Желдету жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 22:52, реферат

Краткое описание

Елімізде ғимараттармен азаматтық тұрғын үйлерді жылытуда көптеген шығындар шығуда, осы шығындарды үнемдеуде бөлмелерді жылыту және желдету жүйесі жағынан көп теген ғалымдар ізденіс үстінде.
Жылыту деп бөлмелерді жасанды түрде жылыту құбырлары жылу тасымалдағыштар арқылы жылытып бөлме температурасын бір қалыпты ұстап тұру.

Содержание

Кіріспе
1. Жылыту жүйесі
1.1. жылыту жүйесінің сипаттамасы
1.2. жылыту жүйесінің түрлері(классификациясы)
1.3. жылыту жүйесінің элементтері
1.4. Жылыту жүйесінің жобалық негізі
1.5. Жөндеу жұмыстарын басқару
2 Желдету жүйесі
2.1 Желдеткіш
2.2Желдету
2.3Желдету түрлері
2.4Өнеркәсіпті желдету
2.5Желдету мен жылытуға қойылатын талаптар

Вложенные файлы: 1 файл

жылыту және желдету жүйесі.doc

— 1.85 Мб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе

1. Жылыту жүйесі

1.1.  жылыту жүйесінің сипаттамасы

1.2. жылыту жүйесінің түрлері(классификациясы)

1.3. жылыту жүйесінің элементтері

1.4. Жылыту жүйесінің жобалық  негізі

1.5. Жөндеу жұмыстарын басқару 

2 Желдету жүйесі

2.1 Желдеткіш

2.2Желдету

2.3Желдету түрлері

2.4Өнеркәсіпті желдету

2.5Желдету мен жылытуға қойылатын  талаптар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПӘН МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

Елімізде ғимараттармен азаматтық тұрғын үйлерді жылытуда көптеген шығындар шығуда, осы шығындарды үнемдеуде бөлмелерді жылыту және желдету жүйесі жағынан көп теген ғалымдар ізденіс үстінде.

Жылыту  деп бөлмелерді жасанды түрде жылыту құбырлары жылу тасымалдағыштар арқылы жылытып бөлме температурасын бір қалыпты ұстап тұру.

 Мекемелерде адамдарға қолайлы жағдай туғызу мақсатында санитарлық – гигиеналық талаптарға сай жылыту және желдету жүйесін орнатылады. Кәсіп орындармен мекемелерде жылыту және желдету жүйелері арқылы бөлмелерде ішкі температураны ( бөлме ылғалдылығын, тазалығын) технологиялық және гигиеналық талаптарға сай сақтайды. Жылыту және желдету құрылымдарында жылыту қондырғысы маңызды. Бөлмелерде негізінен жылы режимді температураны қалыптастыруда жылыту қондырғылары қызмет атқарады. Жылыту және желдету жүйесі қондырғылары дамып жаңалануда. Көптеген жылдар бойы бөлмелерді жылытуда от жалындары қолданылып келді, кейін печтік жылыту жүйесі пайда болды. Қала құрылысына арналған орталық жылыту жүйесі өткен ғасырдың соңғы жылдарында дамып, қолданыла бастады.

Жылыту және желдету жүйесі пәндеріне физика, жалпы жылутехникасы және гидравлика. Осы пәндерді меңгеру арқылы жылыту және желдету жүйесі пәнін терең меңгеруге септігін тигізеді.

Соңғы уақытта жылыту қондырғылары кең ауқымды қолданыс табуда. Осыған сәйкес алға қойылған негізігі мақсаттар – жылыту жүйесінің шешімі және негізгі жұмыс жасау тәсілі, өз бетінше құрылғыларды меңгеруге бағыттау, басқа жүйелерді есептеу әдістері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІ

 

    1. Жылыту жүйесінің сипаттамасы

Бөлмені жылыту конвективті және лучистік болуы мүмкін. Конвективті жылытуға ауа температурасы радиациондық температурасына қарағанда жоғары деңгейде болатын жылу жатады, мұндай жылыту түрі кең тараған.

Лучистік жылыту деп радиациондық температура, бөлменің ауалық температурасынан жоғары болатын жылу. Конвективтік жылытумен салыстырғанда лучистік жылыту адамға қолайлы бөлме температурасын қалыптастырады. (мысалы: бөлмеде 20 – 22 град орнына 18 – 20 град)

Бөлмені конвективті және лучистік жылыту, арнайы орнатылған құрылғы арқылы жүзеге асады  ол жылыту жүйесі деп аталады.  Жылыту жүйесі – бұл бөлмені жылытуға қажетті жылудың, жылыту құрлғылары арқылы беру құрылымы.

Жылыту жүйесінің негізгі құрылымы

    1. жылу көзі( орталықтандырылған жылу алмасу) жылу алуға арналған элемент
    2. жылу құбырлары – жылыту құрылғыларын  жылу көзінен жылуды тасымалдау
    3. жылыту құрылғылары  - бөлмеге жылуды беру элементі.

     Жылу құбырлары арқылы жылу сұйық немесе газды түрде тасымалданады,(сұйық түрде су, және басқада сұйықтықтар, ал газтүзушілерге бу, ауа, газдар) жылыту жүйесіне берілу жылу тасымалдағыштар деп аталады.

    Жылыту жүйесіне қойылатын талаптар келесідей: санитарлық – гигиеналық, технико – экономикалық, жөндеу және сәулеттік құрылыс.

Санитарлық – гигиеналық талап бөлмелерде адамдарға қолайлы микроклиматтық және метеорологиялық жағдай жасау.

Технико – экономикалық талап жылыту жүйесінде тиімді шешім қабылдау.

Сәулеттік құрылыс талаптары жылыту жүйесінің бөлмелердің сәулеттік құрылымдарын және ғимаратты жөндеу жылына дейін құрылыс құрылымдарын сақтау.

Жөндеу талаптары жылыту жүйесін тиімді басқаруға және жылулық сенімділікті, өрт қауіпсіздігін, ыңғайлылықты және жөндеу жұмысының қарапайымдылығы.

 

 

 

 

 

 

 

Жылумен жабдықтау – тұрғын үйлерді, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ, тұтынушыларды жылу тасығыштар (ыстық су немесе бу) арқылы жылумен қамтамасыз ету; тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік үймереттер мен технологиялық тұтынушыларға жылыту, ауа алмастыру, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу тасығыштың (ыстық су не бу) көмегімен жылумен жабдықтау. Жылумен жабдықтау жылу көзінен, жылу тасығышты тұтынушыға жеткізетін жылу торабынан және жылу тұтынатын қондырғылардан тұрады. Жылумен жабдықтау бір орталықтан жылумен жабдықтау және жергілікті жылумен жабдықтау болып ажыратылады. Бір орталықтан жылумен жабдықтау жылуды өндіру орнынан тысқары орналасқан көптеген тұтынушыларға жылу жеткізуді қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда қала мен өндіріске қажетті жылу көзі ретінде жылу электр орталықтары (ЖЭО) және жылыту қазандықтары кеңінен таралған. Бір орталықтан жылумен жабдықтау жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіне қарағанда отынды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның құрамына жылу көзі (қазандық немесе ЖЭО) және жылуды тұтыну орындарына жеткізіп беретін құбырлар (қ. Жылу торабы) кіреді. Үйлерді ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу тораптарына қосу тәсіліне қарай бір орталықтан жылумен жабдықтау жабық және ашық жылумен жабдықтау жүйелеріне бөледі. Бірінші жағдайда үйлердің ыстық сумен жабдықтау жүйелері жылу тораптарына су ысытқыштар арқылы жалғанады. Мұнда жылумен жабдықтау жүйесінің барлық тораптық суы жылумен жабдықтау көзіне қайтып оралады. Екінші жағдайда су жылу торабынан тікелей алынады. Жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерін дербес (цех, бөлме немесе пәтер дербес жылу көзінен, соның ішінде пеш арқылы жылумен қамтамасыз етіледі) және жеке (әрбір ғимарат өзінің жылу көзімен жабдықталады, оны ғимаратты орталықтан жылыту деп атайды) жылумен жабдықтау түрлеріне ажыратады.

Тұрғын үйді жылыту жүйесінің сұлбас

 

 

1 сурет Жылытужүйесі

 

Мұндағы: 1 – жылу генераторы (жылу алмастырғыш)

                  2 – жылыу тасымалдағыш 

                  3 – жылыту құбыры

                  4 – жылытқыш жабдық

                  5 - қайта жылыту құбыр

 

1.2. Жылыту жүйесінің классификациясы

       Жылыту жүйесін келесідей құрылымдық белгілері және параметрлері арқылы ажыратады:

  1. жылыту генераторларының жылыту бөлмелеріне орталық және жергілікті жерлер арқылы жылытуы,
  2. жылытылатын бөлмелерге жылу тасымалдағыштың түрі – су, бу, ауа арқылы
  3. жылу тасымалдағыштың параметрлері  - су жүйесі арқылы жылыту да 100 С тан төмен немесе 100 С жоғары және булы  төмен, жоғары қысым арқылы жылыту.
  4. Жылыту бөлмесіне жылуды беру конвективті және сәулелік.
  5. Циркуляция түрі жасанды және гравитациялық (табиғи)
  6. Жылыту жүйелерінің құрылымдық ерекшеліктері магистральды құбырлар мен стояктары сызбасын салуда.

   Жергілікті жылыту жүйесіне жылыту генераторларының  жылытатын бөлме ішілінде орналасуы печтік, газдық және электрлік жылыту.

Орталықтандырылған жылыту жүйесі дегеніміз бірнеше бөлмелерді бір жылыту жүйесінен жылыту. Жылыту орталығында жылуалмастырғыш немесе қазандықтар болады. Қазандықтар жылу электр станцияларында немесе орталық жылу пунктерінде ғимараттардан тыс орналасуы мүмкін.

