Өткізуден түскен
түсім қаражаттардың айналымдылығының
аяқталуын білдіреді. Өткізуден түскен
түсім түспестен бұрын өндіріс шығыстары
және айналыстары айналым қаражаттар
көздері есебінен қаржыландырады. Қызметке
алынған қаражаттар айналымының нәтижесі
– шығыстарды өтеу және қаржыландырудың
меншікті көздерін құру: амортизациялық
аударымдар және табыс.
Табыс және амортизациялық
аударымдар өндіріске салынған
қаражаттар айналымының нәтижесі
болып табылады және кәсіпорынның
меншікті қаржылық ресурстарына
жатады.
Амортизациялық аударымдардың
тағайындалуы – негізгі өндірістік
қорлар мен материалды емес
активтерді ұдайы өндіруді қамтамсыз
ету. Экономикалық мәні бойынша
амортизация – бұл негізгі
құралдар және материалды емес
активтер (сонымен қатар құны
аз және тез тозатын заттың)
құнының олардың өндірілетін
өнімдерге және тозу мөлшеріне
байланысты біртіндеп көшіру
процесі. Бұл инвестициялық процесті
қаржыландырудың мақсатты көзі.
Экономикалық
категория ретінде табыс – бұл қосымша
еңбекпен қалыптастырылған таза табыс.
Табыс кәсіпкерлік қызметтің қаржылық
нәтижелерін сипаттайтын экономикалық
көрсеткіш болып табылады. Бұдан басқа,
табыс арқылы оны бөлу және пайдалану
процесінде материалды қызығушылық қағидасы,
сонымен қатар материалды жауапкершілік
қағидасы орындалады. Кәсіпорын қолында
қалатын табыс – бұл оның қажеттіліктерін
қаржыландырудың көп мақсатты көзі, бірақ
оны пайдаланудың негізгі бағыттарын
жинақтау және тұтыну ретінде анықтауға
болады. Жинақтау және тұтыну табысты
бөлу пропорциясы кәсіпорынның даму перспективасын
анықтайды.
Табыс экономикалық
мазмұны бойынша түрлі қажеттіліктерді
қаржыландыру көзі болып табылады.
Оны бөлгенде мемлекет түрінде
жалпы қоғам мүдделері, кәсіпорынның
кәсіпкерлік мүдделері және оның
жеке қызметкерлерінің мүдделері
қиылысады. Амортизациялық аударымдарға
қарағанда табыс кәсіпорын қолында
толығымен қалмайды, салық түріндегі
оның маңызды бөлігі бюджетке
түседі, ал ол кәсіпорын мен
мемлекет арасында таза табысты
бөлу бойынша қаржылық қатынастар
сферасын анықтайды.
Бұл табыстың бөлігінен
кейін қалдық бөлу – кәсіпорынның артықшылығы.
Жинақтауға бағытталатын
амортизациялық аударымдар мен
табыс бөлігі кәсіпорынның ақшалай
ресурстарын құрайды. Олар кәсіпорынның
өндірістік және ғылыми-техникалық
дамуына, қаржылық активтердің –
бағалы қағаздарды сатып алу,
басқа кәсіпорындардың жарғылық
капиталына салымдар ретінде
қолданылады. Жинаққа пайдаланылатын
табыстың басқа бөлігі кәсіпорынның
әлеуметтік дамуына бағытталады.
Табыстың бір бөлігі тұтынуға
пайдаланылады, оның нәтижесінде
кәсіпорын мен тұлғалардың арасында
қаржылық қатынастар туындайды.
Табысты бөлу арнайы
қорлар (жинақ қоры, тұтыну қоры,
резервтік қорлар) құру жолымен
немесе жеке мақсаттарға таза
табыстарды тікелей шығыстау
жолымен жүргізілуі мүмкін. Бірінші
жағдайда кәсіпорында қаржылық
жоспарға қосымша ретінде тұтыну
және жинақ қорын шығыстаудың
қосымша смета жасалады. Екінші
жағдайда табысты бөлу қаржылық
жоспарда көрсетіледі.
Жинақ қоры ғылыми-зерттеу,
жобалық, конструкторлық және технологиялық
жұмыстарға, өнімнің жаңа түрлерін,
технологиялық процестерді жасау
және қамтуға, технологиялық реконструкция,
ұзақ мерзімді қарыздар және
ол бойынша пайыздарды өтеумен,
қысқа мерзімді қарыздар бойынша
пайыздарды өтеумен байланысты
шығыстарға, табиғатты қорғау шараларын
өткізу бойынша шығыстарға, басқа
кәсіпорындардың жарғылық капиталын
құруда қатысушылардың салымдары
ретінде жарналарға, егер кәсіпорын
бірлестіктер, ассциациялар, концерндер
құрамына кірсе, оларға жарналарға
және т.б. жұмсалады.
Тұтыну қоры әлеуметтік
даму мен әлеуметтік қажеттіліктерге
жұмсалады. Оның есебінен кәсіпорын
балансында орналасқан әлеуметтік-тұрмыстық
бағытындағы объектілерді пайдалану
бойынша шығыстар, өндірістік емес
бағыттағы объектілердің құрылысы,
денді сауықтандыратын және мәдени-массалық
шараларды жүргізу, материалды көмек
көрсету, кейбір әлеуметтік сыйақылар
төлемдері қаржыландырылады.
Табыс – резервтік
қорды құрудың негізгі көзі. Бұл
капитал шаруашылық қызметтен
мүмкін болатын шығындар мен
зияндарды өтеу үшін арналған.
Резервтік капиталды құру тәртібі
кәсіпорын қызметін реттейтін
нормативтік құжаттармен, сонымен
қатар оның құрылтайшы құжаттармен
анықталады.
Қазіргі шаруашылық
жүргізу жағдайында кәсіпорындарда
амортизациялық аударымдар мен
табысты бөлу және оны пайдалану
арнайы ақшалай қорларды құрумен
байланысты болмайды. Амортизациялық
қор құрылмайды, табысты арнайы
бағытталған қорларға бөлу кәсіпорын
қолында болады, бірақ кәсіпорынның
қаржылық ресурстарын пайдалануды
көрсететін бөлу процестерін
мәнін ауыстырмайды.
Кәсіпорын қаражаттарының
көзі ретінде қосымша капитал
негізгі құралдар мен басқа
материалды құндылықтарды жоғары
бағалау нәтижесінде қалыптастырылады.
Нормативтік құжаттар оны тұтыну
мақсаттарына қолдануға тиым
салынады.
Қаражаттардың арнайы
көздері әлеуметтік бағыттағы
және мақсатты қаржыландыру қорлары
болып табылады: қайтарымсыз алынған
құндылықтар, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени
және коммуналды-тұрмыстық бағыттағы
объектілерді ұстаумен байланысты
өндірістік емес қызметті қаржыландыруға,
толық бюджеттік қаржыландыруда
тұрған шығыстарды қаржыландыруға
қайтарымсыз және қайтарымды
мемлекеттік қаржы бөлу.
Қатынас ретінде кәсіпорын
қаржылары шаруашылық қызмет
процестерінде қалыптасқан экономикалық
қатынастар бөлігі болып табыла-тындықтан
оларды ұйымдастыру қағидалар
кәсіпорынның шаруашылық қызмет
негіздерімен анықталады. Осыған
байланысты қаржыларды пайдалану
қағидаларын келесідей қалыптастыруға
болады:
- коммерциялық-шаруашылық
есеп (қаржылық қызмет саласындағы
дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі
қаржыландыру, қаржы-шарушылық қызме-тінің
қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері
үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне
бақылау жасау);
- жоспарлылық;
- меншіктің барлық нысандарының
теңдігі;
- қаржы резервтерінің болуы
.
1. Коммерциялық (шаруашылық)
есеп – кәсіпорындар мен ұйымдардың
шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің
негізге алынатын қағидаты мен
басты әдісі. Коммерциялық есеп
қағидаты кәсіпорынға оның қызметі
үшін, оның жарғылық капиталын
құрайтын қажетті негізгі және
айналым құралдары (капиталы) тұрақты
пайдалануға бөліп берілетінін
білдіреді. Шаруашылық жүргізудің
әдісі ретіндегі коммерциялық
есеп қағидаты шығындарды шаруашылық
қызметтен алынған табыспен өлшеуді
және табыс алуды талап етеді.
Коммерциялық есептің
айқындаушы қағидаттары өзін-өзі
өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру
болып табылады.
Өзін-өзі өтеушілік
– шаруашылық жүргізудің негіз
қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның
өз өнімін (орындалған жұмыстарды,
көрсетілген қызметтерді) өткізуден
түсетін түсім-ақша есебінен оны
өндіру және жеткізілім жөніндегі
бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді.
Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі
шегі – залалсыздық, яғни кірістер
мен шығыстардың сандық теңдігі.
Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке
жету – кәсіпорын өнім өндіруді
игеру, шаруашылық процестерді күйіне
келтіру, нарықтық ортаға бейімделу
кезіндегі кәсіпорын қызметінің
бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық
қатынастар жағдайында жақсы
даму перспективасы бар немесе
басым маңызы бар шаруашылықтар
сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан
кәсіпорын рентабельді жұмыс
істеуі тиіс; бірінші жағдайда
олардың кредит ресурстарын пайдалану,
екіншісінде бюджеттік қаржылан-дыруды
пайдалану мүмкіндігі бар.
Өзін-өзі қаржыландыру–нарықтық
экономика жағдайында кәсіпорын-дардың
шаруашылық қызметінің табысты
болуының міндетті шарты. Бұл
қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның
өндірістік-техникалық базасын ұлғайту
жөніндегі шығындардың толық
өтелуіне негізделеді, ол әрбір
кәсіпорын өзінің ағымдағы және
күрделі шығындарын меншікті
көздері есебінен жауып отыратындығын
білдіреді.
Өзін-өзі қаржыландыру
кәсіпорындардың толық қаржы
дербестілігімен және жауапкершілігімен
тығыз байланысты. Оларға өздерінің
меншікті ресурстарын өз бетінше
ұйымдастырып басқаруға, тартылатын
және қарыз қаражаттарын іздестіріп,
айналымға салуға құқық берілген.
Мемлекет кәсіпорындардың қаржы
ресурстарын қайта бөле алмайды.
Қаржы қатынас-тарын мемлекет
тарапынан реттеу бюджетке салық
алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың,
валюталық түсім-ақшаны бөлудің,
бағалы қағаздарды өткізудің, шығындары
өзіндік құнға жатқызудың және
т.б. жүйесі мен тәртібін белгілеу
арқылы жүзеге асырылады.
Қаржылық жауапкершілік
пен мүдделік – бір процестің
– шаруашылық жүргізудің тиімділігін
арттырудың ынталандырмаларын жасау
мен іске асыру процесінің
екі жағы.
2. Жоспарлылық қағидаты
кәсіпорынның қаржылық қызметі
өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне,
оларға жетудің белгіленген әдістеріне
жетудің дәйектілігі мен мезгіліне
қарай оның параметрлерін есептеу
арқылы алдын ала қарастырылатынын
білдіреді.
3. Кәсіпорындар мен ұйымдар
меншігінің барлық нысандарының
теңдігі қағидаты қатынастардың
тұрақтылығы мен меншіктің түрлі
нысандары – мемлекеттік, жеке
меншік, шетел мемлекеттерінің және
олардың заңи ұйымдары мен
азаматтарының, халықаралық ұйымдардың
нысандары дамуының мемлекет
кепілдігінде жүзеге асырылады.
Меншіктенуші өз білгенінше өзінің
мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады
және басқарып ұйымдастырады, оған
қатысты заңға қарсы келмейтін
кез келген іс-әрекет жасайды,
мүлікті кез келген шаруашылық
және заңмен тиым салынбаған
өзге де қызмет үшін пайдаланады.
4. Кәсіпорындардың қаржысын
пайдалануды ұйымдастырудың қажетті
қағидаты – басқарудың барлық
деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің
(резервтік капитал, тәуекел қоры)
болуы. Қаржы резервтері әр түрлі
әдістермен өндірістік және әлеуметтік
қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда
немесе табыстан тұрақты нормативтер
бойынша аударымдар арқылы жасалуы
мүмкін. Қаржы резерві уақытша
болатын қаржы қиыншылықтарын
жоюға және шаруашылықтардың
қызметіне қажет қалыпты жағдайларды
қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте
қаржы жоспарында қаралмайтын
өндірістік және әлеуметтік дамумен
байланысты шығындарды қаржылан-дыруға
арналған.
Кәсіпорынның қаржы
ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктері
Кәсіпорыннның сәтті
қызметі қаржы ресурстарын тиімді пайдаланусыз
мүмкін емес. Қаржы ресурстарын рационалды
пайдалануды қажет ететін мақсаттар төмендегідей:
- кәсіпорынның бәсекелестік
жағдайда өмір сүруі;
- банкроттықтан және
ірі қаржылық сәтсіздіктен қашу;
- бәсекелестермен күресте
көшбасшылық;
- кәсіпорынның нарықтық
құнын жоғарылату;
- кәсіпорынның экономикалық
потенциал өсімінің қолайлы қарқыны;
- өндіріс пен өткізу
көлемдерінің өсімі;
- табысты жоғарылату;
- шығындарды төмендету;
- рентабельді қызметті
қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорын таңдаған
мақсатқа жету көбіне кәсіпорынның
қаржы ресурстарын пайдаланудың
жетілгендігіне тәуелді болады.
Қаржы ресурстарын
басқару қызмет ету қисыны 2 суретте
көрсетілген.
Шаруашылық жүргізуші
субьектінің қаржы ресурстарын
пайдалану жүйесінің ұйымдастырушылық
құрылымы, сонымен қатар оның
оның кадрлық құрамы кәсіпорынның
мөлшеріне, оның қызметінің түрлеріне
байланысты әр түрлі әдістер
арқылы құрылуы мүмкін. Ірі компания
үшін қаржылар бойынша вице-президентпен
басқарылатын және құрамында
бухгалтерия мен қаржылық бөлімі
бар арнайы қызметті бөлген
жөн. Шағын кәсіпорындарда қаржылық
менеджердің рөлін көбіне бас
бухгалтер атқарады .
Кәсіпорынның қаржы
ресурстарын пайдалануды тәжірибеде
мамандан-дырылған ұйымдастырусыз
жүргізу мүмкін емес.
Кәсіпорын мен корпорацияларды
басқарудың қаржылық механизмі
– бұл оның экономикалық және
әлеуметтік даму міндеттерін
шешу мақсатында қаржыларды пайдаланудың
нысандары, әдістері мен тәсілдерінің
жиынтығы. Мемлекеттің басқарушы
ісіне әсер етуі ретінде қаржылық
механизммен басқарушылық шешімдерді
қабылдау процесі өте тығыз
байланысты. Мысалы, салықтық жоспарлау
көмегімен салықтық ауыртпалықтың
төмендеуі, негізгі құралдардың
амортизациясын жеделдету жүйесін
қолдану және т.б.
Кәсіпорындар мен корпорацияларда
қаржылық механизмнің әрекет
етуінің негізгі қағидалар болып
келесілер табылады: кешенділік, функционалдылық,
біркелкілілік және бейімденушілік
.
Кешенділік – бұл
бір-біріне қосымша болатын қызметті
реттеуші қаржылық тетіктерді
қолдану. Мысалы, өнімді, қызметті өткізуден
түскен түсімді қалыптастыру
мен пайдалану бюджеттік жүйе
мен мемлекеттік бюджеттік емес
қорлар, инвестициялар мен инновацияларды
қаржыландыру төлемдерімен тығыз
байланысты.