К. Маркстің экономикалық теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 16:56, реферат

Краткое описание

Марксизм – бұл жұмысшы табының, жұмысшы табы үшін қалыптасқан ілім. Маркс ілімі туралы В.И.Ленин «Маркстік ілімі – ең күшті ілім, өйткені ол дұрыс ілім. Ол ілім – адамдарға жоққа сенудің қандайымен болса да, реакцияның қандайымен болса да, буржуазиялық езгіні қорғаудың қандайымен болса да ымыраласпайтын тұтас көзқарас беретін толық және жүйелі ілім. Ол ілім – адамзаттың ХІХ ғасырда жасаған неміс философиясы, ағылшын саяси экономиясы, француз социализмі сияқты таңдаулы ілімдердің заңды мирасқоры...», - деп жоғары баға береді. Марксизм ілімінің негізін салушылар неміс революционер-ойшылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс.

Вложенные файлы: 1 файл

Карл маркс.doc

— 66.00 Кб (Скачать файл)

ХІХғ. 40-шы жылдары  еңбек пен капитал арасындағы күрес шиеленісе түсті. Бірқатар елдерде пролетариат табы дербес күштерге айналды:

Францияда – 1831 және 1834 ж. лион тоқымашыларының көтерілісі;

Англияда – 30-шы жылдардағы чартистердің қозғалысы;

Германияда – 1844 ж. силездік тоқымашылардың қоғалысы.

Жұмысшылардың бұл қозғалыстарының бәрі капиталистік жүйеге қарсы бағытталды. ХІХ ғ. 40-шы жылдары пролетариаттың революциялық қозғалыстарының орталығы Германияға ауысты. Қалыптасқан осы жағдайлардың жиынтығы марксизмнің 40-шы жылдары Германияда пайда болуына әкелді.

Марксизм –  бұл жұмысшы табының, жұмысшы  табы үшін қалыптасқан ілім. Маркс  ілімі туралы В.И.Ленин «Маркстік  ілімі – ең күшті ілім, өйткені  ол дұрыс ілім. Ол ілім – адамдарға  жоққа сенудің қандайымен болса да, реакцияның қандайымен болса да, буржуазиялық езгіні қорғаудың қандайымен болса да ымыраласпайтын тұтас көзқарас беретін толық және жүйелі ілім. Ол ілім – адамзаттың ХІХ ғасырда жасаған неміс философиясы, ағылшын саяси экономиясы, француз социализмі сияқты таңдаулы ілімдердің заңды мирасқоры...», - деп жоғары баға береді. Марксизм ілімінің негізін салушылар неміс революционер-ойшылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс.

К. Маркстің экономикалық теориясы.

 

К. Маркс Пруссияда (Германияда) Трир қаласында, адвокаттың еврей отбасында 1818 жылғы 5 мамырда дүниеге келген. Маркс Трир гимназиясында, одан соң Бонн және Берлин университеттерінде оқыды. Университетті бітіргеннен кейін «Демокриттің натурфилософиясы мен Эпикурдың натурфилософиясы арасындағы айырмашылық» деген тақырыпта докторлық диссертацияны тамаша қорғап шығады.

Маркстің революциялық қызметі  өте ерте басталды. 1842 жылы ол «Рейн  газетін» (рейндік радикал буржуазияның органы) шығаруға белсене қатысты  және оның редакторы болды. Редактор болып жүргенінде ол экономикалық мәселелермен тереңірек айналысты, мемлекет пен заң орындарын сынға алудан саяси экономияны сынауға көшті. Осы жылдары Маркс газеттің революциялық-демократиялық бағытын едәуір күшейтті. 1848 жылғы  наурызда Пруссия үкіметі бұл газетті жапты. Бұдан кейін Маркс Парижге көшіп, «Неміс-француз жылнамасы» журналын шығаруғы кірісті. Бұл журналда ол «Гегельдің право философиясына сын. Кіріспе» және «Еврей мәселесіне» (1843-1844) деген мақалалар жариялады.

1844 жылы Маркс пен Руге  шығарған «Неміс-француз жылнамасында» Ф.Энгельс «Саяси экономия сынының очерктері» еңбегін жариялайды. Энгельстің бұл мақаласы Маркстің экономикамен одан әрі айналысуына септігін тигізеді. Маркс бұл еңбекті жаңа, пролетарлық саяси экономияның кемеңгер очеркі деп атады. Экономикалық мәселелермен айналысуының нәтижесі ретінде Маркс «1844 жылдың экономикалық-философиялық қолжазбаларын» шығарды, бұл еңбек ССРО-да алғаш рет 1932 жылы жарияланды. Бұл еңбегінде Ф.Энгельс секілді К.Маркс өндіріс шығындарының негізгі элементтеріне: жалақы, капиталдан алынатын пайда, жер рентасына талдау жасайды. Осы талдаудың негізінде Маркс жеке меншікті шеттетілген (оқшауланған) еңбектің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол былай деп жазды: « ... жеке меншік бір жағынан, шеттетілген еңбектің өнімі, екінші жағынан оны шеттетудің,шеттетуді жүзеге асырудың құралы».

Жеке меншіктің мәнісін  одан әрі ашу үшін Маркс, еңбек  пен капитал арасындағы диалектикалық  байланысты талдайды. «Жұмысшы, - деп  жазды ол, - капиталды өндіреді, капитал  жұмысшыны өндіреді». Сондықтан буржуазиялық қоғамда «жеке меншік қатынасы – бұл еңбек, капитал және олардың өзара қатынасы». Егер жеке меншікті Маркс оқшауланудың салдары деп қарастырса, оқшауланудың өзі еңбек бөлінісінің салдары болып шығады.

Еңбек бөлінісінің экономикалық қатынастардың алғы шарттары туралы алғашқы зертеулік қадамдарын К.Маркс пен Ф.Энгельс кейіннен бірігіп жазған «Неміс идеологиясы» еңбектерінде қарастырады және  бұл еңбекте Маркс пен Энгельс ғылыми коммунизмнің жаңа қалыптасқан теориясын баяндады.

1844 жылғы тамыздың аяғында Энгельс Манчестерден Германияға келді. Жолда ол Парижде К.Маркспен танысты, олар бұрын да бір-бірінен хат алып тұратын. Осы күннен бастап жұмысшы табының екі ұлы көсемінің достығы басталды.

Парижде Маркс пен Энгельс  «Қасиетті әулет» (1844 жылдың аяғында жазылып, 1845 жылы басылып шықты) деген кітабын жазды. Бұл олардың бірлесіп жазған алғашқы еңбектері болатын. Бұл кітап негізінен сол кездегі буржуазияға қарсы дербес таптық күресте пролетариаттың әлсіздігі туралы айтылған сындарғы қарсы жазылды. Керісінше, сын айтушы ағайынды Бруно мен Бауэрге қарсы Маркс пен Энгельс пролетариаттың өзін өзі азат етіп қана қоймай, оның азаттығы тұтас қоғамның азаттығының алғы шарты болатындығын дәлелдейді. Пролетариаттың жеке меншікті құрта алатын тап екенін, оның әлемдік тарихи рөлін негіздейді.

Сөйтіп, ұсақ буржуазиялық социализмнің әр түрлі ілімдеріне қарсы күресте  олар революцияшыл пролетарлық социализмнің теориясы мен тактикасын жасады.

1845 жылы Маркс Пруссия  үкіметінің талап етуімен Парижден  қуылып, Бельгияға көшті. Маркстің экономикалық көзқарастарының қалыптасуының келесі кезеңі, оның 1847 жылы «Философия қайыршылығы» деген еңбегінің жариялануы болып табылады. Мұнда ол ұсақ буржуазиялық социализм теориясы мен Прудонның анархизмін күйрете сынады.

Буржуазиялық экономия ғылымын сипаттай келе Маркс, «жеке меншік – саяси экономияның барлық ой-пікірінің алғы шарты болып табылады»,- деп жазған болатын. Осы тұрғыда Маркс Прудонның еңбегін былайша сипаттайды: «Прудонның «Жеке меншік дегеніміз не?» шығармасы, саяси экономия көзқарасы тұрғысынан алғанда, саяси экономия іліміне тағылған сын»,-деп жазды. Бірталай жыл өткен соң, 1865 жылы И.Б.Швейцерге жазған хатында Маркс «саяси экономияның ғылыми тарихында, еске алуға тұрғысыз шығарма»,-деп одан әрі қатты сынға алады.

Маркстің экономикалық көзқарастарының қалыптасу кезеңдерін көрсететін, кейіннен шығармалар жинағына енген еңбектеріне «Жалдамалы еңбек және капитал» (1849), «Экономико-философиялық қолжазбалар» (1857-1858, 1861-1863, 1864-1865), «Саяси экономияға сын» (1859), «Гота программасына сын» (1875) жатады.

Маркстің «Жалдамалы еңбек  және капитал» еңбегінде капиталға  тұңғыш рет буржуазиялық өндірістік қатынастар шеңберінде анықтама беріледі. Капиталдың басты алғы шартына жалдамалы  еңбекті жатқызады. Капиталды қорланған  еңбек деп есептеген ол, «капиталдың мәні, - тірі еңбектің қорланған еңбекті сақтау мен айырбас құнын көбейтудің құралы болып қалуында»,- деп жазды.

Сол сияқты жалдама  еңбек туралы ол «жалдама еңбектің орта бағасы – жалақының минимумы, яғни жұмысшының, жұмысшы есебінде, тіршілігін сақтауға керекті тіршілік заттарының жиынтығы»,-деп жазды, яғни жалақыны тіршілікке қажетті заттардың бағасы арқылы анықтай отырып Маркс өзіне дейінгі классикалық буржуазиялық саяси экономия өкілдерінің позициясында тұрғандығын бекітеді.

Маркс Энгельспен бірге «Коммунистер одағының» басшысы  болды. 1847 жылдың аяғы мен 1848 жылдың басында  олар «Коммунистік партияның манифесін» жазып шығарды. Ол халықаралық пролетариаттың тұңғыш программасы болды. Бұл документте олар коммунистік дүние тануды, қоғамдық тұрмыс саласын да қамтитын дәйекті материализмді, даму туралы неғұрлым жан-жақты және терең ілім ретінде диалектиканы, тап күресі теориясын баяндап, жаңа коммунистік қоғамның жасаушысы – пролетариаттың тарихи рөлін көрсетіп берді.

1848 жылғы революция  басталғанда Маркс Бельгиядан  қуылды. Ол Парижға, одан соң  Кельнге көшіп, онда «Жаңа Рейн»  газетінің бас редакторы болды. Газет бетінде Маркс ірі буржуазияның опасыздығын, ұсақ буржуазияның қорқақтығы мен дәйексіздігін аяусыз әшкерелеп, біртұтас демократиялық Герман республикасын құру жолында саяси және экономикалық тұрғыда күресті.

Революция жеңілгеннен  кейін Пруссия үкіметі Марксті «шетелдің адамы» ретінде Пруссиядан жер аудару туралы үкім шығарды. Маркс алдымен Парижға, содан соң Лондонға көшіп, өмірінің ақырына дейін сол Лондонда болды. Қуғында оның тұрмыс жағдайы өте ауыр болды. Бұл жылдары Энгельс Маркске материалдық жағынан зор көмек көрсетіп отырды. Ол 1850 жылы Манчестерге көшіп келіп, Маркстің отбасы жөніндегі материалды қамқорлықтың едәуір бөлегін өз қарамағына алды. Бұл туралы В.И.Ленин былай жазады: « ... мұқтаждық Марксті және оның отбасын қатты қинады; қаржы жағынан Энгельс аянбай ұдайы жәрдемдесіп тұрмаған болса, Маркс «Капиталды» аяқтай алмауы былай тұрсын, тіпті жоқшылықтың қыспағынан өліп кетуі кәміл еді».

Кельнде Коммунистер  одағының мүшелерін соттағаннан  кейін Маркс саяси үгітті қойып, саяси экономия саласында Британия мұражайының кітапханасында болған бай қазынаны он жыл бойына зерттеумен шұғылданды.

Оның саяси экономиямен  көп жыл айналысуының алғашқы  жемісі 1859 жылы шыққан «Саяси экономия сынына» деген шығармасы еді. Бұл шығармада ақша туралы ілім қоса қамтылып, марксистік құн теориясы тұңғыш рет жүйелі түрде баяндалған.

Маркстің негізгі экономикалық шығармасы – «Капитал», бұл еңбекке  ол өзінің бүкіл ғұмырын арнады. Маркс жүргізген зерттеулерінің нәтижесі ретінде кітапты «Саяси экономияға сын» деген тақырыппен 6 томдық қылып шығаруды жоспарлады. Бірақ бірінші кітап шыққаннан соң (1859), ол өзінің еңбектерінкапиталистік қоғамның заңдылықтарын ашу мақсатында «Капитал» деген тақырыпқа біріктірді.

К. Маркстің капиталистік өндіріс процесі теориясы және қанау

мәселесіне қазіргі  көзқарас

Бұл мәселе маркстік саяси экономикада басты орын алды, өйткені осында қосымша құн  теориясының мәні ашылды. Теория ақшаның  капиталға айналу мәселесінен басталады. Қосымша құн өндісіне талдау жүргізіледі. Ақшаның капитал ретінде айналысының мәні кәсіпкер ақшасына белгілі көлемде тауарлар сатып алып, сол тауарларды сатумен байланыста ақша табады, яғни А – Т – А. Мұндағы бір ақиқат, кәсіпкер айналыстан алғашқы жұмсалған ақшаның мөлшеріндей ақша табатын болса, онда айналымның ешбір мәні болмас еді. Капиталдыңауыспалы айналымының мәні, осы процесте кәсіпкердің алатын ақша мөлшері алғашқы авансыланған ақшадан көп болады. Міне, осыдан келіп капиталдың жалпы формуласы мынандай көрініс алады: А – Т – А' яғни, тауарларды сатудан түскен ақша сомасы, алғашқы авансыланған ақша мен қосымша құн мөлшерінің өсім қосындысына тең, А = (А + ∆А).

 К. Маркстің пікірі  бойынша, рыноктан тауар сатып  алып, оны тұтыну – еңбектің  заттануы. Олай болса, құнның өндірілгені.  Мұндай тауар жұмыс күші болғаны. Жұмыс күші – адамның еңбекке қабілеттілігі. Адамның бойындағы дене күші мен рухани қабілетінің жиынтығы. Еңбектің өзі жұмыс күшін тұтыну процесі.

Қосымша құн ерекше тауар  – жұмыс күшін тұтыну процесінен туындайды, олай болатыны өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшы қажетті жұмыс күшінен артық құн мөлшерін өндіреді. Жұмыс күшінің тұтынуы құнының мәні де осында. Жұмыс күші – тауар құны жұмысшының физикалық және мәдени талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер құнына тең. Жұмыс күшінің құнына бұдан басқа білім алу мен мамандықты игеру, сондай-ақ отбасын сақтап, дамыту үшін шығындар кіреді. Жұмысшының өндірген жаңа құны мен жұмыс күшінің өз құнының айырмасы қосымша құн құрайды. Оны капиталист тегін иемденеді. К. Маркстің теориясы бойынша капиталистік қанаушылықтың мәні де осында. Капиталист авансыланған капитал өндіріс жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалады. Маркстік тұжырымдама бойынша, құн тек еңбекпен өндіріледі.  Құн өндіруге құрал-жабдықтар да қатынасады, бірақ тікелей өнім өндірмейді. Сондықтан да капитал өндіріс құрал-жабдықтар сатып алатын белгілі өз құнының мөлшерін өзгерпейді. Оны К. Маркс «тұрақты капитал» деп атайды да, «С» әрпімен бейнелейді. Капиталдың жұмыс күшін сатып алуға кететін бөлігі, өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күш өз құнынан артық қосымша құн өндіреді. Капиталдың бұл бөлігі өзгермелі капитал делініп, «V» әрпімен, ал қосымша құн «m» әрпімен белгілейді. Сонымен капиталистік кәсіпорында өндірілген тауар құны (m) үш бөліктен тұрады T = C + V + m.

Қорытынды

Маркстің творчестволық  мұрасы оның «классикалық мектептегі»  алдындағылармен, әсіресе А.Смит пен  Д.Рикардомен улкен байланыс бар. 

Сонымен, классикалық  мектеп саяси экономияный тұжырымдамасын тереңдете отырып,  У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және Ф. Энгельс теориялық тұжырымдаманы жасады, ол жинақталып – «марксизм» деген атқа ие болды. К. Маркстің ашқан басты жаңалықтары: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырғанын; абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін ашқанын білдік. Және өзінің еңбегімен экономика іліміне үлкен жаңалық ашып, дамуына зор үлес қосқан. Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық ілімнің анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды.

К. Маркс өзі айтқандай: «...экономикалық формаларға анализ беруге микроскопты да, не химиялық реактивты де пайдалануға болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның күші жүруге тиіс», Маркс жекеше тыс ойлайтын экономист деп айтуға болады.


Информация о работе К. Маркстің экономикалық теориясы