Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 18:03, реферат
«Біздің заманымыз — өткен заманның баласы, келер заманның атасы» —
деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, осы екі заманға дәнекер болатын бүгінгі
күн біздің алдымызға ауыр да абыройлы міндет қойып отыр. Өткен заманнан
қалған қоқыс көп. Батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатыны рас
болса, кешегі отаршылдықтан басталып, бүгінгі күнге жалғасқан орыстану
саясатын тоқтатып, жөнсіз өзгертілген жер-су аттарын қалпына келтіру оңай
шаруа емес
Қостанайда Ивер әйелдер
Сонымен қатар, 3 христиандық дұға үйлері,
ал мұсылмандар үшін 2 мешіт – Ақмешіт
және Татар мешіті (қазіргі Нариман ауданы)
бар еді..
Кәдімгі жаңа үйлердің пайда болуының
өзі қаланың гүлденгенін көрсетеді. Көбіне
тұрақты жәрмеңкелердің өткізілуі бұған
өз септігін тигізді. Ақша ағымы шіркеулерді
тұрғызуға, мектептерді ашуға мүмкіндік
берді және әрине де біршама қаражат негізгі
көпестік мекендерде қалды.
Орталық көше Большая деп аталды, қазіргі
Әл-Фараби даңғылы. Қазіргідей сияқты
бұл ойын-сауықтың сүйікті орын болып
саналған еді. Алайда өзінің «Большая
» – атауына қарама-қарсы ол Тобылдың
құламасынан қазіргі Чехова көшесіне
дейін созылып жатты. Көпес Яушевтердің
үй онымен қиылысқан еді. Басқа жағынан
көпес Бакировтың дүкені тұрды. Өкінішке
орай, мұнда тұрған Романовтар үйінің
300-жылдығына арналған Ротонда (орталық
алаң) және Өрт мұнарасы (қазір мұнда облыстық
әкімшілік тұр) сақталмады.
Құрылыс Қостанайда
Біздің қаламыз бірден көгалданбаған
еді, алайда 1912 жылы ағаш отырғызу мейрамы
кезінде Михайловск алаңында қоғамдық
бақша тұрғызылды.
Сол кездері ашылған мектептердің көбі
өте жақсы жабдықталған еді. Қазіргі көркемөнер
мектебінде (бұрыңғы қалалық ерлердің
төртсыныпты училищесінде) ескі дәуір
жайлылықтары әлі күнге дейін сезіледі.
Кірпіш үй, әдетте, жылы, кірпіш жабындысын
біріктіретін әктас ерітіндісі уақыт
өте келе тек қатая түседі. Сыртқы келбеті
де көптеген заман талабына сай ғимараттармен
тайталыса алады.
Өзінің бастапқы атауын сақтап қалған
көшелердің бірі – Пушкинская. Мұнда ғасырға
жауық өзінің архитектуралық шешімі бойынша
өте тамаша кешендер тұр. Көпестер, әдетте,
үйлерінің маңында қоймалар, амбарлар,
атқоралар, биік қақпалар тұрғызды..
Көпестердің қаншалықты білімді болғанын
айту қиын. Алайда, Алтынсарин көшесіндегі
Сенокосов үйі де, оның жанындағы Давлеткадиев
үйі де кеңістікте өте жақсы орналасқан.
Үйдің көшеге қарайтын кейпін қалай дұрыс
көрсету қажет екендігін архитекторлар
сезіне білді. Өкінішке орай, қазіргі үйлердің
бірде бірі бұрыңғы үйлердің айқындығымен,
сұлулығымен және үйлесімділігімен теңдесе
алмайды.
Қала тұрғындарының дәулеттілігі өсті,
яғни қала да байи түсті. 1895 жылы Қостанайда
бар болғаны 38 тас (яғни кірпіш үйлер),
ал 1910 жылға қарай олардың саны 900 болды.
Қаланың ескі орталығы ортақ ансамбль
ретінде көрінді, әрбір ғимарат бірегей
болып қала берді. Қала тұрғындары өз қаласын
жақсы көрді, өз болашағына сенді және
ғасырларға құрылыс тұрғызды…
Туған жерге туыңды тік!
Батпаққара – тұнған тарих
Қостанай облыстық ішкі саясат басқармасы өткен жылдан бері баспасөз туры жобасын жүзеге асырып келеді. Құрамында журналистер мен үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, ғалымдар бар топ біраз аудандарды аралап, сондағы экономикалық және әлеуметтік нысандарды көзімен көріп, бағасын берді, қалам иелері тәуелсіздік жетістіктерін жұртшылыққа жеткізді. Ендігі сапар облыстың оңтүстік аудандарына, оның ішінде Амангелді, Жангелдин аудандарына арналды. Бұл жоба Арқалық қаласындағы Елена Цвентух басқаратын «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Нұрихан Нүгірбеков басқарған үш күндік сапардың алдыңғы баспасөз турларынан ерекшелігі де бар. «Ауылым – алтын бесігім» деп аталатын баспасөз турына қатысушылар әлеуметтік нысандармен қатар, даланың табиғи байлықтары мен рухани мәдени мұраларды аралады. Жобаға журналистермен бірге өлкетанушы Қуаныш Орманов, Торғай өңіріне белгілі оюшы, қолөнер шебері Шөптібай Байділдин сарапшы болып қатысты.
Амангелді ауданына келген қонақтар алдымен осындағы әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады. Аудан орталығында үш балабақша бар. Олардың әрқайсысына 100-150 бүлдіршін барады. «Жұпар» атты балабақша заманауи жабдықтармен жабдықталған. Онда ауыл балалары компьютердің әліппесін үйренеді. Сонымен қатар дене шынықтыру, ән сабағы, өзін өзі тану пәндері бұрынғыдай тәрбиешілерге жүктеле салмайды, балалармен арнайы мамандар жұмыс істейді.
– Соңғы жылдары осы үш балабақшаны қалпына келтіріп үлгердік. Бала саны өскендіктен балабақшаға кезек азаяр емес. Алдағы уақытта тек аудан орталығынан ғана тағы бірнеше мектепке дейінгі мекеме ғимаратын салуға тура келіп отыр, – дейді аудан әкімінің орынбасары Сабыржан Хайруллин. Әрине, балабақшаға деген сұраныс ауданның экономикасы мен әлеуметтік тұрмысының көтерілгені кепіл бола алады. Аудан халқының саны он сегіз мыңды құрайды. Кеңес Одағы жылдарында отыз мыңның сыртында адам тұратын бұл өңірде. Ал 90-шы жылдары дүркірей көшкен ауданның бірі осы Амангелді еді. Міне, енді көш тоқтаған, жұрт орныққан. Бала саны да өсіп жатыр. Аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі 1985 жылдан жөндеу жұмысын көрмеген екен. Мектеп директоры Гиуаз Әлмағамбетовтің айтуынша, бюджеттен 120 миллион теңге бөлініп, екі жылдан бері жөндеу жүріп жатыр. Білім ұясының іші заңғырап-ақ тұр. Ол қыркүйекте 400-ден аса шәкіртін күтіп алады. Облыс орталығынан шалғай аудандағы мектеп қаладағы осындай білім ошақтарымен иық тіреседі. Мектеп уақыт талабына жауап беретін заманауи білім жабдықтарымен жабдықталған. Компьютер, интернет бар. Ауыл баласы қалалық құрбыларымен қатар өркениеттің жемістерінен тыс қалып отырған жоқ.
Алыстағы ауылдардың жағдайын айтқанда алдымен ауызға ілінері – ауыз су мәселесі. Аудандағы құдығы ашып кететін Құмкешу ауылына 75 миллион теңге бөлініп, су құбыры тартылуда. Күзге салым ауылдастар таза суға кенелмек. Әкім орынбасарының айтуына қарағанда, республикалық ауыз су бағдарламасына ауданнан үш елді мекен кіріпті. Ал шөптің бағасы жылдағыдан анағұрлым арзанға түспек көрінеді. Биыл Амангелді ауданына да жаңбыр жақсы жауды. Даланың шөбі тіреліп тұр. Малы күйлі.
Торғай өңірінің басты байлығының бірі оның тарихи мұрасында дер едік. Мұнда еліміздің тәуелсіздік тарихы жатыр дала төсіне жазылып. Күншілік жер жүріп жететін Жыланшық өзені бойындағы әулиелер мен батырларға қойылған қызыл тамдар (Торғай өңірінде қызыл кірпіштен салынған кесенелерді осылай атайды), белгілер, жазулы тастар соның айғағы. Бұл қостанайлық археологтарды да ерекше қызықтыратын өңір. Мамонттың, алып адамның сүйегінің, қола дәуірі жәдігерлерінің табылуы жердің тарихын тым алыстарға шығандатады. Соңғы жылдары осы аудандағы Үш тоғай қыраттарының басынан табылған «Торғай шаршысы» да ғалымдар мен археологтарды таңқалдырып отыр. Батпаққара мен Торғай өңірінің тағы бір ерекшелігі, мұнда адамдар тарихқа ерекше құрметпен қарайды. Әсіресе, аға ұрпақта екінің бірі шежірешіл, құймақұлақ. «Ауылым – алтын бесігім» жобасының сарапшысы болып қасымызға ерген оюшы, қолөнерші Шөптібай Байділдин сол шежіре қарттардың қолына су құйған адам. Өзі туған жердің әр төбешігі, әр талы туралы ұзақ-сонар әңгіме айтып беруге даяр. Амангелді батыр туының түсі музейде тұрғандай қызыл емес, көкшулан болғанын, ол тудың негізі Қайып хан ұрпақтарынан келгенін бір дастан етіп әңгімелейді. Ол мұнымен тоқтамапты, куәлардың айтуымен өзі сол тудың суретін салып шығыпты. Ал әлі күнге дейін насихаты да жетіспей, тиісті бағасын да ала алмай отырған трагедиялық тұлға – Кейкі батырмен бірге жүргендей әңгіме айтады. Баспасөз турына қатысушылар жергілікті тұрғындармен кездескенде Шөкең Торғайдың ауыздан ауызға тарап жүретін осындай тарихын шертіп қана қоймай, дала жәдігерлерінің сақталуы, оларды жас ұрпаққа жеткізу мәселелерін көтеріп отырды. Ал орысшаға жүйрік Қуаныш Орманов жобаға қатысушы өзге ұлт өкілдеріне Торғай ғана емес, жалпы Тұран даласы, қола дәуірінің осы даладан бастау алғаны, әлемдегі бірінші қала Арқайымдағы Күн қаласының қазақ даласына да қатысы барлығы, алғашқы жылқыны адамзат осы далада үйреткені туралы терең ғылыми ақпараттар беріп отырды.
Амангелді ауданына келген адам кент шетіндегі Сатыбалды ишан кесенесіне соқпай, тәу етпей кетпейді. Бұхарадан діни білім алған Сатыбалды ишан халықты дінге ұйытып ғана қойған жоқ, білімді насихаттады, оларды отырықшылыққа, бау-бақша егуге үйретті. 1889 жылы Сатыбалды ишан өмірден озғанда баласы Мырза ишан әкесінің басына Бұхарадан ұста шақыртып, кірпішін тасытып, осы кесенені садырады. Дін құқай болып көрінген Кеңес дәуірінде осы кесенені бұзамыз деген екі белсенді пақырдың бірі тамның үстінен құлап өледі де, екіншісі жүйке ауруына ұшырап қор болғанын көзкөргендер жыр етіп айтады екен. Сатыбалды ишан жатқан қорымға аштық жылдары аштан өлген адамдарды да тасып жерлеген. Ишан балаларының арасында ақын Файзолла ишанның есімі елге етене таныс. Файзолланың қорымға кіре берістегі тасқа қашап жазылған: «Құлаған бәйтеректей қиян құздан, қош, елім, кетіп барам араңыздан, тілегім үш қайтара сұрайтұғын, ескеріп тастамаңыз дұғаңыздан», деген бір ауыз сөзінен-ақ ишан балаларының да қуғын-сүргінді көруіндей көргенін аңғаруға болады және оның кейінгіге өнегелік күші де тәнті етеді.
Амангелді ауданы орталығындағы Амангелді музейі, батырлар аллеясы да бүгінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге қызмет етеді. Бұл аймақта қарға адым жер жүрсең тереңдей беретін тарих. Құмкешу ауылының сыртында 22 әулие тыныстап жатыр. Олардың әрқайсысы халқы үшін қызмет еткен үлкен тұлға. Амангелді отряды мен ақтардың қиян-кескі ұрысы болған атақты Құмкешу шайқасы да осы арада өткен. Осының барлығын да өсіп келе жатқан жас ұрпақ білуі керек. Білмесе, көрмесе олардың жүрегіне отандық сезімнің, патриотизмнің дәнін қалай екпекпіз? Осы ойды мақсат тұтқан «Ауылым – алтын бесігім» баспасөз турына қатысушылар мінген екі шағын автобус Амангелді кентінен Торғайға – Жангелдин ауданына беттеді.
Музейлер елі
Жангелдин – облыс орталығынан ең шалғайда жатқан аудан. Торғай кентінен ауылдар 120 шақырымдай алыста жатыр. Қысы боранды, жазы ыстық, шөл, жолы алыс. Бұл өңірге Жер шарын шимайлап жатқан темір жол түскен емес, заманауи тас жолдың өзі Арқалық қаласымен енді қосылғалы жатыр. Торғай өзенінің салалары тасыған жылдары малға шөп, адамдарға ауыз су мол болып, жан жадырап қалады. Қатарынан бірнеше жыл өзенге су түспей, табиғат тістің суын жұтқандай сараңдық көрсететін кездер аз емес. Қазір құрттаған су ішіп отырған Қызбел жұрты соның мысалы. Биыл Торғайда су аздап қана тасыды. Қанағатшыл ауылдастар барға қанағат етіп отыр. Ауыз су бағдарламасы республикада жаңарып жатқан жайы бар. Содан Торғай өңірінің елді мекендері де сыбағалы бола ма деген үміт жоқ емес. Жасыратын несі бар, мұнда индустриялық-инновациялық жобалар қарқынды жүзеге асып жатыр десек жұртқа өтірікші боламыз. Ауылдағы ағайын тағдыр сыйлаған, бабаларымыз қанымен қорғаған шетсіз-шексіз далада өзінің қорадағы малымен күн көріп отыр. Солай болса да көштен қалып жатқан торғайлықтар тағы жоқ. Аудан орталығындағы музыка мектебі, балуан Таңатқан атындағы стадион, барлық ауылдардағы спорт залдарының жұмыс істеуі, спорттың бірнеше түрінен жангелдиндіктердің облыс, республика көлемінде аты шыға бастауы әлеуметтік жағдайдың жақсарғанынан хабар берсе керек. Жангелдин ауданы жусанды даланың өзіндей таза. Облыс аудандары арасында Жангелдинде ғана есірткіге еліккендер, Жер шарын сескендіретін СПИД, ВИЧ індеті тіркелмеген. Торғайда рухы мықтылар тұрады, өйткені Торғайдың топырағы, тарихы, жері де, елі де қасиетті. Оған аудандағы музейлер де куә.
Расында, адамға рухани азық беретін мәйектің бірі – музей. Жангелдин ауданы орталығында қазір Шақшақ Жәнібек, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов, Әліби Жангелдин және Нұрхан Ахметбеков музейлері жұмыс істеп тұр. Ғылыми қызметкер Гүлбану Сәрсекеева музейді кезегімен аралатып жүріп, тарихымызды қолмен қойғандай әңгімелейді. Қазақ даласы тарихының бірінен бірі қызық, бірінен бірі танымды. Даланың самалындай көкірек көзің ашылып жүре береді.
– Бір аудан орталығында бес музей ұстап отырған еліміз бойынша тек Жанкелдин ауданы шығар, – деп тамсанады мұнда келгеннің барлығы. Осындай әсерлі лебіз осы жолы да айтылды.
– Жан басына шаққанда дүние жүзіндегі ең музейі көп елді мекен Торғай кенті болуы керек, – деп Шөптібай ағамыз айды аспанға бір-ақ шығарды. Торғай кентінде бүгінде 8 мыңға жақын адам тұрады. Ал музейдің саны бесеу. Оның сыртында осында қазақ музыкасының бір шыңы Бақытжан Байқадамов туған, оның әкесі, Алаш ардақтыларының бірі Байқадам Қаралдин тұрғызған үйді ақсақалдар бұзғызбай сақтап отырғанынан, тіпті сол үйді қалпына келтіріп, композиторлар музейін ашу туралы ұсыныс жасалғанынан да хабардар едік. Егер ол жүзеге аса қалса музейдің саны алтау болмақ. Торғай кентіндегі музейлерді ретімен аралап шыққан жан халқымыз тәуелсіздігі тарихына кенелеріне сөз жоқ.
Ахмет туған үй
Аудан орталығынан Ахмет Байтұрсыновтың кіндік қаны тамған Ақкөлге жеткенше жеңіл машинамен үш сағаттай жүру керек. Паналарға бұта жоқ, аспан айналып жерге түсердей ыстықта сары дала дөңгелене айналып, артта қалып жатыр. Ахмет ауылына жетсек деген ынтызарлық жолдың ұзақтығын ұмыттырып жібергендей. Ұлт ұстазы Ахмет атамыздың осы жерде кіндігі кесіліпті. Осындай табиғаты қытымыр жерде ұлы адамдардың дүниеге келуі өмірдің ашылмаған заңдылығы болар, сірә… Ақкөл мен Қарасу ауылының ортасында Шошақ әулетінің, Байтұрсын мен Қали жерленген қорымдар бар. Бүгінде жартылай дуалдары ғана қалған кесенені 1926 жылы Ахаң келіп тұрғызып, ағасы Қалиға ас беріп кеткен дейді көнекөздер. Қазақ даласына қара боран, дауылдың келе жатқанын әулиедей болжаған Ахметтің ағайындарына «мына мал ертең өздеріңді бүйі болып шағады» деп малды азайтуды ескерткені және бір сәтте «бұл асты менің де асым деп біліңдер» дейтіні осы сапарында болса керек. Сол қорымнан қозы көш жерде Ахмет туған, бала кезінде тұрған үйдің орны жататын.
Осыдан төрт жыл бұрын Ахаңның немересі Айман Байтұрсынова атасының ауылы Ақкөлге келіп қайтты. Ауылдастары апасын бабасы Байтұрсынның, Қалидың басына апарып құран бағыштатты, қайтар жолда әлгі үйдің орнын көрсетті.
– Айман апай үйдің орнына сәл қарап тұрды да, теріс бұрылып кетті. Байқасам, жылап тұр екен. Ол кісі кетерінде қоштасып тұрып, «қарағым, байыңдаршы!» деді. «Қазақшасы аса анық емес Айман апам неге олай деді екен? Ауылдың әлі жүдеулігі жүрегін ауыртты ма әлде?» деп ойлап жүрдім, – дейді ақкөлдік, Ахмет Байтұрсынов ұрпақтарының бірі Балғабек Қалиев. Ал алдыңғы жылы Арқалық қаласындағы «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Цвентух осы «Ауылым – алтын бесігім» жобасын жасағанда жасөспірімдердің бойында азаматтық белсенділік, патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді тәрбиелеуді мақсат етіп қойды. Жер-судың, елді мекеннің атын қалпына келтіру туралы сөз болса шу ете қалатын, оқырмандар қызығып оқитын танымдық материалдардың барлығын да Ресей туралы ғана беретін жергілікті орыс тілді газеттердің басы-қасында отырған орыс ағайындардың ісіне нала боп жүргенде туған жердің тарихын, табиғатын насихаттамай балалар мен жасөспірімдердің бойына қазақстандық патриотизмді сіңіре алмаймыз деген ұстанымды ұстанатын Елена Цвентухтың маңдайына тәу еткің келеді. Ол былтыр жоба бойынша жанына жастарды ертіп, Торғай даласын аралағанда Ахаң ауылына да келген. Ақкөлдіктермен кездескенде: «Ахмет Байтұрсыновтай ұлы адамның кіндік қаны тамған үйдің орнын көріп жүрегім ауырды. Бұлай жата берсе бір күні оның орнын да таппай қалмасымызға кім кепіл? Ал оны қалпына келтіріп қойса, жас ұрпақ үшін оның танымдық маңызы қандай болар еді!» деген болатын. «Сөз сүйектен өтеді» деген осы екен, Елена Семеновнаның сөзі ауылдағы ер азаматтардың намысын қайрап жіберді. Бұл ақкөлдіктердің, жалпы қазақтың өзіне өзі айтар сөзі еді ғой. «Әй, қап!» Балғабек бастаған жастар дереу іске кірісіп, екі айдың ішінде Ахмет атасының балалық шағы өткен үйді қайта тұрғызып қойды. Асарға ауылдың үлкенінен бала-шағаға дейін атсалысты.
Информация о работе Ақылбек Шаяхмет. Тарихи атаулар қайта оралуы керек