Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 18:00, курсовая работа
Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлін анықтау. Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі.
Дайындалатын (зерттелетін) негізгі сұрақтар:
1) Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі.
2) Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық
жүйесін дамыту жолдары.
Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі................................................................................................7
1.1 Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі.........7
1.2 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері....................................................10
1.3 Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы мемлекеттің рөлі .........14
2 Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
2.1 Демократияландыру – мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі .......................18
2.2 Қ.Р Билік жүйесін демократияландырудың алғы шарттарын жетілдіру жолдары......................................................................................................................21
2.3 Жүйелі демократиялық реформаларды жүзеге асыру.....................................23
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық
жүйесін дамыту жолдары.........................................................................................26
3.1 Билік жүйесін демократияландырудың қазіргі жағдайы.................................26
3.2 Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру..................................................28
Қорытынды.................................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................35
Мемлекеттік басқару әдістеріне – басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі, амалы, ал басқарудың алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланады. Мемлекеттік басқару әдісінің мынандай белгілері бар:
1.2 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері
1991 жылы тәуелсіздік алуымызбен Қазақстанда оның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша жедел түрде жаңа ұлттық мемлекеттік құру басталды. Алғаш рет және өте қысқа мерзімде мемлекеттік басқарудың жаңа, тиімді әрекет ететін жүйесін құрудың тарихи да ел тағдырын шешер мақсатты талдау жасалып, жария етілді, сөйтіп мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби корпусын қалыптастыру бастау алды. Мемлекеттік қызметтің тиімді кәсіби жүйесін құрудың Қазақстан тәжірибесі халықаралық деңгейде атап өтілген.
Дүниежүзілік банк, бірқатар өзге ірі халықаралық ұйымдар мен институттар бұл жәйтпен есептеседі және лайық көреді. Бізд мемлекеттік қызметті реформалауда ТМД -ның көптеген елдерінен ілгері бола алдық. Бүгінде Беларус пен Украина, Қызғызстан, Әзірбайжан, сондай-ақ алыс шетелдің кейбір елдері біздің тәжірибеге белсенді қызығушылық танытты, жетістіктерімізден үйренеді. Осы жәйттердің бәрі Қазақстан тәуелсіздігінің он жылында жүргізілген мемлекеттік басқаруды реформалау нәтижелігінің көрсеткіші болып табылады.
Қазақстандық қоғамтанушылар мен заңгер – құқықтанушылар, әдеттеп, жаңа мемлекеттің құрылысы мен қалыптасуының төрт – бес кезеңін атап көрсетеді. Бұл нені білдіреді? Біріншіден, бүкіл прцесс өте жаңа, былайша айтқанда, тым аз мерзімде жүзеге асыралғаны дәлелдейді. Екіншіден, он жыл бойына бірінші кезекте мемлекеттік құрылыс реформаларының нормативтік құқықтың және институттың базасын жетілдіру жоспарлы да дәйекті түрде жүргенін көрсетеді [11].
1991 жылғы желтоқсанда
Қазақстанның тәуелсіздік
Біз оны өте күрделі жағдайда қолға алдық. Бұл кезең өткенінің әлі де айтарлықай күшті екпінімен, жергілікті әкімшіліктер бұрынғы партия комитеттеріне “егіздің сыңарындай” ұқсас болып, өкілетті органдар бұрынғысынша көне халық депутаттары кеңестерінің деңгейінде әрекет еткен ескі қалыптар мен қасаң дәстүрлердің тұтас қойыртпағы адамдардың санасында орын алып, нақты өмірде сақталып тұруымен сипатталады.
Жаңа мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы КОКП диктатының, жоспарлы социалистік экономика мен іс жүзінде барлық материалдық техникалық және қаржы ресурстары алыстағы және “шет аймақтардың” қажеттеріне немқұрайлы Орталықтан бөлудің орталықтандырылған жерлесінің салдары ретіндегі аса терең экономикалық, саяси әлеуметтік және рухани дағдарысты еңсеруге байланысты міндеттерді шешудің шеруінде жүрып жатты.
Бұл кезеңде Қазақстанда кеңестік социалистік республика моделінен президенттік басқару нысанындағы мемлекетке көшу жүзеге асырыла бастады. Негізгі бастау елімізде жаңа жоғары мемлекеттік органның белгіленуі болды, оның функцияларын Қазақстан Республикасының Президенті атқарады. Бірінші кезекте атқару билігінің жоғарыдан төмен қарай ретті негізі құрылды. Бұл кезеңде атқару органдарының жүйесінде бұрын Республика Юриспруденциясынан іс жүзінде тыс тұрған салаларды басқаруды қамтамасыз еткен жаңа құрылымдар пайда болды. Олар – Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және басқалары. Атқару билігінің жүйесін нығайтуымен бір қатарда жергілікті өкілетті органдарының рефеормасы жүргізілді 1994 жылдың басында. Кеңестердің өзін – өзі таратуынан кейін жергілікті орындарда жаңа органдарда жаңа органдар – мәслихаттар құрылды.
Мемлекеттік органдарды реформалаудың екінші кезеңі конституциялық реформа өткізумен және 1995 жылғы тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның Жаңа Конституциясы қабылдануымен байланысты. Негізінен нақ сол кезде әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістер барысының ғана емес, сонымен бірге бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тағдыры айқылдалады.
1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасында Президенттік басқару нысанының орнатылғанын жария етті. Конституцияның нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті ішкі және сыртқы саясаттың анегізгі бағыттарын айқындап, биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нышаны мен кепілі болып табылады. 1995 жылғы Қазақстан Конституциясы мемлекеттік билікті атқару, өкілетті және сот тармақтарына бөлудің демократиялық принципі бекітті, сонымен бірге оның бірлігіне кепілдік берді.
Елдің қолданыстағы Конституциясы бойынша Қазақстанда атқару билігінің жүйесін республика Үкіметі басқаратын болды. Ал еліміздің өкілетті органдары қос палаталы кәсіби Парламент және жергілікті мәслихаттарға өзгерілді. Қазақстан Жоғарғы сот басқаратын тәуелсіз сот жүйесі құрылды. Тұңғыш рет Қазақстан Конституцияның заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі басты орган ретінде Конституциялық Кеңес тағайындалды.
Мемлекеттік аппараты реформалау мақсатында осы кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің “Мемлекеттік қызмет туралы” заң күші бар Жарлығы шықты. Нақ соның негізінде мемлекеттік қызметті реформалау және мемлекетке қызмет ететін кәсіби корпусты қалыптастыру жөніндегі нақты жұмыс басталды.
Мемлекеттік басқарудың реформалаудағы үшінші кезеңнің басталуы 1997 жылғы “Қазақстан 2030” стратегиясының қабылдануымен айқындалады. Бұл құжатта кәсіби мемлекеттік басқару жүйесі Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленеді. Стратегияда нарықтық экономика жағдайы үшін оңтайлы және ұзақ мерзімді басым мақсаттарды орындауға қабілетті осы заманғы тиімді мемлекеттік басқару құрылымдарын құру міндеттері қойылды. Алға қойылған міндеттерді орныдау мақсатында мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру жүргізілді. Министрліктер мен республикалық ведомстволардың саны 2 еседен астамға дерлік қысқартылды. Орталық және жергілікті билік органдарының өкілеттіліктері қайта бөлінді. Жергілікті билік органдарының функциялары әлде – қайда кеңейтілген, атап өткен жөн [9].
“Қазақстан 2030” стратегиясының негізінде ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар мен іс – әрекет бағдарламалары талдап жасалып, қазір іске асырылуда.
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы Президенттің И.Ә.назарбаевтың “Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында айқын да ұғынықты баяндалған. Онда Біз мемлекеттік басқарудың корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілігі қағидаттарын арқау ететін сапалық жаңа моделін түзудеміз” - делінген. Ортақ мақсат – Үкіметті жаңғырта жаңарту, жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын жасақтау болады. Мемлекеттік басқаруда - әкімшілік реформасы – өте күрделі мәселе. Бізге оның Үкімет комитеттерінде талқылауын ұйымдастырып, аранйы таудаулар өткізуді қажет етеді. Бұл көп адамдарды қамтиды.
Корпоративтік басқаруды жақсарту үшін “Самұрық” құрылды және соған барлық жақты экономика берілді. Олар ұлттық компаниялардың капиталдану көлемін ұлғайтқаны, әлемдегі озық компаниялардың акцияларын сатып алғаны, бізге алдыңғы қатарлы технологияларды әкелгені керек. Біз сондай-ақ корпоративтік басқаруды жақсарту, мөлдір, Қазақстанда экспорттың бағдарланған осы заманғы кәсіпорындар салу үшін ашық жұмыс істеу үшін “Қазынаға” барлық акция жиналды [19].
Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикадағы
Қазақстан экономикасы
мемлекеттік реттеудің
Бұл ретте, мемлекеттік қызмет саласында сыртқы тәжірибелерді саралаудың маңызы ерекше екендігі сөзсіз. Дегенмен де, мемлекеттік қызмет барлық әлемде экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды бір құрамдас бөлігі болып қалыптасқан, ал атқарушы биліктің әрекетке қабілетті аппаратын құрудың өткір проблемасы көптеген елдердің алдында тұрған мәселе. Басқарудың мемлекеттік әкімшілік жүйесі дамыған елдерде олардың мемлекеттік қызмет институттарын ұтымды ұйымдастыруымен, шенеуніктердің кәсіпқойлығы мен құзыреттілігі және көп реттерде олардың қызметін бақылаудың жақсы жолға қойылғандығымен айқындалатын жоғары тиімділігімен ерекшеленеді [3].
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудың қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әр түрлі нысандарына негізделеді. Мемлекет заң алдында меншіктің барлық субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез – келген шектеуіне жол берілмейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып табылады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі тиіс. Экономиканың қарқынды дамуы, саяси тұрақтылық, басқару тиімділігі, заңнама қорының халықаралық талаптарға сай келуі – Қазақстан корпоративті басқару қағидаларын жүзеге асыруға ең қолайлы жағдай туғызуда. Азаматтық кодекс, «Акционерлік қоғам туралы» Заң қабылданып, биыл корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңес құрылды [12].
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі “Қазақстандық холдингі”. Мемлекеттік холдингтің құрылуына байланысты бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Оның құрамына «Қазақстан темір жолы», «Ұлттық компаниясы» АҚ (100-пайыз), «Қазпошта» АҚ, «Энергетика желісін басқару жөніндегі қазақстандық компания», «КЕGOK» (100-пайыз), «Қазақтелеком» ( 50 –пайыз + 1 акция», «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» АҚ (100-пайыз) кіріп отыр. Ұлттық холдингтің басты мақсаты ұлттық компанияларды басқарудың корпоративтік жүйесін жетілдірумен қатар, холдинг құрамына кіретін еншілес және тәуелді ұйымдардың құнды қағаздарын қор рыногына шығару болып табылады. Сонымен қатар ұлттық компанисымен мемлекеттік холдингтің құны артумен қатар, дамымақ. Басқарудың кезекті сатысында мемлекеттік активтерді басқаратын «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ холдингі дүниеге келді. «Қазына» АҚ-ның басты міндеті – экономиканы әртараптандыруға көмектесу, жобалар мен инновацияны қаржыландыру, шағын және орта бизнесті қолдауды қаржыландыру. Қор басшысы, сондай –ақ «Қазына» жұмысы барынша ашық болатынын атап өтті. Сонымен қатар, басты назарда инвестициялық жобалар барысында мемлекеттік кірісті қатынастыруға бағытталады және мемлекет жақсы дивиденттер алуы керек болады. Холдингтің өзі қарамағына өзіне сәйкес келмейтін кәсіпорынды қабылдай алмайды. Ауылшаруашылығы секторында «КазАгро холдинг» компаниясы құрылды. Мемлекет басқаның бәрін жекеменшікке таратып, өзіне бағалы, асыл тұқымды мал өсіріп, сататын компаниялардың жергілікті рынокта өздерін дәлелдеуіне, нығаюына кетті. Ал, әлемдік рынокқа шығар тұста олардың басын қосқан «КазАгро» холдингына берілетін болды. Министрлікке қарасты жеті корпорацияның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ететін холдингке берілген. Холдингтің капиталы 80 миллиард теңгені құрап отыр [12].
2 Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі
2.1 Демократияландыру – мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі
1991 жылы барлық кеңестен кейінгі кеңістікте шынайы демократиялық мемлекет орнатудың алғашқы кезеңі басталды. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстанның тарихында тұңғыш рет батыс демократиясының тәжірибесі ескеріле отырып, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет принциптеріне негізделген тәуелсіз мемлекет құрылды. Қазақстан тәуелсіздігінің бастапқы кезеңінде заңнамалар елеулі реформалауға ұшырады және бұл біздің елімізде заңдылық режимін бұдан әрі мықты етіп бекітуді талап етті. Сол жылдардағы қабылданған шешімдер Қазақстандағы демократиялық реформаның негізі болып табылды.Ол кезде ТМД-ның кейбір елдері өз мемлекеттеріндегі өзгертулерді саяси реформалардан бастаған жөн деп есептеді. Уақыт мұндай қайта құрулардың тиімсіздігін көрсетті. Осыған байланысты құқықтың экономикадан жоғары бола алмайтынын атап көрсеткен жөн, өйткені осы сәтте құқықтың қандай нормалары қажет екендігін нақ экономиканың өзі көрсетіп отырды. Осы тұрғыдан, экономикалық реформаларға басымдық берген Қазақстан таңдауы өзін толық ақтады және бүгінде елде ойдағыдай жұмыс істейтін нарықтық экономиканың құрылғанын нық сеніммен айтуға болады [15].