Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2015 в 17:44, курсовая работа
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15).
І.КІРІСПЕ........................................................................................................2
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.........................................................................................5
2.1 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерш талдау....................................5
2.2 Маржиналды табысты талдау.......................................................................18
2.3 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау.............................32
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................37
с _
С = 30000x15 = 450000
теңге.
4. Өткізудің қауіпті бағасын есептеу. Өткізу бағасы өткізуден түскен табыстың берілген келеміне және өнім бірлігіне есептелген тұрақгы және айнымалы шығындар деңгейіне негізделіп анықталады: Д° = С + VО немесе Рхd=С+Vd
5. Ең төменгі маржиналды табыс деңгейін есептеу.
Егер тұрақты шығындардың көлемі және өнімді өткізуден түскен табыстың күтілетін көлемі белгілі болса, онда ең төменгі табыстың түсімге қатысты %-ға деңгейі келесі формуламен анықталады:
2000
1800
1600
1400
1200
1000
800
600
400
200
Табыс және шығындар, түсім, өндіру көлемі көрсеткіштерінің арақатынасынын графигі
Графикке қатысты шартты белгілер:
Dn- енімді откізуден түскен түсім;
S- еткізілген өнімнің толық езіндік құны;
Vo— жалпы айнымалы шығындар;
С - тұрақты шығындар;
g- өнім бірлігінің саны, мың дана;
K- өндірістің қауіпті көлемінің нүктесі
График көмегімен, көрсетілген қаржы нәтижелерінің, өндіріс көлемі мен өнімді өткізуге тәуелділігіне келесідей түсініктеме берілуі мүмкін. Түсім мен өзіндік құн (сызықтары) түзулері қиылысқан кезде (өндіріс көлеміне сәйкес келетін "К" нүктесі - 30 000 дана) зиянсыздық жағдайына қол жеткізіледі, себебі осы нүктедегі 720 мың теңге (30 000 • 24) көлеміндегі жал-пы табыс, 450 мың тг, көлеміндегі тұрақты шығындар мен 270 мың теңге (30 000 • 9 тг) айнымалы шығын-дарды өтеуге жеткілікті болып табылады. Осы нүктеден төмен, өткізу көлемінде кәсіпорын барлық шығындарды өтей алмайды, яғни оның қаржылық нәтижесі зиянды болады, керісінше, қауіпті көлемнен жоғары деңгейде қаржылық нәтижесі оң, яғни кәсіпорын қызметі табыс-ты болады.
Графикте шығындар аймағы өндіріс көлемінің қауіп-ті нүктесінің сол жағында, ал табыстар аймағы - оң жағында орналасқан. 10 мыңнан 70 мыңға дейін бүйымдар шеңберінде релеванттық қатарды бағалай отырып, 30 мың бірлік бұйымнан артық өткізілген немесе шығарылған әрбір өнім бірлігі, кәсіпорындарға айны-малы шығындарды алып тастағандағы өткізу бағасына тең болатын 15 теңге маржиналды табыс (24-9) әкеледі деп қорытынды жасауға болады. Бұл табыс нақты сомадан тұрақты шығындар көлемімен ажыратылады. Өнімнің өзіндік құнын айнымалы шығындар негізінде есептеу әдісін қолдану, тұрақты шығындарды күрделі есептеуден қүтылуға, өткізуден түскен табыс пен мар-жиналды табысты салыстыруға, өткізілген өнімге келе-тін барлық тұрақты шығындарды есептеп шығаруға және айнымалы шығындар бойынша қоймадағы дайын өнімнің қалдығын бағалауға мүмкіндік береді. Негізінен бұл, ағымдағы жылғы тауарлардың сатылмауына байла-нысты мүмкін болатын тәуелділіктен ойдағыдай өтуге және де осы сомаға табыс пен салықты азайтуға мүмкіндік береді.
70 мың бірлік өнім өткізгенде
негізгі қызметтен түсетін
Нақты өлшеммен алғандағы өткізуден түскен жоспарлы табыс көлемінің (70000 бірлік) өткізуден алынған табыстан артуы, орнын толтыру нүктесінде 40000 бірлікті құрайды (70000 - 30000). Бұл арту, яғни асып кету "қауіпсіздік аймағы" деп аталады, себебі ол жұмыстың зиянсыздығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өткізуден алынған табысты сипаттайды. 10000-нан 30000 бірлік аралығындағы әрбір өткізілген өнім бірлігі зиян әкеледі, өйткені бұл еткізу көлемі жалпы шығындарды жабуға жеткіліксіз болып табылады.
Өндірістің қауіпті көлемінің мөлшеріне келесі бірінші реттегі факторлар өзгерісі әсер етеді:
өнім бірлігінің бағасы;
өнімнің бірлігіне шаққандағы айнымалы шығындар;
тұрақты шығындар.
Өткізілген өнім бірлігінің бағасының төмендеуі нақты өлшемдегі өткізу көлемінің көбеюінің қажет-тілігін анықтайды, яғни шығындарды өтеу үшін орнын толтыру нүктесінің көтерілуін анықтайды.
Егер қарастырылып отырған мысалда бағаны 24 теңгеден 21 теңгеге дейін төмендетсе,онда орнын толтыру нүктесі 37500бірлікке(450000/21-9)
тең болады.
10 мыңнан 70 мың бірлікке дейін
мүмкін болатын өткізудің
Тұрақты шығындар өзгерісінің бағыты қарастырылған айнымалы шығындарға ұқсас болып келеді.
Осы формуладан көріп отырғанымыздай, тұрақты шығындардың сомасының кез келген өсімі қауіпті көлемінің өсуіне әкеледі және керісінше. Басқаша айт-қанда, өткізуден түскен табыс жаңа, өскен шығындарды өтеуі ұшін өнімнің белгілі бір көлемін қосымша сату қажеттілігі туады, яғни белгілі бір көлемде қосымша өнім сатылуы керек.
Осы мысалды одан әрі қарастыра отырып, мысалы жал төлемінің өсуіне байланысты тұрақты шығын-дардың 10%-ға өсуі қауіпті көлемге қалай әсер ететінін анықтайық. Мәліметтерді жоғарыда келтірілген форму-лаға қойып, жаңа, өскен тұракты шығындар жағдайында тек зиянсыз жұмыс істеу үшін ғана, қосымша 3000 өнім бірлігін сату қажет екендігін анықтаймыз. Кері тұжырымдама да дұрыс болады, тұрақты шығындардың азаюы зиянсыздық нүктесін төмендетудің және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірден-бір әдісі болып табылады. Осылайша, 30000 өнім өткізіп, кәсіпорын шығянсыз жұмыс істейді. Бір өнімге шаққандағы тұрақты шығын мөлшері 15 теңгені (450000:3000)) құрайды. Өндірістік қуаттар толық жұмыспен қамтылмаған. Сатып алушы 20 теңгеден 6000 бұйымды сатып алғысы келеді.
Кәсіпорын тапсырысты, оны орындаудан қосымша табыс алатын жағдайда ғана қабылдауы тиіс, 5-кестені қараңыз.
5-кесте
Қосымша тапсырысты қабылдаудын экономикалық мақсатқа сайлығын бағалау
№ |
Керсеткіштер |
Есептеу |
Сомасы, мың тг. |
1. |
Өнімді өткізуден түскен табыс |
600 ■ 20 |
120 |
2. |
Айнымалы шығындар |
600 • 9 |
54 |
3. |
Тұрақты шығындар |
- |
- |
4. |
Негізгі қызметтен түскен табыс |
120-54 |
66 |
Көріп отырғанымыздай, сатып алушы ұсынған баға кәсіпорынның өнімді өткізу бағасынан төмен болғанына қарамастан, осы тап Сырысты қабылдау негізгі қызметтен 66000 тг көлемінде қосымша табыс алуды қам-тамасыз етіп отыр. Оның қалыптасу көзі тұрақты шығындарды азайту болып табылады (45000:36 000=12,5 тг.), ол бір өнімге 12,5 теңгені құрайды.
Нарықтық факторлардың әсерінен қауіпті келемінің өзгеруін қарастыра отырып, біз шығынсыз жұмыс істеуге қол жеткізу туралы айтып отырмыз. Алайда кез келген кәсіпорынның мақсаты - негізгі қызметтен табыс алу.
Табыстылықты талдауды логикалық түрде жалғас-тыра отырып, біріншіден, өткізуден түскен табыстың қандай көлемінде кәсіпорын үшін қажет негізгі қыз-меттен түсетін табысты алуға болатынын, екіншіден, тұрақты шығындардың деңгейінің өзгеруі қаржы нәти-желеріне қалай әсер ететінін анықтайық. Біздің мысалы-мызда 30 000 өнімді өткізу барлық шығындарды өтеген болатын. Яғни, осы мөлшерден ең болмаса бір өнімді артық сату ең аз табысты алуға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 40000 өнім сатылды делік. Негізгі қызметтен түскен табыс 150 мың теңгені құрайды. (40000 • 24 - 40000 • 9 - 450000 = 960000 - 360000 -450000).
Кәсіпорын басшылары табыс а) 5%-ға, ә) 10 %-ға өсуіүшін өткізу көлемін қаншаға өсіру керек екендігі туралы мәселе қояды.
Берілген формула маржиналды табысты тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен жоспарлы табыстың сомасы ретінде анықтаудан шығады.
Ол үшін формуланың оң және сол жағын өнім бірлігіне есептелген маржиналды табыс өлшеміне көбейту керек:
Келтірілген формулаға белгілі мәліметтерді орнына қоя отырып, негізгі қызметтен түскен табыс сәйкес 5% және 10%-ға өскендігін жоспарлы сату көлемімен анықтаймыз:
Негізгі қызметтен алынатын табысты 5%-ға көтеру үшін жалпы сомасы 12 мың теңгеге тең 500 өнім (500-24), ал 10%-ға - жалпы сомасы 24 мың теңгеге тең 1000 өнім өткізу керек (1000-24).
Яғни өнім көлемінің 1,25%-ға өсуі негізгі ( 4000 )
қызметтен табыстың
5-ке өсуін қамтамасыз
етеді, ал
өткізуді 2,5%-ға өсуі негізгі
қызметтен түскен табысты 10%-ға арттырады.
Егер кәсіпорын өнімнің бір емес, бірнеше түрін өткізетін болса, онда кәсіпорын үшін зиянсыздық нүк-тесі құндық түрінде келесі формула бойынша анықталады:
"Шығындар - шығару (өткізу) - табыс" арақатынасын талдау әдісі маркетингтік талдауда өнімнің аз көлемін жоғары бағамен немесе көп өнімді төмен бағамен сату керек пе деген сұраққа жауап беру барысында пайдаланылуы мүмкін.
Кәсіпорын үшін тиімді вариантты тавдау осы арақатынасты талдау процесінде жүргізілетін есептеу-лерді қажет етеді. Шығындарды өнім көлемімен және табыспен өзара байланыссыз қарастыру мүмкін емес, себебі бұл жағдайда қойылған сұраққа жауап алын-байды. Сондықган, "шығындар - шығару (өткізу) - табыс" арақатынасын талдау басқа салалармен қатар маркетингтік талдауда да қолданылады.
Жоғарыда айтылған "директ-костинг" жүйесі және оның негізінде іске асырылатын маржиналды табыстың талдауы нарықтық экономиканың белгілері болып та-былады. Оларды пайдалану есеп, аудит және басқару шешімдерін қабылдаудың интеграциясының жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүл жүйеде басты көңіл ресурстар шығындарының өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді жағдайды зерттеуге бөлінеді, бұл кәсіпорынньщ қаржы жағдайын түрақтандыру бойынша тез және икемді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Оньщ ең маңызды жағы - өнімнің өзіндік құнын тек айнымалы шығындармен шектеу, күрт төмендеген шығындар баптарының санын нормалау, жоспарлау, калькуляциялау жүмысын, есеп және бақылауды жеңіл-детуге мүмкіндік береді: өзіндік құн "әлдеқайда анығырақ" болады, ал жеке шығындар - жақсырақ бақыланатын болады.
Бұл жүйе, тұрақты шығындардың көлемін жоспарлау мен нормалаудың негізделу мәселесін шешуге мүмкіндік береді, себебі осы шығындардың сомасы табыс туралы есепте жеке қатарда көрсетіледі.
Бұдан басқа "директ-костинг" жүйесінде түрақты шығындарды жедел бақылау жүзеге асырылады, себебі езіндік құнды бақылау кезінде стандартты шығындар немесе икемді бюджеттер жиі қолданылады. "Директ-костинг" жүйесінде "стандарт-кост" жүйесін пайдалану барысында, тұрақты шығындарға стандарттар қойылады, ал икемді бюджеттер негізінде өндірістік қуаттың жұмысқа жүктелуінің әр түрлі деңгейлері үшін тұрақты шығындардың әр түрлі деңгейлерінің қойьшуы жатыр.
"Директ-костинг" жүйесі кезінде келесі басқарушылық шешімдерді қабылдауға болады: ең жоғары маржиналды табыс белгісі бойынша өндірістік бағдарламаны ұтымды етуге байланысты; бәсекелес белгілі бір баға-мен сататын жаңа өнімге баға белгілеу мәселесі бойын-ша; жабдықтарды таңдау және ауыстыру бойынша; өзінде өндіру немесе шеттен сатып алу бойынша; қо-сымша тапсырыс қабылдаудың дұрыстығы туралы және т.б.
"Директ-костинг" жүйесін пайдалану кезінде кәсі-порын әкімшілігі маржиналды табысты кәсіпорын бойынша да, жеке өнімдер бойынша да қолдануға бас-ты назар аударады. Ол рентабелділігі жоғары өнімдерді жақсы анықтауға мүмкіндік береді, себебі сатылу бағасы мен айнымалы шығындардың сомасы арасын-дағы айырма түрақты шығындарды өнімдер арасында бөлу нәтижесінде қозғалмайды. Ол сондай-ақ нарықтың өзгермелі жағдайларына жауап ретінде, өндірісті тез қайта бағыттауға мүмкіндік беретін ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді.
"Директ-костинг" жүйесі
шығындарды талдау мен табыстар
Осы жүйені пайдалану, талдаушының назарын тек айнымалы шығындарды ғана емес, сонымен бірге, сметалық есептеулерде келтірілген баптары шегінде кезеңдік шығындарды төмендету ресурстарын анықтау және сол арқылы кәсіпорынның негізгі қызметтен алатын табысын арттыруға аударуға мүмкіндік береді.
Информация о работе Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау