Айналым капиталы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2012 в 07:06, реферат

Краткое описание

Айналым қорлары – құндық түрдегі өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорлары жиынтығын сипаттайтын активтер, кәсіпорын мүлігінің бір бөлігі. Бұл өндірістегі, қоймалардағы өндірістік запастарды жинақтау, жабдықтаушылармен, бюджетпен есеп айырысу, еңбек ақыны төлеу үшін кәсіпорынға қажетті ақша қаржылары. Айналым қорларының құрамы оны құраушы элементтердің жиынтығын сипаттайды.
Айналым қорлары - өндіріс үрдісінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар, жанармай мен энергия шығындары аз болған сайын, оның өндірісіне шығындалатын еңбек үнемді шығындалады, соншалықты өнімнің құны да төмен болады.

Вложенные файлы: 1 файл

срс касипорын.doc

— 31.50 Кб (Скачать файл)

 

Қазақстан Республикасының  Ғылым және Білім министрлігі

Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті

 

                                                          

                                                                   Кафедра:________________________

                                                                 _________________________________

 

СОӨЖ

Тақырыбы: Айналым капиталы

 

 

                                  

 

                                        Орындаған: Имашева А.

                                                Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2012 ж.

 

 

 

 

 

Айналым қорлары –  құндық түрдегі өндірістік айналым  қорлары мен айналыс қорлары  жиынтығын сипаттайтын активтер, кәсіпорын мүлігінің бір бөлігі. Бұл өндірістегі, қоймалардағы өндірістік запастарды жинақтау, жабдықтаушылармен, бюджетпен есеп айырысу, еңбек ақыны төлеу үшін кәсіпорынға қажетті ақша қаржылары. Айналым қорларының құрамы оны құраушы элементтердің жиынтығын сипаттайды.

Айналым қорлары - өндіріс  үрдісінің міндетті элементі, өнімнің  өзіндік құнының негізгі бөлігі. Өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар, жанармай мен энергия шығындары аз болған сайын, оның өндірісіне шығындалатын еңбек үнемді шығындалады, соншалықты өнімнің құны да төмен болады.

Өндірістік запастар - өндірістік үрдісті жүргізу үшін дайындалған еңбек құралдары. Оларға жататындар: шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен бұйым бөлшектері, негізгі қорларды жөндеуге қажетті бөлшектер.

Болашақтағы шығындар – сол кезеңде жүзеге асырылатын, бірақ болашақ кезеңдегі өнімге жататын, жаңа өнімді дайындау, оны игеру шығындарын қамтитын айналым қорларының мүліктік емес элементтері. Мысалы, бұйымның жаңа түрінің технологиясын дайындау және оны жасақтау, құрастыру шығындары, құрал-жабдықтар орнын ауыстыру шығындары және т.б.

Айналыс қорлары айналым аясын  қамтамасыз етеді, оған жататындар: қоймадағы  дайын өнім, жолдағы тауарлар, ақша қаржылары және тұтынушылармен есеп айырысу қаржылары, соның ішінде көбіне дебиторлық қарыз.

 Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны- кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.

Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие  қабілеттілігі оның қажетті айналым  капиталымен қамтамасыз етілуімен  байланысты.

Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады.

 

 

 

 

 

 Айналым капиталын  тиісінше қажетті қаржы көздерімен  қамтамасыз ете білу де маңызды  болып табылады, түптеп келгенде  айналым капиталын қаржыландыруды  ұйымдастыру деңгейі олардың  тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.

Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін  қамтамасыз етудегі міндетті шарт- қолда бар айналым капиталының  болуы. Айналым капиталының мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен  анықталады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін анықтау болып табылады.

Түрлі салаларда айналым  капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың  өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрылымын қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым капиталын басқару және т.б.

Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын құралдар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым капиталын орынды пайдалану есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетеді.

Қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады.Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады


Информация о работе Айналым капиталы