Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2015 в 12:15, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» заңына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң серiктестiк атауын, сондай- ақ «жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк» деген сөздердi немесе «ЖШС» деген аббревиатураны қамтуға тиiс фирмалық атауы болады.

Вложенные файлы: 1 файл

ЖШС.doc

— 51.76 Кб (Скачать файл)

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сипаттамасы

 

Қазақстан Республикасының «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» заңына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң серiктестiк атауын, сондай- ақ «жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк» деген сөздердi немесе «ЖШС» деген аббревиатураны қамтуға тиiс фирмалық атауы болады.

 

Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң фирмалық атауында тиiсiнше «қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк» деген сөздер немесе «ҚЖС» деген аббревиатура болуға тиiс.

 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң орналасқан жерi деп оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi танылады.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзi орналасқан жерден тыс жерлерде филиалдар құрып, өкiлдiктер ашуға құқылы.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серiктестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзумен аяқталады.

 

Құрылтай шарты

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтай шарты:

 

• жазбаша нысанда,

• әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң шартқа қол қоюы арқылы жасалады.

• құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиiс.

 

Құрылтайшылар қатарына кiретiн заңды тұлғаларды олардың тиiстi заңды тұлға атынан сенiмхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкiн. Шартқа қол қоюдан бас тарту серiктестiкке кiруден бас тартуды бiлдiредi. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берiлмейдi. Серiктестiктiң жекелеген қатысушылары мәртебесiнiң ерекшелiктерi барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтiнiнде көрсетiлуге тиiс. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиiс

 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысы

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысы серiктестiктiң заңды тұлға ретiндегi құқықтық мәртебесiн белгiлейтiн құжат болып табылады.

 

Серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде оның жарғысы құрылтай құжаты ретiнде қаралады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысында:

 

• серiктестiктiң фирмалық атауы, орналасқан жерi мен мекен-жайы;

• серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;

• серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi туралы мәлiметтер;

• серiктестiк органдарын құру тәртiбi мен олардың құзыретi;

• серiктестiктi қайта ұйымдастыру және оның қызметiн тоқтату ережелерi;

• серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi;

• серiктестiкке қатысушыларға және үлестердi сатып алушыларға серiктестiктiң қызметi туралы ақпаратты ұсыну тәртiбi және мерзiмi;

• серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi болуға тиiс.

 

Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа ережелер де болуы мүмкiн.

 

Серiктестiктiң жарғысында оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.

 

Серiктестiктiң нотариат куәландырған жарғысында даналары, сондай-ақ оның кейiнгi өзгерiстерi туралы барлық құжаттар серiктестiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органда сақталады.

 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталы

 

Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшерi құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар табыс етiлген күнгi айлық жүз есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне бара-бар сомадан кем болмауы керек. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (әрі қарай — ЖШС) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының бір түрі болып табылады. Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс:

1) серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері;

2) серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі;

3) серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау;

4) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;

5) серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары;

6) құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;

7) серіктестік жарғысын бекіту;

8) серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның қызметінің мәні мен мақсаты көзделуі мүмкін.

Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді, мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді.

Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады, жазбаша нысанда жасалады және нотариалды куәландырылады.

Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды.

Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде көрсетілуге тиіс.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады және нотариалды куәландыруға жатады.

Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:

1) серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;

2) серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;

3) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;

4) серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті;

5) серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері;

6) серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi;

7) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі;

8) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс.

Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тәртібі де белгіленеді.

Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін.

Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:

1) құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтінішті;

2) серіктестіктің 3 данадағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жарғысын;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын құжатты;

4) тұрған орнын растайтын құжат – орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін);

5) құрылтайшылар мен басшының жеке басын кәландыратын құжат пен салық төлеуші куәлігінің көшірмелерін табыс етуге тиіс.

Серіктестік құрылтайшылары өз қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде жарғыны табыс ету талап етілмейді. Алайда Үлгі жарғының негізінде тіркеу туралы өтініште:

1) серіктестіктің атауы мен оның орналасқан жері;

2) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;

3) серіктестікке қатысушылардың атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген тізбесі;

4) серіктестіктің өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратыны туралы нұсқама көрсетілуге тиіс.

Өтінішке барлық құрылтайшылар қол қоюға тиіс, олардың қойған қолдарының түпнұсқа екені нотариат арқылы куәландырылуы керек.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:

серіктестікті тіркеу туралы құрылтайшы өкілет берген тұлғамен қол қойылған өтініш;

3 данадағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі серіктестік жарғысы;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін төленетін алымды төлегенін растайтын құжат;

тұрған орнын растайтын құжат – орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін;

құрылтайшылардың және басшының жеке басын куәландыратын құжат пен салық төлеуші куәлігінің көшірмелері.

Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан

Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгіленген тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келмеуi, табыстау актiсiн немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы, сондай-ақ егер iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға құрылтайшы болып табылса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) қылмыс жасағаны үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216, 217-баптары бойынша сотталса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылса, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады.

Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан кем болмауы керек. 2008 жылға 1 ЕАК 1168 теңгеге теңгеге сәйкес келсе, серіктестіктің ең төменгі жарғылық капиталы 116 800 теңгені құрайды.

Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Мұндай мерзім серіктестікті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде жарғылық капитал және оның өз капиталымен арақатынасы тексерілмейді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру:

1) кез келген қатысушының талап етуі бойынша тәуелсіз сарапшымен жүргізілуі мүмкін. Сараптамаға мүдделі қатысушы ақы төлейді;

2) сот шешімі бойынша;

3) әрбір қаржы жылының қорытындылары бойынша — қаржы есептері бойынша жүргізілуі мүмкін.

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұғымы

 

1. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін.

Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі.

2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

4. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.

 

 Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

 

1. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

Информация о работе Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сипаттамасы