Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2014 в 22:09, реферат
Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi.
I. Кіріспе
II. Макроэкономикаға жалпы түсінік
III. Макроэкономикалық реттеу
IV. Пайдаланған әдеюиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Макроэкономика ғылымына жалпы түсінік
Орындаған: Эконом.фак.,ГМУ,
2 курс студенті
Ахметжанова Ж.
Тексерген: Алманиязова Қ.
Алматы, 2014 жыл
Жоспар
КІРІСПЕ
Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.
Джон Мейнард Кейнс (ағылш. John Maynard Keynes), лорд (5 маусым 1883, Кембридж, — 21 сәуір 1946, поместье Тилтон, Сассекс графтығы) — ағылшын экономисті, экономикалық теорияның кейнстік бағытының негізін салушы. Макроэкономиканы жеке ғылымға айналдырған ғалым деп саналады.
Макроэкономика (грекше μακρός
Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:
• экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу; • ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу; • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.
Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.
Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді кездейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиымтықтар деп қаралады.Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға — жиынтық өндірушілер деп қаралады; ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.
Екіншіден, макроэкономикалық талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.
Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектерінің құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.
Макроэкономикалық реттеу
Макроэкономикалық
реттеу — экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық
реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық
реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл
ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда
түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы
нарықтық қатынаста макроэкономикалық
реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өзін-өзі реттеуі ұштастырылады.
Макроэкономикалық реттеу экономикалық
жүйені межеленген бағытта ұстауды көздейді
және екі түрге бөлінеді: межелі бағыттан
ауытқу бойынша реттеу және қайсыбір параметр жол
беруге болмайтын мүшкіл деңгейге жеткенде
реттеу. Бірінші жағдайда белгілі бір макроэкономикалық
көрсеткіштердің белгілі бір кезеңге арналып
межеленген бағдардан ауытқығаны байқалғанда мемлекет
ахуалды түзету үшін шаралар қолданады.
Мысалы, инвестицияның
Пайдаланған әдебиеттер