- Франчайзинг бүкіл әлем деңгейінде кеңінен таралған, әсіресе
АҚШ, Қытай, Жапония, Канада, Германия, Франция және Бразилия елдерінің компаниялары осы салада көшбасшылар болып табылады. Франчайзингті қолданудың шетелдік тәжірибесін, сонымен қатар франчайзингтік қатынастардың Қазақстандағы даму тенденциялары мен ерекшеліктерін зерттеу негізінде өзіндік бизнесті ұйымдастыруда франчайзингтік технологиялар белсенді пайдаланылатын сала – қызмет көрсету саласы екендігі айқындалды.
Курстық жұмысымда әр түрлі ғылыми тұжырымдамалар
мен пікірлерді зерделеу нәтижесінде,
«франчайзинг» түсінігіне толық талдау
жасалды. Осы талдау негізінде автор зерттеу
мәселесіне қатысты өзіндік көзқарасы
тұрғысынан франчайзингті – келісім-шарт
негізінде франчайзердің (құқық иесі)
франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін,
бизнесті жүргізу технологияларын немесе
басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі
бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті
құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық
нысаны ретінде анықтады.
- Шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытудың ерекше нысаны франчайзинг жан-жақты және күрделі
үрдіс, сондықтан зерттеудің нәтижесінде
франчайзингтің түрлері, ерекшеліктері, нарық саласы мен ауқымы, әдістеріне толық жіктемесі жасалды. Сонымен қатар франчайзинг
түрлерінің жіктелуі мен олардың сипаттамаларын
және франчайзингтің жағымды жақтарын толыққанды
қарастырдым.
- Қазақстандағы франчайзингтің
қалыптасу үрдісін талдау барысында автор
оның дамуының негізгі үш кезеңін бөліп
көрсетіп, оларды еліміздегі франчайзингтің
нормативтік-құқықтық базасы, бәсекелестігі
және оның іс-әркеті аумағының кеңеюімен, франчайзингтің жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Осының негізінде қызмет көрсету саласында саяси өзгерістердің тізбектілігі, экономикалық айырбас үрдістерінің дамуы, мәдениеттердің өзара ықпалдасуы және тұтынудың біртұтас мәдениетін қалыптастыру,
шағын кәсіпорындардың инновациялық қызметін
дамыту сияқты бұл саланың франчайзинг
негізінде қарқынды дамуының алғы шарттары
белгіненді.
- Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы
франчайзингтің қазіргі даму жағдайы,
отандық франчайзингтік кәсіпорындардың экономика
салаларындағы үлес салмағы анықталды.
Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы
франчайзингтік жүйелердің пайыздық үлесі 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп, еліміздегі франчайзингтік
бизнестің қалыптасуы мен өсіңкі дамуын айқындады. Осы мәліметтерге
сәйкес франчайзингтік бизнестің Қазақстандағы
қарқынды даму салалары, сублицензиялық
сипаты, шетелдік франчайзерлер санының
басым болуы сияқты негізгі ерекшеліктері
айқындалып, оларды тиімді пайдалану арқылы
кәсіпкерліктің осы нысанының кластерлік
бағдарлама тұрғысынан келешектегі даму
бағыттары дамытылды.
- Отандық кәсіпкерлік субъектілерінің
франчайзингтік жүйені қолдану арқылы
өз қызметтерін жандандыру мен нарықта
дамуын сипаттайтын нақты іс-әрекеттер
түбегейлі зерттелді. Нәтижесінде Қазақстандағы
қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік
компаниялар іс-әрекетінің табыстылығын
айқындау үшін баға берілді. Қазақстан
нарығындағы франшизалардың көпшілігінің
құны 5000 АҚШ долларынан басталып, 500000 доллар
шамасы аралығын қамтитыны белгілі болы.
- Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының
франчайзинг негізінде қызмет ету механизмі
осы үлгі шеңберінде қолданылатын жағдайлар
мен үрдістер тізбектілігімен айқындалады.
Зерттеу барысында кәсіпорынның франчайзинг
механизмінің негізгі құрамдастары анықталып, оның
қоғамдық тамақтандыру саласындағы таралу
келешегін қарастыру барысында оңтайлы
ұйымдастырылған құрылымының маңыздылығы
тұжырымдалды.
- Шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің франчайзинг механизмін
қолдануды ынталандыру мақсатында отандық франчайзерлерді
корпоративтік табыс салығынан, ал франчайзилерді
жер және мүлік салығынан босату қажеттілігі
туындап отыр. Сонымен бірге франчайзингтік
қатынастарды реттеу мақсатында «Кешенді
кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы»
Заңның атауын «Франчайзинг туралы»
деп ауыстыру және мазмұнын қайта қарау
ұсынылды. Франчайзингтік қатынастарды
жан жақты зерттеу барысында кәсіпкерліктің
бұл түрі еліміздің экономикалық жағдайының
өсуіне, кәсіпкерліктің инновациялық
нысандарының қалыптасу мен дамуына жағымды ықпал етуі мен
жоғары тиімділігі дәйектелінді.
Қорытындылау келе, мұндай маңызды шаралар франчайзингтік
жүйемен дамитын кәсіпкерлер санын көбейтетініне
сенімдімін. Себебі, әрбір адам немесе
кәсіпорын иесі жаңа кәсіпкерлік ашқысы
келсе немесе кәсіпкерлігін ұлғайтқысы
келсе, мұндай жағдайда франчайзингтік
жүйені пайдалану өте тиімді. Франчайзингтің
Қазақстандағы болашағы – үлкен жетістіктерге
жетелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Кәсіпорынның франчайзингтік
механизмі/ КазЭУ хабаршысы, 2007 ж., № 3,
226-229 б., 0,4 б.п.
- Қазақстандағы франчайзингтік
қатынастарды реттеу бойынша іс-шаралар/
Қаржы-қаражат, 2007 ж., № 5, 74-78 б., 0,3 б.п.
- Формирование и развитие франчайзинговых
отношений в Казахстане / «Реформа» международный
ежеквартальный научный экономический
журнал, г.Бишкек, 2007 ж., № 3, 42-44 б., 0,38 б.п.
- Франчайзингтің жіктелуі/
Вестник КазГУ им. Аль-Фараби, 2007 ж., №
5, 105- 108 б., 0,3 б.п.
- Франчайзингтік қатынастар
жүйесінің ерекшеліктері/ Ізденістер,
нәтижелер, 2007 ж., № 4, 246-250 б., 0,3 б.п.
- «Даму» жылдық есебі, 2009 жыл
- «Кешенді кәсіпкерлік лицензия
туралы» заң, 2002 жыл
- Манап А.С «Қазақстан Республикасында франчайзингті дамыту»
- Франчайзингтік қатынастар
жүйесінің ерекшеліктері/ Ізденістер, нәтижелер, 2007 ж., № 4, 246-250 б., 0,3 б.п.
- Франчайзингтің жіктелуі/ Вестник
КазГУ им. Аль-Фараби, 2007 ж., № 5, 105- 108
б., 0,3 б.п.
- www.damu.kz
- www.stat.kz
- www.google.kz
- www.wikipedia.kz
- Қазақстан Республикасының
халыққа жолдауы
«ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ-ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ӨРЛЕУ- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»