық  дыбыстың  әсері.

 Миграция  жолдарының  бұзылуы.

Сызықтық  магистральдардың  құрылысы(турбоқұбырлар).

                    Ластанулар

                    Фитоценоздар

 Өсімдіктердің  жойылуы  және  зақымдануы,хлорофиль- дің  бұзылуы, биохимиялық  процестердің  баяулауы.

Құрылыс  индустриясы  өнеркә-сіптерінің газды шаңды тастан-дыларға,құрылыс  машиналары, механизмдерінің  қолданып  кеткен  газдары. 

Өсімдіктердің өздігінен бүр-шіктенуі,никрозы. Карьерлер-дегі  «пионерлік  түрлер».

Табиғи құрылыс материалдарын өндіру.Құрылс шұңқырларын құрастыру.

Биокөптүрліліктің жойылуы.(экожүйлік  және  түрлік  деңгейде).

Құрылыс индустриясы өндірісі-нің шаңды-газ  тастандылары. Құрылыс материалдары карьер-леріндегі жарылыс  жұмыстар.


                  

                       

                     Қала  құрылысы  экологиясы.

      Қала  құрылысы  түсінігінің  ішіне  – тұрғындардың  қоныстануы, қала-лар  мен  аудандардың  дамуы  және  урбанизацияланған  территорияда  адамдарға  экологиялық  қауіпсіз  тіршілік  ету  ортасын  қамтамасыз  ету  кіреді. [1]

      Қалалар  мен  аудандардың  қоршаған  табиғи  ортамен  қарым-қатына-сын  жан-жақты  зерттеу  негізінде  ғана  қала  құрылысының  экологиялық  проблемаларын  сәтті  шешуге  болады. [6]

      Осы  проблемаларды  қарастыратын  және  адамның  ерекше  экожүйеде, яғни  қалада  мекен  ету  жағдайын  зерттейтін  ғылыми  пән  қала  құрылы-сының  экологиясы  деп  аталады. [6]

      Біріккен  экологиялық  пәндерге  қарағанда  қала  құрылысы  экология-сы  бөлек  объектілерді  емес, ол  қоныстанған  жерлер  жүйесінің  террито-риялдық  комплексін  зерттейді. Оның  міндетіне  әр  түрлі  деңгейдегі  қала  құрылысы  жүйелері  мен  табиғи  орта  арасындағы  экологиялық  опти-мальды  компромистерге  жетудің  әдістерін  зерттеу  кіреді.[1]

      Қала  жағдайында  адам  мен  табиғат  арасында  нақты  компромис  тек  олардың  арасында  экологиялық  тепе-теңдік  болғанда  ғана  мүмкін  бола-ды. Бұл  табиғи  ортаның  өзін-өзі  реттеу  қабілеті  бар  және  оның  негізгі  компоненттеріне  сәйкес  қорғанышты  қамтамасыз  ететін  жағдай. Бұл  кез-де  адамның  өмір  сүруіне  қолайлы  жағдайды  қалыптастыру, сонымен  қатар  табиғи  және  материалдды  ресурстардың  рационалды  қолданылуы  маңызды  болып  табылады.[1]

      Қаланы  және  басқа  қоныстарыды  жобалау, реконструкциялау  және  құрылыс  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  шектеу  комплекстері  жүргізілуі  керек. Яғни  адам  тіршілігіне  қоршаған  ортаның  жағдайларының  қолай-лы  болуы  және  табиғи  экожүйелердің  қызметінің  қалыпты  болуы.[6]

      Қала  құрылысы  экологиясына  қойылатын  талаптарды  3 негізгі  тар-маққа  бөлеміз:

1) тұрғындық  аймақтардың  жобасы  және  құрылымы;

2) қоршаған  ортаның  санитарлық  қорғалуы;

3) қалалардағы  жасыл  желектерді  қорғау;

      Жер  учаскілерін  әр  түрлі  объектілер  құрылысына  берер  алдында  міндетті  түрде  экологиялық  бақылау  органдары  мен  санитарлы-эпиде-миялогиялық  мекемелердің  қорытындысы  болуы  керек. Бұл  мекемелер  егер  салынатын  объект  адам  денсаулығына  және  табиғи  ортаның  жағдайына  жағымсыз  әсер  ететін  болса, оны  салдырмауға  құқығы  бар.[1]

      Қалалар  мен  аудандардың  қоршаған  ортаның  санитарлық  қорғаны-сын  санитарлы-эпидемиялогиялық  қадағалау  органдары  және  табиғатты  қорғау  органдары  қамтамасыз  етеді. Аудандардың  жобасы  және  құрылы-сы  кезінде  санитарлық  тазалаудың  қалдықтарды  залалсыздандыру  және  қауіпсіз  орналастыруды, заттар  мен  микроорганизмдердің  тастандылары-ның  мүмкін  нормасын  сақтауды  және  санитарлы-қорғаныш  зоналарын  құруды  қамтамасыз  ететін  шараларды  жүзеге  асыру  қажет. [1]

      Қала  құрылысын  жүргізу  кезінде  жасыл  желектерді  құру  және  қорғау  арнайы  қарастырылады.

      Жасыл  желетер  шу  деңгейін  төмендетеді, газдар  мен  шаңдарды  азайтады, қала  құрылысын  жағымсыз  желдерден  қорғайды, фитонцидтік  әсер  етеді, радиациялық  режимді  жұмсартады.                

            Қала  құрылысын  жүзеге  асыруға  арналған 

                 инженерлік-экологиялық  міндеттер.

      Инженерлік-экологиялық  міндеттер  қала  құрылысы  құжаттары  үшін  рационалды  түрде  табиғатты   пайдалану  және  тұрғындардың  өмірінің  экологиялық  қауіпсіздігін  қарастыратын  қала  құрылысының  және  басқа  да  жобалық  шешімдердің  оптимальдысымен  қамтамасыз  етуі  тиіс.[8]

      Қала  құрылысы  сферасында  инженерлік  экологиялық  міндеттердің  негізгі  көлемін  жоба  алды  құжаттарында  пайдаланады.

      Қала  құрылысы  құжаттарының  экологиялық  негізіндегі  инженерлік-экологиялық  міндеттердің  нақты  мақсаты  экологиялық  тәуекелді  мини-мализациялауды  және  жағымсыз  экологиялық  салдардан  сақтандыратын  көлемді  жобалық, кеңістіктік  және  конструктивтік  шешімдерді  қабылдау- дың  мүмкіндігі.[6]

      Инженерлік-экологиялық  міндеттердің  материалдарының  бұл  стадия-сына  кіреді:

- қаланың  қазіргі  сәттегі  экологиялық  жағдайының  бағасы (тұрғындық, өндірістік  және  ландшафты-рекреациондық  зоналардағы), соның  ішінде  атмосфералық  ауаның, топырақтың, грунттардың, жер  астының  және  беттік  сулардың  химиялық  ластануының  көрсеткіштері;

- физикалық  әсерлердің  бағасы (шу, вибрация, электромагниттік  алаңдар, табиғи  және  техногендік  көздердің  иондаушы  сәулелері).

- белгіленген  құрылыстық  шараларды  жүзеге  асырудың  салдарынан  территорияның  экологиялық  жағдайының  өзгеруінің  мүмкін  болжамы;

- қаланың  табиғатты  қорғау  және  экологиялық  мониторинг  шараларын  ұйымдастырудың  кепілдемелері;[4]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қорытынды.

      Ғаламдық  экологиялық  кризис  жағдайында  құрылыс  өндірісі  мен  қоршаған  табиғи  орта  арасындағы  тепе-теңдікке  жету, тек  дамудың  жаңа  экологиялық  қауіпсіз  және  экономикалық  оптимальды  модельдерді  қалыптастыру  арқылы  ғана  мүмкін  болады. Мұндай  модельге  1992 жылы  Рио-де-Жанейродағы  экологиялық  форумда  қабылданған  «Іс-әрекеттер  програмасы. 21 ғасырдың  күн  тәртібі»  жатады.

      Еске  сала  кету  керек, тұрақты  даму  түсінігіне  «қазіргі  экологиялық, экономикалық  және  әлеуметтік  талаптарға  сай  келетін  және  сонымен  қатар  келешек  ұрпақты  өз  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мүмкіндігінен   айырмайтын  даму»  жатады.

      Тұрақты  дамуға  жағдай  жасайтын  процестердің  бірі  «тұрақты  құрылыс»  болып  табылады. Бұл  түсінік  жақында  ғана  пайда  болды. Ал  1994 жылы  АҚШ-та  өткен  «Құрылыс  және  қоршаған  орта»  атты  бірінші  Халықаралық  конференцияда  ол  келесідей  түрде  қалыптасты: «Тұрақты  құрылыс  дегеніміз  – экологиялық  принциптерге  және  табиғи  ресурстарды  эффективті  қолдануға  негізделген  тіршіліктің  жасанды  жақсы  ортасын  қалыптастыру  және  сақтау.

      Қазіргі  кезде  құрылыстың  тұрақты  даму  концепциясы  құрылыс  бойынша  Халықаралық  кеңесте  жетілдірілуде. Бұл  концепцияда  экологиялық  проблемалар  негізгі  болып  табылады. Бұл  табиғи  ортаның  жағдайының  күрт  нашарлауы, қалпына  келмейтін  табиғи  ресурстардың  азаюымен  ғана  емес, сонымен  қатар  экологиялық  жоғары  қасиетке  сүйене  отырып  дамыған  тіршіліктің  сапалы  талаптарын  қалыптастырумен  де  байланысты.

      Қорыта  келгенде, қазіргі  кезде  құрылыстың  әсерінен қалыптасқан  экологиялық  қауіпті  жағдайдың  одан  әрі  нашарлауын  болдырмау  үшін  адамзат  жаңа, қауіпсіз  технологияны  ойлап  табуы  керек.

      Осыған  байланысты  менің  келесідей  ұсыныстарым  бар:

- құрылыс  объектісінің  тіршілік  циклының  барлық  стадияларында  табиғи  экожүйелер  мен  табиғи  ландшафтыларға  жағымсыз  әсерлерді  минимумға  жеткізу;

- құрылыс  территорияларында  биокөптүрлілікті  қалпына  келтіру  және  қалыптастыру;

- экологиялық  қауіпсіз  архетиктуралық  және  жобалық  шешімдерді  қолдану;

- экологиялық  қауіпсіз  құрылыс  материалдарын  және  технологияларын  қолдану;

- құрылыс  қалдықтарын  азайту;

- құрылыс  барысында  бұзылған  территорияларды  рекультивациялау;

- құрылыс  материалдарын  жасауға  экологиялық  қауіпсіз  шикізатты  қолдану;

- табиғи  құрылыс  материалдарын  өндірі  кезінде  аз  қалдықты  және  мүлдем  қалдықсыз  технологияларды  қолдану;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қолданылған  әдебиеттер:

1. Лиггерт  Р. Города  и  экология. – М: Стройиздат, 1987.

2. Вернадский  В. И.  и  современность / Под  ред. В. С. Соколова  и  А. Л. Яншина. –  М: Издательство  МНЭПУ, 1999.

3. Гаев  А. Я., Нарижная  В. Е., Забылин  М. И. Экологические  основы  строительного  производства: Учеб. пособие. – Свердловск: Издательство  Уральск. университета, 1990.

4. Елшин  И. М. Строителю  об  охране  окружающей  среды. – М: Стройиздат, 1986.

5. Журавлев  В. П., Серпокрылов  Н. С., Пушенко  С. Л. Охрана  окружающей  среды  в  строительстве: Учебник  для   вузов. – М: АСВ, 1995.

6. Кононович  Ю В., Потапов  А. Д. Основы  экологического  планирования  градостроительной  деятельности. – М: МГСУ, 1999.

7. Кулачкин  Б. И., Радкеевич  А. И., Александровский  Ю. Б., Остюков  Б. С. Основы  строительной  экологии. Ч. 1. – Саратов: Издательство  Саратовского  университета, 2000.

8. Лапин. В. Л., Мартинсен  А. Г., Попов  В. М. Основы  экологических  знаний  инженера. – М: Экология, 1996.

9. Платонов  А. П., Журавлев  В. П., Илиополов  С. К., Вейсенберг  И. В. Радиоактивность  и  токсичность  строительных   материалов: Учеб. пособие. – Ростов  н/ Д: РГСУ, 1996.

10. Примак  А. В., Балтренас  П. Б., Защита  окружающей  среды  на  предприятиях  стройиндустрии. – Киев: Будівельник, 1991.

11. Серпокрылов  Н. С., Вильсон  Е. В. Инженерная  защита  окружающей  среды  в  строительстве  и  муниципальном  хозяйстве. –  Ростов  н/ Д: РГСУ, 1999.

12. Стойков  Ф. Д. Организация  территориальной  системы  экологического  мониторинга  строительной  деятельности. – М: Анкил, 2000.

13. Тетиор  А. Н. Строительная  экология: Учеб. пособие  для  строит. спец. вузов. – Киев: УМК ВО; 1991.

14. Чуйко  А. В. Охрана  природы  при  производстве  стройматериалов, стройконструкций  и  строительстве зданий  и  сооруженний: Учеб. пособие. – Саратов: СПИ, 1997.

15. Швецов  К. К. Охрана  окружающей  природной  среды  в  строительстве: Учеб. пособие  для  строит. спец. вузов. – М: Высш. шк., 1994.

16. Шеховцов  А. А., Звонов  В. И., Чижов  С. Г. Влияние  отраслей  народного  хозяйства  на  состояние  окружающей  среды. – М: Издательство  «Метеорология  и гидрология», 1995.

17. Экология  и  защита  биосферы: В  3  кн. – М: Изд. объед. «Международный  дом  сотруничества», 1996.

18. Экология  и  строительство/ Г. А. Андроникашвили, Б. О. Миленин, С. В. Яковлев  и  др.; Под  ред. С. В. Яковлева. – М: Стройиздат, 1987.

19. Мемлекеттік  санитарлық  эпидемиялогиялық  ережелер  мен  нормалар.

 

 

      

                                     

 

 


 



Информация о работе Құрылыс экологиясы және оның дамуына қысқаша шолу