Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 17:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған. Бұл мақсатқа жетудегі елеулі рольді «тек экономикалық өрлеуге ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа кіруіне әсер ететін ақпарат атқарады».
Нарықтық жағдайға көшу кәсіпорынның өндіріс тиімділігін, өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорынның дербестігі мен олардың экономикалық жене құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………………….

1 Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері
1.1 Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері…………………………..
1.2 Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі және маркетингтік саясаттың өзара байланысы………………………………….

2 Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдаудың нысандары

2.1 Кәсіпорынның нарықтағы және өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау....
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі және қаржылық жағдайын
баланс активтерін талдау..........................................................................................

3 Кәсіпорынны басқарудың қабілеттілігін жақсарту жолдары......................

Қорытынды .............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиет тізімі..........................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері.doc

— 343.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

 

Кіріспе ……………………………………………………………………………….

 

1 Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері

1.1 Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері…………………………..

1.2 Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі және маркетингтік саясаттың өзара байланысы………………………………….

 

2    Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдаудың нысандары

 

2.1 Кәсіпорынның нарықтағы және өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау....

2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі және қаржылық жағдайын

баланс активтерін талдау..........................................................................................

 

3 Кәсіпорынны басқарудың қабілеттілігін жақсарту жолдары......................

 

Қорытынды .............................................................................................................

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі............................................................................. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған. Бұл мақсатқа жетудегі елеулі рольді «тек экономикалық өрлеуге ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа кіруіне әсер ететін ақпарат атқарады».

Нарықтық жағдайға көшу кәсіпорынның өндіріс тиімділігін, өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорынның дербестігі мен олардың экономикалық жене құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда. Шаруашылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының маңызы артуда. Мұның бәрі кәсіпорынның қаржылық жағдайын, яғни ақша құралдарының басқарылуы, бөлінуін жене қолданылуының талдау рөлін жоғарылатады.

Кәсіпорынның қаржылары жалпы қаржылық қатынастардың бөлігі бола отырып, халық шаруашылығының әртүрлі салада жұмыс істейтін кәсіпорындарда табыстың пайда болуы, пайдалануы және бөлінуі процесін бейнелейді және кәсіпкерлікпен тығыз байланыста болады, өйткені кәсіпорын кәсіпкерлік қызметтің нысаны болып табылады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда  қолданылатын кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын болжау мен талдау әдістері нарықтық экономикасы дамуынан артта қалып отыр. Бухгалтерлік және статистикалық есеп берулерге кейбір өзгерістер кіргізілуіне қарамастан ол жалпы түрде нарықтық жағдайларда кәсіпорынны басқару қажеттіліктеріне сай келмейді, өйткені бізге мәлім кәсіпорынның есеп беруі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалауға арналған бөлек нысан немесе арнайы бөлімді кіріктірмейді. Кәсіпорынның қаржылық талдауы факультативті жүргізіліп және қажетті болып табылмайды.

Қаржылық-экономикалық тұрақтылықтың негізгі элементтері ретінде нарықтық жағдайындағы қаржылық-экономикалық қызметтің жалпы талдауының құрамдық бөлігі болып табылатын ликвидтілік пен төлемқабілеттілікті талдау. 

 

 

 

 

 

 

 

         1 Кәсіпорынны басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері

         

1.1 Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері

 

Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын  қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.[1]

Жалпылай айтқанда қаржы  менеджменті дегеніміз – бұл  кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады.

Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей  тәртіп бойынша бір жүйеге келтіруге  болады:

  • жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды, түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды;
  • баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу;
  • өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін болатын капитал құрылымының өзгеруін бағалау;
  • қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету: қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздестіру; олардың оңтайлы құрылымын қалыптастыру;
  • қаржы ресурстарын басқару: есеп шоттардағы және кассадағы ақша қаражаттарын басқару; құнды қағаздар қоржынын басқару; қарыз қаражаттарды басқару;
  • қаржылық есеп, бақылау және талдау: есеп саясатын қалыптастыру; қаржылық есеп беру түріндегі ақпараттарды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну; қаржылық нәтижелерді талдау және сараптау; есептік көрсеткіштерді жоспарлық және стандарттық көрсеткіштермен салыстыру; кәсіпорын ішіндегі аудит.

Аталған қызметтерді  жүзеге асырудың нақты нысандары  мен әдістері кәсіпорынның қаржылық саясатымен анықталады. Қаржылық саясат кәсіпорынның өз қызметін жүзеге асыру мақсатында қаржы ресурстарын басқару үшін қолданатын шаралардың жиынтығы болып табылады және келесідей элементтерді қамтиды:

  • есеп саясаты;
  • несие саясаты;
  • инвестициялық саясат;
  • ақша ағындарын басқару саясаты;
  • шығындарды басқару саясаты;
  • дивидендтік саясат.

Дивидендтік саясат кәсіпорын иелерінің және акционерлері мен менеджерлерінің мүдделерін бірдей деңгейде қорғауға, сондай-ақ кәсіпорын  акцияларының, яғни бизнестің құнын  арттыруға арналған. Дивидентік саясаттың  келесідей нұсқалары мүмкін:

  • дивидендтер табыстан бірқалыпты пайыз ретінде бөлініп отырады. Бұл әдістің артықшылығы – қарапайымдылығы. Кәсіпорын табысы артқан сайын акционерлердің де дивидендтік табыстары арта түседі. Сәйкесінше, табыс төмендеуімен дивидендтер де төмендей бастайды;
  • тіркеулі дивидендтік төлемдер саясаты – дивидендтер әрбір акцияға тіркеулі мөлшерде төленеді. Артықшылығы – нарықтық ауытқуларды реттеп отыратын қарапайымдылығы; кемшілігі – кәсіпорын табысы төмендеген жағдайда кәсіпорын табыссыз қалады;
  • кепілді минимум және экстра дивидендттік төлемдер саясаты;
  • дивидендерді капиталдандыру – дивидендтерді акциялар түрінде төлеу. Мұндай саясат кәсіпорын қаржылық қиындықтарға душар болған жағдайда қолданылады.

Қаржы менеджментінің негізгі міндеті – қаржыны  басқарудың Кәсіпорынның стратегиялық және ағымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Нақты бір кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесі көптеген факторларға байланысты болады: меншіктік нысанына, ұйымдық-құқықтық дәрежесіне, салалық және технологиялық ерекшеліктеріне, капитал көлеміне.

Қаржыны басқару  барысында көптеген әдістер қолданылады, солардың ішіндегі негізгілері: болжамдау, жоспарлау, салық менеджменті, сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру, несиелеу, баға саясаты және қаржы құралдарын қолдану (лизинг, факторинг).

Кез-келген қаржыны  басқару жүйесінің қызмет етуі қолданыстағы заңнамалық актілер мен нормативтік  негіздер шеңберінде іске асады. Мұндай құжаттар заңдар мен Президенттің жарлықтарынан бастау алып, әдістемелік нұсқаулармен аяқталады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп берудің қаржылық сипаттағы ақпараттары, тауар және қор биржаларының ақпараттары, несие жүйесінің ақпараттары қолданылады.

Сонымен, кәсіпорынның қаржысын басқару осы саладағы маманнан стратегиялық және ағымды мәселерді шешу үшін терең білімді және жоғары біліктілікті қажет етеді.

Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау 8 суретте көрсетілгендей дайындық кезеңінен басталады, бұл  кезеңде кәсіпорын қызметін қаржылық талдау, сыртқы экононмикалық ортаны болжамдау, қаржылық қаражаттардың түсімі мен шығынын есепке ала отырып кәсіпорынның дамуының болашақ бағдарламасы құру жүргізіледі. [2]

Кәсіпорында қаржылық қаражаттардың күтілетін түсімдер мен шығындары қарапайым, инвестициялық және қаржылық қызметтерінен ақшалай және ақшасыз қаржылық қаражаттардың болжамданылатын ағымдарына негізделіп анықталады.

Дайындық кезеңінде материалдарды  өңдеу сапасы мен кеңдігіне стратегиялық мақсаттарға жету үшін стратегиялық мақсаттар мен стратегиялық міндеттерді  анықтау, кәсіпорынның қаржылық стратегиясын нақты және кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметімен және стратегиялық мақсаттармен байланысты шаралармен толықтыру тәуелді.[3]

Қаржылық жоспарлау мақсаттарын  анықтау мен құрастыру. Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары кәсіпорынның негізгі қызметтеріне және кәсіпорынды қаржылық басқарушы қызметтер алдына қойылатын міндеттер негізінде анықталады. Мұндай міндеттер өндірісті кеңейту үшін немесе өткізудің жаңа нарығын қамту,  бағалы қағаздарға және банктік депозиттерге уақытша бос қаражаттарды орналастырудан максималды табыс алу, жоғары несиқаблеттілікті қамтамасыз ету және рентабельділікті жоғарылату үшін қаражаттар іздеу болуы мүмкін.

Жоспарланатын кезеңде қаржылық жағдайды жетілдірудің негізгі критериін  таңдау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің және кәсіпорын үшін оның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі критериін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді анықтаудың негізгі критериін бекітуге негізделеді. Критерий ретінде қаржылық жоспарлаудың объектілерінің бірі таңдалуы мүмкін – төлемқабілеттілік, несиеқабілеттілік, банкроттыққа ұшырау ықтималдылығы, мүлік, капитал, қаржылық нәтижелер; кәсіпорын қызметін сипаттайтын жеке көрсеткіш, мысалы, дебиторлық несиелік қарыздар қатынасы, кәсіпорын ағымдағы өтімділігі, сату рентабельділігі; біріктірілген кешенді көрсеткіш, Дюпон формуласы бойынша интегралды көпфакторлы нәтижелі көрсеткіш Альтманның Z-шоты сияқты көрсеткіштер. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі критериі қаржылық жоспарлаудың объектілерінің бірі болуы мүмкін.[4]

Қаржылық стратегияны қалыптастыруға байланысты ұсыныстарды сапалы және сандық бағалау, оларды жасау. Ұсыныстар объектілер (табыстар мен қаражаттардың түсімі, қаражаттар шығыны мен аударымдары, бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен қарым-қатынастар) және қаржылық стратегияның құрамдас бөліктері (негізгі және айналым қаражаттарын жетілдіру, капиталды басқару,  табысты бөлу, қолма-қолсыз есеп-айырысу, салық менеджменті, бағалы қағаздар облысында саясаты) бойынша жасақталады. Қаржылық стратегияның көп нұсқаулылығы жоспарланатын кезеңде нақты экономикалық орта дамуының белгісіздігімен және кәсіпорынның кез келген ықтималды жағдайға дайын болу қажеттілігімен шартталады.

Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының нұсқаулары бойынша болжамды қаржылық есептемені құру талдантын кезең аяғына қаржылық есептеме мәліметтері негізінде жасалады. Қаржылық стратегияның әр нұсқауы бойынша әр бап бойынша ұсыныстарды сандық бағалау және олардың кәсіпорын балансына әсер етуін бағалау негізінде кәсіпорын көрсеткіштерінің болжамды мәндері есептеледі. Нәтижесінде ұсыныстардың қанша нұсқаулары болды, сонша болжамды қаржылық бухгалтерлік есептеме жасалады. Бухгалтерлік қаржылық есептеменің сәйкес баптар көлемдерінің жоғарылауы не төмендеуі есептемеснің қаржылық көрсеткіштеріне ұсыныстардың әсер етуіне тәуелді болады.[5]

Таңдалған ұсыныстарды енгізуді есепке ала отырып кәсіпорынның болжамды жағдайын қаржылық талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру критерийлеріне жетуді тексеру мақсатында орындалады. Кәсіпорынның болжамды қаржылық жағдайын талдау толық көлемде жүргізілуі және жетілдірудің негізгі критерийлерінің көрсеткіштерін есептеуді ғана қарастыруы мүмкін.

Жоспарланған кезеңге кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі  критерийлеріне жетуді бағалау қаржылық стратегияның әр нұсқауы бойынша таңдалған ұсыныстарды енгізуді есепке ала отырып, кәсіпорынның болжамды жағдайын қаржылық талдау нәтижелері негізінде жүргізіледі.

Кәсіпорынның жоғары басшылығымен Қаржылық стратегияның бекітілуі. Қаржылық стратегия нұсқаулары өңделіп, қаржылық қызметтер оларды бағалап және есептеп, нақты орындаушылар мен ұсыныстарды өткізудің нақты мерзімдері жазылғаннан кейін жүргізіледі.

 

1кесте.

2011 жылғы қыркүйектегі ірі және орта кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

мың теңге

 

Өнімдерді  өткізуден  және қызметтер көрсетуден  
түскен кіріс                                                                                                                                                                                                                          

 
Өткізілген өнім мен көрсетілген  қызметтердің өзіндік құны

Өндірістік  емес шығыстар

Салық салынғанға дейінгі пайда (залал)        

Өндіріс пайдалылығы (залалы),  %

 

Қазақстан Республикасы

1 680 775 541

1 030 743 782

361 231 150

405 611 676

29,1

Ақмола

24 207 944

21 575 920

5 286 696

-418 537

-1,6

Ақтөбе

91 550 143

53 967 674

23 620 708

16 966 496

21,9

Алматы 

39 255 190

29 818 229

8 028 411

2 377 791

6,3

Атырау

272 460 437

133 314 364

70 351 484

100 298 543

49,2

Батыс Қазақстан

73 308 628

30 427 425

7 359 547

35 828 736

94,8

Жамбыл

9 902 176

8 015 817

2 445 547

23 668

0,2

Қарағанды

111 878 302

74 338 383

17 915 722

23 252 237

25,2

Қостанай

47 831 180

30 737 662

5 936 792

12 608 444

34,4

Қызылорда

76 171 742

25 071 468

24 808 436

45 259 802

90,7

Маңғыстау

107 603 659

55 358 043

23 509 362

30 973 679

39,3

Оңтүстік Қазақстан

77 718 681

42 629 821

8 078 028

28 336 837

55,9

Павлодар

68 975 371

46 853 360

6 432 811

16 828 632

31,6

Солтүстік Қазақстан

17 376 944

14 924 731

2 388 814

385 164

2,2

Шығыс Қазақстан

71 929 500

51 645 767

16 913 201

9 382 650

13,7

Астана қаласы

255 103 433

173 457 275

67 125 503

35 957 426

14,9

Алматы қаласы

335 502 211

238 607 843

71 030 088

47 550 108

15,4

Информация о работе Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері