Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 07:25, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін экологиялық факторларды оқып – зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығының мониторингін оқып – зерттеу;
- Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері негізінде
белгілеу.

Содержание

КІРІСПЕ

3

І.

АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

1.1
Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары
4-8
1.2
Денсаулық сақтау қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау

9-10
1.3
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу
11-13
ІІ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ МОНИТОРИНГТІК ТАЛДАУ

2.1
Қызылорда облысы аумағының экологиялық жағдайы
14-17
2.2
Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы
18-24
2.3
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері
25-28


ҚОРЫТЫНДЫ

29-30


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 827.00 Кб (Скачать файл)

Облыс тұрғындары денсаулығындағы психикалық ауытқушылық 18 жас және одан жоғары ересек адамдарда көп кездеседі. Атап айтқанда, 2009 жылы 14 жасқа дейінгілерде мұндай ауытқушылықтың 2260, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде – 872, 18 жас және одан жоғары ересек адамдарда – 13995 факті тіркелген. Психикалық ауытқушылық ер балалар мен ересек ер адамдарда көп. Өйткені, науқастардың ішінде психиканы қоздыратын, жүйкені тоздыратын белсенді заттар (алкоголь және т.б.) қолданушылар жиі ұшырасады.  

Қызылорда облысы тұрғындарының тыныс жүйесі ауруларымен көп науқастанатыны айтылып кеткен болатын. Тыныс жүйесі аурулары бойынша көрсеткіштерді 10-суреттен (а-, ә-және б- суреттері) көруге болады. 14 жасқа дейінгілер бойынша: 2009 ж. – 95646, 2010 ж. – 95231, 2011 ж. – 91734; 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер бойынша: 2009 ж. – 9893, 2010 ж. – 9540, 2011 ж. – 8157; 18 жас және одан жоғары ересек адамдар арасындағы науқастану: 2009 ж. – 59522, 2010 ж. – 57401, 2011 ж. – 57055. Тыныс мүшелерінің ауруы бойынша көрсеткіштерден белгілі бір заңдылықты түсіну қиын. Мұнда 14 жасқа дейінгі балалар мен 18 жас және одан жоғары ересектерде науқастың түрі өте көп тіркелген. Ал, 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында бұл науқас түрінің аз тіркелгені анықталды. Мүмкін бұл жастағы балалар өзім білемге салып, дәрігерге барудан қашатын шығар деген ой келді.      

 

 

5-сурет, а. Тыныс алу мүшелері ауруларымен науқастану көрсеткіші

 

 

5-сурет, ә. Тыныс алу мүшелері ауруларымен науқастану көрсеткіші

 

 

5-сурет, б. Тыныс алу мүшелері ауруларымен науқастану көрсеткіші.

 

Тыныс мүшелері ауруларының ішінде ең көп тіркелгені балалар мен 18 жас және одан үлкен ересектер арасындағы пневмания, содан кейін аллергиялық ренит, бронхалды астма көп тіркелген. 14 жасқа дейінгі балаларда созылмалы бронхит ауруы көп кездескен: 2009 ж. – 2315, 2010 ж. – 1553, 2011 ж. – 1444 болса, аллергиялық бронхиалды астма 2009 ж. – 224, 2010 ж. – 349, 2011 ж. – 252. 18 жас және одан жоғары ересектерде созылмалы бронхит 2009 ж. – 6843, 2010 ж. – 5430, 2011 ж. – 1211. Созылмалы бронхит ауруының 2011 ж. аз тіркелуі шындыққа жанаспайтын сияқты. Бірақ, статистикалық деректерде осылай көрсетілген. Жалпы аурудың қандай түрі болса да жоғарғы көрсеткіш Қызылорда қаласы мен Шиелі, Жаңақорған аудандарында тіркегені анықталды. Бұл облыс орталығы мен аталған аудандардың салыстырмалы түрде көп ластанғанын көрсетеді. Демек, облыс халқының науқастану деңгейі қоршаған ортаның, әсіресе облыс орталығы мен өнеркәсіптік өндірісі бар Шиелі, Жаңақорған сияқты аудандарда, сосын Арал ауданында көп тіркелгені белгілі болды.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері.

 

Қызылорда обылысы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері.

 

 

Көрсеткіштер

Жылдар

ауытқу

2011/2009 жылғы

2009

2010

2011

+,-

%

1. Халық саны, мың адам

641,6

689,7

700,6

59

1,09

2.Туу,%

21,8

22,4

26,83

5,03

123

3.Нәрестелердің өлімі,%

21,03

23,83

20,27

-0,76

96,38

4.Жалпы өлімі,%

5,66

5,89

6,53

0,87

115

5.Табиғи өсім, %

19,2

19,5

20,3

1,1

105

6.Барлық медициналық мекемелер

Оның ішінде  мемлекеттік

Жеке емханалар

Дербес емханалар

208

 

196

4

8

211

 

197

4

10

216

 

197

5

14

8

 

1

1

4

103

 

100,1

100,1

103

7.Амбулаториялық-емханалық стационарлар саны

54

62

68

14

125

8. Ауруханалық төсек саны

-  Мемлекеттік емханалар

- Жеке емханалар бойынша

 

5560

235

 

5640

235

 

5640

235

 

8

 

101

-

9.Селолық ауруханалық төсек саны

6

8

11

5

183

10. Фельдшерлік акушерлік бекеттер саны

164

172

178

14

108


 

Кестеде көрсетілгендей Қызылорда обылысы  тұрғындарының саны жыл өткен сайын көбейгені  байқалады. Атап көрсететін болсақ, 2009 жылы барлық  тұрғындары саны 641,6 мың  адамды құраса, 2011 жылы 700,6 мың  адамды құрап, 59 мың адамға 0,9 %-ға көбейген. Бала туу көрсеткіші 2011-2009 жылмен салыстырғанда 23%-ға көбейіп отыр, оған керісінше көрсеткіш нәрестелердің өлімпаздығы 2011 жылы 20,27%-ға тең болса, 2009 жылы 21,03%-ға тең болып 1,38%-ға кемігені байқалады. Облыстың ауылдық елді мекендері  бойынша жалпы өлімпаздық деңгейін де кемігенін көреміз. Өлімпаздық қысқартудың,  ұзақ өмір сүрудің және қоғамның материалдық мүмкіндіктерімен тенестірілген болса, туу деңгейіне қол жеткізудің басты жақтары әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты. Демографиялық өсім мақсатына жанұяның салауатты қаржылық жағдайы  мен кедейшілікті шын мәнінде төмендеу негізінде ғана жету мүмкін. Облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметінің дамуы түгелдей республикадағы жағдайлармен деңгейлес, осы мерзімде қазіргі емханалық қызмет көрсету жүйесі сақталады және жалпы дәрігерлік тәжірибеге көшуге дайындық шаралары жүргізіледі.  Денсаулық сақтау саласындағы материалды техникалық базасы экстенсивті жолмен дамуда (Кесте 5).

Кесте 5-  Емдік орын саны (төсек қоры)  және тұрғындарды  төсекпен қамтамасыз ету

 

Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқу

2011/2009ж.ж.

2009

2010

2011

+,-

%

1. Емдік орын саны (төсек саны)

5560

5640

5640

80

101

2.Тұрғындардың емдік орындармен  қамтамасыз етілуі (әр 10000тұрғынға)

 

55,6

 

56,4

 

56,4

 

0,8

 

102

3. Емдік орындардың орташа жылдық  пайдалануы, емдік орын/ күн

322

 

324

 

325

 

3

 

100,9

 

3.Аурудың емдік орында жатқан  күндерінің орташа саны,  күн

 

12,5

 

12,0

 

12,0

 

-0,5

 

96,0

4.Емдік орындар айналамы, адам

26,0

27,81

28,2

2,2

108,4

*Ескерту –Қызылорда облысы ауыл  село мониторингі мәліметтері  негізінде автордың есептеулері


   

 

 Кестеде көрсетілгендей емдік  орын саны (төсек қорына) тоқталатын  болсақ,  2011 жылы 2009 жылдарға қарағанда  төсек санының 80 орынға 1%-ға көбейгені байқалады. Науқастарды  емдік орындармен қамтамасыз ету деңгейі де әр бір 10000 тұрғынға шаққандағы деңгейі де 2%-ға жоғарылаған.  Аурулардың емдік орында жатқан күндерінің орташа  саны  кеміген, демек аурулардың тезірек жазылып шығуларына жағдай жасалып отыр. Жалпы емдік орындарды орташа пайдалану уақыты жылына 325-322 күнге тең болса, аурулардың орташа ем алу күндері 12,5-12,0 күндер аралығын құраған жағдайда емдік орындар айналымы 26,0-28,2 аралығына тең.

Демек, бір орынға жылына 28 адам ем алады екен. 10 мың тұрғынды төсекпен қамтамасыз ету деңгейі жыл өткен сайын жоғарылап отыр, төсекпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауы төсек санының көбеюі әсерінен туындайды.

Облыста дәрігерлер мен орташа медициналық персоналдар үнемі квалификациялық деңгейін жоғарлатуда жұмыстар атқарады.(Кесте 6)

 

Кесте 6 - Облыс тұрғындарын   дәрігерлер және орташа медициналық қызметкерлермен,  емханалармен қамтамасыз етілуі деңгейі

 

Көрсеткіштер

жылдар

2011/2009 ж. ж.

2009

2010

2011

+,-

%

Дәрігерлер саны,адам

2078

2110

2118

18

101,6

Әр  он мың  тұрғынға шаққандағы  дәрігермен қамтамасыз етілуі, %

20,78

21,1

21,1

0,32

101

Орташа медициналық қызметтің саны,адам

5310

5540

5792

482

109,0

Он мың тұрғындардың орташа медициналық қызметкерлермен

қамтамасыз етілуі, %

53,1

55,4

57,9

4,8

109

Бір дәрігерге шаққандағы орташа медициналық персоналдардың саны

2,55

2,62

2,73

0,18

107

* Ескерту – Қызылорда облысы  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері  статистикалық жинағы негізінде


 

Кестеден көріп отырғанымыздар 10 мың тұрғынға шаққандағы дәрігерлермен орташа медициналық қызметкерлермен емханалармен қамтамасыз етілуі деңгейіне тоқталатын болсақ,  2011 жылы дәрігер саны 2118адамға тең болса, 10 мың тұрғынға шаққандағы деңгейі 21,1%-ды  құрайды. Бұл 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда 18 адамға 1,6% -ға көбейген. Орташа медициналық қызметкерлердің саны 2009 жылы 5310 адамға тең болса, 2011 жылы 5792 адамға тең болып 482 адамға 9,0%-ға көбейген. Осыған сәйкес 10 мың тұрғынға шаққандағы орташа медициналық қызметкерлердің саны 9 %-ға  жоғарыланған.

Экономикадағы терең өзгерістер медициналық мекемелердің алдына күрделі міндеттерді жүктеді, атап айтқанда шығындарды басқару, саладағы қаржы-экономикалық қатынастырды жетілдіру, халыққа сапалы медициналық қызметтер көрсету, саланы экономикалық басқарудың даму стратегиясын талдау, адамдардың өз денсаулықтарына деген қызығушылығын арттыру және нарық талаптарына бейімделу, ресурстардың қосымша көздерін табу үшін ақылы медициналық қызметтер көрсету. Атап айтуымыз керек, Қызылорда облысында  соңғы жылдары денсаулық саласын қаржыландыруға басты назар аударылуда. Осыған орай, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі туралы келесі кестеде көрсетілді (Кесте 7).

 

Кесте 7-  Денсаулық сақтау саласындағы 1 тұрғынға шаққандағы шығындар

 

Облыстар

2009ж

2010ж

2011ж

2011/2009ж.ж.

+,-

%

Қазақстан Республикасы бойынша,теңге

12298

32587

39373

27075

3,2есе

Қызылорда облысы, теңге

12777

33856

41047

28270

3,2есе

Аудандар бойынша  орташа деңгей, теңге

11540

27914

38420

26880

3,3есе


 

Жалпы кестеден байқағанымыздай, облыс тұрғындарына шаққандағы қаржылық көрсеткіштер республикалық деңгейге деп айтуға тұрады. Себебі Қазақстан Республикасы бойынша 2011жылы бөлінген жан басына шаққандағы  қаржы 39373  теңгені құраса, біздің облысымызда бұл көрсеткіш Республикаға қарағанда біршама жоғары.  Демек, Қызылорда облысының экологиялық аймақ әсеріненде қаржы көлемі жоғары болып келді. Аудандар бойынша бұл көрсеткіш 2011жылы 38420 теңгені құрайды. Қаржылар көлемінің 3,2 есеге дейін жоғарылауына басты себеп «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізінде болып отыр.

Информация о работе Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау