Медицинадағы «кәсіпкерлік» түсінігіндегі өндіріс факторының ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 14:56, реферат

Краткое описание

Кәсіпкерлік деп – жаналық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілер жіне өзіндік, сонымен қатар басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет. Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол басқа еңбек түрлерінен оқшауланып тұрады. «Кәсіпкерлік» терминін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Оның берген анықтамасы төмендегідей: «Кәсіпкерлік дегеніміз – тәуекел жағдайларда табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам қабілеттілігі мен белсенділігі» деп атады.

Вложенные файлы: 1 файл

Эссе.docx

— 35.32 Кб (Скачать файл)

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Тақыбыры: Медицинадағы «кәсіпкерлік» түсінігіндегі өндіріс факторының ерекшелігі.

 

 

 

 

 

Орындаған: Киргизова А.

Топ 2-001 СД

Қабылдаған: Қасымова Б.Т.

 

 

 

 

Қарағанды, 2014

 

Кәсіпкерлік деп – жаналық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілер жіне өзіндік, сонымен қатар басқа да мүліктер есебінен тәуекелге баратын іс-әрекет. Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол басқа еңбек түрлерінен оқшауланып тұрады. «Кәсіпкерлік» терминін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Оның берген анықтамасы төмендегідей: «Кәсіпкерлік дегеніміз – тәуекел жағдайларда табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам қабілеттілігі мен белсенділігі» деп атады.

Кәсіпкерлік қызметтің келесідей түрлері бар:

Коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілеттер мен операциялар кұрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды.

Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Кеңестік кәсіпкерлік – кеңес беруші мен кеңес алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді.

Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте керінеді Бұңдай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі — кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.

Өндірістік кәсіпкерлік — тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлік кәсіпкерлік қызметтің жетекші  түрі болып есептелінеді.

Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік. Денсаулық сақтау саласында кәсіпкерліктің дамуы және өндірістік кәсіпкерліктің дамуы маңызды шаралардың бірі. Кәсіпкерлік түсініктегі медициналық қызмет көрсету - пайда табу мақсатындағы халықтың денсаулығын жақсартудағы экономикалық іс- әрекет. Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық қатынастардың ерекшелігі қоғамның әлеуметтік саясатымен, жағдайымен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасы Президенті 1998 жылы 27 сәуірдегі «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігін қорғау туралы» Жарлығын жүзеге асыру туралы қаулы қабылдады. Осы кезде мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің ақылы қызмет көрсету түрлері қарастырылды және медициналық қызмет түрлері анықталып, олардың ақысы белгіленді. Сонымен қатар, ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жоспар бекітілді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлік дамуда. Соның ішінде жеке меншік клиникалар дамып келуде. Себебі, мемлекеттік клиникаларда дәрігерлерге төленетін жалақы мөлшері аз, кадрлық мамандар жетіспеушілігімен көрінеді. Ал жоғары оқу орнын бітірген дәрігерлер, шет елде оқыған білікті мамандар - жеке клиникалар ашып алуға көшкен. Жеке меншік клиникалардың көбеюі халыққа қызмет көрсетуде бәсекелестік ортаны қалыптастырып, ҚР медицинасының дамуына әсер етеді. Бірақ мемлекеттік клиникаларда қызмет көрсету тегін болғанымен мамандар жеткіліксіз. Ал жекеменшік клиникаларда қызмет көрсету халыққа қымбат түседі.

 

Қазақстандық компания «Philips» медициналық техника зауытымен ынтымақтастық орнатты. Медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету жүйесін дамытуға, жабдық жеткізуді ұйымдастыруға, тәжірибе алмасуға, тиісті салада мамандар даярлауға бағытталған тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында «ҚазМедТех» АҚ және KARL STORZ компаниясы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Өткізілген кездесулердің нәтижесі бойынша сапа кепілдігін және жиынтықтаушы бөлшектермен жабдықтауды қамтитын тиімді сервистік қызметтің болуы, сондай-ақ медициналық және техникалық персоналдың біліктілігін үнемі жетілдіру - еуропа клиникаларының медициналық техникамен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі қағидалары болып табылады деген қорытынды жасауға болады. «ҚазМедТех» АҚ осы қағидаларды медициналық техника сатып алудың көп функциялы лизингтік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ сараптама жүргізу кезінде ескеруді жоспарлауды.


Информация о работе Медицинадағы «кәсіпкерлік» түсінігіндегі өндіріс факторының ерекшелігі