Атыс түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 14:16, реферат

Краткое описание

Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан бөлімшенің бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі учаскесіндегі нысаналар тобын ату.
Атыс құралдары:
· Жарықшақты қол гранаттары;
· Танкіге қарсы қол гранаттары;
· Қол пулеметтері;
· Автоматтар;
· Жаяу жүріс машинасы.

Вложенные файлы: 1 файл

жаннур.docx

— 26.40 Кб (Скачать файл)

Атыс түрлері

    Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан бөлімшенің бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі учаскесіндегі нысаналар тобын ату.    

 Атыс құралдары:

·        Жарықшақты қол гранаттары;

·        Танкіге қарсы қол гранаттары;

·        Қол пулеметтері;

·        Автоматтар;

·        Жаяу жүріс машинасы.    

 Бөлімшінің атыс құралдары командир жоспарымен ұрыста жергілікті жердің сипаты мен мүмкіншілігі, қызметі ескеріле отырып пайдаланады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.    

 Атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс учаскесі тағайындалады. Атыс құралдарына негізгі және қосалқы атыс бекінісі бекітіліп беріледі және нақты атудың қашықтығында атқылаудың негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататқыштық атыс бөлімшесінің атыс жолағында дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бірін-бірі жабуы тиіс.

Атыс бағытына қарай:

·        Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр

жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде барынша тиімді.

·        Қапталдан ату – нысана қапталын ату. Ол көбінесе қарсыластың

шабуылдаушы жаяу әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.

·        Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан

жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.

·        Бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен

және автоматтан жүргізілген атыс бойлата ату деп аталады.     

 Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындауымен, оқ-дәрінің болуымен анықталады. Атысты басқаруды ыңғайлы ету үшін бөлімше командирі өз бөлімшесінің атыс карточкасын жасайды.

Ұрыстан маневр. Қазіргі замаңғы ұрыстағы табысты бөлімшелердің атыс маневрін кең қолдануынсыз көзге елестету мүмкін емес.     

 Ұрыс бөлімшенің маңдай  шебі алдында маңыздылығы жағынан әр түрлі бірнеше нысаналар бір мезгілде пайда болуы мүмкін: тірі күш, атыс құралдары, танкілер және басқа да ұрыс машиналары. Өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру – мұның барлығы атыс маневрін жасау болып табылады.

 

 

    Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін ол үрдіс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне атысты ауыстыра отырып жоюы қажет.        

 Бөлімшелер маневрі қарсыластың барынша әлсіз тұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай-ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.        

 Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелерді қамту және айналып өту түрінде маневр жасай алады.        

 Қамту – қарсыластың  тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимыл арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады.         

 Айналып өту – қарсыластың қапталы мен тылына барынша терең маневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз тактикалық өзара қимылда жүргізіледі. Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бекіністерге, атыстық шепке ие болу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласты тойтару мақсатында және қарсы шабуыл үшін жүргізіледі.        

 Ұлы Отан соғысының және бейбіт өмірдегі бөлімшелердің ұрыстағы жаттығуларының тәжірибесі көрсеткендей, ұрыста маневрді тез және жасырын жүргізу қажет. Маневр жүргізу үшін ашық қапталдар мен аралықтар, жергілікті жер қыртыстары мен жасырын кіре берістер, ал қорғаныста бұдан басқа – орлар мен байланыс жолы пайдаланылады. Қазіргі заманға ұрыста әрбір жауынгер маневр қолдана алады: маневр қарсыластың күтпеген жерінде жауынгердің қимыл жасауына мүмкіндік береді.        

 Ұрыс қимылдарын жүргізу  тәжірибесі ұрыстағы шешуші кезеңде батыл, қорықпайтын, өз ерік-жігерін қарсыласқа күштеп таңатын, өзінің тапқырлығын және ойлы бастамашылдығын кең көрсете алатын әскер ғана жеңіске жететінін көрсетті.         

 Ұрыста әрбір жауынгер берілген тапсырманы мерзімінде және толық орындау үшін қалай қимылдау керектігін өз бетінше шешу қажеттілігі туатын жағдайға тап болуы мүмкін. Кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түрде енгізу біліктілігі бастамашылдықтың көрінісі болып табылады.         

 Тапқыр және талапшыл жауынгер жағдайдың кез келген шартында бастамашылдық көрсете алады. Ұрыста батылдық пен ойлы бастамашылдық көрсете алу қабілеті, қарсыласты жою үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу – әрбір жауынгер мен командир үшін бағалы қасиет болып табылады. Әрбір жауынгер үшін бастамашылдық ұрыста және бейбіт өмірдегі жаттығу күндерінде өзін-өзі ұстау, мінез-құлық нормасы ұрыста жеңіске жетуге жағдай жасайтын маңызды шарттардың бірі – тосындылық.        

 Тосындылық – қарсылас  үшін күтпеген қимылдар, ол қарсыласты аңдаусыз қалдырып, дүрбелең тудырады және оны ұйымдасқан түрде қарсыластың көрсету қабілетінен айырады. Кенеттілікке қол жеткізу үшін күтпеген жерден атыс жүргізіп, ұрыста жасырын, тез әрі шешуші қимылдар жасау керек және әскери құпияны сақтап, бүркеніш шараларын орындау қажет. Кенеттілікті бастамашылдықпен және батылдықпен үйлестіре білген жақ қана барынша тиімділікке жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
Шабуылдағы жауынгер. 
 
Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс.  
 
Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы, жеке қорғаныш құралдары мен жабдықтарының болуын және жарамдылығын тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді.  
 
Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді. «Шабуылға дайындал!» пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да , сөмкеге салады. Содан соң жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып «П» не «З» көздеуішін белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.  
 
«Шабуылға алға» пәрмені бойынша ол оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жылдам адыммен алға қозғала бастайды, бұл ретте ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітілген аралықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеп атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін ол өз қозғалысын қарсыласқа оқ атумен үйлестіреді.  
 
Қарсылас иеленген орға 25-30м-ге дейін жақын келген жауынгер өз қаруын сол қолына ұстап, орға қол гранатасын лақтырады. «Ура!» деп айғайлай отырып, тез жылдамдықпен қалған қашықтықтан өтеді. Алғы шептегі аман қалған қарсыласты орға түспей, гранатамен, оқпен, сүңгімен және дүммен жояды да, оның қорғанысының тереңдігіне тоқтаусыз жылжи береді.  
 
Шабуыл барысында жауынгер ұрыс алаңын үнемі бақылап, өз байқағандары туралы командирге дереу баяндайды. Нысананы көрген сәтте ол оны атыспен, ең алдымен, пулемет, гранататқыш, зеңбірек есептобын жояды. Командир бұйрығы бойынша немесе өз бетінше трассаланған оқтар арқылы танкілерді, мотоатқыштардың қозғалысына кедергі келтіретін нысаналарды көрсетеді. Жылжуды күшті атыспен ұстап тұрған қарсыластың атыс құралдарын көршілердің оғын бойтасалау арқылы айналып өтіп, қаптал мен тылда шабуылдай отырып, қарсыластың есептобын атыспен және гранатпен жояды. Қажет жағдайда жауынгер көршілеріне қапталдан атыспен көмек көрсетеді.  
 
Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса, бұл туралы дереу командирге баяндауы керек. Басып алған шепте тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне көрсетілген жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгер орланады да, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады.  
 
Ядролық жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама-қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу қажет. Осы әдіспен соққы толқын мен зақымдалудан сақтануға болады. Бұдан басқа шинельдердің жағасын көтеріп, қол білектерін дененің астына тығып, көру қабілетінен айрылып қалмау үшін бетті мүмкіндігінше тығыз жабу керек. Соққы толқыны өткеннен кейін дереу тұрып, жауынгерлік міндетті атқаруды жалғастыру керек. Шабуыл барысында ядролық жарылыстан зақымданған жер учаскелерін байқаса ол туралы командирге баяндау қажет. Жергілікті жердің зақымданған жер учаскелерін командир нұсқаған тәсілмен кесіп өтіледі.  
 
Жер үсті қарсыласымен ұрыс жүргізе отырып, жауынгер қарсыластың төмен ұшқан ұшақтарына қарсы атыс жүргізуге дайын болуы керек.  
 
Ашық жерде қарсыласқа қарсы атыс жатып, тізерлей немесе тұрған күйде жүргізіледі. Әуе нысаналарын ату «П» не «З» көздеуімен бөгеттік және өрге ату тәсілімен жүргізіледі. Ұшақтар мен тікұшақтарды ату үшін сауытты - өртегіштік және трассаланған оқтар қолданылады.  
 
 
 


 


Информация о работе Атыс түрлері