Батыс Қазақстан экономикалық ауданы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 18:20, реферат

Краткое описание

Батыс Қазақстан - республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа(24% жуық) және минералды тыңайтқыш (35%) өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданының жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%.
Батыс Қазақстанның әрбір облысы өзіне тән маманданған. Мұнай және газ өндіру ауданның барлық облысында жүргізіледі. Олардың арасында мұнайды көп өндіретіні Атырау облысы (республикалық өнімнің 30%), ал газды Атырау (49%) және Батыс Қазақстан (25%) облыстары .

Вложенные файлы: 1 файл

Батыс Казахстан.docx

— 48.17 Кб (Скачать файл)

 

Үдемелі индустриалды дамудың  аймақтағы көрінісі

2014 жылдарға арналған үдемелі  индустриалды-инновациялық даму  бағдарламасы аясында Ақтөбе  облысының атқарған қызметі қыруар. 786 мыңдай халық тұратын аймақта 700 ірі және орта деңгейдегі кәсіпорын жұмысын жандандырған. Индустрияландырукартасы бойынша құны 632,8 млрд теңгені құрайтын 73 жоба іске асырылуда. Бұл өңірде 10 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Мәселен, 2010 жылыашылған «Ақтөбе мыс» ЖШС 60 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мыс рудаларын өңдейтін мекеме жоғары технологиямен жабдықталған. Сондай-ақ мал сою комбинаты мен өңір тұрғындарын көкөніспен қамтып отырған жылыжайларын атап өткен жөн. 
Ақтөбе-индустриясы дамыған өлке. Болашақ жоспарларын да ауыз толтырып айтуға болады. 2015 жылға дейін 2 және 3-кезектегі «3-Жаңажол» газ өңдеу зауытының құрылысын бастау жоспарланды. Күрделі минералды тыңайтқыш өндіретін комбинат, алтын қоспасы бар рудаларды өңдеу фабрикасы салынады. Теміржол мен төсеніштер шығаратын және қуаттылығы күніне 600 тонна болатын әйнек зауытының құрылысы басталды. 2015 жылға дейін Ақтөбеде 80 жоба жүзеге асатын болады. 
Ал Атырау облысы индустриалды-инновациялық даму бағыты бойынша атқарған жұмысы аз емес. Атап айтқанда, Атыраудағы макарон фабрикасы, Индер 
ауданындағы ас тұзын өндіретін зауыт (2 млрд тонна тұз қоры бар көлден зауыт жылына 50 мың тонна тұз өндіреді) және құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын 
зауыт. Бұл зауыт 2010 жылы іске қосылды. Құрылыс тауарларының 10 түрін шығарады. Ал Құлсарыда 80 адамды жұмыспен қамтыған қазан зауыты жұмыс істеуде. 
Мекеме мұнай компанияларына өз өнімдерін жеткізуде. Жылыой ауданындағы құс фабрикасының тәулігіне 150 мың жұмыртқа өндіретін қуаты бар. Сонымен қатар, 
Атырау облысындағы «ҚазТурбоРемонт» зауыты газ турбиналық құрылғыларға жөндеу жасап, қызмет көрсетеді және 157 адамға жұмыс тауып беріп отыр. 
Өңірде Индустрияландыру картасы аясында 2010-2012 жылдары жалпы құны 58 млрд теңгенің 21 инвестициялық жобасы іске асты. 1900 жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда 26 жоба іске асырылуда. Оның құны 1 трлн. 400 млрд теңге. Еліміздегі «Фармация» компаниясы бір реттік шп- 
риц үшін бөтенге алақан жаймайтын болды. Барлық медициналық мекемелер шприцті үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Атырау облысында ашылған «Брандо» зауытынан алуға қол жеткізді. Мұнайлы өлке - Маңғыстауға келер болсақ, өңірдің индустриалды-инновациялық дамуы қарқынды. Осы кезге дейін аймақтық индустриаландыру картасы бойынша облыста 229,4 млрд теңгені құрайтын және жаңадан 10,4 мың жаңа жұмыс орны ашылатын 31 жо- 
ба іске қосылды. Ал республикалық индустрияландыру картасына жалпы құны 394,1 млрд теңге болатын және 20 мыңнан жұмыс орны ашылатын 3 жоба енгізіл- 
ді. 
Дәлірек айтқанда, Маңғыстауда 2010 жылы 8 нысан, 2011 жылы 9 нысан іске қосылды. 2012 жылы Маңғыстау облысында Индустрияландыру картасы бойынша сметалық құны 11 млрд. теңге болатын 6 жаңа кәсіпорын іске қосылды. 1162 жаңа жұмыс орны ашылды. Өткен жылы аймақта «Эко - су тазарту» ЖШС мұнай қалдықтарын қайта өңдейтін «Шырын» зауыты іске қосылған. Сүт өнімдерін шығаратын «Гурман» ЖШС өндірісі қуаттылығын арттырды. Іске асқан тағы 
бір жоба-аммиак, азот қышқылы, аммиак селитрасын шығаратын «ҚазАзот» ЖШС өндірісі жаңартылды. 
АСКИ-Маңғыстау» ЖШС мұнай мен мұнай өнімдерін сақтайтын терминал салып, су мен газ құбырларын шығаратын «АрланGroup-Aktau» ЖШС зауыты ашылды. Сонымен қатар, жақын күндері «Осетр - Аралды» тауарлы бекіре фермасын құру жұмыстары аяқталған. 
2013 жылы 3 жоба жүзеге асады, оның құны 111, 4 млрд теңге. Жобалар іске асқанда, 3862 жаңа жұмыс орны ашылады. Олар: Шетпедегі цемент зауыты, Ақ- 
таудағы сұйық дәрілер шығаратын фармацевтикалық кешен, жол битумын шығаратын зауыт. Сондай-ақ телекөпірде маңғыстаулықтар орта қуатты электр өнімдерін жинақтап шығарумен айналысатын «Риг» ЖШС жұмысымен таныстырды. Мекеме электр құрылғыларын жасайды және энерготехника- 
лық өнімдерді тасымалдайды. Бұл облыста, жалпы батыс өңірде баламасы жоқ мекеме. Онда 180 маман жұмыс істейді. 
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында Батыс Қазақстан облысының соңғы үш жылдағы дамуы негізгі көрсеткіштердің қарқыны өсіп отыр. Өнеркәсіп өндірісі соңғы үш жылда 1,6 есеге өсті. Өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемінің 3 пайызға артуы қамтамасыз етілді. Индустрияландыру картасы аясын- 
да облыста 1700 жұмыс орнын ашу арқылы 256 млрд. теңгеге 33 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл 1700 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 
Облыстағы ірі кәсіпорын «Агрореммаш» АҚ өртке қарсы құралдар өндірісі мен коммуналдық техникалар шығарады. Мұнда металл конструкциясының бетіне 
қорғаныш жағу өндірісі де іске қосылған. Жылына 8,5 мың тонна металды мырыштайтын цех үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында ашылды. Жоба құны 240 млн. теңгені құрады. Мырыштау цехында 55 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 
Қазіргі таңда Оралда «Қарашығанақ» газ құбыр құрылысы Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылды. Облысты 500 млн. текше метр өндіріп, қамтамасыз етіп отыр. Соның арқасында, өңірдегі тұрғындардың 80 пайызы газға мұқтаж емес. Батыс Қазақстан облысы бұдан бөлек көгілдір отынның көмегімен электр қуатын, өндіретін газ турбиналық электро-стансасымен және тәтті тағамдар, макарон өнімдеріншығаратын зауытпен мақтана алады.

      Міне, еліміздің батысындағы облыстардың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті осындай. Қазақстанның қазынасын байытып, экономикасын дамытуда Маңғыстау, 
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының үлесі зор.

 

 

 

 


Информация о работе Батыс Қазақстан экономикалық ауданы