Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июня 2013 в 18:38, реферат

Краткое описание

Нарықты мемлекеттік реттеу - нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет , құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады
Жұмыстың мақсаты – мемлекеттік экономикаға араласу шегін оның тәсілдері мен қызметтері арқылы айқындап, мемлекеттік реттеу осы немесе өзге деңгейде болса да, қоғамның өмір сүру қызметінің барлық саласын қамтуы, экономиканың барлық саласына, сондай-ақ көлік жиынтығына да қатысты болуы тиістігін зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1. Мемлекеттің мәні және нарықтағы мемлекеттің рөлі.............................4
2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің нарықты реттеу тәсілдері және шегі........................................................................................................6
3. Қазақстанда экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері..................12
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................20

Вложенные файлы: 1 файл

Реферат по ЭМР.doc

— 114.00 Кб (Скачать файл)

Осындай айырбас процестерді қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады.Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық катынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуге экономикалық жекеленуге, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық   негізін қүрайды.Екінші жағдай , тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде , жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналудың экономикалық шарты материялизацияланады , өндіріс тауарлық өндіріске айналады.

Осы қатынастардың мазмұны  неде? Экономикалық әдебиеттерде бүл сұраққа жауаптар бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері. Неоклассикалык экономикалық   әдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз       экономисі   А.Курно (1801-1877ж.ж), экономист А.Маршал (1842-1924ж.ж)   береді. «Нарық заттар сатып алатын немесе сататыны белгілі нақты нарық алаңы емес , ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда бірдей тауарлардың   бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі» . Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.

Ағылшын экономисі У.Джевонс(1835-1882ж.ж) нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынастардың «тығыздығына» назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез-келген адамдар тобы нарық болады. Байқасақ, келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас сферасымен шектеледі.

 Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (market) деген түсінік, бұл айырбас айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық-өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар ақша байланыстарын, қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.

 Айналыспен катар, нарық қатынастарына мыналар жатады:

—   екі субъектің өзара  байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа қүрылымдарды жалға алумен байланысты катынастар ;

—   еңбек биржасы арқылы жүмыс  күшін жалдап пайдалану процесі;

—  шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процесі;

—   белгілі процентке  несие берудегі несие қатынастары; 10 — тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын ,нарықтық инфракұрылымдардың іс-әрекеті;

Нарықтык кызметтерінің  белгілі шарттары болады . Ақырғы уақытқа  дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі әлеуметтік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық   өмірде экономикалық бостандықтың   шектелуі; барлық шаруашылық күрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.

Бүгін шектеулер жойылды-мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа шектеулер , кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу , криминалдық әрекеттердің жандануы - рэкет , мемлекеттік коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т. б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік -шаруашылық іс - қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.

3. ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндіріспен капиталды, технологиямен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын қүлашпен бір сермеп түзетуге болмайды.  Дүние жүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының өндіруші өнеркәсіптің, үлесін ұдайы кеміту және, керісінше өңдеуші өндірістің ең алдымен ғылымда қажет ететін, косылған құны жоғары өндірістерді сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға салатын белгілі бір дәйектіліктің қажеттілігін көрсетіп отыр .

 Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақүрылымдык мұнай мен газ өндеуді, химия мен мұнай химиясын , машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері карқынмен дамытуға тиіспіз .

2010 жылга дейінгі бастапқы  кезеңде өз мүмкіндіктерімен бәсекелестік кабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті   қажет еттінсалаларға көңіл бөлу керек . Бұл басымдық тәжірибемен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм , тұрған үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жүмыспен қамту және кедеиілік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе .

Экономикалық өрлеуден еліміздің дамуы үшін каншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектеп тер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз. Сондытан бүл басымдық бүгіде, ертеңде және алдағы жылдарда да ең маңызды басымдылықтардың бірі болып қала береді. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес.

Осы жылдардың ішінде кедейшілікпен жұмыссыздыққа карсы  күрес стратегиясы:

- кіші кредиттер жүйесін  енгізуге;

- шағын және орта  бизнесті дамытуға;

- еңбекті көп қажет  ететін салаларды басымдықпен  дамытуға және бұларға шетел  инвестициялары мен ұлттық капиталды белсенді таратуға;

- шарттар мен контрактар  жіне бюджеттік сатып алулар  кезінде жұмыспен қамту проблемаларга қатаң тұрғыдан келуге;

- қогамдық жұмыстарды  ең алдымен жол кұрылысымен  орман отырғызуды дамытуга;

- жеке кәсіпкерлікті  дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілд кедергілердің бәрін алып тастауға;

Президент еліміздің  соңгы жылдары адам танымастай өзгергенін, оның тұрақты дамып отырганын  және саяси экономикалық, әлеуметтік салаларда аршынды адымдармен алға басып келе жатқанын айтады. "Біз үгін ТМД арасында көп елдерден әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерімізбен адамдардың тұрмыс жағдайы жағынан алдамыз. Сондай-ақ олардың барлығына дерлік даму қарқыны жөнінен алдамыз. Бізде 1994 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ өнімінің көлемі бойынша 700 долар құрса, 2010 жылы 5800доллар, ал 2015 жылы 9000 доллар құрайды",-деді Президент. Сондай-ақ соңғы он жылда ең төмен жалақы деңгейі 25 есеге өсті, зейнетақының орташа көлемі 4,6 есе өсті, ал жеке салымшылардың банктердегі қаржы көлемі 36 есе өсті.

Қазақстан осы жылдар ішінде тартылған 40 миллиярд долларға жуық тікелей инвестиция қаржы еліміздің экономикасы ұшін өте тиімді түрде жүмыс істеп жатыр.

Нарықты мемлекеттік  реттеу - нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет , құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады

Қазақстан егеменді,  тәуелсіз  мемлекет.  Ірі көлемдегі  әлеуметтік,  саяси  және  экономикалық  реформа  жүргізілді,  жүріп  те  жатыр.  Белгілі  ұзақ  мерзімді  мақсаттар  нәтижелері  әзірге  нашар  болса да,  оның  қайсыбір  бағыттары  бойынша  жетістіктерге  қол  жетуде.  Республиканың  экономикасы  тұрақтана бастады.  Бізде бұрынғы 70 жылдан астам  өмір  сүрген  саяси  және  экономикалық  жүйеден  түбірінен  өзгеше  саяси  және экономикалық жүйе  жұмыс  істеуде.

Өтпелі  кезеңде  Қазақстан  азаматтары  көптеген  ауыртпашылықты  басынан  өткізді  әрі  көп нәрсені  құрбан етті. Бірақ  мұның  бәрі  қазіргі  ғана  емес, болашақ  ұрпақтың  игілігі  үшін  іске  асырылуда.

Экономикалық  реформаларды жүзеге  асыру,  КСРО-ның  ыдырауы  және  Қазақстан  экономикасының  дүниежүзілік  экономикалық  қатынастар жүйесіне  кіруі  өндіріс  көлемінің  елеулі  төмендеуіне әсер  еетпей  қоймайды.  Технологиялық тұрғыда  артта  қалған  және  шаруашылық жүргізудің  жаңа  жағдайларын  игере  алмаған,  бәсекеге қабілетсіздікке  және  көптеген кәсіпорындарының  тұралап  қалуына,  дәстүрлі  рыноктарын  жоғалтуға,  өндірістің  құлдырауына  алып  келген  негізгі  факторлар, міне,  осылар.  Осының  салдарынан  біздің  елімізде  соңғы  8 жылда  өндіріс  деңгейі  екі  еседен  артық  қысқарды, ал  бюджеттік  түсім  азайды.                  

Экономиканың қозғаушы күші болуға  тиіс ұлттық  жинақталымдардың  ұлғаюы  мен  капиталдың  қорлануы  баяу. Ішкі капитал мен жинақталымдардың  жеткіліксіздігінен  Қазақстан шетелдік  капиталға,  жекеше  капиталға,  сондай-ақ  халықаралық қаржы институттарына  да  одан  әрі  тәуелді  бола  түсті.  Экономиканы  әрі  қарай  сауықтыру  инвестицияларының  зор  көлемде  келіп  құйылуына  байланысты,  мұның  өзі  инвестициялық  ахуал  едәуір   жақсартылса  ғана  мүмкін  болады.

Бүгін  Қазақстан  зор  мүмкіндіктер  табалдырығында  тұр.  Азияның ең  кедей елдерінің отыз  жыл ішінде  қайыршылықтан оңалып,  индустриялы мемлекеттерге айналғанын  дүние жүзі  халқы біледі.  Алғашқылары Корея,  Тайвань және  Сингапур  болса,  қазір оларға  Малайзия,   Индонезия және   Тайланд   қосылды. Қазақстанның  көршісі  Қытай  жоғары  қарқын  танытып  отыр.  Үндістан  мен  Бразилия  да  өз  қуатын  еселей  түсіп  келеді.  Осындай  табыстарының  нәтижесінде  бұл  елдер  күллі  әлемде  Азия  жолбарыстары  ретінде  танылып  отыр. 

“2030  жылға қарай Қазақстан   Орталық   Азия  барысына  айналады  және  өзге  дамушы  елдер үшін  үлгі  болады  деп сенемін”, - деді Н.Ә.Назарбаев. 

2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі  пайда болмайды.  Оны республика  халқы  өз  қалауымен  және  табысқа  жетуге  талпынған  ерік-жігері  арқылы  тұрғызады. 

2030 жылғы Қазақстан Еуразияның  орталығы  бола  отырып,  жедел өркендеп  келе  жатқан  үш  аймақтың – Қытайдың,  Ресейдің  және  Мұсылман  әлемінің  арасындағы  экономика  мен  мәдениетті   байланыстырушы  буын  рөлін  атқаратын  болады. 

2030 жылғы Қазақстан күрделі жолдан  ойдағыдай өткен және  дамудың келесі  кезеңіне  нық қадаммен  аяқ басқан  ел  болды. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  өткен  кезеңді  қорыта  келіп,  ұзақ  мерзімге  арналған  басым  мақсаттар  мен  оларды  іске  асырудың  стратегияларын  анықтады.  Ұзақ  мерзімді  жеті  басым  бағыт  анықталды,  олар  өзара  байланысты.  Олардың  ішінде  үш  басым  бағыт  экономика  саласына  арналады. Экономикалық  асу – экономикалық  өрлеудің  нақтылы,   тұрлаулы   және  барған  сайын  арта  түсетін  қарқынына  қол  жеткізу.  Энергетика  ресурстары – мұнай  мен  газ  өндіруді  және   экспорттауды  экономикалық   өрлеу  мен  халықтың  тұрмысын  жақсартуға   жәрдемдесетін  табыс  алу  мақсатында  жедел  арттыру  жолымен  Қазақстанның  энергетикалық  ресурстарын  тиімді  пайдалану. Инфрақұрылым.  Әсіресе  көлік  және  байланыс.  Осы  шешуші  секторларды  ұлттық  қауіпсіздікті   нығайтуға,  саяси  тұрақтылық  пен  экономикалық  өрлеуге  жәрдемдесетіндей  етіп  дамыту.  Осы  ұзақ  мерзімді  басымдықтардың  әрқайсысы  үшін  бір  жылдық,  үш,  ал  кейіннен  бесжылдық  жоспарлар  жасалады.

Қазақстанның  салауатты   экономикалық   өрлеу  стратегиясы  мықты  нарықтық  экономикаға,  мемлекеттің  белсенді  рөліне  және   айтарлықтай  шет  ел  инвестицияларын  тартуға  негізделеді.  Ол  он  принциптен  тұрады.  Мелекеттің  белсенді  рөл  атқара  отырып,  экономикаға  араласуының  шектеулі  болуы.  Соңғы  үш  жылдың  ішінде  Қазақстанның  экономикалық  стратегиясы  макроэкономиканы  тұрақтандыру  болды.  Бірақ  бүгінгі   табыс   тоқмейілсуге   негіз  бола  алмайды.

Бірінші   азиялық  барыс  болу  үшін  біздің  басым  бағыттардың   қатарына   макроэкономикалық   көрсеткіштер  саласындағы  алдыңғы  қатарлы   халықаралық   тәжірибе  енгізілуге  тиіс.

Құнсыздануды  қолайлы  деңгейге  түсіре  отырып,  Республика   стратегиялық  күшті  экономикалық  ілгерілеуге  бағыттайды.

Жеке  меншік  институттары  жерге  деген  құқықтың,  сондай-ақ  меншік  құқықтарын  және  келісім-шарттардың   орындалуын  қорғайтын  заң  жүйесін  құрудың  есебінен  нығайтылады. 

Кәсіпорындарды   жекешелендіру  негізінен  аяқталды.  Енді  оны  ең  алдымен  аграрлық  кешен   мен  әлеуметтік  салада  түпкілікті   аяқтау   және  акциялардың   айналымы  процесін  дәл  реттеу  қажет.  Стратегиялық  сипаттағы  кәсіпорындардағы  акциялардың  мемлекеттік  пакеттері  орынды  пайдаланылатын  болды. Көптеген  ірі  рыноктар   арасындағы  байланыстыпушы   буын  ретіндегі  Қазақстанның  жағдайы  ашық  экономика  мен  еркін  сауда  құруды  талап  етіп  отыр.

Қазақстанның  энергетикалық  және  өзге  де   ресурстарын  игеру  жалғаса  береді.Шетел  инвестицияларын   тиісінше  қорғау  және  пайдалану  бірінші  кезектегі  мәселелердің  бірі.  Қазақстанның  инвестициялық  ахуалы   неғұрлым  қолайлы,  ал  Қазақстан  тартылған  шетел  инвестицияларының  көлемі  мен  сапасы  бойынша  басты  орынға  шығуы  үшіні  саяси  ерік-жігер  мен  нақты  іс-қимыл  қажет.  Әлемге  әйгілі   инвесторларды   мүмкіндігінше  көптеп  тарту  үшін  республикамыз  асқан  шеберлік  танытуы  керек.

Информация о работе Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу