Бағаның құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2014 в 19:15, лекция

Краткое описание

1. Баға құралуының теориялық аспектілері.
2. Баға түсінігі және мағынасы.
3. Нарықтық экономикады бағаның құралуы факторлары.
4. Бағаның жіктелуі (класификациясы)
5. Баға құралу үрдісіндегі мақсаттар.

Вложенные файлы: 1 файл

Бағаның құрылысы.doc

— 88.00 Кб (Скачать файл)

Г. Уақыт әсерлерін есепке алу бойынша:

  • Тұрақты
  • Маусымдық
  • Баспалдақты.

Д. Баға деңгейі туралы мәліметтерді алу әдісі бойынша:

    • Анықтамалық
    • Прейскуранттық
    • Есеп айырысу бағасы

Е. Нарық түрлеріне байланысты:

    • Аукциондық
    • Биржалық котировка –биржа арқылы сатылатын стандартталған бір түрлі ұқсас тауарлардың бағалары
    • Сауда бағасы – мамандандырылған сауда бағасының негізгі бір түрі. Бағаның бұл түрі тауарларды жеткізуге тапсырыстар беруге негізделеді.

Ж. Фирма ішінде қолданылатын баға түрлері:

    • Трансферттік баға- бір фирма бөлімшелерінің арасында немесе бір ассоциацияға кіретін әр түрлі фирмалар арасында өнімдерді сатып-өткізу кезінде қолданылатын баға.

З. Жеткізіп беру және сату жайлаы бойынша:

    • Баға нетто –сатып алу-сату орнындағы баға.
    • Баға брутто – сатып алу – сату жайларын есепке ала отырып анықталады. (Франко) – бұл термин, тауарлардың қозғалыс кезінде сатушыдан сатыпалушыға дейін қайсы пункт аралығында бағаға транспорттық шығындардың енгендігін көрсетеді.

Баға құралу үрдісі өте күрделі және бірнеше бөлімнен құралады. Осыған сәйкес ол мақсатты таңдап алудан басталады. Кез келген фирмалар үшін негізгі мақсаттар төмендегідей:

  • Сатып өткізуді қамтамасыз ету;
  • Пайданы максималдау;
  • Нарықты ұстап тұру.

Бірінші мақсат – нарықта ұқсас тауар өндірушілер көп жағдайда, қатаң бәсекелестікте іс-жүзіне асырылады. Бұл мынадай жағдайларда қажет;

  • Тұтынушылардың бағалық сұранымы икемді;
  • Фирма, бір тауарға шығындарды төмендету жолымен,

Пайданың жалпы көлемін жоғарлату және сату көлемін максималдауға бағыт алуға талпынуы;

    • Тұтынушылар нарығының кең көлемде болуы.

Бұл мақсатқа жету үшін, яғни сатуды қамтамасыз ету –ену бағасы арқылы жүргізіледі.

Екінші мақсатқа  - оның бірнеше вариантары бар:

  • Фирманың бірнеше жылғы бірқалыпты жоғарғы деңгейлі пайдаға жетуіне талпынуы (сол кезеңде фирманың нарықтағы деңгейі бірқалыпты жоғары, дегенмен де өзіне сенімсіз фирманың ыңғайлы жайларды пайдалануға бағыт алуы)
  • Пайданың орташа нормасы негізінде бірқалыпты түсімді бекіту. Бұл, өз өнімдеріне ұзақ уақыттық бірқалыпты және өзгеріске ұшырамайтын сұранымы бар, өндірісі қалыптастырылған алдыңғы қатарлы фирмалар үшін қолданылады.
  • Күрделі жұмсалымның өсуіне байланысты бағаның өсуі, яғни, жаңашылдық енгізу сипатында болуы мүмкін. Бұл жоғары немесе өсіп келе жатқан сұранымға ие өнімдер өндірісін кеңейтуді іс-жүзіне саырушы фирмаларға тән.

Баға, бәсекелестік жағдайында ғана жоғары іс-әрекетке ие бола алады.  Бәсекелестіктің жоғарғы деңгейде болуы бірде-бір кәсіпорынның баға құралуы үрдісін өз қолында ұстауына мүмкіндік бермейді, бағаны нарық анықтайды, яғни сұраным мен ұсыныс әсерлерінен баға деңгейі анықталады. Бәсекелестік, өндірушілерге тауардың , өнімнің өзіндік құнын бақылап отыруды талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

 

  1. Бегалиев, Дидар.     Баға, қайда барасың?: [Нарық пен

                     халық]// Нұр Астана.- 2005.- 30 маусым-7 шілде.- 1 б.

 

  1. Қасен, С.Д., Әсіл, Б.Ґ.     Бағалар және баға ќұралуы

                     [Мәтін]: Оќу құралы / ЌР білім және ғылым м-трлігі  С.

                     Сейфуллин атын. Қазқќ аграрлыќ ун-ті.- Астана: [Б.ж.],

                     2002.- 143 б.

 

  1. Міржақыпова, Седеп Тоќтамұратқызы.     Банктегі

                     бухгалтерлік есеп [Мәтін]: оќулық.- Алматы: Экономика,

                     2004.- 710 б.

 

  1. Молдағалиева, Р. Ш.     Бағалауыштық етістіктердің

                     коннотациялыќ сипаты /гендерлік көзқарас/ [Мәтін]: [Тіл

                     мен әдебиетті оќыту әдістемесі.Методика преподавания

                     языка]// ЌазГУ-нің хабаршысы. Филология сериясы.Вестник

                     КазНУ. серия Филологическая.- 2005.- № 7.- 191-195 б.

                     Сатыбалдыұлы, Сейтжан.     Маркетинг - нарықтану

                     Мәтін]: оқу құралы.- Алматы: Білім, 2002.- 288 б.:

                     суретті

 

  1. Табиғи монополиялар туралы [Мәтін]: Қазақстан

                     Республикасының Заңы.- Алматы: Юрист, 2002.- 11 б.

 

  1. Тілемісов С.     Баға-басты көрсеткіш.- Алматы:

                     Қазақстан, 1989.- 64бет

 

  1. Шаекина, Жанаит Михаилқызы ж.б.     Маркетинг негіздері

                    [Мәтін] / Шаекина, Жанаит Михаилқызы, Нәбиева, Ербоз

                     Нәбиұлы, Базарова, Сәулегүл Құрманбайқызы.- Астана:

                     Парасат әлемі, 2003.- 244 б.

 

  1. Шайынғазы, Сейфолла.     Коммуналдыќ ќызмет құнымен

                     ќоса нан бағасы да өседі [Мәтін]: [Мәселенің мәнісі]//

                     Егемен Қазақстан.- 2006.- 17 ақпан.- 6 б.

 

  1. Шамгонов, А. Ш.     Негізгі құралдар және материалдық

                     Бўйымдардың себі [Мәтін] оқу құралы.- Орал: [Б.ж.],

                     1997.- 56 б.

 


 



Информация о работе Бағаның құрылысы