Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 21:44, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.
Сондықтан да кәсіпорындар үшін де инвестиция негізгі қажеттілік болып табылады.
Алайда инвестиция қажеттілік ретінде қолайлы стратегия мен тактиканы талап етеді.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.
КІРІСПЕ
I БӨЛІМ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИЯЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
1.2Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
1.3 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
II БӨЛІМ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ТҮСІНІГІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1Инновациялық түрде даму – қазіргі экономикадағы
бәсекеқабілеттіліктің негізі ретінде
2.2Инновациялық процесті ұйымдастыру ерекшеліктері
2.3 Индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыру механизмдері
ҚОРЫТЫН
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Біріншіден, олар базистік инновациялардың қайнар көзі. Өйткені, Ғылым мен техникада жаңа бағыттарды ашу, жаңа материалдар мен жаңа құбылыстарды көбінесе пайдалануы күтілмеген, қолдану аймақтарын айқындау ғылыми техникалық революцияның іргесін қалайды.
Екіншіден, іргелі ғылыми зерттеулер жаңа білімдер арқылы ғылыми зерттеу процесін де жетілдіреді. Яғни, жаңа әдістемелер, жаңа бағыттар, ғылыми зерттеу процесс тиімділігін арттыруға алып келеді.
Қолданбалы зерттеулер инновациялық процестің кезеңдеріне толық кіреді және онда жасалатын жұмыстардың сатылары мен сипаттары ғылыми зерттеу ерекшеліктері анықталады. Қолданбалы зерттеулердің келесі негізгі сатылары бар:
Ғылыми зерттеулердің техникалық тапсырмасын жасау;
Зерттеу бағыттарын таңдау;
Теориялық және эксперименталды зерттеулер;
Зерттеу нәтижелерін жалпылау және бағалау.
Қолданбалы зерттеулердің негізгі сатылары мен ондағы жасалатын жұмыстардың тізімдері келесі 3-кестеде берілген.
Кесте 2
Қолданбалы зерттеулер сатылары мен жасалатын жұмыстар
Қолданбалы зерттеулер сатылары |
Жасалатын жұмыстардың тізімі |
1. Ғылыми зерттеулердің техникалық тапсырмасын жасау |
Ғылыми болжау; Осыған дейін жасалған іргелі және ізденістік зерттеулердің нәтижелерін талдау; Потенттік құжаттамамен танысу; Тапсырушылардың тадаптарын ескеру. |
2. Зерттеу бағытын таңдау |
Зерттеу мәселелері бойынша ғылыми техникалық ақпаратты жинау және оқып танысу; Аналитикалық есеп жасау; Патенттік есеп жүргізу; Ғылыми зерттеудің техникалық тапсырмасында қойылған міндеттерді шешу бағыттарын айқындау және оларды салыстырмалы талдау. Қабылданған зерттеу бағытымен міндеттерді шешу әдістерін негіздеу; Ғылыми зерттеу
нәтижесінде пайда болатын жаңа
өнімнің күтілетін Жаңа өнімнің ықтималды экономикалық тиімділігін бағалау; Зерттеуді жүргізудің жалпы әдістемесін жасау; Аралық есеп жасау. |
3. Теориялық
және эксперименталды |
Жұмыс гипотизасын жасау, зерттеу объектісінің үлгілерін құрастыру және жіберілімдерді негіздеу; Теориялық зерттеулердің жеке тұжырымдарын нақтылау үшін немесе есептеулерді жүргізу үшін қажет параметрлердің нақты шамаларын алу үшін эксперименттер жүргізу қажеттілігін негіздеу; Эксперименталдық
зерттеулердің әдістемесін Эесперименттерді өткізу және алынған нәтижелерді өңдеу; Эксперимент нәтижелерін
теориялық зерттеулермен |
2 кестенің жалғасы | |
Объектінің теориялық үлгілерін түзету; Қажет болған жағдайда қосымша эксперименттер жүргізу; Техникалық – экономикалық зерттеулерді жүргізу; | |
4. Зерттеулер
нәтижелерін жалпылау және |
Жүргізілген жұмыстардың алдыңғы кезеңнің нәтижелерін жалпылау; Қойылған міндеттердің шешілу толықтығын бағалау; Зерттеулерді әрі қарай жалғастыру және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға ұштастыру бойынша ұсыныстар жасау; Тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың техникалық тапсырмасының жобасын жасау; Қорытынды есепті жасау; Ғылыми зерттеу жұмыстарын коммисияға тапсыру |
Инновациялық процеске қатысушылар құрамын нақтылау инновациялық процестің кезеңдерімен және жүйелі тұрғыдан қарастыруымен байланысты. Осыған орай инновациялық процеске қатысушыларды белгілі бір жүйеге жинақтауға болады және ондай жүйе ұлттық инновациялық жүйе деп аталады. Қазақстанда ұлттық инновациялық жүйені дамытуға байланысты қабылданған арнайы бағдарламаға байланысты инновациялық жүйеге келесі ірі құрылымдық элементтер кіреді.
Ғылыми потенциал;
Инновациялық кәсіпкерлік;
Инновациялық инфрақұрылым;
Қаржылық инфрақұрылым;
Мемлекеттік қолдау органдары.
1. Ғылыми потенциал – негізінен іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізумен айналасады. Оның ішінде іргелі зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру арқылы олардың негізінде қолданбалы зерттеулерді дамыту және ғылыми сиымдылықты технологияларды алуға бағытталған. Оған:
1) Мемлекеттік
ғылыми ұйымдар. Яғни, ұлттық ғылыми
зерттеу институттары, жоғары оқу
орындары және жобалау
2) Ұлттық компаниялар
және ірі корпорациялар,
3) Жеке ғылыми зерттеу және жобалау институттары;
4) Ғылыми зерттеумен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлер.
2. Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық іс - әрекетті жүзеге асыру үшін белгілі бір кешенге жинақталған өндірістік кеңес берушілік, ағартушылық және ақпараттық құрылымдар. Оның құрамына келесі элементтер кіреді:
1) Ұлттық технологиялық парктер;
2) Аймақтық технологиялық парктер;
3) Техникалық бизнес инкубатор;
4) Ғылыми парктер.
3) Қаржылық инфрақұрылым –инновациялық технологиялық дамудың ғылыми өндірстік және ағартушылық процестерін әртүрлі тікелей және жанама механизмдерді ұштастыру арқылы кешенді қаржыландырумен айналысады. Оның құрамына келесі элементтер кіреді: Мемлекеттік даму институттары – орнықты даму қоры “Қазына”, венчурлық қорлар, жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер, әртүрлі деңгейдегі инновациялық қорлар.
4. Инновациялық процесті мемлекеттік қолдау органдары елдегі инновациялық белсенділікті арттыруға бағытталған мемлекеттің шараларын басқару мен координациялаумен айналысатын өкілетті мемлекеттік органдар жатады. Қазақстанда оларға:
1) Ұлттық ғылым академиясы (ҰҒА);
2) Білім және ғылым министірлігі, оның ішінде ғылым комитеті; 3)Индустрия және сауда министірлігі;
4) Жоғары ғылыми
техникалық коммисия және
5. Инновациялық кәсіпкерлік – ғылыми техникалық және өндірістік аумақтар арасында инновациялық іс- әрекеттерді дамыту үшін белгілі бір делдалдық қарым – қатынасты дамытуға бағытталған. Инновациялық кәсіпкерліктің мақсаты – нарықтың конъюнктуралық жағдайына оперативті бейімделіп жаңа жоғары деңгейдегі бәсеке қабілетті ғылыми сиымдылықты өнімді сериялық өндіру мүмкіндігі бар кәсіпорындарды дамыту. Инновациялық кәсіпкерлікке келесілер кіреді:
Инновациялық белсенділігі жоғары кәсіпорындар;
Бизнес періштелер;
Инновациялық менеджерлер.
Инновациялық кәсіпкерліктің негізін инновациялық белсенділігі жоғары кәсіпорындар құрайды. Оның инновациялық жүйедегі кәсіпкерлік іс - әрекетті келесілерге негізделген:
Жаңа ғылыми идеяларды жасау немесе іздеу және оларды бағалау;
Қаржылық инвестициялық ресурстарды іздестіру;
Жобаны немесе кәсіпорынды тиімді басқару үлгісін жасау;
<span class="