Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 22:42, реферат
1.Негізгі құралдардың мәні мен жіктемесі
2.Негізгі құралдардың тозу есебі және амортизацияны есептеу әдісі
3. Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру
Тақырыбы: Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
Жоспары:
1.Негізгі құралдардың мәні мен жіктемесі
2.Негізгі құралдардың тозу есебі және амортизацияны есептеу әдісі
3. Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру
1.Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амартизациялық материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар - бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдым активтер.
Оған мыналар жатады:
Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. өзінің құның жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Жіктелу топтарында өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі қорлар былай бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес.
Өндірістік бұл - өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Оның құрамына мыналар жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді.
Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық сақтау, спорт)
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді: меншікті және жалданған.
Меншікті – бұл субъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.
Жалданған - жалдау шарты бойынша онда белгіленген мерзімге басқа субъектілердің алынған негізгі құралдар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: қолданыстағы, қолданылмаған, запастағы.
Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар.
Қолданылмаған (тоқталған) - консерватцияға немесе басқа себептерге байланысты қолданылмай тұрған негізгі құралдар.
Запаста тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдар жөнделу, жойылу, апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі құралдар.
Түріне қарай негізгі құралдар 13 топқа бөлінеді:
1. Жер;
2. Үйлер - бұл мақсаттық
бағыты халықтың еңбек етуіне
және материалдық
3. Ғимараттар - еңбек заттарының
өзгеруіне байланысты жоқ
4. Беріліс құрылғылар –электронды жылулық және механикалық қуат беруге арналған құрылған (электор тарату желісі) құбырлы өткізгіштер т. б;
5. Машиналар мен жабдықтар
- әрбір машина егер оның
а ) Күш беретін машиналар мен жабдықмашиналар жылу және электро қуатын өндіретін электрометорлар және т.б. (трокторлар, электр қозғалтқыштар) және т.с.с;
б) Жұмысшы машиналар мен жабдықтар. Бұл еңбек өнімдерін жасау процессіне механикалық, техникалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар апараттар және жабдықтар (насостар, элекрлік маторлар) және т.б;
в) Өлшеу және реттеу аспаптары (микроскоп, монометр, амперметр және т.б;
г) Есептеу техникасы. Процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар құрылғылар мен аспаптар (компьютер, конкульятор мен есептеу машиналары);
д) Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон, станциялары, өрт машиналары т.б.)
6. Көлік құралдары. Адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (теміржол, автомат, су көлігінің қозғалмалы құрамы) және т.б.
7. Құрал-сайман. Темірді ағашты өндеуге арналған қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған немесе машиналарға бекітілген заттар (балға, тесетін,тұратын және с.с. құралдар);
8. Өндірістік инвентар және керек жарақтар. Өндіріс операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс үстелі және т.б.);
9. Шаруашылық инвентар. Кеңсеге және шаруашылықтарда қажетті заттар (шкафтар, клемдер және т.с.с.);
10. Жұмысшы және өнім беретін малдар ( ірі қара, қошқар және т.с.с.);
11. Көпжылдық өсімдіктер (жүзімдіктер, жеміс жидектер, роза және с.с.);
12. Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі (жерлерді тастардан тазарту және т.б.);
13. Өзге де негізгі құралдар (кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары).
Активтердің жүргізілген қайта бағалауы нәтижесінде баланс бұзылмас үшін оны активтердің сол жоғарлаған сомасына меншікті капитал көрсеткішін көбейту жолымен қалпына келтіру қажет. Меншікті капиталдың көрсеткішін бұлай көбейтуді баланстың жеке графасында көрсету керек. Негізгі құралдарды қайта есептеу (бастапқы құны негізінде) сызбасы 1 - суретте көрсетілген.
Негізгі құралдардың сатып алынған күні, сатып
алған кездегі бастапқы құны және амортизациясы
туралы ақпаратты дайындау
Негізгі құралдардың бастапқы құнын және
амортизациясын олардың сатып алу күнінен бастап
есептік күнге сәйкес ТБИ қолданумен қайта есептеу
Есептік кезең үшін амортизациялық аударымдарды
негізгі құралдардың қайта есептелінген бастапқы
құны негізінде есептеу
Есеп беру жылында негізгі құралдарды сатудан
түскен (шығуы) қаржылық нәтижелерді қайта
есептеу
2. Негізгі құралдардың тозу есебі және амортизацияны есептеу әдісі
Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етумен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі). Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық процеске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралды моральды тоздыратын факторлар:
Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді.
№16 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (ХҚЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзімі бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.
Баланстық құн – кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома. Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы.
Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома. Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу.
Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.
Амортизациялық құн - дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамдық құны ретінде анықталады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады.
Амортизация нормасы – бұл амортизциялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатта қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі құралдың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық - заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1 000км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аудырымдардың мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.
3.Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:
Құнды біркелкі есептен шығару әдісі
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
Информация о работе Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау