Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 13:21, реферат
Нарық жағдайында бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-теникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құпралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршілдік-әкімшілік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан-таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырды.
Нарық жағдайында бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-теникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құпралына аса қажетті әр түрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымдар мен оқыту пәндеріне айрықша маңыз беріліп отыр.
Қазақстанда нарықтық қатынастар енгізілуімен бірге экономикалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді. Аудиторллық қызметті реттеуші стандарттар енгізілуде, аудиторлар жұмыстарының сапасына кәсіби бақылау жүйесі жақсарып келеді, сондай-ақ, бұл салада кәсіби мамандар даярлауға қосымша талаптар қойылуда.
Бухгалтерлік есепті реформалау жіне аудитті ұйымдасытрудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық Одақтың (ЕО) және британдық кеңестің белсенді қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісы негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституцция, Азаматтық Кодекс, Бюджет Кодексі, Салық Кодексі, «Банкрот туралы», «Ақша аударымы мен төлемде туралы» заңдардың және қосымша компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республкиасының басқа да нормативтік-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді.
Біздің елімізде аудитті нормативтік — құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. 1993 жылы 18 қазан айында бірінші рет Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы шықты. Ал бес жылдан соң, 1998 жылдың 20 қарашасында Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының екінші Заңы қабылданып, оған 18.12.2000 ж., 15.01.2001 ж., 20.03.2001 ж., 26.12.2002 ж., 16.05.2003 ж., 11.06.2003 ж. және тағы да басқа жылдарда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заң Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін реттейтін бірінші деңгейлі құжаттарға жатады.
Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін іске асыру барысында бұл заң мемлекеттік органдар арасында, заңды және жеке тұлғалар арасында, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында реттеледі.
Екінші деңгейлі құжаттарға Қазақстан Республикасының Аудит стандарттары (ҚР АС) және Халықаралық аудит стандарттары (ХАС) жатады. 2000 жылдың наурыз айында өткен бесінші республикалық конференцияда Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасында Қазақстан Республикасы аудитін Халықаралық аудит стандарттарына көшу туралы шешім қабылданды.
Үшінші деңгейлі құжаттарға әр аудиторлық фирманың жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтар негізінде өздері құрастырған ішкі стандарттары (ережелері) жатады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы жалпы құқықтық құжаттар тізімі төмендегідей:
Информация о работе Пути предотвращения банкротства предприятия