Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 08:59, курсовая работа
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.
2. Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат.
2.1 Инфляция мәні мен салдары
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада «Танзи-Оливер әсері» деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляция және жинақтар. Инфляция жинақтардың иелеріне қатты нұсқан келтіруі мүмкін. Бағаның өсуімен нақты құн немесе сатып алушылық қабілет қара күнге деп жинақталған жинақтар азаяды. Инфляция кезінде банктегі жедел есепшоттардың, сақтандыру полистарының, жыл сайынғы түсімдердің және көзделген ауыр жағдайларды жеңіп шығу үшін бір кезде жетіп отырған басқа да қағаздай активтердің нақты құны. Әрине, жинақтардың барлық нысандары пайыз әкеледі, бірақ дегенмен егер инфляция деңгейі пайыздық мөлшерден асатын болса, онда жинақ құны түсетін болады.
Инфляция және несиелі қарым – қатынастар. Инфляция сондай-ақ дебиторшы мен несиешінің арасындағы кірістерді бөледі. Әсіресе, көзделген инфляция несие берушілердің (қарыз берушілердің) есебінен дебиторшыларға (қарыз алушыларға) пайда әкеледі. Инфляция соңғы екі онжылдықта сатып алушыға күтпеген бақыт әкелді, мысалы, 60-шы жылдардың ортасында қойылған пайыздық мөлшермен үйлер кепілге қойылды. Бір жағынан, инфляция салынып тасталғандарға берешектің нақты ауыртпалығын едәуір жеңілдетті. Екінші жағынан, үйлердің номиналды құны бағаның жалпы деңгейінен жылдамырақ өсті. Номиналды ұлттық кіріс, демек, салық жиындары да инфляция кезінде өседі, ал мемлекеттік қарыздың мөлшері өспейді. Бұл инфляцияның үкіметке мемлекеттік қарыздың ауыртпалығын жеңілдетеді. Инфляция осындай пайданы үкіметке әкелгендіктен, кейбір экономистер ашық түрде сұрақ қояды: қоғам үкіметтің ынта қоятындығына сене ала ма? Шынында да, Бразилия сияқты кейбір елдер бір кезде өздерінің қарыздарының нақты құнын төмендету үшін инфляцияны соншалықты кең қолданды, қазір несие берушілер қарызды өздерінің валютасында емес, америкалық доллармен немесе қандай да бір басқа тұрақты валютада алуына мәжбүрлейді. Бұл инфляцияның елдің ішінде қолдануын болдырмайды. Кез келген инфляция ел ішінде төлеуге қажетті қарыздың құнын емес, оның валютасының нақты құнын төмендетуге әкеліп соқтырады.
Инфляция және салықтар.
Инфляциядан болатын
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.
Филлипс қисығы.
Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды. 1958 жылы ағылшын экономисі О.Филлипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбек ақы келісімдері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты (функцияны) анықтаған.
Филлипстің анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5-3%-тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбек ақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады. Кейіннен американ экономистері Р. Солоу және П. Самуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделінде еңбек ақы мөлшерлемесін (ставкасын) тауар бағаларының өсу карқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауда қолданылады.
Филлипс қисығы. Қисық сызықтың жылжуы стагфляциялық жағдайды көрсетеді
Батыс тәжірибесі көрсеткендей,
Филлипс кисығын қысқа
Осы жағдайлардың арасында
сұранымды ынталандыру
Айталық, номиналдыеңбекақыныңөсуінебайл
Номиналдыжалақыөскенде, кәсіпкерлердееңбекфакторына қосымша сұранысты қысқартады. Жұмысшылардыңноминалды жалақыны инфляция деңгейінен артық көтеру талабы кєсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер косымша жұмысшыларды жұмысқа алуды тоқтатады, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын қысқартып, жұмыссыздықты арттырады. Бұл мәселеге 60-шы жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударған еді. Оның айтуынша, жұмыссыздықпен инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс-әрекет екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықтылған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы мүмкін.
Филлипс қисығын жұмыссыздық пен инфляция баламасын, талдау құралы ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында (мысалы, 70-ші жылдары энергия ресурстарына бағаның тосын өскен кезіндегідей) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұракты экономикалык заңдылықты көрсетпейді.
Филлипс қисығының орнына 1979 ж. бастап АҚШ-та және Англияда «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынадай: ұзақ мерзімде жұмыссыздықтың деңгейі оның табиғи деңгейінен артпаса ғана қоғамда баяу инфляция калыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады.
Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық және құрылымдық түрлерінен құралған болса, жұмыссыздықтың табиғи (тепе-тең) деңгейі еңбек нарығының құрылымымен анықталады.
Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейін сақтап, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат әрқашан оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып мынадай бір мәселені білген дұрыс: жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірден тоқтамайды екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса береді. Бұған қоса соңғы онжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өсіп отыр. Мысалы, АҚШ-та жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 60-жылдары 4%-ке тең болса, 80-жылдардың екінші жартысында 6-7%-ке дейін өскен екен.
Инфляцияның экономикалық субъектілердің экономикалық жағдайларына ықпалы қарама-қайшылықты болып келеді. Жоғары инфляция бизнеске қауіп төндіреді және инвестиция көлемін кемітеді. Әдетте, инфляция тұрақты табыс алушылар үшін тиімсіз (бюджет сферасындағы кызметкерлерге, несие берушілерге және жинақ иелеріне). Бағаның деңгейіне қарағанда табыстары тез өсетіндер үшін оның келеңсіз салдарынан құтыларлықтай мүмкіндік бар. Табыстың кеңейтілген көздері, мысалы, қаржылық активтер мен қозғалмайтын мүліктер, өздерінің иелерін инфляциядан бір мезгілде ұтып та, ұтылып та қалуларына жеткізеді. Инфляция, сондай-ақ, мемлекетке пайдалы да бола алады, мәселен, бюджеттің жетімсіздігін ақшаны бопырлата басып шығару есебінен қаржыландырып, инфляциялық салық алады.
Инфляциялықсалық - үкмет айналымға косымша ақша шығарудан алатын салық, яғни мемлекет баспа станогы арқылы өз табыстарын ұлғайтады. Инфляциялық салық басқа салықтарға ұқсамайды, оның іс-әрекеті бүркемелі түрде жүргізіледі. Ақшаның артық басылуы бағаның өсуне ықпал етеді, бұл ақша құнын жоғалтуға (жоюға) әкеледі. Сондықтан инфляциялық салық ақшасы бардың бәріне салынады.
Антиинфляциялықсаясат. Антиинфляциялықсаясаттыңмақсат
Антиинфляциялықсаясаттыңбірнеш
Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтыңжауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?
Бүл екі ұшты мәселе әртүрлі елдерде ерекше жағдайларға байланыстышешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.) .
Инфляцияға карсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарынқысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақсоныменбірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраньм жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкінекен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.