Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Августа 2014 в 09:19, реферат

Краткое описание

Сонау есте жоқ ерте замандарда адамзат баласы дәрі-дәрмек деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, таблеткалардың құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін

Вложенные файлы: 1 файл

Алоэнің емдік қасиеттері.docx

— 141.84 Кб (Скачать файл)

Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері

Сонау есте жоқ ерте замандарда адамзат баласы дәрі-дәрмек деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, таблеткалардың құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін. Бірақ біздің айтқымыз келгені бұл емес еді...

Сіздің үйіңіздің терезесінде алоэ аталатын кереметтей өсімдік өсіп тұр ма? Жоқ? Өте өкінішті. Осы жазбадан кейін алоэны өсіріңіз. Ол сізді өзінің жасыл көйлегімен ғана емес, шипалық қасиеттерімен де қуантатын болады.

Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Және оның әрбірінің өзіндік қасиеттері бар. Мәселен, бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы әсер береді, ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұра алады. Алоэ өте қарапайым, оның өсуіне ылғал мен жарық жеткілікті. Оның көбеюі де қиындық тудырмайды: ұрықпен де, бұталармен де, сабақтармен де, тіпті жапырағымен де өніп кете алады.

Білесіз бе, айдай әлемге танымал Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан жасалған кремді жаққан екен. Дәрігер Диоксид: "Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады" деп жазып кеткен.

Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн.

Алоэ екіқабат әйелдер, бүйрек, өт қабы, цистит, геморой ауруларымен қиналатын адамдарға кері әсер етеді. Сондай-ақ, қан қысымында ауытқушылығы бар адамдарға да алоэға жақындауға кеңес берілмейді.

Алоэны қандай жағдайда қолдануға болады?

Тәніңізді тыныштандыратындай ванна қабылдағыңыз келсе, 3 ас қасық шырынды 2 стақан сүтке және жалбыз тұнбасына қосып, жылы ваннаға қосасыз. Мұндай ваннада 15 минут жатуға болады.

Күйік шалғанда, іріңді жаралар пайда болғанда алоэны қойып, дәкемен таңып тастау керек және әр екі сағат сайын ауыстырып тұру керек.

Ол үшін алоэның жапырақтарын жуып, бинтке қойыңыз да, аздап жаншыңыз. Содан кейін барып, ауырған жерге қойыңыз. Аяулы нәзік жандыларымыз алоэдан маска жасай алады. Ол үшін алоэның бір ас қасық шырыны мен қаймақты араластырасыз да, оған жұмыртқаның сарысын қосасыз. Қоспаны таза бетке жағып, 15-20 минут ұстаңыз да, жылы сумен шайып тастаңыз. Нәтижесінде, теріңіз жылтырап, сұлулана түседі.

Иммунитетті көтеру үшін алоэ шырыны мен балдың қоспасын жасайсыз. Шырынды алу үшін 15 сантиметр болатын бірнеше жапырақты үзіп алып, сумен бір рет шайып жіберіңіз. Таза стақанды, дәкені немесе мәрліні аласыз. Қолыңызды тазалап жуыңыз да, сол мәрлінің бетіне әбден кескілеген алоэны қоясыз. Оны қолыңызбен қатты сығып, суын стақанға тамызасыз. Дайын шырынды балмен араластырасыз (1:1). Бұл қоспаны күніне 3 рет бір шәй қасықпен тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұрыңыз. Пайдалану уақыты – 3 апта.

Егер суық тигізіп алсаңыз, алоэның жаңадан жасалған шырынын әрбір 3-4 сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз. Бұл әдісті 2-3 күннен артық жасауға болмайды.

Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақ ауырсынуы) кезінде, тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз.

Мінеки, терезеңіздің алдындағы алоэның бір бойынан осыншама үлкен дәріхана жасап алуға болады екен. Оны пайдаңызға жаратыңыз да, суаруды ұмытпаңыз.

 


Информация о работе Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері