Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 20:22, диссертация

Краткое описание

Диссертациялық жұмыста алынған ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар адам ресурстарын басқару және дамыту мәселелерімен айналысып жүрген аймақтық басқару органдарының жұмыстарында, адам ресурстарын басқарудың негізгі бағыттарын анықтайтын нормативтік және әдістемелік құжаттарды өңдеу кезінде, аймақтағы және жалпы республикадағы адам ресурстарын тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуде және мемлекеттік органдар мен мекемелердің тәжірибелік қызметінде қолданылуы мүмкін.

Вложенные файлы: 1 файл

Suyeubaeva_autoreferat02.09.doc

— 720.50 Кб (Скачать файл)

Жұмыстың теориялық  жағдайлары «Адам ресурстарын басқару», «Менеджмент», «Қазақстан экономикасын басқару» және т.б. пәндер бойынша жоғары оқу орындарының экономикалық факультеттерінің оқу үдерісінде қолданылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелерінің  апробациясы. Зерттеу нәтижелерінің негізгі тұжырымдамалары мен қорытындылары аймақтық жоғары оқу орындарында өткізілген 8 халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларда баяндалып, талқыланған, соның ішінде: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, 2008 ж.), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (Өскемен, 2008 ж., 2009 ж.), О. Бөкей атындағы Шығыс Қазақстан аймақтық университеті (Өскемен,        2008 ж.), Халықаралық бизнес университеті (Алматы, 2009 ж.), ҚР тұңғыш Президентінің қоры (Алматы, 2009 ж.). Сонымен қатар диссертациялық жұмыс Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің (Семей, 2010 ж.) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы, 2010 ж.) ғылыми семинарларында талқыланып, мақұлданды.

Диссертациялық зерттеу  нәтижесінде алынған қорытындылар мен ұсыныстар «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекеменің қызметіне енгізілген және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Экономикалық теория және нарық», «Инновациялық менеджмент» кафедраларының оқу үдерістерінде қолданылған.

Зерттеу нәтижелерін  жариялау. Зерттеу нәтижелері бойынша жалпы көлемі 5,25 б.т. болатын 16 ғылыми жұмыс, оның ішінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған 7 мақала баспасөз беттерінде, бір мақала таяу шетел баспа материалында жарияланған, 8 – халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда тезис және баяндамалар жасалған.

Диссертацияның  құрылымы кіріспеден, белгілеулер мен қысқартулар тізімінен, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертация кестелер мен суреттер және қосымшалармен толықтырылған.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1 Адам ресурстарының дамуын басқару жүйесін қалыптастырудың концептуалды негіздері. XX ғасырдың соңынан басталған экономикадағы қайта құру құбылыстары мен үдерістері, олардың институционалдануы және технологиялық модернизациялануы әлеуметтік-экономикалық парадигманың өзгеруіне, экономикалық әдіснаманы, бағдарды, мақсаттарды және әлеуметтік-экономикалық дамудың мағынасын қайта қарауға әкеліп соқтырды, бұл адамның әлеуметтік дамуы мен ұдайы өндірістік үдерістер саласындағы ролі, орны және жағдайын түсінуді қайта мағыналауға байланыстырды. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің тұрақты дамуының жаңа парадигмасы адам ресурстарын қоғамдық даму, өмір сүру деңгейін арттыру құралы және экономиканы модернизациялаудың басты құндылығы, мақсаты ретінде түсінуін талап етті. Бұл көбінесе адам туралы түсініктің XX ғасырдағы дүниежүзілік экономика ғылымында үстемдік ететін инструменталдық және әлеуметтік бағыттардың интеграциялануына және жақындасуына себеп болды. Осы бағыттарды әртүрлі жинақталған әлеуметтік ғылымдармен теориялық білімдерді қолдану арқылы синтездеу негізінде адам ресурстарын дамыту теориясы пайда болды.

«Адам ресурстары» түсінігі – бұл экономика ғылымының негізін салушы санаттардың бірі болып табылады. Бұл түсінік әлеуметтік-экономикалық жүйенің ауқымды мәселелерін шешуімен байланысады. Адам ресурстарын дамыту, басқару және жүзеге асыруға қатысты «Адам ресурстары» санатын және мәселелерін талдау тұрақты даму шартында ерекше өзектілікке ие. Адам ресурстарының тұжырымдамалық ережесінің теориясы, қазіргі постиндустриялды қоғамның даму үдерісінде ең маңызды басымдығы және белсенді субъектісі, басты мақсаты адам болып табылатынын білдіреді.

Адам ресурстарын дамыту сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделген адамның мүмкіндіктерін үздіксіз, тұрақты кеңейту үдерісі болып табылады. Бұл кезде адам дамуының әр кезеңінде негізін қалаушы ретінде үш басты мүмкіндіктер танылады – лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін ресурстарға еркін қол жеткізу; белсенді, салауатты, ұзақ өмір сүру; өмір сүру ағысында үздіксіз қажетті, кәсіби білім алу. Бұл тұжырымдамалар адам ресурстарын дамыту теориясының негізін қалайды және қоғамның әлеуметтік прогрестік өлшемдерін қалыптастырады.

Адам ресурстары түсінігінің  мазмұнына талдау жүргізу авторға осы түсініктің өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруге, қоғамның дамуын және саяси салада өмір сүруі, әлеуметтік-экономикалық өзіндік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық, білім, интеллектуалдық әлеует, еңбек, шығармашылық пен қоғамдық-саяси факторларының, мәдени және адамгершілік құндылықтары индивидуумның өмірлік іс әрекетіне ішкі күші, мүмкіндіктері және қабілеттері нарықтық типтегі әлеуметтік бағдарламаға экономиканың аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының кеңейтілген шеңберіндегі ішкі және сыртқы жағдайларын бағалаудың көрсеткішімен қоғамдық үдерісте өтетін индикатор ретінде болатыны жөнінде анықтауына мүмкіндік берді (1 кесте).

 

1 кесте – «Адам ресурстары» түсінігіне көзқарастардың қалыптасуы

 

Шетел экономистері

1

2

А. Смит

Негізгі капиталға еңбек құралдарын, ғимараттарды, жерді, сонымен қатар  «қоғамның барлық тұрғындары мен  мүшелерінің бойындағы пайдалы  қабілеттерін» енгізді. Бұл қабілеттер нақты бір тұлғаның ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар  осы тұлғаның өмір сүріп отырған қоғам байлығының бір бөлігіне айналады. 

Г. Беккер,

Т. Шульц

Адам капиталы – индивидуумның  пайда әкелу істерін, жеке жұмыскердің  қабілеттерін, білімдерін, біліктілігі  мен дағдыларын бағалау.

Р. Макинтайр

Адам ресурстары кең  мағынада тауарлар мен пайдалы қызметтер өндірісінде қолданыста бар немесе қолданыла алатын тұрғындардың белсенділігін, кәсіби біліктілігін, дарыны мен білімін сипаттайды. 

1 кестенің жалғасы

1

2

Ресейлік экономистер

С.А. Капелюшников 

Адам ресурстары – бұл әрбір адамда бар, капиталды құрастырушы болып табылатын білімдердің, қабілеттер мен мотивациялардың қоры, өйткені оның қалыптасуы ағымдағы тұтынуға зиян келтіре отырып қаражат бөлуді талап етеді де, олар өнімділікті арттырудың қайнар көзі ретінде қызмет етеді.  

Г. Г. Меликьян,

Р. П. Колосова

Адам ресурстары материалдық ресурстар  сияқты елдің экономикалық дамуында көрініс табады. Бұл бір жағынан  материалдық игіліктерді дайындайтын, екінші жағынан олардың тұтынушысы болып табылатын адамдар. 

Қазақстандық экономистер

Б. Л. Тәтібеков,

М. К. Мелдаханова

Әлеуметтік-экономикалық аспект: Адам ресурстары – бұл жоғары білім деңгейі, кәсібилік пен кәсіпкерлік қабілеттерді иеленуші, елдің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде көрініс табатын адами ресурстар. 

Экономикалық аспект: Адам ресурстары – бұл елдің экономикалық өсуі мен дамуына ықпалын тигізетін қолданыста бар немесе қолданыла алатын халықтың бір бөлігі. Оларға шетелдік мемлекеттердің еңбек ресурстары, (I және II топ мүгедектерінен басқа) халықтың барлығы қосыдалы,  

А. А. Горкопко

Адам ресурстары – тұрғындардың табиғи, экономикалық (өндіруші), әлеуметтік және саяси сапаларының жиынтығы ретінде ұсынылатын жалпы әлеуметтік категория. 

Автордың анықтамасы 

Адам ресурстары – бұл нақты  индивидтің, адамдар топтарымен қатар жалпы қоғамның туа біткен, жүре пайда болған және қалыптасқан білімдердің, дағдылардың, қабілеттердің, мотивациялардың, тәжірибесінің белгілі бір деңгейі. Бұлар қоғам өндірісінің белгілі бір саласында мақсатты түрде қолданылады және оларды қалыптастыру индивидтің, кәсіпорынның және жалпы қоғамның шығынын талап етеді.  

Ескерту - Теориялық көздер бойынша автор жүйелеген.


 

Өзінің бойына екі жақты әлеуметтік және материалдық табиғи үйлесімді іске асыра отырып, адам ресурстары елдің тұрақты дамуының басты факторы ретінде бөліп шығаруға мүмкіндік беретін материалдық ресурстарға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие (2 кесте).

Адам ресурстарының  дамуы келесі негізгі қағидаттардан  тұрады:

- барлық адамдарда  тең мүмкіндіктер болу қажет, сондықтан жынысына, дініне, ұлтына, тұрғылықты орнына байланысты шектеулерді жою қажет;

- барлық азаматтардың  өз іс-әрекеттерінің өнімділігін  арттыруға, табысын қалыптасыру  үдерісіне толық қатысуға және еңбегі үшін лайықты ақшалай сыйақы алуға мүмкіндіктері болу қажет;

- мүмкіндіктерге  қол жетімділікпен қазіргі ғана  емес, сонымен қатар келешек ұрпақтың  да қамтамасыз етілуі қажет,  сондықтан тиісті түрде барлық  капитал түрінің (материалдық,  адами, экологиялық) ұдайы өндірісі  қамтамасыз етілу қажет;

- даму адамдардың өз күштерімен жүзеге асырылу қажет. Азаматтар өз өмірлеріне әсер ететін шешімдерді қабылдау үдерісіне толық қатысулары қажет;

- адам ресурстарының  сандық және сапалық дамуы  мемлекет дамуының негізгі басым  бағыттарына сәйкес болуы тиіс;

- адам ресурстарын дамыту олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы керек. Яғни адам ресурстарын оқыту және қайта даярлау кезінде әлемдік стандарттарға сүйену қажет.

Бұл қағидаттардың  әлі де кеңейтілетініне келісеміз, әйтсе де, азаматтар үшін келесі үш басты мүмкіндіктер өзгертілмейтіндей болу қажет: сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге қажетті ресурстарға қол жеткізуде еркін мүмкіндіктері болу қажет; ауырмай, ұзақ және белсенді өмір сүруге мүмкіндігі; өмір сүруі кезінде үздіксіз өзі қалайтын және кәсіби қажетті білім алуы қажет.

 

2 кесте – Адам ресурстарының ерекше белгілері

 

1

Әрбір нақты адаммен қалыптастырылады және жеке тұлғаның ажырамас бөлігі болып  табылады.

2

Олардың қалыптасуы бүкіл өмір ағымында жүзеге асады және индивидтің де, жалпы  қоғамның да белгілі бір материалдық шығындарын талап етеді. 

3

Қолданылуы мен қайтарым дәрежесі олардың жауапкершілігіне, сұранысына, ерікті көңіл білдіруіне, жоғары бағалауына, жалпы дүниетанымы мен мәдениетіне  байланысты. 

4

Қабілеттер, денсаулық, дарын, білімдер, дағдылар мен тәжірибе сақтау мен ұдайы өндіруді талап ететін әлеует ретінде көрінеді.

5

Адам ресурстарының дамуына  отбасы, адамның өзі, жұмыс орны, әлеуметтік институттар мен мемлекет қаржы жұмсайды, алайда олардың тиімділігі әрбір индивидтің белсенділігі мен даму қабілетіне тәуелді болады.

6

Адам ресурстарының сапасы мен  қолданылу нысаны экономикалық өсу, бәсекеге қабілеттілік пен өндірістің тиімділігінің басты факторы  ретінде алға шығады.  

7

Адам ресурстарын тиімді қолдану  көп қырлы тиімділікке ие, олар: экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, мәдени, дүниетанымдық. 

8

Олар табиғи тозуға душар (адам ағзасының қартаюы, ағзаның дұрыс жетілмеуі, денсаулықтың нашарлауы, өлім).

Ескерту – Теориялық зерттеу нәтижесінде автор құрастырған.


 

Адам ресурстарын кестеде келтірілген ерекшеліктеріне сай, келесідей жіктеуге болады: адамның бойындағы білім беру ресурсы, денсаулық сақтау ресурсы, еңбек ресурсы; әлеуметтік және мәдени ресурстары үздіксіз қызмет етеді.

Осыған байланысты адам ресурстарын  дамыту, адам таңдауының кеңеюін және адамдардың әл-ауқаты деңгейінің жетістігін білдіреді. Осы басымдықтар қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің басты мәселесі болып табылады, ал оларды шешу мынадай факторларға байланысты: табыстың деңгейі, білімнің деңгейі, туған кездегі күтілетін өмірдің ұзақтығы. Қазақстандық ғалым-экономист        Ю.Қ. Шоқаманов көрсеткендей, адамдар экономикалық дамудың құралы немесе көзі ғана болып табылмайды, сонымен қатар экономикалық дамудың мақсаты болып саналады. Сондықтан, адам даму тұжырымдамасының маңызы болып экономикалық дамудың адам игілігіне қызмет етуі саналуы тиіс.

Адам ресурстарының дамуын адам даму үдерісімен ұштастырып та қарастырады. Себебі адам дамуы тұжырымдамасы да еліміздегі бүкіл халықтың сапалы өмірге, лайықты табысқа, білімге қол жеткізіп, денсаулығын сақтауды  және қоршаған ортаның сақталуын көздейді.

«Тұрақты  даму» түсінігінің негізгі сипаттамасы табиғи ресурстарды кешенді және тиімді қолдану қажеттілігі болып табылады, адам өмір сүретін қоршаған ортаны оның тұрақтылығын бұзбай және оған зиян келтірмей сақтай білу қажет. Бұл тұжырым біздің «тұрақты даму» және «адам дамуының тұрақтылығы», санатына авторлық көзқарасымызды қалыптастыру үшін негіз болып табылды, олардың өзара байланысы, осы түсініктердің мәнінен туындайтын өзінің жетістігіне әртүрлі тетіктерді қосатын көп аспектілі және көп факторлы тиісті мемлекеттік стратегияны құру кезінде белгілі шарттарды сақтау қажеттілігін білдіреді. Қазақстан Республикасының Президентімен 2006ж. 14 қарашасында мақұлданған ҚР 2007-2024 ж. ж. тұрақты дамуға көшу концепциясы еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін барлық мақсаттары, қағидалары, жүзеге асыру тетіктері көрсетілген маңызды құжат болып табылады. ҚР-да тұрақты дамуға көшу үшін бірқатар қадамдар атқарылған: Қазақстан БҰҰ тұрақты даму жөніндегі Комиссиясының мүшесі; «Европа үшін қоршаған орта», «Азия үшін тұрақты даму және қоршаған орта» бағыттарының белсенді қатысушысы; ядролық қаруды қолданудан бас тартқан мемлекеттердің көшбасшысы.

Адам ресурстары дамуының үдерісі болып жатқан экономикалық және әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің қозғалыс күштері болып табылатын көп түрлі факторлардың әсерімен жүзеге асырылады. Осы үдерістің ерекшелігінен адам ресурстарының даму факторларын тікелей (ішкі) және жанама (сыртқы) деп жіктеуге болады. Тікелейге адам ресурстарының даму нәтижесіне шешуші әсер ететін және адамның басты қажеттілігіне сәйкес келетін – демографиялық жағдай, денсаулық сақтау және білім беру, материалдық жағдай, жұмыспен қамту және қоғамның криминогендік деңгейін жатқызылады. Жанама немесе сыртқы фактор ретінде, адам қабілеттерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін жалпы жағдайлар және оларды кейінгі әртүрлі өмірлік іс-әрекеттерінде жүзеге асыруында, автор табиғи, техникалық, экономикалық, экологиялық, ақпараттық және аймақтық институционалдық жағдайларды қарастырады. Осы факторларға мемлекеттік шарттардың әсерінен аймақтың адам ресурстарын дамытуды басқару үдерісі  туындайды.

Осыған байланысты адам ресурстарының тұрақты дамуы – олардың табиғи, әлеуметтік-психологиялық және интеллектуалдық қабілеттерінің позитивті өзгеруі нәтижесіндегі сыртқы орта мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін әртүрлі іс-әрекет саласындағы әрбір адамның мақсаттарын жүзеге асыруы мен мүмкіндіктері ауқымының кеңеюін қамтамасыз ететін үздіксіз үдерісін білдіреді. Бұл үдерістің жүзеге асырылуы адам ресурстарын дамытуға жеке адамның өзімен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік билік органдарының, әртүрлі деңгейдегі қоғамдық институттардың үйлесімділігін талап етеді (1 сурет).

Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару жинақталған әлеуетті жетілдіру және сақтауды қамтамасыз ететін, адам ресурстарына үздіксіз және мақсатты әсер ету үдерісін білдіреді. Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқарудың алғышарты болып олардың даму жағдайына дұрыс баға беру  болып табылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту – Автор құрастырған.

 

1 сурет – Қоғамдық институттардың қатысуымен аймақтың адам ресурстарын дамыту мен қалыптастырудың концептуалды үлгісі

 

Кәсіпорынның адам ресурстары – бұл өндірісте қызметіне сай еңбекақы алу мақсатында қолданылатын адамның қорындағы денсаулығы, білімі, дағдысы және тәжірибесі. Кәсіпорынның ұдайы өндіріс үдерісі және адам ресурстарын дамыту еңбек нарығының дамуымен және жұмысшылардың жеке адам капиталына инвестициясымен байланысты.

Аймақтың адам ресурстары – бұл өндірісте нақты іске қосылған және қолданылуы мүмкін, әлеуметтік, демографиялық, кәсіби және біліктілік сипаттамасы бар, ұдайы өндірісі және дамуы әлеуметтік- экономикалық даму мен аймақтың және сол аймақтың кәсіпорындарының инвестициялық белсенділігіне тәуелді, барлық меншік формаларындағы кәсіпорындардың адам ресурстарының жиынтығы болып табылады.

Адам ресурстарының дамуын бағалаудың бірегей нақты қолданыстағы әдістемесі болмаса да, бұл бағыттағы зерттеулер адам ресурстарының жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық параметрлерді болашақта бағалауға негізделуі керек деген шарт міндетті түрде орындалуы тиіс.  Сондықтан біз адам ресурстарының даму жағдайын сандық тұрғыдан бағалау үшін қазақстандық ғалым-экономист Б. Л. Тәтібековтің адам ресурстарын анықтау әдістемесін қолдануды және сапалық тұрғыдан бағалауда оларға әсер етуші факторларға талдау жүргізуді біріктіретін кешенді бағалау жүйесі негізінде жүргізуді ұйғардық. Мұндай кешенді бағалау жүйесі аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды егжей-тегжей талдауға, адам ресурстарының бұдан былай дамуы бойынша мәселелерді және оларды шешудің мақсаты мен әдістерін анықтауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару