Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 19:52, курсовая работа
Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берген тапсырмаларға сәйкес әзірленді.
Негізгі болім
1.1. Ағымдағы жағдайға талдау
1.2. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері
1.3. Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер
1.4. Әлемдік тәжірибенің оң сипаты
2 Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері
2.1. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары
2.2. Бағыт «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»
2.3. «Жас азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық даму» бағыты.
Қорытынды
АҚШ тәжірибесі жастардың шешім қабылдауға ықпал ету деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында өзін өзі басқару органдарын дамыту көрсетілген. Сонымен қатар олар қажетті әлеуметтік, мәдени, коммуникациялы, басқарушы дағдыларды алу мүмкіндігін де береді.
АҚШ-та жастар саясатының бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға мемлекеттік-жеке серіктестің үлгісінде жеке қайырымдылық ұйымдарын, коммерциялық секторларды тарту тетіктері белсенді енгізілген.
Жастар саясатын іске асырудың жапондық тәсілдерінің негізі мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен өзара тиімді іс қимылы мен араларындағы жауапкершілікті нақты бөлу.
Арнайы жастар орталықтарының, бюролары мен қызметтерінің жұмыс істеуін мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету әдістері кең қолданысқа ие. Сонымен, Турцияда ірі қалаларда ақпараттық және мәдени жастар орталықтары, Германияда жастар ақпараттық консультативтік бюросы қызмет етеді. Аталған орталықтар желілерге қосылған, қызмет көрсетудің стандарттық базасы, ақпарат алмасу және оны жаңарту желісі бар.
Португалия мен Испанияда
жастарға әлеуметтік көмек
Швецияда соңғы жылдары мемлекеттік органдардың қызметін тұжырымдау мен шешім қабылдау кезеңінде үйлестірумен айналысатын арнайы құрылым қалыптасқан.
Ресейде жастар саясатын іске асыру әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша ірі жобалар жүйесі арқылы жүргізіледі. Соңғы жылдары федералдық және өңірлік деңгейде жастар саясаты басқармасы құрылымы нығайтылған.
2 Бөлім. Мемлекеттік жастар
саясатын дамытудың негізгі
2.1. Мемлекеттік жастар
саясатын дамытудың негізгі
Мемлекеттік жастар саясатын республикалық және өңірлік деңгейде тиімді жүзеге асыру үшін келесі қағидаттарға сүйену қажет:
-
жастар саясатын әзірлеудің
-
ел дамуының әлеуметтік-экономи
-
жастар саясаты саласындағы
-
жастар саясаты саласындағы
-
жауапты орындаушының
2.2. Бағыт «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»
Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жас адамды тәрбиелейтін жүйе енгізілетін болады.
Жастардың патриотизмін дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру Білім және ғылым, мәдениет және ақпарат, әділет, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және жаңа технология, шетел тілдері, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы министрлігі, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспары шеңберінде жүргізілетін болады.
Оларды жүзеге асырудың ішінде табысты жас қазақстандықтың бейнесін, патриоттылық құндылықтар, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді насихаттайтын көлемді жобалар жүзеге асырылады.
Жастар саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында келесідей құндылықтар қалыптасады:
1. Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік;
2. Қарапайымдылық,
еңбексүйгіштік пен өзгеге
3. Еңбекке құрмет;
4. Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;
5. Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік;
6. Қиындықтан қорықпай табысқа жету;
7. Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет ету.
Осылайша жас қазақстандықтардың санасында құндылықтарды толықтыру келесідей идеологемалармен анықталады:
1. Адалдық адамдықтың белгісі;
2. Қарапайымдылық адамның көркі, еңбек ерлікке жеткізер;
3. Батыр айқаста танылар;
4. Отан отбасынан басталады, шаңырақ бірлік пен берекенің белгісі;
5. Достық – басты байлық, жұмыла көтерген жүк жеңіл;
6. Бейнет түбі зейнет;
7. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Осы құндылықтарды насихаттау үшін «Отандастар» жобасы әзірленетін болады.
Бұдан басқа, шетелде білім алып жатқан жастарды қазақ диаспорасы өкілдерінің іс-шарасына тарту арқылы патриоттылыққа тәрбиелеуге ерекше назар аударылатын болады.
Жастар арасында жетістік пен патриоттыққа ынталандыру мақсатында әлеуметтік саты тетіктері іске қосылатын болады. Ол: еріктілік, мәслихаттардағы шешімдер қабылдау процесі мен мемлекеттік қызметке кіруге кең мүмкіндік болады.
Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жастар өкілін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке көбірек тарту мақсатында «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы мен жастар парламентаризмі жетілдірілетін болады. Сонымен қоса, еліміздің білім ұйымдарында студенттер кеңесі, клубтар желісі және т.б. ұйымдар дамитын болады.
Жастармен жұмыстың жеке блогы «Үштұғырлы тіл» идеясы жастармен белсенді түрде жүзеге асырылатын болады.
«Орта білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбиені ұйымдастыру» пәнінің оқу әдістемелік кешенін әзірлеу жоспарланады және бұдан әрі гуманитарлық және педагогикалық оқу пәндері тізіміне енгізілетін болады.
Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде, азаматтық тәрбие берудің бағыттарының бірі ретінде «Жасыл ел» және т.б жобалары дамиды. Танымдық фактор ретінде жастар экотуризмі дамитын болады.
Неке және отбасы институтының рөлін нығайту мақсатында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұрпақтар сабақтастығын сақтау мен үлкендерді құрметтеп, кішілерге қомқорлық көрсетуге бағытталған кең көлемді «Шаңырақ» жобасы іске асырылатын болады.
Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту үшін «Отаныма қызмет етемін!» жалпыхалықтық жобасы әзірленіп, жүзеге асыру жоспарланады.
Мықты ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу ұйымдастырылатын болады, оның ішінде, жастар саясаты саласындағы оқиғаларды жариялап отыратын республикалық жастар газеті, аналитикалық журнал, телебағдарлама, толықметражды көркем және документалды фильмдер, телесериалдар, жаңа әндер мен музыкалық клиптер шығарылады, «e-zhastar» интернет-порталы құрылады.
2017 жылы 28-Бүкіләлемдік Қысқы
2.3. «Жас азаматтардың
экономикалық, әлеуметтік, инновациялық
және шығармашылық даму»
2015 жылы жастардың әлеуметтік-
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру, жастар ортасында кәсіпкерлікті дамыту шаралары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары аясында жүзеге асырылатын болады.
Қоғамдық жұмыстар жүйесін дамыту, жастар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру, «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру және «Жастардың еңбек биржасын», жастарды жұмыспен қамтуға ықпал етудің жастар орталықтарын және жастардың еңбек нарығында бейімделу орталықтарын құру жөніндегі әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру жалғасатын болады.
Осы жобаларды жүзеге асыру барысында ұлттық компаниялар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен бизнес-қауымдастық өкілдері белсенді түрде тартылатын болады.
Жастарды қоғамдық жұмысқа тарту жастар еңбек жасақтарын құру жолымен жүзеге асатын болады. Бұл жастар әлеуметтік жасағы, жастар құқық тәртібі жасағы, ауылды дамыту жасағы мен көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеп, қайта жаңғырту жасағы.
Техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің түлектері үшін деректер базасы құрылатын болады, оның ішінде, сертификатталған, «enbek.gov.kz» сайтынан жұмыспен қамтуда нақты болжам жасалып, жоспарлауға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде, жастарға консультациялық және тренингтік қызмет көрсететін еңбек нарығына арналған жастарды бейімдеу орталығын құру жоспарланады.
«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруда жастар көптеп қатысатын болады, экономиканың аграрлық, өнеркәсіптік, құрылыс секторын дамыту, сондай-ақ, жастарды еңбекпен қамтуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылатын болады.
«Жас маман» түсінігі нормативті бекітіліп, олар үшін минималды әлеуметтік пакет болады.
Жастарға техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандырудың нақты шаралары жүзеге асып, индустрализация бағдарламасына қатысу жүзеге асырылады. Осы үшін «Еңбекке жолдама» жобасын жіберу жоспарлануда.