 

 

 

 

 

  1. 3. Орталықтандырылған жылыту жүйесінің басты жобалары

Орталықтандырылған жылыту жүйесіне көп қабатты ғимараттың бөлек жылыту жүйесі жатады. Көп қабатты ғимарраттыды бір орталықтандырылған жылыту жүйесі арқылы жылыту аудандық деп аталады.  Жылу тасымалдағыш және жылыту құрылғылар жүйесі келесідей бөлінеді: жылу тасымалдағыш жылу станциясында қыздырылып ғимараттардың жылу құбырларына беріледі және суытылғасын қайтадан жылыту станциясына оралады. Төмендегі 2- 3 суреттерде көрсетілген. Орталықтандырылған жылу құбырларына магистралды, стоякты және магистралды біріктіргіш.

 

 

 

 

 

2 – сурет газды жылыту  жүйесінің сызбасы

1 – газ түтігі

2- түтін шығатын мұржа

3 – желдеткіш

4 – жылу алмастырғыш

5 – жылу құбырлары

6 – ауа фильтрі

 

3 – сурет аудандық  жылыту жүйесінің сызбасы

1 – жылу тасысмалдағышты дайындау

2 – жергілікті жылыту орталығы

3 – 5 – жылуды ішке және кейін  беретін жылу құбырлары

4 – жылыту құрылғылары

6 – 7 – жылуды сырттан және  кейін қайта жылу беру құбырлары

8 – айналдырмалы насос

Сумен жылыту жүйесі түрлеті төмендегідей негізде жүргізіледі

Суретте жылыту жүйесіне қосылған екі құбырлы сумен жылыту жүйесі көрсетілген, бір құбыр арқылы ыстық су берілсе, екінші құбыр арқылы суыған су қайнату қазанына беріледі.

 

4 сурет Сумен жылыту жүйесі

 

Жылыту жүйесін құрылымдау қабат аралықтарда жылыту құрылғыларын жөндеуге, тазартуға және қарауға ыңғайлы болу керек.

Жылыту құрылғыларын жылыту жүйесіне қосудың үш түрлі жолдары бар суретте көрсетілген. Ең тиімді сұлба үстінен төменге қарай, мұнда жылу қысымы жылыту құрылғысының температурасын түсіп кетпей бір қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Азаматтық тұрғын үйлерде  жылыту қондырғыларын аранайы арматура мен бекітіледі жөндеу мен ауыстыруға мүмкіндік беретін.

Төрт және жеті қабатты ғимараттарда жылыту қондығыларына кран орнатылады олар ауамен қалдық суларды шығаруға мүмкіндік береді.

 

5 сурет. Магистральды жылыту жүйесінің 1- төбелік 2 – ені 9м болатын жер  төлелік жерлерде орналасуы а) ені 9м болатын бір жақты б) екі жақты в) құбырларда жылу тасығыштың қозғалысы. Орналастыру кезінде құбырларға ешқандай кедергі болмауы керек және еңістігк 0,002 кем болмауы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылыту құралының түрі мен сипаттапамасы

 

Орталықтандырылған жылыту жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕСІ

 

2.1 Желдеткіш

 

Желдеткіш (латынша: ventіlatіo — желдету) — өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратынқондырғы. Олар үймереттерді және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машинабөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т.б. қолданылады.[1]

Желдеткіш - бөлмелерді желдету кезінде немесе аэроқоспалардықұбырлар арқылы тасымалдау үшін ауаны немесе басқа газды шамадан тыс қысымдайтын құрылғы.[2]

Өнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен тараған. өшатын аппараттарда желдеткіштер тарту күшін тудыратын құрал ретінде (көтергіш желдеткіштер, турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері,желдеткіш— фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (өнеркәсіптік желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты — центрден тепкіш желдеткіш және осьтік желдеткіш болып ажыратылады (суретті қ.). Желдеткіштер, негізінен, қозғалтқышпен белдікті беріліс арқылы немесе тікелей серіппелі муфта көмегімен әрекетке келтіріледі. Кішігірім желдеткіштердің қалақшалы дөңгелегі тікелей қозғалтқыштың білігіне бекітіледі, ал ірі желдеткіштер сору жылдамдығын реттегіш және діріл бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталады.

XIX ғасырдың басында желдету жүйесінің алғашқы даму сатылары калыптаса бастады. Академик Э. X. Ленд ғимаратты желдету механикалық жолдармен іске асатынын атап өтті. Центрден тепкіш желдеткіштердің шығуы арқасында желдету жүйесінің дамуы кең етек ала бастады. Аталған желдеткіш түрін 1832 жылы А. А. Саблуков ойлап тапқан болатын. 1835 жылы центрден тепкіш желдеткішті Алтайдағы Шағыр кенішінде пайдалана бастаған. Саблуков бұл желдеткіш арқылы түрлі кемелерді, ғимараттарды желдетуді ұсынған. Вентиляцияның дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымдардан В. М. Чаплинді де атап өтуге болады.

 

 

 

 

2.2 Желдету

Желдету (латынша: ventіlatіo — желдету) — үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т.б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердіңталаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т.б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.

Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.

Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т.б.) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.[2]

Информация о работе Желдету жүйесі