Мемлекет және құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2015 в 13:57, реферат

Краткое описание

1.Мемлекеттің қалыптасуы.
2.Құқықтың дамуы.
3.Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары.
4.Мемлекет және оны басқару түрлері.

Вложенные файлы: 1 файл

Баяндама.docx

— 23.71 Кб (Скачать файл)

 

Мемлекет және құқық

1.Мемлекеттің қалыптасуы.

2.Құқықтың дамуы.

3.Мемлекет пен құқықтың  пайда болу теориялары.

4.Мемлекет және оны  басқару түрлері.

 

1.    Мемлекет  пен  құқықтың  пайда  болуы  мен  дамуы  алғашқы   қауымдық  қоғамның  экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық  салаларындағы  обьективтік    даму  процестері  бір-бірімен    тығыз  байланысты  өзгеріп,  жаңарып отырады. Малшылық  пен  егіншілік  қалыптасты, ажарланған  тастан  жасалған  қарулар  өмірге  келіп,  адамның  тәжірбиесі    өсіп молайды.  Қоғамдық  еңбек  төрт  күрделі  тарауға  бөлінеді: Малшылық,  жер игеру, өнірістік  және  саудагерлер  тобы. Оның  бәрі  еңбектің  өнімділігін  артырады,  қоғамның  шығысынан  кірісін  асырды.  Сөйтіп  қоғамдық байлық  қалыптаса  бастады,  оны  иемденетін  топтар,  таптар  пайда  болды. Экономикалық  өзгерістер  әлеуметтік  қайшылықтарды  өмірге әкелді. Олар  төмендегі  негізгі  обьективтік  заңдардың- қосымша  өнімнің  пайда  болуы: жеке  меншіктің  қалыптасуы : топтар  мен  таптардың  арасындағы  күрестің  басталуы  әсерінен  туындайды   қайшылықтарды  реттеп,  қоғамдық  басқару  үшін  өмірге  мемлекетпен  құқық  келеді.Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді: 
1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.  
2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.  
     3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.  
     4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.

Мемлекеттің  пайда  болуыының, дамуының  бірнеше түрлері  бар .

 1. Шығыс  елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс  типтегі  елдерде)  мемлекеттің  қалыптасуы  негізінен   қоғамдық  меншікті  қорғаумен  байланысты. Себебі  алғашқы  қоғам  ыдырау  кезінде  бұл  елдерде  күрделі  құрылыстар  болды: -ірі  су  каналдарын  жасау,суармалы  ирригациялық  жүйелер  құру,  құрғаұшылықпен  күресу.  Міне  ос  күрделі  жұмыстарды  жақсы  жүргізу  үшін  қоғамдық-мемлекеттік  меншік  қалыптасты. Сол  меншіктің  иелері:  шенеуліктер,  ру,  тайпа  басшылары, хандар,  корольдер мен  императорлар  болды.

Сонымен,  Шығыс  елдеріндегі  мемлекеттердің  қалыптасу  себептеріне:

-  ірі  ирригациялық  жүйелерді  жасау ;

-  оны  іске  асыру  үшін құлдарды,  жұмысшыларды  жүйелі  түрде  топтастыру,  біріктіру;

-  барлық  жұмыстарды  бір  орталықтан  басқару  жатады.

  2. Еуропалық елдерде  мемлекет   жеке  меншіктің  шапшаңғ  күрделі  дамуы,  қоғамның  тапқа  бөлінуі  арқылы  қалыптасты.

Афина  мен  Римде  алғашқы  қоғамның  ыдырауы   кезінде  экономикалық  күшті  топтар  мен  таптар  мемлекеттік  билікті  өз  қолдарына  алып,  өз  мүдде-мақсаттарын  орындайтын  мемлекеттік,  көбінесе,  демократиялық  жүйедегі   саяси  бірлестік   болып  қалыптасты.

Германияда  мемлекеттің  қалыпиасуы  басқаша  болды. Қалың  бұқара   байларға  тәуелді  болады,  федолдық  қатынастар  дами  бастады.  Осы  типті  мемлекеттер  Европаның  бірнеше  елдерінде  Ресейде,  Ирландияда  және  т.б.  қалыптасты.

 

  2.   Құқықтың дамуы -  адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамда қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып,салт-дәстүр,мораль,діни нормалары) нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді кесіндер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенеді. Мысалы, Индия да Ману заңына сүйенеді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатнастардың мемлекеттік органнының өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарады.

  Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп  пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі.

Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады.

  Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау 
, олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады. 
     Қоғамдық тәртіп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді. 
     Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын белгілейді.

Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады

 

  3.Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары:

  Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.

  Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.

  Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді. Бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана – сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді.

  Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы — әке, мемлекеттің басшысы – монарх.

  Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар. XX ғасырдың басында жақсы дамыған теория. Теорияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс – әрекетіне, жұмысына әсер етуі.

 

4. Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

 

  Мемлекеттің белгілері:

    • мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
    • мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
    • мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
    • мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
    • мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.

Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

  •   Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

  • Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]
  •   Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.

  •   Конфедерация (кейінгі лат. confederatіo – одақ, бірлестік) – мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте Конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады.

 

  Мемлекет басқару жүйесі бойынша:

  •   Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

  •   Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады.

  •   Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру.Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

 


Информация о работе Мемлекет және құқық