Кәсіпорын каржылык стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2012 в 06:10, курсовая работа

Краткое описание

Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуекелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылыра, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Ішкі факторлар кәсіпорының өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорының тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылад

Содержание

Кіріспе…………………………………………………….….......................……..3

1.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.............................………………………….4
1.1 Қаржылық стратегияның түрлері мен негізгі қағидалары…………………4
1.2 Қаржылық стратегияның қалыптастыру үрдісі мен құрылу кезеңдері…...7
1.3Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының экономикалық мәні мен мақсаты……………………………………………………………………...…...14

Қорытынды……………………………………………………………........……19

Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………......................…………....21

Вложенные файлы: 1 файл

кәсіпорын каржылык стратегиясы.doc

— 169.00 Кб (Скачать файл)

 

1.3. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының экономикалық мәні мен мақсаты.

 

Қаржылық стратегияны  шығаруда кәсіпорынның тиімді әдістерді  қолдану (кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызмет саласында көрінуі мүмкін шындыққа жанасатын тенденциялар) қажет. Ірі кәсіпорындарда тиімді қаржылық стратегияны құрастыруда ескеруді қажет ететін негізгі макро және микроорта  факторын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның  қаржылық стратегиясы үлгілеу келесі негізгі өткізу принципі арқылы жүзеге асады:

  • кәсіпорынның тұрақты дамуы үшін қабылданған стратегиясының жүзеге асуымен байланысы;
  • қазіргі таңдағы теориялық үлгіге негізделу;
  • кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын есептеу мен оларда болатын өзгерісті болжау;
  • стратегияны құрудың көп нұсқалығы.

Қаржылық стратегияны  қалыптастырудың жалпы схемасы, келесі кезеңдерден тұрады:

  • ашық жүйе ретінде кәсіпорынды сипаттау;
  • стратегиялық мақсатты шығару;
  • стратегиялық нұсқаларды шығару;
  • нұсқаларды таңдау критерилерін анықтау;
  • қаржылық стратегияның нұсқаларын таңдауды нақтыландыру;
  • қаржылық стратегияны өңдеу, оны қабылдау мен жүзеге асыруға дейін жеткізу;
  • стратегияны жүзеге асырудың ұйымдастыруын бақылау.

Кәсіпорынның  барлық қаржылық қызметін қамтып, яғни: айналым және негізгі құралдарды оптимизациялау, инвестициялық саясат пен ақшалай есептесу, қаржылық стратегия нарықтық қатынастардың объективті заңдылықтарын зерттейді, жаңа жағдайларға бейімделіп дамудың жаңа формаларын шығарады.

Кәсіпорынды  қаржыландыру  көздерін  таңдау   барысында  келесідей  бес  негізгі  міндеттерді  шешу  қажет:

    1. қысқа  және  ұзақ  мерзімді  капиталға  деген  қажеттілікті  анықтау  керек;
    2. оңтайлы құрылымын  анықтау  мақсатында  қаражаттардың  активтері  мен  пассивтерінің  құрамын  анықтау  керек;
    3. кәсіпорынның  тұрақты  төлемқабілеттілігін  және  сәйкесінше  қаржылық  тұрақтыоығын  қымтамасыз  ету  керек;
    4. максималды  пайда  әкелетіндей  етіп  кәсіпорынның  өз  және  қарыз  қаражаттарын  пайдалану  керек;
    5. шаруашылылық  қызметті  қаржыландыруға  деген  шығындарды  төмендету керек.

Қаржылық стратегия  қаржылық ресурстарды қалыптастыру тәжірибесі мен әдістерін өзіне  қамтиды, қаржылық ресустарды жоспарлау  мен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның жан - жақты  қаржылық мүмкүндіктерін ескеріп, сыртқы және ішкі факторларға объектівті баға беріп, нарықта қалыптасқан жағдайларға байланысты қаржылық стратегия  кәсіпорынның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктердің сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамысыз етеді, қаржылық стратегия ұзақ мерзімді қаржылық қызметті анықтайды және оның жүзеге асуының тиімділігін талдауды көздейді. Қаржылық стратегияның мақсаттары кәсіпорынның нарықтық бағасы мен табысының максималды бағытталуы мен экономикалық дамудың жалпы стратегияға бағынышты болуы керек.

Кәсіпорынның  қаржы  ресурстары-шаруашылық  субъектінің  иелігіндегі қаражаттар  жиынтығы.

Қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржылық саясатын келесі негізгі қаржылық қызмет бағыты бойынша анықталады:

  • салықтық саясат;
  • бағалық саясат;
  • амортизациялық саясат;
  • дивиденттік саясат;
  • инвестициялық саясат.

Қаржылық стратегияны  қалыптастыру процесінде ішкі ресурстарды  мобилизациялау, өнімнің өзіндік  құнын төмендету, табысты бөлу мен  қалыптастыру, капиталды тиімді қолдану  және т.б. өндірістік  өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлінген.

Қаржылық стратегияны  қалыптастырудағы басты назар тәуекел  факторын есептеу болып табылады. Қаржылық стратегия төлем қабілетсіздік  тәуекелі, инфляциялық өзгерістер, қаржы нарығының тәуекелдерін ескеріп  отырады.

Экономикалық  даму стратегиясы негізгі мақсаттары мен құралдарынның оларға жетудің жиынтығы болып табылады. Стратегиялық жоспарлау болашақ мүмкіндіктерді бірыңғай болжау әдісі, мақсатты қызмет бағытын анықтауға көмектеседі. Параметрлердің ағымдағы мәнін талдау мен оларды болжау, ресурстар мен назарды жинақтауда  приоритеттік бағыт – стратегиялық фокусты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның  приоритеттік сферасы шектеулі болуы  керек, себебі бір кезекте бірнеше  стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру  мүмкін емес.

Стратегиялық жоспарлаудың негізгі принципі – жоспарлаудың көп нұсқалық есептеулер болып табылады. Қажетті стратегиялық мақсаттар мен ағымдағы жағдайлардың араларындағы сәйкесіздік мақсатқа жетудің көптеген жолдарымен анықталады. Тәуекелдер мен сыртқы ортаның дамуының анықталмағандығын ескере отырып бірегей даму стратегиясын таңдау мүмкін емес.

Кешенді стратегиялық құрастыру үлкен мәнге ие, себебі әр түрлі альтернативті нұсқа  қаражаттың көптеген сұрақтардың талдауын қарастырады, ресурстары мен ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сандық және уақыттық келісімдер мен анқытау.  Стратегияны жүзеге асыру тұрақтылығын кепілдендіретін нақты мақсатқа жету үшін ресурстарды бөлу, бірақ та маневрлік мүмкіндікті шектейді.

Кәсіпорынның  қаржылық стратегияның экономикалық мәні қаржы саласында іскерлік қарым-қатынастарды жүзеге асыру барысында өз ара байланыста кәсіпорынның қаржылық қарым-қатынастағы экономикалық субъектілер мен  мемлекеттік органдарымен шарттасқан.

    Кәсіпорының  қаржылық стратегиясы перспективалы  мақсаттарға жету үшін  қажетті кәсіпорынның қаржылық ресурстарының потенциалын қолдану мен құрастыру саласындағы дамуының жалпы концепциясына байланысты іс шаралардың күрделі көп факторлы үлгісін көрсетеді.

Кәсіпорынның  қаржылық концепция базасын құрастыру  кәсіпорынның ақша айналымын тиімді басқаруымен байланысты және ақша қаражаттарын белгілі бір пропорциясында қалыптастыру мен қаржылық ресурстарды мақсатты жұмылдыруды жүзеге асырады.

Кәсіпорынның  қаржылық стратегиясы келесілерді  қамтиды:

  • қаржылық ресурстарды тиімді қолдану мен қалыптастыру;
  • инвестициялар мен шоғырландырылған қаржылық ресурстардың тиімді  бағыттарын анықтау;
  • кәсіпорынның материалдық мүмкіндіктері мен экономикалық жағдайдың қаржылық қызметіне сәйкестігі.
  • бәсекелестіктердің үстемдігіне жету маневрлігі мен қаржылық қызмет бағыттарын дұрыс таңдау, бәсекелестіктердің  жағдайынан негізгі қауіпті анықтау;
  • стратегиялық резервтерді дайындау мен құру;
  • мақсатқа  кезең бойынша жету.

Кәсіпорын қаржыларын  ұйымдастыру  негізгі  принциптері:

Қаржылық шаруашылық  қызметтегі  дербестік,қаржы  резервтерін  жасау.

Кәсіпорынның  қаржылық стратегиясы келесі мақсатты бағыттары бар:

1) кәсіпорынның  қызметін ақша қаражаттар мен  қаржылық ресурстармен қамтамасыз  ету;

2) негізгі қызметтен  және басқа да қызметтерден  түскен табысты ұлғайту;

3) кредиторлар  мен дебиторлар, банктермен, бюджеттік  емес қорлармен, бюджетпен қаржылық  қарым қатынасты ұйымдастыру;

4) шығындар мен  кірістердің нақты баланысталуын  қамтамасыз ету;

5) қаржылық тұрақтылық  пен төлем қабілеттілікті қамтамасыз  ету.

Қаржылық стратегия мәселелері: 

  • қаржылық мүмкіндіктерді тимді қолдану әдістерін анықтау;
  • үшінші тұлғалар мен перспективалы қаржылық қарым қатынасын анықтау;
  • инвестициялық және операциялық қызметті қаржылық қамтамасыз ету;
  • ықтимал бәсекелестердің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін зерттеу, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша іс шаралар жүргізу.

Қаржылық жоспарлау  негізі ретінде қаржылық стратегияны  жүзеге асыру мен өңдеу келесі құралдарды қолданыға негізделеді:

  • қаржылық басқару – қаржылық талдау, бюджеттеу, қаржылық бақылау;
  • қаржылық қызмет нарығы – факторинг, сақтадыру, лизинг.

     Қаржылық  жоспарлау-  кәсіпорынның  табыстары   мен  шығындарының  өзара   байланысы  қамтамасыз  ететін  және  оның  қаржылық  тиімділігін   арттыруға  мүмкіндік  беретін  қаржы  ресурстарының  қалыптасуы  мен  пайдаланылуы  бойынша  іс  әрекеттерді  жоспарлау.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі көрсеткіштерді анықтайды, пропорциялар мен кеңейтілген темпте және кәсіпорынның басты мақсатының негізгі формасы болып табылады.

Қаржылық  жоспар  стратегиялық  ,ағымдық,оперативті  жоспардың  құраушы  бөлігі   болып  табылады.

Ағымдық  қаржылық  жоспарлаудың  негізі  табыстар  мен  шығыстардың балансы,ақша  қаражаттарының  қозғалысының  жоспары  және  пайда  мен  зиян  жоспары  болып  табылады.

Оперативті  қаржылық  жоспарлау  төлем  күнтізбесін  ,кассалық  жоспар  және  қысқы  мерзімді  несиеге  қажеттіліктердің  есебін құруға  негізделген.

Қаржылық жоспаралау жоспарлардың ерекше түрі ретінде көрсету  келесілермен шартталған:

  • өндірістің материалды-заттай элементі ретінде ақша қаражаттардың қозғалысының қатысты жауапкершілігі;
  • өндіріске ақша бөлумен байланысты активтер;
  • қаржылық ресурстарды бөлуде басқарушылық шешімдерді қабылдау қажеттілігі.

Қаржылық жоспарлаудың күрделі схемасы көптеген мәселелерді шешу қажеттілігімен шарттасады, сонымен қатар жоғарыда аталған жалпы схемадан басқа қаржылық бағытталған жоспар болады. Олар:

  • ғылыми зерттеу мен тәжірибелі конструкторлық жұмыс жоспары, өндіріс, өткізу, материалды-техникалық және қаржылық жоспарлау;
  • өндірістік бөлімшелердің, еншілес кәсіпорындар, холдингтердің  қаржылық жоспары.

Қаржылық жоспарлау  білім мен материалдарды, еңбек  және ақша ресурстарын қолдану бойынша  қажетті бақылаумен қамтамасыз ету  және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін жағдай жасау. 
Ол шаруашылық қызметті жоспарлау мен байланысты және  жоспардың басқа да көрсеткіштерінен тұрады (өткізу мен өндіру көлемі, өндірістің сметалық шығындары, капитал салымының жоспары және т.б.). Бірақ қаржылық жоспарлауды жасау  қаржылық көрсеткіштерді қарапайым арифметикалық жолмен қайта есептеу ғана емес.

Жобаның қаржылық жоспарлауды құрастыру процесінде өндірістік жоспар көрсеткіштеріне  творчествалық әдіс қолданады. Ішкі қаржылық резервтерді ескермегендер  мен кәсіпорынның өндірістік потенциалын  тиімді қолдану әдістерін анықтау, материалдар мен ақша ресурстарын рационалды жұмсау, шығарылатын өнімнің тұтынушылық құрамын жоғарлату және т.б.

Қаржылық жоспарлауды  құрастыру мен өткізілген өнімге өнімді өткізуден түскен табыс, ақша жинақтары, амортизация, қаржыландыру көздері мен көлемі, жоспарланған кезеңдегі инвестициялар, айналым қаражаттарына қажеттілігі мен оларды жабу көздері, табысты қолдганумен қайта бөлу, бюджет, банкпен арақатынастарға кететін шығындармен байланысты анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қаржылық стратегияны  қалыптастыру процесінде ішкі ресурстарды мобилизациялау, өнімнің өзіндік құнын төмендету, табысты бөлу мен қалыптастыру, капиталды тиімді қолдану және т.б. өндірістік  өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлінген.

Қаржылық стратегияны  қалыптастырудағы басты назар тәуекел факторын есептеу болып табылады. Қаржылық стратегия төлем қабілетсіздік тәуекелі, инфляциялық өзгерістер, қаржы нарығының тәуекелдерін ескеріп отырады.

  Экономикалық даму стратегиясы негізгі мақсаттары мен құралдарынның оларға жетудің жиынтығы болып табылады. Стратегиялық жоспарлау болашақ мүмкіндіктерді бірыңғай болжау әдісі, мақсатты қызмет бағытын анықтауға көмектеседі.

      Қаржылық стратегияны құрастыру -  бұл экономикалық дамудағы жалпы стратегияның бөлігін және ол оның бағыттары мен мақсаттары сәйкес келеуі керек. Сонымен қатар,  қаржылық стратегия кәсіпорынның жалпы экономикалық стратегиясына бір қатар әсерін тигізеді, себебі кәсіпорынның стратегиясының дамуы қаржылық нарықтың қаржыны жұмсауды ғана емес макро деңгейдің де өзгеруіне байланысты.

Информация о работе Кәсіпорын каржылык стратегиясы