Касирорын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 15:32, реферат

Краткое описание

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2009 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2010жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2011 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).

Вложенные файлы: 1 файл

реферат орг.doc

— 104.00 Кб (Скачать файл)

-қоғамның және халықтың  қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға  мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік  нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

-ассортименттің кеңеюі  мен тауарлар мен қызметтердің  сапасының артуы. Тұтынушылардың  қажеттілігін қанағаттандыруға  ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет  көрсету мен өнім сапасының  артуына мүмкіндік туғызады;

-тауарлар мен қызметтердің  нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

-экономиканың құрылымдық  өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік  экономикаға өтімділік, икемділік  береді;

-өндірісті дамытуға  халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз  істеріне өз ақшаларын үлкен  қызығушылықпен салады;

-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін  тиімді пайдалануға, дарындарының  ашылуына, әр түрлі қолөнердің  дамуына ықпал етеді;

-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар  белгілі – бір шектеу қоятын  халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың  әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

-жергілікті шикізат қайнары  ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға комплетелетін  бұйымдарды дайындау және жеткізу  жолымен, көмекші және қызмет  көрсету өндірісін құру арқылы  әсер ету;

- арендаға алу немесе сатып  алу арқылы төмен рентабельді  және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

осы барлық аталған және басқа да шағын және орта  бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы  ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы  күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы  жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі  деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін  теңгеруі.

Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге  толық сенімнің болмауы.

Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.

Бесіншіден, қазіргі заманға сай  ақпаратардың жеткізілуі, құрал –  жабдық, технологияның болмауы, күрделі  есеп беру жүйесінің және арендалық  төлем құнының жоғары болуы.

Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

Қазіргі уақытта қалыптасқан  экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

Соңғы жылдары шағын  және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік  қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар  әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін  берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының  артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

1992 – 96 жылдары кезеңінде  кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, екі мемлекеттік бағдарламаның  жүзеге асыру шағын бизнестің  құрылуы мен қалыптасуына негіз бола алады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынасты құрады: 1992 жылы - 6%, 1993 жылы - 4%, 1994 жылы - 4%, 1995 жылы - 5%, 1996 жылы – 5,2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 бірлікке дейін артты7. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде 107134 – шағын кәсіпорындар8, және 59244 – қызмет етуші кәсіпорындар болды.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын  және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы  мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік  басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа  басқару қызметі жағынан келетін  болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін  көрсетуге болады:

    • жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);
    • ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);
    • мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);
    • бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);

  Осы орайда ұсынғым  келіп отырғаны мәні – шағын  кәсіпкерліктің экономика жағдайын  жақсарту үшін ірі ағымы бар  екенін көрсететін, экономиканы  дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет9. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді.

 

1. Кәзіргі  уақытта нарықтық қатынастар  жүйесінде кәсіпорындар келесідей  айрықша ерекшеліктермен сипатталады,  мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі  және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

 Сонымен  кәсіпорындардың  3 түрін бөліп  көрметуге болады: ірі, орта және  шағын, олардың кешені бірін-бірі  толықтыра отырып, экономиканың  тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар-нарыққа  негізгі өнім шығарушылар болып  табылады. Ірі кәсіпорындар-экономика «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисы.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын  номенклатурасымен және ассартиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз  материалдар мен шикізатты қолдану  қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кзінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелгеие болып табылады.Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру.Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шғын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдікттер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын  бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасыда үстемділік етпейтін фирмалар жатады. Кпөтеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұысшылар бар және сату көлеме 20 млн. доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады.Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше  инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стараегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету  сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты  тауар номенклатурасымен және көтерме сатыпалушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиалармен шығарады,жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын жәнеорта бизнес қызметі.

Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі калликтивті еңбекке ұмтылуы, жұмыс  орның сақтап қалуға тырысу және пайдаға  қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады.Ірі компаниалар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.              

2. Соңғы жылдары  шағын және орта бизнесті дамыту  мен кәсіпкерлік қызметті қолдау  бойынша бірқатар шаралар әзірлеген  болатын. Ол өзінің нәтижесін  берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өдірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қраыздан 10%-тен за болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті өқлдау бойынша әкімдердің қызметің қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

Шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың бала жолы бола алады, өйткені ол екі макразкономикалық проблемалармен байланыстырады-жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорынды ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы 10 жылдықты дамыған елдердегі эконмиканың дамуы тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану жіне инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу салсына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға беріледі. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әртүлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды басқару және мешікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

3. АҚШ тәжрибесі  көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері ісерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шығындарының өзгруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарлайды. Бір шағын кәсіпорын жабылса,екіші біреулері ашылады.

Кәзіргі уқытта АҚШ халқының 53% шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ  тәжрибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

Қазақстандық  тәжрибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолдаған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету  мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар,федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті-шағын, әсіресе инновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубатролар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжрибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткенненсоң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес- -инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Информация о работе Касирорын