Инвестиция түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Сол түрлер бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портфельдік болып, негізгі материал мен тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын үй құрылысының қызметтеріне бөлінеді.
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................3


I ─ БӨЛІМ. Инвестиция түсінігі
1.1. Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері.....................................4-5


II ─ БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалар
2.1.«Қазына» орнықты даму қорының инвестициялық жобаларды қаржыландыруы............................................................................................7
2.2. Инвестициялық жобалар...........................................................................8-11
2.3. Даму банкінің инвестициялық жобалар бойынша атқаратын қызметі
..............................................................................................................................12-13


III ─ БӨЛІМ. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
3.1.Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалаудың ережесі.............................................14-17
3.2. ҚР-ның тұрғын үй құрылыс саласы нысанын жобалаудың экономикалық тиімділігін бағалау..................................................................17-22


ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................22-23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................24

Вложенные файлы: 1 файл

kurs .doc

— 207.50 Кб (Скачать файл)

 

                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ........................................................................................................3

 

 

I ─  БӨЛІМ. Инвестиция түсінігі 

1.1. Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері.....................................4-5

 

 

II ─ БӨЛІМ. Қазақстан  Республикасындағы инвестициялық  жобалар

2.1.«Қазына» орнықты даму қорының инвестициялық жобаларды қаржыландыруы............................................................................................7

2.2. Инвестициялық  жобалар...........................................................................8-11

2.3. Даму  банкінің инвестициялық жобалар  бойынша атқаратын қызметі

..............................................................................................................................12-13

 

 

III ─ БӨЛІМ. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау

3.1.Мемлекеттік  инвестициялар бағдарламасының  құрамына кіретін жобалардың  тиімділігін бағалаудың ережесі.............................................14-17

3.2. ҚР-ның тұрғын үй құрылыс саласы нысанын жобалаудың экономикалық тиімділігін бағалау..................................................................17-22

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................22-23

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................24

 

 

                                                 КІРІСПЕ

 

Инвестициялар ─ күрделі қаржының алуан түрлері. Сол түрлер бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портфельдік болып, негізгі материал мен тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын үй құрылысының қызметтеріне бөлінеді.

        Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Инвестиция  деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі  бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясаты банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың валюта - қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.

Құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған  әдебиеттен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-БӨЛІМ. Инвестиция түсінігі

1.1. Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері

 
       Инвестициялар ─ кәсіпкерлік қызметінің және нәтиежесінде пайда құрылатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикалық ұзақ мерзімді жұмсалымы.                                                                  Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары — мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін—өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» заңы бойынша инвестициялар —республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициядан басқа барлық инвестиция түрлері. 
Жанама инвестициялар — қоржындағы инвестициялар,басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге,яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестицияның негізгі түрлері. Әр бір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады,яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция. 
      Коммерциялық тәжрибеде мұндай инвестициялардың түрлері:

 
—табиғи активтерге инвестициялар; 
—ақша активтеріне инвестициялар; 
—материалдық емес активтерге инвестициялар; 

Табиғи  активтерге —өндірістік ғимараттармен құрылымдар, қызмет уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналармен жабдықтар және өндіріс процессінде қолданылатын басұа да мүліктер жатады. Ақша активтеріне—басқа да жеке тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде—депозиттер,облигациялар акциялар, несиелер қарыздар кепілдіктер.т.б. Материалдық емес активтерге—фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы,сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу,өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу,өнімге сертификат алу,жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

 Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді: 
     1.Тиімділікті арыттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты-жабдықтарды ауыстыру,персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.  
    2.Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты—өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту. 
     3.Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер,тауарлар шығара латын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады. 
  4.Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестицилар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар,өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады.

       Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелшілдік деңгейімен байланысты. 
       Кәсіпорындардың өндірістік—шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік—эконмикалық потенциялын сақтау және әр қарай дамыту. Кәсіп орындардың бұл саладағы іс-әрекеті—инвестициялық іс-әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы» бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады. 
Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар,сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар (банкілер, қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процесстің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге —инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаның іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар « Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» заңдармен және де «Банкорттық жайлы», «Бағалы қағаздар нарығы жайлы» , « Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы» заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар форамасын қабылдайды. Инвестициялық жоба-капиталдарды ұлғайту мақсатпен экономиканың әр-түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы. Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден тұрады:

 
- Инвестициялық ұғымды қалыптастыру; 
- Инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу; 
- Жобаны техникалық- экономикалық негіздеу; 
- Жер учаскесін алу немесе жолға алу; 
- Келісім құжаттарын дайындау; 
- Құрылыс- монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру; 
- Объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалар

2.1. «Қазына» орнықты даму қорының инвестициялық жобаларды қаржыландыруы

2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша институттардың инвестициялық жобалар портфелінде қаржыландырылуы мақұлданған 142 жоба болды, олардың жалпы сомасы 3 632,0 млн. АҚШ долларын құрайтын. Жалпы құны 2560 млн. АҚШ доллары тұратын 109 жобаны қанжыландыру басталды, ондағы даму институттарының қатысуы 792,6 млн. АҚШ доллары.

Қор перспективалы  жобалар портфелін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс атқарды, жобалар тізімін іріктеу және қатыптастыру әдістемесі жасалды. Қазақстандағы  және шетелдегі компаниялармен 180-нен астам кездесу өткізіліп, оларда инвестициялық жобаларды бірлесіп өткізу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Арнайы және индустриалдық аймақтарды дамыту және басқару саласында (Limitless, Nakheel, ZonesCorp.), бұндай аймақтарды халықаралық нарыққа  жылжыту саласында (Wonderworks Inc., JAFZA International) жұмыс істейтін халықаралық компаниялармен жұмыс жүргізілді.

Жалпы алғанда  «Қазына» орнықты даму қорының қызметі  биоотын өндіру, металкремний өндіру, әуе-ғарыш саласына арналған жаңа балқымалар, жерсеріктерін өндіру, Қазақстанда  ауыр серверлерді өндіру, шетелдегі  жоғары технологиялы компанияларды  сатып алу, әлемдік брендтерге арналған дайын тоқыма бұйымдарын өндіру, патенттелмеген және өсімдік тектес фармацевттік өнімдерді өндіру, цементті ауқымды өндіру, Каспий-Азов каналы сияқты келешегі зор жобаларды қамтымақ.

Шетелде даму институттарының  өкілдіктер желісін ашу мәселесі қаралып жатыр. Өкілдіктер «Қазына» орнықты даму қоры компанияларының мүддесін қорғайтын даму институттарының құрылымдық бөлімшелері болмақ. Бастапқы кезеңде әлемнің Лондон (Ұлыбритания), Мәскеу (Ресей Федерациясы), Шанхай (ҚХР), Мюнхен (Германия), Бостон (АҚШ), Телль-Авив (Израиль) сияқты стратегиялық маңызды өңірлерінде сауда-инвестициялық өкілдіктерді ашу жоспарлануда.

«Қазына» орнықты  даму қоры Даму Институттарының (Даму банкі, Инвестициялық қоры, Шағын  кәсіпкерлікті дамыту қоры, Ұлттық инновациялық қор, Маркетингтік-талдау зерттеулері орталығы, Экспорт пен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы) жалғыз акционері болып табылатын, экономиканың әртараптығына және бәсекелестігіне қол жеткізу мақсатында Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторындағы инвестициялар мен инновациялық қызметті арттыру үшін 2006 жылғы сәуірде құрылған басқарушы компания. 2007 жылы даму институттарының жиынтық жарғылық капиталы 2007 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

 

 

 

 

2.2. Инвестициялық жобалар

 1. «Қазақстанның Ұлттық электр тораптарын жаңғырту» жобасы. 1-ші кезең

Бұл жоба KEGOC көлік  құралдары жүйесін оңалтуға және энергия жүйесін диспетчерлік басқаруды  жетілдіруге бағытталған.

Жобаны қаржыландыру Халықаралық қайта құру және даму банкінің (ХҚДБ), Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) кредиттік желілері мен «KEGOC» АҚ қаражатымен жүзеге асырылады. Жобаның бірінші кезеңін іске асырудың болжанған мерзімі 2000-2009 жылдар, екінші кезеңі 2008-2017 жылдар.

Ұлттық торапты  жаңғырту жобасының 1-ші кезеңі мынадай  бағыттарды қамтиды:

Жоғары вольттік жабдықты жаңартуды, реактивтік қуаттылықты  қарымталауға арналған шунттаушы реакторларды орнатуды, релелік қорғаныш және қосалқы  станцияларды автоматтандыруды қоса алғанда, қосалқы станцияларды жаңарту. Релелік қорғанышты ауыстыру іс жүзінде KEGOC меншігіндегі барлық қосалқы станцияларда жүзеге асырылатын болады. Микропроцессорлық технологияға негізделген жаңа релелік қорғаныш барлық көлік құралдары жүйесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға тиіс.

SCADA/EMS жүйесін,  сандық корпоративтік телекоммуникациялық  тораптарды, коммерциялық есепке  алу (АСКУЭ) және сауда жүйесін  сатып алу мен орнатуды қоса  алғанда, диспетчерлік басқаруды  жаңарту. 

Компьютерлендірілген Ақпараттық Басқару Жүйесін (MIS) әзірлеуді, сатып алуды және орнатуды қоса алғанда, «KEGOC» АҚ ұйымдастырылған дамуы құбылмалы нарық экономикасы жағдайында компания қызметінің өндірістік-экономикалық, техникалық және технологиялық басқаруға бірыңғай тиімді жүйе құруды қамтамасыз етеді.

«KEGOC» АҚ Жобаларды  іске асыру үшін Халықаралық қайта  құру және даму банкімен (ХҚДБ) және Еуропа қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) Кредиттік келісімге қол қойды.

 

Қаржыландыру  көзі

Кредиттік Келісімнің нөмері мен қол қойылған

Қарыз сомасы (млн. USD)

ХҚДБ 

№ 4526 KZ 1999 жылғы 21 желтоқсан 

140,00

ЕҚДБ 

№ 794 1999 жылғы 3 желтоқсан 

45,00

Барлығы:

 

185,00


 

2. Қазақстанның  Солтүстік-Оңтүстік транзитінің  кернеуі 500 кВ екінші электр  жеткізу желісін салу жобасы 

Жобаның мақсаты жылына 7-7,5 млрд.кВт. дейін Солтүстік-Оңтүстік бағытында электр энергиясын жеткізудің босату қабілеттілігін ұлғайту есебінен, энергия тапшы болып отырған Қазақстанның оңтүстік облыстарын электр энергиясымен қамтамасыз ету, Қазақстанның ұлттық электр торабын қалыптастырудың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру, сондай-ақ Ресейдің, Қазақстанның және Орталық Азияның энергия бірлестіктерімен қатар жұмыс болып табылады.

Информация о работе Инвестиция түсінігі