Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 17:48, курс лекций

Краткое описание

Мемлекеттік сауда саясаты – бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.

Содержание

1.Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты.
2. Кедендік тарифтің мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі.
3. Тарифтердің экономикалық рөлі. Тарифтерді қорғау және қарсы аргументтері.
4.Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.
5. Сауда саясатының қаржы әдістері.

Вложенные файлы: 1 файл

Лекции МЭ каз 5 такырып ХЭ.doc

— 74.00 Кб (Скачать файл)

           5 тақырып. Сауда саясаты және  кедендік тарифтер теориясы.

 

1.Мемлекеттік сауда  саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары  мен сипаты.

2. Кедендік тарифтің  мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі.

3. Тарифтердің экономикалық  рөлі. Тарифтерді қорғау және қарсы аргументтері.

4.Сыртқы сауданың тарифтік  емес әдістері және оның негіздері  түрлері.

5. Сауда саясатының қаржы әдістері.

 

 Студенттерге «Сауда еркіндігі жақтастары мен протекционизм жақтастарына қарсы»  тақырыбы бойынша дебатқа дайындалу.

 

    1. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты.

Мемлекеттік сауда саясаты  – бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.

Ұлттық және әлемдік нарықтардың  арасындағы өзара қарым-қатынас  жағдайын сауда саясаты анықтайды. Белгілі мемлекеттің сауда саясаты  өз бейнесін сауда режимінде табады. Сауда режимі – бұл ұлттық және әлемдік нарықтық қарым-қатынасын қалыптасытру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.

Мемлекеттік сауда режимінің сипаты кедендік тарифтің орташа деңгейін, сондай-ақ санды шектеулердің интенсивтігілі мен орташы деңгейін есептейтін агригалдық көрсеткіш ретінде анықталады.

Импорттық кедендік салымының орташа деңгейі 10% төмен, ал сандық шектеу импорттың 25% басып, тіркеу сипатына ие болатын мемлекеттің сауда режимі салыстырмалы түрде ашық болып танылуы мүмкін.

Мемлекеттік халықаралық саудаға  араласу масштабына байланысты протекционистік сауда саясаты және еркін сауда саясаты деп айырамыз (жабық экономикадан ашық еркін сауда саясатына көшу жағдайын сыртқы сауданы либерализациялау деп аталады).

Еркін сауда – еркін нарық  күштері сұраныс пен ұсыныстың, негізінде дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты.

Протекционизм – тарифтік және тарифтік емес құралдарды қолдану арқылы ішкі нарықты шетелдік бәсскеден сақтау үшін қолданылатын мемлекеттік саясат. Бұндай шектеулерді сауда кедергісі деп атайды.

 

 2. Кедендік тарифтің мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі.

Сыртқы сауданы реттеудегі ең кең  қолданылатын құрал болып кеден  тарифтері табылады.

Кедендік тариф – бұл кедендік шекара арқылы жылжитын тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларнының жүйелендірілген жиынтығы. Кедендік тариф түсінігі көп жағдайда, кедендік баж түсінігімен сәйкес келеді.

Кедендік баж мыналарға жіктеледі:

Импорттық, экспорттық, транзиттік, маусымдық, антидемпингтік, компенсациялық, автономдық, конвенциондық, преференциялық, спецификалық,адвалорлық, құрама.

Кеден тарифтерінің жіктелуі.

Салық салу объектісі бойынша:

- Импорттық – бұл елдің ішкі импортқа еркін айналысқа түсетін импорттық тауарға салынатын баж салықтары. Ұлттық өндірушілерді шетел бәсекелестігінен қорғау үшін барлық мемлекетттермен пайдаланатын кең таралған форма.

- Экспорттық – экспорттық туарларға салынатын баждар. Олар өте сирек қолданылады, өйткені олар әлемдік нарықтағы тауар құнын қымбаттатады. Сондай-ақ ол, мемлекет тауарларының сыртқа әкетілуін шектеуге ұмтылған кезде де қолданылады.

- Транзиттік – аталмыш ел территориясы арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларға салынады. Оларда өте сирек қолданады, себебі, олар тауар ағымдарына кедергі жасап, сауда соғысы құрамы ретінде қолданылады.

Сипаты бойынша:

- Маусымдық – маусымдық сипаттағы  өнімнің халықаралық саудасын реттеу үшін қолданылады. Ең алдымен ауыл-шаруашылық өнімдерді. Олардың әрекет ету мерзімі бірнеше айдан аспайды.

- Антидемпингтік – экспортталатын елдегі қалыпты бағаға қарағанда неғұрлым төмен бағамен тауарлардың елге әкелуі кезінде салынады.

- Компенсациялық – тауарларды өндірі барысында тікелей немесе жанама субсидиялар пайдаланатын тауарларды импорттауға салынады. (Егер олардың импорты осындай тауарлардың ұлттық өндірушілеріне зиян келтірсе).

Пайда болуы бойынша:

- Автономды – елдің мемлекеттік билік органдарының бір жақты шешімдерінің негізінде еңгізілетін баж.

- Конвенциондық – (келісім-шарттық) ТСБК (тарифтер мен сауда туралы бас келісім) – сияқты, немесе Кедендік Одақ туралы келісім сияқты, екі жақты немесе көп жақты келісімдер негізінде орнатылатын баждар.

- Преференциалды – дамушы елдерден шығатын тауарларға көп жақты келісімдер негізінде салынатын әрекет етуші кеден тарифімен салыстырғанда неғұрлым төмен ставкаларға ие баждар.

Алу тәсілі бойынша үш түрлі тарифтер болады:

- спецификалық;

- адвалорлық;

- құрамдық.

Спецификалық – салмақ, көлеммен есептелуі. Мысалы, бидайдың әрбір центнеріне бір доллар көлемінде баж салығын салу. Ал адвалорлық – тауар бағасына қатысты пайызбен есептеледі. Құрамдық – кеден салығының екі аталған түрлерін қамтиды. Мысалы, кеден құнынан 20% бірақ 1 тоннаға 10 доллардан жоғары емес.

 

Кедендік тариф құрамына қарай  қарапайым және күрделі болып  бөлінеді. Қарапайым кедендік тариф  әр тауарға қолданылатын біртұтас қойылым негізінде құрылған. Күрделі кедендік тариф бірнеше салым қойылымына байланысты белгілі мемлекеттің тауарына қолданылатын максималды, аралық преференциалды.

Қазіргі уақытта барлық мемлекеттер  көп бағалық тарифке ие. Бұндай күрделі тарифте көбінесе генералды және автономды баж басым. Ол сауда келісім шарты немесе бітімі жоқ мемлекеттерден импортталатын тауарларға салынады.

Көп бағалы кедендік тариф.

Сыртқы экономикалық қызметтің  тауарлы номенклатура бойынша тауар  коды

Тауардың қысқаша атауы,

Ставкалар немесе кедендік баждар

37

Фото және кино тауарлары

1

2

3

   

2,5

5

10


 

Біздің тариф мысалында автономды  немесе генералды баж 10% (үшінші бағана) құрайды, ол максималды. Тарифтік базалық  ставкасын 5% (екінші бағана) баж құрайды. Бірінші бағана дамушы мемлекеттердің тауарларының баждарына арналған.

 

 

Кеден қорғанысының нақты деңгейі.

Отандық өндірушілердің мүдделерін сақтау мақсатында көп жағдайда тиімді тарифтік қорғаныстың принципі көмектеседі.

Нақтылы тарифтік қорғану саясаты – бұл саясаты төменгі импорттық салықты, импорттық шикізат және құрамданған жоғарғы импорттық салықты аяқталған өнімге қолданады.

Басқа салаларға қорғаныс тарифінің негізгі деңгейі пайыздық көлеммен анықталады, сол пайызға, бүкіл  тарифтік жүйенің жұмыс істеу  қабілетіне байланысты осы саладағы бір өсімнің шамасы жоғарылайды.

Негізгі және нақтылы тариф  көлемінің деңгейі (нақтылы қорғаныс деңгейі) қосымша баға көлемінің  қатынасымен, қазіргі кеден салығының  деңгейінің қосымша базалық нұсқауымен анықталады.

Нақтылы тариф қойылымы – көлемдік мінездемесі келесі тұжырыммен анықталады: импорттық тариф тауардың өндіру процесінің өсуіне ықпал етеді және импорттық салық салымының дайын өніміне, импортталған шикізат құрамынан және солардың ақырғы өнімге деген пайыздық арақатынасының  түрлілігіне тәуелді.

Жалпылама түрдегі нақтылы  тариф салымының деңгейі формула  бойынша шығарылады:

q= (t – at1)/(1 – a)

 

мұндағы: q – нақтылы  кеден қорғанысының деңгейі;

                 t – номиналдық тарифтің ақырғы  өнімге салымы; 

                 a – кеден тарифі болмаған жағдайдағы импорттық шикізаттың ақырғы өнімге бағалай қатынасы;

                t1  - импорт тарифінің бөлігі мен компоненттерінің номиналдық саллымы;

Нақтылы кеден қорғанысының есептеу негізінде, сауда саясатында маңызды шешімдер қабылданады.

 

3. Тарифтердің экономикалық  рөлі. Тарифтерді қорғау және  қарсы аргументтері.

Теорияның барлығы шектеулерсіз саудаға бет бұрады. Кеден салымы жоқ жағдайда елдер өзара саудадан пайданы көп табады. Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты, еркін сауданы шектейді, осы әрекетпен адамдардың тұрмыстық деңгейіне әсер етеді, адамдардың тұтыну деңгейін төмендетеді.

Кеден тарифін енгізуден бірінше  ретте импорттық тауарлардың  тұтынушылары зардап шегеді, өйткені  олар қосымша шығынды жұмсауға тиісті немесе тауарды аз мөлшерде сатып алуға мәжбүр болады.

 Сәйкесінше, кедендік тариф  тұтынушылық мүмкіндіктердің нашарлауына  әкеледі. 

Импортпен бәсекелестікке түсетін өнімдер шығаратын отандық өндірушілер импорттың нақты шектелу жағдайында ғана тарифті енгізгеннен ұтысқа ие болады. Тұтынушларға шетел тауары неғұрлым қымбатқа түссе, олар соғұрлым отандық тауарларды сатып алуға тырысады, өйткені олар жоғарғы баға мен жоғары өтімділікке ие болады, осының бәрі қолданған тарифтің көмегімен жүзеге асады.

Отандық өндірушілердің тариф  енгізу арқасында алған ұтымы, тұтынушалардың шығынын жаба алмайды.

 Кедендік тариф мемлекет  бюджетінің ең басты көзі болып  есептеледі. Осы табыстың көлемі  өндірілген тарифтің, импорт көлеміне  теңеседі. Кедендік тариф мемлекетке  бір ғана жағдайда табыс әкеле алады: егер ол тым жоғары болмаса, импорттық тауарды толықтай жауып тастауға мүмкіндік туғызбаса.

Оптималды кеден тарифі.

Оптималдық салымдар – импорт салымды қолданудан алынатын эффект, ол қабылданғанда шетел жабдықтаушылары бағаны төмендетеді. Бұл әлемдік нарықта монопсония жағдайы туындағанда қалыптасады, яғни сатып алушының монопольдық билігі. Бұл нарытық сыйымдылығы бар үлкен ел өте ірі импортер болып, экспортер елдер оның ішкі нарығындағы конъюктурадан тәуелді болған жағдайда туындайды.

Бұл жағдайда үлкен ел монопольдік сатып алушыға айналады және импортқа кеден тарифінің енгізілуі оған таза табыс әкеледі. Осындай монопсондық билікке телевизорлар, мотоциклдер, машиналар және тағы басқа тауарлардың әлемдік нарығында АҚШ ие болады.

 

4.Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.

      «Мөлшерлік  шектеулер» —   сауда  айналымын  тарифтік емес  реттеу формасы,   ол  белгілі бір уақыт  аралығында экспорт пен импортқа рұқсат етілген тауарлардың саны мен номенклатурасын анықтайды. 

Мөлшерлік шектеулер келесі формаларда болады: квоталау (контингенттеу), лицензиялау және экспортты «еркін» шектеу.

Квота немесе контингент — тауардың экспортын немесе импортын анықталған мөлшермен белгілі бір уақыт аралығында шектеудің мөлшерлік өлшемі.

Квоталар келесідей бөлінеді:

  1. экспорттық
  2. импорттық
  3. глобальді
  4. жекеше

Зерттеу барысында, протекционизмнің бұл түрінің артықшылығы жоқ, ал белгілі бір жағдайларда тарифке қарағанда нашар екендігі анықталды.

        Еркін бәсеке  жағдайында  квоталарды  енгізудің экономикалық  нәтижесі баж салығын қолдану нәтижесіне ерекшеленбейді. Сондықтан квоталардың тарифтік эквиваленті туралы айтуға болады.

Бірақ, квота ішкі нарық  монополизациясын жүргізгенде және оның икемсіз орналасуы орын алған жағдайда, ол экономикаға кеден тарифіне қарағанда, көбірек шығын әкеледі.

Мөлшерлік шектеулерді  қолданудың ерекше жағдайы —  бұл тарифтік квоталар. Олар елге енгізуге рұқсат алған тауарлардың көлемін қатаң түрде шектейді.

Тарифтік квоталар — белгілі уақыт кезеңінде, тарифтік бағаның ерекше, неғұрлым төмен ставкасымен елге енгізуге немесе   шығаруға рұқсат алған тауарлардың мөлшерін бекіту.

Квоталау процесінің құрама бөлігі — лицензиялау. Лицензиялау — белгілі уақыт аралығында бекітілген мөлшермен тауарды елге енгізу немесе шығарудың мемлекетпен реттелетін рұқсат ету тәртібі.

Лицензияның бірнеше түрі бар:

І.Бір реттік лицензия — елге енгізуге немесе шығаруға 1 жыл мерзімге жазбаша түрде рұқсат ету, ол Үкіметпен нақты бір фирмаға, сыртқы сауда келісім шартын жүзеге асыру үшін беріледі.

2.Генералды лицензия — келісім шарт санына шектеу салынбайтын 1 жыл ішінде елге тауарды енгізуге немесе шығаруға рұқсат ету. Ол тауардың шектелмеген мөлшерін елге енгізуге құқық береді.

З.Глобалді лицензия — белгілі бір тауарды белгілі уақыт 
аралығында саны мен бағасын шектемей, әлемнің кез- 
келген еліне енгізуге рұқсат етеді.

Экспорттың  «еркін» шектеулерінің мәні - қандай да бір тауарды, қандай да бір елге экспорттауды шектеу бойынша міндеттерді сауда әріптестерінің өз қарамағына алуына күштеу. Іс жүзінде мұндай экспорттық шектеулер еркін емес, керісінше міндетті болып табылады. Олар импорттаушы   елдің   саяси   қысымы   нәтижесінде,   немесе неғұрлым    қатаң    протекционистик   шараларды    қолдану қаупінің әсерінен енгізіледі.

Информация о работе Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы.