Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 15:30, дипломная работа

Краткое описание

Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды–инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау [7].
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19

«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28

«ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау 28

«ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42

КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату 48

Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48

3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56

ҚОРЫТЫНДЫ 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 65

ҚОСЫМШАЛАР 67

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорын-өнімінің-бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру.doc

— 712.50 Кб (Скачать файл)

Президенттің стратегиясына сәйкес біздің мемлекет қысқа уақытта әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына енуі қажет. Кейбіреулері       біздің ел дамыған мемлекеттердің қатарына кіргеннен кейін өмір сүру деңгейі автоматты түрде Жапония, Ұлыбритания, АҚШ деңгейлеріне      жетеді деп ойлайды. Алайда, бұл жол ауыр ұрынуға болатын тастарға        бай. Аналитиктер біздің ел БСҰ-ға кіргеннен кейін көптеген отандық компаниялар бәсекелестерге шыдамай, көп ұзамай банкротқа ұрынады деп бекітеді.

Тұтынушылар Ұлттық лигасы мен Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар Ассоциациясының мамандарының мақұлдауы бойынша БСҰ-ға кірген кезде отандық кәсіпорындардың өнім мен қазметтің сапасы және бәсеке қабілеті үлкен мағынаға ие болады.  Ең жақсы «елулік» мемлекетке кіргендегі қазақстандықтардың өздері де маңызды роль ойнаулары керек.

Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар Ассоциациясына 30 отандық компаниялар мен фирмалар кіреді. Бірақ көптеген қазақстандық өндірушілер мен қызмет берушілер бұл қатарға кіруге қорқады ─ тұтынушылар алдындағы көп міндеттерді өз иықтарына артуға тура келеді. Одан басқа, мінсіз бизнесті қалыптастыру үшін  елеулі ақша-қаражат қажет, ал олар тез арада ақталмайды. Сонымен бірге, жасырудың не қажеті бар, қазақстандық өндірушілердің көптеген өнімнің сапасы әлемдік стандарттарға тіпті жақындамаған.

 Біздің елде отандық нарықта ұсынылған тауар мен қызметтің сапасын көтеретін механизмдер әлі де қалыптаспаған. Көптеген жағдайда өндіруші тұтынушының қажеттілігі не, оның қажеттілігін қанағаттандыруы үшін тауар мен қызметтің сапалық және бағалық параметрлері қандай болу керек екендігі білмейді. Қазақстандық өндірушілер сатып алушымен кері байланысты орнатуды құнттамайды. Біздің мемлекетте  отандық өндірушілерге халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік беретін нақты бәсекеге қабілетті стандарттар жүйесі де жоқ.

Әрине, мұның бәрінде тек қана өндірушілерді кінәлауға болмайды. Мұнда мемлекеттің де, біздің, тұтынушылардың кінәсі да бар. Кей жағдайда алданған тұтынушылар өз құқықтарын сотта қорғайды. Қалғандары бір тауарда алданып, екінші тауарды сатып алады және өз ақшаларын сол қиянатшыл бизнеске салады. Дөрекілеу шындық: әрбір медальдың екі жағы бар. Сондықтан, Қазақстанның БСҰ-ға кіруі отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін, сонымен қатар, біздің өміріміздің сапасын көтереді.

Сапаны жоғарылату мәселесі ҚР Президентінің «Қазақстанның  әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясында» кең қарастырылады. Тұтынушылар Ұлттық лигасы мен Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар Ассоциациясының мамандарының ойынша отандық компаниялардың сапа стандарттарын тұтынушымен жөнделеген кері байланыс  арқылы жоғарылатуға болады [4].

 

3.2   «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

 

Сүт саласы өнеркәсіптің ірі салаларының бірі және оның үлесіне жалпы ұлттық табыстың 20% көбі келеді. Бұрынғы     КСРО-ның барлық мемлекеттерінен Қазақстан сүт табынының мал басы саны бойынша алдыңғы орындардың бірін алады. Республика мал басынан да, сүт өңдеу көлемінен де Ресей, Белоруссия, Украинадан кейін тұрақты 4 орында [3].

 Сүт және сүт өнімдер нарығының дамуында позитивті және негативті тенденциялар көрінеді. Сүт өндірісінің тұрақты өсуі байқалуда. Орташа жылдық өсімше темпі жоғары – 4,95%. Сонымен  бірге, ұсыныстан гөрі сұраныс жоғары екені белгіленіп отыр. Сүттің      төмен сапасы салдарынан отандық өндірісінің жеткіліксіз ұсынысымен байланысты терең өңделген сүт өнімінің импорты өсіп отыр. Бұл жағдайда сүт ұсынысының өсуі жоғары сапалы шикізат өндірісі мен потенциалды өсуі жоқ ұсақ шаруашылықтар негізінен асырылады.

Ұсақ шаруашылықтар сүтті біркелкісіз өндіріп, көбінесе оны сорттысыз етіп тапсырады.  Бұның бәрі сапасы жоғары сүт өндірісі    үшін қажетті жағдайлардың болмауынан: сүт фермаларының ветеринарлы-санитарлық жағдай, сүтті алғашқы өңдеу үшін арнайы бөлмелер мен оларды сүт құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, т.с.с.

Осылайша, сүт өндірушілердің көбісі  және ондағы қайта өндіру жүйесі сапалы, бәсекеге қабілетті өнім мен өңдеу өнеркәсіп шикізатын өндіруге онша  бағытталмаған7

Сүт сапасын жоғарылату механизмін өздігінен енгізетін шаруашылықтар кейбір қиыншылықтарға ұрынады. Бүгінгі күнге шейін ғылыми негізделген кепілдемелер және ауыл шаруашылығында қолданылатын әдістемелік жұмыстар жоқтың қасында, ал болған күннің өзінде олар осындай маңызды мәселені комплексті шешу талабына сәйкес келмейді және нарықтық жағдайда қолдану қиынға соғады.

Республиканың   ауыл шаруашылық  кәсіпорындарда қолданылатын сүт өнім сапасын жоғарылату бойынша шаралар комплексі (1-сурет):

    • Орындаушыларды, басқарушыларды, мамандарды стандарттармен және басқа  нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;
    • Өнім сапасын жақсарту саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктері туралы ақпараттың берілуі;
    • Өндірістің тиімді технологияларын құру; тайпалық жұмысты өткізу;
    • Өндірісті өнеркәсіптік негізде ұйымдастыру;
    • Сүт өнім сапасын және оның есебін болжау;
    • Материалдық-техникалық базаны құру;
    • Кадрларды оқытып, даярлау;
    • Өнім және жұмыс сапасын бақылау;
    • Жоғары сапалы өнімді өндіруді материалдық ынталандыру;
    • Сүт өнімнің тауарлық өңдеу, сақтау және тасымалдау [8].  

Одан басқа, сүттің өзіндік құны төмендеуі кезінде сиырлардың өнімділігінің өсу заңдылығы байқалады, бұл сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудағы сүт өндірісінің дамуы интенсивті факторлардың артықшылықтарын көрсетеді. Мысалы, Ресейдің Белгород облысының фермаларында  сүт  сиырлардың  концентрациясы  мен өндірісінің интенсивті жоғарылауы 44%-ға  (450-ден 650 басқа),  оның  өнімділігі  63,5%-ға өсті  (3150-ден 5150 кг-ға), ал 1ц сүттің өзіндік құны 5%-ға төмендеді.  Сапалы  сүт  өндірісі  есебінен  өткізілетін  баға  да  15,9%-ға  өсті. Сүт  өндірісінің  интенсивтілігінің  өсуі  сүттің  бәсекеге  қабілеттілігіне де оң әсерін тигізеді. Сүттің бәсеке  қабілеттілігінің  бағалық  индексі  жоғары  болып  сақталады  (5150 кг өнімділігі  кезінде Ақш тауарына қатысты 1,97 және 4255 кг сауылым кезінде Жаңа Зеландиялық тауарға қатысты бірге тең).

 

Сүт сапасы

 

                                           Өндіріс стадиясы      

 

      Сиыр тұқымы             Өндіріс құралының       Санитарлық-гигиеналық                                                                                                                                                

              ↓                                     сапасы                                   шаралар

      Жануардың                               ↓                                               ↓

      ерекшелігі                        Еңбек сапасы                  Әлеуметтік шаралар                 

              ↓                                        ↓                                                ↓

      Сиыр тұқымы           Өндіріс технологиясы       Сапаны экономикалық                 

               ↓                                                                                ынталандыру

      Сиыр тұқымы     


                                                      ↓

                           Тауарлық өңдеу және өткізу стадиясы

                       ↓

    Фермерлік лаборатория      →         Пастерлеу    →                        

         

    Сақтау   →  Транспорттау  →    Зауыттық лаборатория  →

 

                      Экономикалық қарым-қатынастар


Сапаны    бақылау


      Стандарттау және сертификаттау 

                          жүйесі


  Баға қалыптасу мен кредиттеу  жүйесі


    Ақау үшін экономикалық жауапкершілік 

                              жүйесі


                      





Ескертпе - Джумагалиева Ж.Г.     автореферат

«Управление качеством продукции и обеспечение ее конкурентноспособности» 

 

 

 

5-сурет - Ауыл шаруашылық кәсіпорында сүт өнімнің сапасына әсер ететін факторлар.

 

 

Дамыған елдер, сонымен   қатар Ресейдің тәжірибесінен жоғары сапалы сүт өнімдерін өндіру негізі ретінде сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін «ФудМастер» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация жағдайында сүт малшаруашылығының интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу, азық өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет [23].

Сүт малшаруашылығының төмен сапалы өнім өндірісінің негізгі факторлары келесі:  көптеген шаруашылықтарда қажетті материалды-техникалық базаның болмауы; өндірістің ескерген технологиясы; мамандардың біліктілік деңгейінің жеткіліксізідігі; өндірісті басқару мен есептің жетілмегендігі; орындаушылардың орындаған жұмысына жауапкершіліксіздігі; өнім мен жұмыс сапасының жүйелік бақылаудың болмауы; т.б.

Сапасы төмен сүт өндірісінің себептерін шешу өнім сапасын жоғарлату практикасында маңызды роль атқарады [8].

Қалыптасқан жағдайда ішкі нарықта сүт өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату кәсіпорынның инновациялық қызметіне тікелей байланысты. Ол өнімнің жаңа түрлерін игеріп өңдеу, сапаның жоғары деңгейін және бағалық артықшылықтарын қамтамасыз етеді, сыртқы нарықтарға белсенді өту үшін жағдайларды қалыптастырады. Сондықтан, инновациялық қызметтің даму мәселесі талданып жатқан «ФудМастер» ЖШС үшін өте маңызды болып келеді.

Инновациялық процестерді тежейтін факторлардың ішінен мыналарды белгілеп өтейік:

    • ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, кәсіпорынның озат ғылыми-техникалық жетістіктерді игеруге дайын еместігі, жаңа технологиялар мен өткізу нарықтар туралы ақпатардың жеткіліксіздігі;
    • меншік қаражаттар жеткіліксіздігі, жоғары экономикалық тәуекелдер, инновациялық процестердің ақталу мерзімінің ұзақтығы;
    • заңдық және нормативті-құқықтық құжаттардың өңделуінің жеткіліксіз деңгейі;
    • технология нарықтардың инновациялық дамуының жеткіліксіздігі [27].

Кәсіпорындардың шетелдік тәжірибесі мен анализі көптеген мемлекеттердің сүт өнеркәсібінің дамуында инновациялар маңызды рольді атқарғанын көрсетеді. Сондықтан, «ФудМастер» ЖШС үшін инновациялық қызметтің приоритетті бағыттарын таңдау өзекті мақсат болып табылады.

Отандық және шетелдік тәжірибесі мен анализі инновациялық қызметтің  негізгі бағыттарын белгілейді:

    • сүт өнімдердің өндіріс процестерін автоматтау, алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтауды орнату;
    • жаңа фильтрация жүйесін еңгізу, сыртқы орта мен орамада микроорганизмдерді жою;
    • өнімнің сақталу мерзімін ұзартатын ораманың жаңа материалдарын қолдану;
    • сүт өнімдердің кейбір түрлерінің өндіріс технологиясын өзгерту ─ дайындау процесін тездету (ірімшік), дәмін күшейту, азықтық бояуыштар;
    • сүт майлары өсімдік майларына бөлшектеп ауыстырылған аралас өнімді өндірске енгізіп өндіру. өсімдік майларын қаолдану тек экономикалық және шикізаттық мәселесімен ғана емес, сонымен қатар, халықтың денсаулығын жақсартумен де байланысты;
    • жаңа технологияларды патент, лизинг формаларында сатып алу, ноу-хау, сауда маркаларын, конструкцияларды, технологиялық мазмұндағы қызмет пен модельдерді ашу.

Инновациялық қызметтің бағыттарының тиімділігін бағалау «ФудМастер» ЖШС үшін маңызды мәселелерді шешіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Маркетинг пен ассортименттік саясатта бұл дәм толтырғыштар мен витаминдік қоспалар арқылы сүт өнімдерінің жаңа түрлері мен ассортиментін кеңейту болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей мұндай проекттердің ақталу мерзімі 6-12 ай.

Технико-технологиялық саясатта жаңа ресурс үнемдейтін технологияларды игеру, аммиактық суықтандырғыштан автономды фреонды құралдарға  ауысу  маңызды  борлып  келеді,  ақталу  мерзімі       2 жыл.

Өнімді өткізу мен өнімнің ұстанымын жақсарту сферасында инновацияның мысалы ретінде өнім өндірушілердің сату кәсіпорындарын тоңазытқыш пен басқа құралдармен қамтамасыз ету болады. Мұндай проекттердің ақталу мерзімі 1-1,5 жыл [25].

Шикі сүттің сапасын жоғарылату механизмі мен қолдануға      дайын сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттіліктің маңызды элементі сүтті қолдануға байланысты фермерлік бағаның дифференциациясы болып табылады. Яғни, ішетін категория сүт үшін баға жоғары болады, өйткені оның өндірісі жоғары санитарлық нормалардың, сақтау мен өнімді тасымалдаудың қатаң шарттарының сақталуын талап етеді.

Шикі сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бойынша ұсынылған шаралар дайын сүт өнімдерін өндіруге позитивті әсер етеді. Бірақ, қорытынды тауар бәсее қабілеттілігіне әсер ететін шикі сүт пен дайын өнім өндірісі кезінде белгілі бір арнайы шарттарды ескеру    қажет [8].

Қорытындылай келсек, «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі жолдарын ұсынғым келіп тұр:

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру