Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 22:22, реферат
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
1. Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
2. Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Инфляция
Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.[1]
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш — тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула қолданылады:
ТБИ = (Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы) / (Базалық жылдағы тұтыну қоржынының бағасы) x 100
Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:
Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде бірінші түрі байқалады. Мысалы, статистикалық мәліметтері бойынша орташа инфляция мөлшері:
Жыл |
Инфляция мөлшері |
2000 ж. |
9,8 % |
2001 ж. |
8,4 % |
2002 ж. |
5,9 % |
2003 ж. |
6,4 % |
2004 ж. |
6,9 % |
2005 ж. |
7,6 % |
2006 ж. |
8,64 % |
2007 ж. |
10,8 % |
2008 ж. |
9,5 % |
2009 ж. |
6,2 % |
2010 ж. |
7,7 % |
Инфляцияның жылдық орташа мөлшері, %-бен
Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2003 жылдан бастап алдағы үш жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамдарға сай болып келеді.
2009 жылғы қараша айындағы
азық-түлік емес тауарларға
2009 жылғы қараша айындағы инфляцияның денгейі және ТБИ құрайтындарға бағаның өсуі
2009 жылғы қаңтар — қараша айындағы инфляцияның орташа жылдық деңгейі 7,4% және 2008 жылдың қаңтар — караша айымен салыстырғанла 10,3 пайызға төмендеген.
Қазақстандағы тұтыну бағасының индексін есептеуде тұтыну қоржынына кіретін 500-ге жуықтауарлар мен қызметтер есепке алынады.
Ұлттық Банкінің ұсынысы бойынша енгізілген тұтыну бағаларының индексіне кіретін ішкі индекстер 4 топқа бөлінеді:
Қазақстанда жалпы инфляция және базалық инфляция деңгейі анықталады. Жалпы инфлядияны Үкімет пайдаланса, ал Ұлттық Банк базалық инфляцияны пайдаланады.
Ұлттық Банк Статистика жөніндегі агенттіктен базалық инфляция құрамынан бес түрлі керсеткішті алып тастауды сұрады. Оларға кекөніс, жеміс-жидек, бензин жөне көмір бағалары және коммуналдық қызметтер бағасы жатады.
Инфляцияның тигізетін әлеуметтік-экономикалық салдарларын мынадан көруге болады:
Инфляция (Р) мен жұмыссыздық (Q) арасындағы байланысты Филипс қисығынан көруге болады.
Филипс қисығы
Филипс қисығында инфляция орнына бағаны қарастырып, оның жұмыссыздыкқа ықпалын көрсеткен. Бірақ бұл жерде бағаның орнына жалақыны алған дұрыс сияқты. Себебі, жалақы өссе жұмыссыздық азаяды немесе керісінше. Жалақы да инфляцияның пайда болуына ықпал етуші басты фактор. Қазір біздің елімізде Елбасының Жолдауында бюджет мекемелерінін жалақысын көтеру туралы сөз қозғалса болғаны, базардағы тауар бағасы бірден өседі. Бұл дегеніміз жабайы нарықтың көрініс алуын сипаттайды. Әрине базардағы саудагерлер өзінің өнімін сатып отырғандар емес олар алыпсатарлар, олар бағадағы айырмадан күн көрушілер. Оларға ешқандай бақылау жоқ. Сол себепті Қазақстандағы инфляцияға тежеу қою мүмкін болмай отыр.
Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның әлеуметтік және экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап етеді.
Инфляциялық үдерістің жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру нысандарына: ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады.
Ақша реформасы — ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.
Ақша реформалары төмендегідей әдістер көмегімен жүзеге асырылады:
Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:
Дефляциялық саясат — бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық тетігің қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие үшін пайымт шерін реттеу және ақшамассасын шектеу әдістерінің жиынтығы.
Табыс саясаты — бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.
Біздің елімізде бағаға бақылау Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат комитетті арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрі өте сирек қолданылады.
Индексациялау - ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.
Бұл әдіс, 1999 жылы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «еркін өзгермелі ваяюта бағамына» өту барысында, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының күрт төмендеуінен туындаған (мысалы, 1 АҚШ долларының бағамы 87,5 теңгеден 132,4 теңгеге және одан жоғары көрсеткішке жетті) халықтың екінші деңгейлі банктердегі теңге салымдары бойынша зиянды мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылды.
Сонымен қатар осы әдістің көмегімен, бұрынғы КСРО-ның Жинақ банкінде сақталған және 90 жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халық банкісі арқылы біршама мөлшерде қайта қалпына келтіріліп, кезеңімен қайтарылу жұмыстары жүргізілді. Оның нақты есебіне келсек, мысалға егер сіздің жинақ кассасында 1992 жылға дейін Кеңес дәуірінде жинақтаған 10000 рублің болса, 1992 жылғы рубльдің АҚШ долларға қатысты бағымы 150 рубльге тең болды делік. Сіздің 10000 рубліңізді 150-ге бөліп, оны теңгені қайтару кезеңінде жүргізген (1999—2000 жылдары) бағамы 155-ке көбейту арқылы сізге кешегі кеңестік жинағыңызды қайтарады. Бұл қате есептеу. Дұрыс қайтару үшін депозитке салған күндегі рубльдің долларға қатысты бағамына байланысты қайтару қажет. Ол кездегі 1 АҚШ доллары 0,98 копеекті құрады. Осы бағаммен қайтарса, сол уақыттағы сіздің жинағыңыздың қайтарылған сомасы 10204 АҚШ долларын құрайтын еді
Пайдаланған әдебиет
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007