Бұдан басқа, жұмысшы жастарды өзін-өзі дамыту, еңбек шиеленістерінің алдын-алу үшін жастар ұйымын құру және экономиканың түрлі кәсіпкерлік секторларында жастар саясатының «Еңбекқор» корпоративтік бағдарламасын қабылдау жоспарлануда. Одан басқа, түрлі мамандықтар бойынша Жалпыхалықтық «Семсер» сыйлығын шығару ұсынылады.
Жас мамандарды медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және аграрлық мамандықтарға тарту үшін ауылдық жерлерде «Дипломмен ауылға!» жобасын жүзеге асыру жалғасатын болады.
Одан басқа, ауыл жастарына қала жастарындай тең мүмкіндік жасау мақсатында «Ауылдың тірегі» жобасын жүзеге асыру ұсынылады.
Ауылдық жерде жастар өз кәсібін ашу үшін пайызсыз және кепілсіз қаржыландыруды бөлу тетіктері қарастырылады. Осы мақсатта «Бастауыш фермер» жобасы енгізілетін болады.
Жастардың тұрғын-үй мәселесін шешу шаралары қарастырылатын болады. Жатақханалардың санын көбейту, бар жатақханаға күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ, жекешелендіріліп кеткен студенттік жатақханаларды қайтару.
Жас отбасылар үшін «Қолжетімді баспана - 2020» (2012 жылдың 1 шілдесі) бағдарламасы, сондай-ақ, жас мамандар үшін (2013 жылдан бастап) «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ желісі бойынша бойынша жалдамалы тұрғын үйді пайдалануға беру тетіктері құрылды.
Жеке қаржыландыруды басқару бойынша курстар мен семинарлар өткізу, оларды кейс-технологияны оқытуды қолдану арқылы жоспарлау, оның ішінде, нарық қорының негізі тақырыбы бойынша, сақтандыру, ықтималды басқару жоспарланады. Осыған сәйкес, «Іске сәт» жас кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жобасын жүзеге асыру көзделеді.
Ғылымның мәртебесін көтеру үшін жастарды инновациялық жобаларды дайындауға тарту үшін «Қарқын KZ!» жобаларын жүзеге асыру жоспарланады. Осы жоба аясында Инновациялық идеялар банкісі құрылатын болады.
Шығырмашыл жастарды қолдау мақсатында ұлттық конкурстар, ойындар, дарынды жастар арасында турнирлер, оның ішінде жыл сайынғы халықаралық байқаулар мен турнирлерде, ойындарда қазақстандық құраманың қатысуын қамтамасыз ететін Дельфийлік ойындар өткізу жоспарланады.
Халықарлық тәжірибе негізінде ISIC халықаралық картасы үлгісінде идентификациялық картаны әзірлеп, енгізу болжамдалуда.
Жастарды толыққанды табиғи
дамыту үшін жастарға арналған
спорттық және демалыс
Одан басқа, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін «Алға, Қазақстан!» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.
Қорытынды
Тұжырымдаманың сәтті жүзеге асуының шешуші факторларының бірі республикалық, сондай-ақ өңірлік деңгейдегі жастар саясаты саласындағы өкілетті орган құрылымының тиімділігінің жоғарылығы.
Жергілікті атқарушы орган жанындағы консультативтік-кеңесші қызметі туралы үлгілік ереже келісімі бойынша оның құзіретіне үлес беру жолымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты бойынша кеңесінің мәртебесі айтарлықтай өсетін болады.
Жастардың мемлекеттік басқару органдарына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жастар саясаты саласының консультативті кеңесші органдарының қызмет ету үлгісін анықтайтын сәйкес нормативтік құқықтық базалары әзірленеді.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша заңнама жаңартылатын болады.
Жастар саясатын ведомствааралық үйлестіруді, жастар саясатын талдау мен мониторингтеуді күшейтетін бірқатар заңға қарасты нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады.
Бірінші, жастар саясаты саласында жоспарлау жүйесін құру бойынша шаралар берілетін болады. Осы үшін жастар саясаты саласында талдау әдісінің бірлігі, мониторингі, және болжау енгізіліп, әзірленетін болады. Осы қызметті сүйемелдеу үшін «Жастар» сарапшылық-талдамалық құрылымы құрылатын болады.
Информация о работе Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері