Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 19:41, реферат
Халықаралық экономикалық қатынастардың мәнін және мазмұнын анықтайтын категориялардың бірі – халықаралық еңбек бөлінісі. Қазіргі уақытта халықаралық еңбек бөлінісіне тартылмаған елдер жоқтың қасы. Өндіргіш күштердің ғылыми – техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісі тереңдеуінің негізгі кепілі.
Халықаралық еңбек бөлінісі қатысушы елдер мен аймақтарға қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіліктерін неғұрлым аз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашады.
1) Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі;
3) Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін талдау;
4) Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жағдайын талдау;
Техникалық алмаздардың - 60 %, түсті металдардың - 97 %, ТМД күміс қорының - 60 %, сонымен қатар уран рудасының дүниежүзілік қорының 40-45 % (МАГАТЭ берілгендері бойынша) Қазақстан территориясында шоғырланған. Республикада алтынның едәуір қоры, ванадий, вольфрам және т.б. түсті металдар көп кездеседі. Қазақстан территориясынан Менделеев таблицасындағы 99 элемент табылған. Республика өнеркәсіп өндірісінің даму деңгейі әлсіз дамыған елдер деңгейімен тең, бірақ та республиканың дамыған елдер әлемдік жүйесінде өз “тетігін” (ниша) талап ете алатындай өнеркәсіп салалары бар. Бұл - әскери-өнеркәсіп кәсіпорындары, Байқоңыр космодромы және басқа да салалар.
Қазақстанның орны толассыз байлығына оның жері жатады. Жалпы жер ауданы – 272,5 млн.га., оның ішінде ауыл шаруашылық жерлеріне – 93,4 млн.га., ауыл шаруашылық дәнді дақылдарына – 35 млн.га., оның ішінде бидай дәнді дақылына 23 млн.га. жер берілген.
Қазақстанда ғылыми және техникалық потенциалы, мәдениеті, ғылымы, білім беру жүйесі жақсы дамыған.
Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу формалары. 1987 жылдан бастап одақ республикалары экспорттық-импорттық операциялар жоспарын өз бетімен жасады және оларға сыртқы нарыққа шығаруға ресми түрде рұқсат берілген.
Осыған дейін сыртқы экономикалық және республикалық байланыстар халықшаруашылық кешеннің және бірыңғай мемлекеттік жоспардың құрамында қалыптасқан. Одақ мемлекеттерінің кеңесі экспорт бойынша тапсырмаларды тікелей мемлекеттік бақылаудағы кәсіпорындармен өндірілетін өнімдерге белгіледі. Негізгі экспортер-кәсіпорындар одақ министрлігінің қарауында болды және олардың жоспарында экспортқа өндірілетін өнімдер бойынша тапсырмалар белгіленеді. Осындай қарым-қатынас жүйесі импорттық операциялар кезінде де жүргізілді.
Тыңшы органдарының шешімімен кәсіпорындардың, салалық, аймақтық, республикалық органдардың құқықтары мен міндеттері анықталды және олардың құрылымында сыртқы экономикалық байланыстар жөнінен арнайы бөлімшелер құрылды.
1987 жылы
“Казахимпорт” республикалық
Республиканың өндірістік потенциалы тиімді пайдалану, нарық қажеттілігін қанағаттандыру, республиканың әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуын тездету мақсатында 1994 жылдың маусымында Сыртқы экономикалық байланыс министрлігін, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп министрлігі мен Сауда министрлігін тарату негізінде Қазақстан Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрлігі құрылды.
Министрлер кабинеті аппаратында, Экономика, Қаржы министрліктерінде, Ұлттық банкте арнайы бөлімшелер құрылып бекітілді, Кеден комитеті мен Сыртқы экономикалық банк (Алембанк) ұйымдастырылды.
Шетел мемлекеттерінің несиелерін тарту жөніндегі жұмыстарын үйлестіру және қауырт мәселелерді шешу үшін Премьер-министр басшылығымен шетелдік несиелер жөніндегі республикалық комиссия құрылды.
Қазақстан Республикасы шетелдік несиелерді тарту, пайдалану, қызмет ету және өтеу процестеріне мемлекеттік реттеуді күшейту және отандық өнімдер экспортын ынталандыру үшін 1994 жылдың шілде айында Қазақстан-Алембанкісінің барлық халықаралық міндеттер жөніндегі құқығын иеленуші болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорттық-импорттық (Эксимбанк) банкісі құрылды. Алембанк-Қазақстан дүние жүзінің 170 ірі банктерімен корреспонденттік байланыстары бар: 13 бас кредиттік желілерге қызмет көрсетеді; бірқатар ірі объектілерді қаржыландырады; валюталық несиенің 85 өндіріс сферасына жұмсайды.
Қазақстан Республикасының экономика министрлігінде ашық 24 кредиттік желілер шеңберінде шетел несиелерін қолдануға бақылау жасалады, оның ішінде 19 мемлекет және 5 халықаралық ұйым.
6260 млн. АҚШ доллар соммасына шетел капиталының қатысуымен 15 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылу керек.
Республика ішілік және республикадан тыс отандық бизнес қарым-қатынасында делдал болып Қазақстанның сауда-өндірістік палатасы табылады. Ол 1959 жылы ұйымдасқан және 1989 жылдан бастап өз алдына дербес болды. Қазіргі кезде оның мүшелік құрамына 400-ден аса ұйым кіреді, және оның қарауында “КазЭкспо”, “Казнешсервис”, “Казахстанэкспертиза” сияқты маманданған фирмалар құрылды.
Облыс орталығында республикалық палаталық уәкілдігімен дербес сауда өндірістік палаталар құрылуда. Шетел мемлекеттерімен біріккен сауда палаталарын құру жөнінен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Франциямен біріккен сауда палатасы құрылды. 9 елде сауда үйлері құрылды.
Республикада кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, отандық экономиканың дүниежүзілік шаруашылық байланыс интеграциялануына жағдай жасау мақсатында Алматы қаласында “Атакент” еркін сауда аймағы құрылды.
Қазақстан Республикасында шетел фирмаларының 160 өкілдіктері тіркелді, шетел капиталының қатысуымен 10 банк жұмыс істейді, 6812 тіркелді (2004ж. Шілде).
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып егеменді мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін нормативтік құжаттарды қабылдады.
Осының барлығы Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуының халықаралық экономикалық қарым-қатынастар сферасында тәуелділік жағдайын ескертеді. Бұлай болмау керек.
Егер біз мемлекетіміздің дамуын, халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлінің жоғарылауын қаласақ, онда елдің өнеркәсіп өндірісін біртіндеп отырып экспорт пен импорттың құрылымын өзгертуіміз керек.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін талдау
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы
"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты
Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет үшін
елдің ішкі және сыртқы саясатының 30 аса
маңызды бағытын іске асыру және Қазақстан
Республикасы экономикасының бәсекеге
қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін
сапалы жаңа деңгейге жеткізудің біртұтас
тұжырымдамасын қалыптастыру қажеттілігі
айқындалды.
Бұл қазіргі заманның ерекшелігімен байланысты
және әлемде экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
деңгейінің "көрнекі бетпердесі"
ретінде көрсетілетін жаңа халықаралық
экономикалық нақтылықты жасаумен сипатталады.
Оның үстіне елдің бәсекеге қабілеттілігі
- кез келген елдің дамуы үшін қағидатты
мәселе, өйткені бұл халықтың өмір сүру
сапасы мен әл-ауқаты деңгейінің бірден-бір
объективті өлшемі болып табылады.
Осындай міндетті шешу бәсекеге қабілеттілік
рейтингінде белгілі бір дәрежені қағаз
жүзінде иеленумен емес, қазақстандық
қоғам өмірінің кең ауқымды бағыты бойынша
әлемдік стандарттар деңгейіне қол жеткізу
болып табылады.
Сондықтан да Қазақстанның алдына әлемнің
бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына
ену және орнығу өршіл міндеті қойылып
отыр.
Әлемдік тәжірибе ұлттық экономика дамуын
бағалаудың көптеген әр түрлі әдістерін
көрсетті және Қазақстанның өзін-өзі бағалау
үшін осы әрі басқа әдістемені таңдауы
нақты әдіске шоғырланбауы тиіс.
Осыған байланысты Тұжырымдаманы іске
асыру қолда бар әдістемелерді біріктіруді
және елдің өзіндік бәсекеге қабілеттілігін
бағалау әдістемесін кейіннен қалыптастыруды
кезең-кезеңімен қамтамасыз етуі тиіс.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекет,
бизнес қоғамдастығы мен қоғамдық сектор
арасында елдің нақ бәсекеге қабілеті
өсімі аясындағы келісілген стратегиялық
және тактикалық іс-қимылдарды ұйымдастыру,
оған жәрдемдесу және оны қамтамасыз ету
болып табылады.
Тұтастай алғанда, Тұжырымдама үдемелі
экспорттық саясат, тұрақты дамуға, білімге
негізделген экономикаға кезең-кезеңмен
көшу, сондай-ақ елдің озық дамуына кедергі
болатын бар және келешектегі қауіптерді
болдырмау, бейтараптандыру не жою есебінен
Қазақстанның өз нарықтық кеңістігін
ұлғайту көмегімен ел экономикасының
бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық
мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейіне
қол жеткізуге бағытталған.
Тұжырымдаманың басымдықтары жаһандық
бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан
(Дүниежүзілік экономикалық форумның
әдістемесінде қолданылатын тәсілдерді
ғана емес, сондай-ақ бірқатар басқа рейтингтік
агенттіктердің әдістемелерін пайдалану),
әлемдегі қолданылатын елдердің бәсекеге
қабілеттіліктерін дамыту мәселелері
бөлігінде жүйелі тәсілдерді ескере отырып,
сондай-ақ қоғамдық пікірде жиі қолданылатын
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін
арттыруда проблемалық мәселелер жөніндегі
АВС-талдау әдістерін қолдана отырып (БАҚ
материалдарын, зерттеу есептер мен басқа
материалдарды зерделеу нәтижесінде алынған
60-тан астам проблемалар талданған болатын)
Қазақстанның жағдайына талдау нәтижесі
негізінде анықталған болатын.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жағдайын талдау
Жаһандану Қазақстан
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына
кіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Шағын
ішкі нарығы бар және әлемдік нарыққа
қол жеткізуге мұқтаж ел үшін ашық сауда
саясатының объективті қажеттігі анық.
Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде ұлттық
экономикалардың бәсекеге қабілеттіліктері
мен әлемдік қоғамдастыққа кірігу мәселелеріне
басты назар аударылып отыр.
Американдық Heritage Foundation зерттеу қоры
The Wall Street Journal-мен бірлесе отырып ұдайы
жариялайтын экономикалық еркіндік рейтингінің
деректеріне сәйкес республика өзінің
көрсеткіштерін тұрақты түрде жақсартуда.
Мәселен, Index of Economic Freedom шеңберінде 2005
жылы Қазақстан 131-орынды, Index of Economic Freedom
2006 жылы - 113-орынды, Index of Economic Freedom 2007 жылы
- 75-орынды иеленді. Кеңестік дәуірден
кейінгі кеңістіктегі елдер арасында
Index of Economic Freedom рейтингіне сәйкес 2007 жылы
мынадай көрініс орын алған болатын: Эстония
- 12-орын, Литва - 22-орын, Армения - 32-орын,
Грузия - 35-орын, Латвия - 41-орын, Қырғызстан
- 79-орын, Молдавия - 81-орын, Тәжікстан -
98-орын, Әзербайжан - 107-орын, Ресей - 120-орын,
Украина - 125-орын, Өзбекстан - 132-орын, Белоруссия
- 145-орын, Түркіменстан - 152-орын.
Сонымен бірге Қазақстан "АТ Kearney"
рейтингіне сәйкес барынша инвестициялық
тартымды 25 елдің тізіміне кірген.
2007 жылы салық төлемдерінің қарапайымдылық
дәрежесін көрсететін Дүниежүзілік банктің
рейтингінде Қазақстан әлемнің 178-елдері
ішінде 44-орынды иеленді. 2006 жылы еліміз
66-орынды иеленді. Дүниежүзілік банктің
баяндамасында 2006 - 2007 жылдары салықтардың
төленуін жеңілдеткен реформатор-елдерінің
қатарына кіруі атап көрсетілген, бірақ
реформалар әлі де қажет. Салық төлеушілердің
салықтық әкімшілендіру мен дауларды
шешу салаларында елеулі проблемалармен
бетпе-бет келуі жалғасуда.
Жалпы алғанда, бәсекеге қабілеттіліктің
(және бәсекеге қабілетсіздік) аспектілерін
қарай келіп, мыналарды назарға алу қажет.
Қазақстанның танымал бәсекелі басымдықтарының
қатарына қолайлы геостратегиялық орналасу
орны мен бай, табиғи минералдық-шикізат
ресурстары, сондай-ақ саяси тұрақтылық,
макроэкономикалық теңгерімділік, капиталдың
жоғары деңгейде ағылуы, бизнес бастамаларға
жәрдемдесу жатады.
Әзірше ірі пайдалы қазба қорларының
болуы Қазақстанның ең қомақты салыстырмалы
экономикалық артықшылығы болып қалуда.
Қазақстан осы артықшылықты тірек ете
отырып, ұлттық экономикадағы дағдарысты
еңсерді, экономикалық өсуді қамтамасыз
етті, бірқатар маңызды экономикалық реформалар
жүргізді.
Алайда, жаһанданудың тегеуірінді талаптары
мен республиканың жалпыәлемдік процестерге
жылдам енуі экономикалық өсудің сапалық
құрамдас бөлігінің танымал проблемаларын
шиеленістіріп отыр. Экономика шикізат
ресурстары нарығындағы конъюнктураларға
тәуелді. Өңдеу өнеркәсібі баяу қарқынмен
дамуда және жаңартылуда. Шетелдік инвестициялардың
негізгі бөлігі өндіруші өнеркәсіпке
жіберіледі, бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпке
салынатын барлық инвестициялардың 4 %
ғана бағытталды. ЖІӨ-нің құрылымында
өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2003 жылы 14,2
%-дан 2005 жылы 12 %-ға дейін, 2006 жылдың қорытындылары
бойынша 11,6 %-ға дейін, ал өнеркәсіп өндірісінің
жалпы көлемінде 2003 жылы 48,3 %-дан 2006 жылғы
39,3 %-ға дейін төмендеді. Кәсіпорындардың
айтарлықтай техникалық және технологиялық
артта қалушылығы байқалуда. Отандық өнімнің
негізгі бөлігінің бәсекеге қабілеттілігі
әлемдік нарықта ғана емес ішкі нарықта
да төмен болып қалып отыр. Ғылымның даму
деңгейі айтарлықтай емес және өндірістен
мүлдем қол үзген дерлік.
Осы және басқа да проблемалардың орын
алуын Дүниежүзілік экономикалық форумның
(ДЭФ) 2006 - 2007 және 2007 - 2008 жылдардағы есебінің
нәтижелері растайды. ДЭФ-ның есептеріне
сәйкес орнықты өсу мен жоғарғы деңгейін
өнімділіктің жоғары даму деңгейіне қол
жеткізген елдер ғана қамтамасыз ете алды.
Өнімділік сапалы бизнес орта мен аса
жетілген (білікті) бизнес сияқты екі өзара
байланысты құрамдас элементтерден тұратын
микроэкономикалық деңгейдегі экономиканың
мүмкіндіктеріне тәуелді.
ДЭФ-тің соңғы есебіне сәйкес Қазақстанда
тиімділіктің базалық талаптары мен факторлары
бойынша 9-тармаққа, инновациялық факторлар
бойынша 11-тармаққа ел рейтингінің төмендеуі
байқалып отыр.
Бағаланатын елдер санының 125-тен 131-ге
артуы, сондай-ақ әдістеменің түрленуі
осы және де өткен жылдардың бәсекеге
қабілеттілік рейтингінің есептерінде
көрініс тапты. Мәселен, 2006 жылы 56-орынды
иеленген Қазақстан, жаңа үлгімен есептеуде
2006 жылы - 50-орынды, 2007 жылы
61 - орынды иеленді.
Бағалау моделіндегі (9-факторлы модельден
12-факторлыға өту) және орташа салмақтар
схемасындағы өзгерістер өз рөлін атқарды.
2007 жылы бағалауға тауарлар нарығының
тиімділігі, еңбек нарығының тиімділігі,
қаржы нарықтарының дамуы үшін жағдайлар,
сондай-ақ нарық көлемдері қосымша бағалауға
ұшырай бастады. Сонымен бірге сауалнама
деректерін өңдеу жүйесіне де өзгерістер
енгізілген болатын, мұнда "жылжымалы
орташа" жаңа әдістемесі бойынша Қазақстан
мен басқа да елдердің қорытынды рейтингіне
елеулі әсер ететін 1.5:1.0 қатынасында 2007
жыл және 2006 жыл нәтижелерінің орташа
өлшенген мөлшерлері қолданылды.
Информация о работе Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері