Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2011 в 10:14, реферат
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография » пайда болды.
Халықтың саны және ұдайы өсуі.
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны зерттеп білудің де маңызы зор.
Жер
шары халқының көбеюі мен таралуының
алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы
зерттейтін басты нысандар қатарына –
халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы,
ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады.
Бұл мәселені демография және этнография
ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар
негізіндегі географияның зерттейтін
шептес саласы «демография» және «этнография
» пайда болды. Ал тұрғындар географиясы
халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан,
оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады.
Маман – географтар үшін халықтың құрамын,
оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы
айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының
сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді
білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды
зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық
тобының материалдық және мәдени – рухани
жақтары, әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары
ескеріліп сипатталады.
Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды
жерлерге толықтай қоныстандырылғын.
Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың
мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы
заманғы адамдар «ойлау қабілеті» бар
адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын
ертедегі адам тәрізді маймылдардан пайда
болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше,
адамдар белгілі бір үлкекн аумақты алатын
географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған
археологиялық жаңалықтарға байланысты
алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік
Шығыс пен Орталық Африка және Оңтүстік
– Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны
жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе
келе біртіндеп басқа да жерлерге тарала
бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын
Еуропаның солтүстік бөлігіне, Оңтүстік
– Шығыс және Солтүстік – Шығыс Азияға
таралған. Болжам бойынша, одан Беринг
бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік
– Шығыс Азияның жіңішке бұғаздары арқылы
Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ
алғашқы адамдардың санын білу мүмкін
емес. Тіптен біздің жыл санауымызға дейінгі
кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айтуға
да ешбір деректер жоқ. Ғалымдар болжаммен
біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда
жер шарында шамамен 10 млн. адам болған
дейді. Біздің заманымызға дейінгі төрт
мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы
халықтың тез өсуіне әкелді. Біртіндеп
егіншілікпен шұғылдану халықтың құрлықтағы
қоныстану аймақтарының, яғни «ойкумендердің»
негізгі факторы болды. Алғашқы егіншілік
ошақтары пайда болған жерлері – Ніл аңғары,
Оңтүстік – Батыс және Оңтүстік Шығыс
Азия, сол кезден бастап олар халықтың
шоғырланып орналасу орталықтарына айналды.
Біздің жыл санауымыздын бас кезінде халықтың
санын анықтауға мүмкіндік туды. Оны сол
кездегі әскер құрамы, салық төлемі, т.б.
деректерге қарап білуге болады. Осы мәліиеттерге
сүйене отырып, Рим империясының, Қытай
және Үндістан халқының саны анықталды.
Біздің жыл санауымыздаың басында, жер
шары халқының 3/4 бөлігі осы елдерде мекендеді.
Ал халықтың жалпы саны сол кезде дүние
жүзінің шамамен 230 млн. адамға жетті. Алғашқы
ғасырда халық саны соғыстар мен жұқпалы
аурулардың таралуы салдларынан көп өспеді.
Халықтың өсу қарқыны көбейгенімен, XVII
ғасырға дейін ол тұрақсыз болды. Осы уақытқа
дейінгі кезеңді адамзаттың демографиялық
дамуының алғашқы немесе аграрлық өркениет
кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы
өсімі біршама төмендігінен сипатталады.
Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші
жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған
өнеркәсіптік революция кезеңінде дүние
жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды.
Халықты санауда әр түрлі әдістер қолданылғандықтан,
кейбір мәліметтерде айтарлықтай айырмашылықтар
бар. Тек XX ғасырдың 40-жылдарының соңында
бастап қана мәліметтер бір-біріне сай
келеді. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық
жылнама мәліметіне байланысты мүмкін
болып отыр. Халықтың саны туралы айтқанда,
жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының
жартысы келесі 7 елде тұрғандығын білгендерің
жөн. Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн),
АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия
(176 млн), Пәкстан (148 млн) және Ресей (145 млн).
Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония
(127 млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103
млн) мемлекеттері тұр.
Халықты санау әдісі. Алғашқы адамдар санауға деген қажеттілік құл иеленушілік құрылыста туды. Ең тұңғыш халық санағы – Мысыр жерінде, біздің заманымызға дейінгі III ғасырда пайда болды. Біздің еліміз орналасқан Орталық Азия аймағында ол VIII ғасырда Соғдиана мемлекетінде жүргізілді. Ал Киев Русінде санақ XI ғасырда, Мәскеуде халықтың статистикалық есебі XV ғасырда ғана басталды. Қазақстан, Ресей империясы және т.б. елдер КСРО құрамында болған кезеңде 7 рет жалпы халық санағы өткізілді. Олар: 1897, 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдар. Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа санақ – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет мәртебесінде жүргізілген алғашқы халық санағы еді.
Санақ
өткізу уақыты халық қозғалысының ең
аз кезі – қыс маусымына
1.Табиғи – биологиялық фактор. Адамдардың
тууы мен өлуі –
биологиялық құбылыс . Сол сияқты халықтың ұдайы өсуіне әр түрлі климат және табиғат жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл – қайтымсыз процесс. Көбінесе адамдар физиологиялық қартаюдан емес, негізінен, олар аурудан немесе басқа да себептерден өледі. Аурудың таралуы әрбәр жердің табиғи ортасына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде – безгек ауруы, тропикада – ұйқы ауруы т.б.
2.
Әлеуметтік – экономикалық
3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші факторлардың келесісі – демографиялық топқа біріктіріледі. Бұларға: халықтың жастық және жыныстық құрамы, некелесу және ажырасу факторлары да жатады.
4.Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі факторлар тобының бірі – ол мәдени әлеуметтік және психологиялық факторлар. Мысалы, көп балалы болу, әдет-ғұрыптарының сақталуы, мұндай жағдай демографиялық дәстүр деп аталады. Діннің әсеріне келсек, ислам, индус, католик, т.б. діндер көбеюді қолдайды. Кейбір діндердің тууға онша әсері жоқ, мысалы, будда, протестант, провославие діндері.
5.
Халықтың табиғи өсіміне әсер етуші факторлар
арасында ерекше орынды соғыс пен стихиялық
апаттар алады. Әсіресе соңғы екі дүниежүзілік
соғыстың зардабы аса көп. Бірінші дүниежүзілік
соғыста шамамен 10 млн—нан аса адам көз
жұмса, Екінші Дүниежүзілік соғыста 50
млн-ға жуық адам қаза тапты. Соғыстың
зардабы сонымен бірге адамдардың тұрмыс
ахуалының төмендеуіне, аш-жалаңаштыққа,
түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі қосымша
шығындарға ұшырады. Мысалы, некеге тұрушылар
санының азаюы, халықтың жыныстық құрамы
бұзылуы, үеркектердің біраз бөлігінің
соғыста шығынға ұшырауы туудың мөлшерінің
азаюына алып келді. Табиғи апаттардың
– жер сілкіну, су тасу, дауыл, құрғақшылық,
температуралық режимдердің шұғыл өзгерісі,
т.б. жыл сайын мыңдаған адам өмірін қиюда.
Демографиялық саясат және халықтың өсуін
реттеу. Жалпы демографиялық хал-ахуалға
кейінгі жарты ғасыр ішінде мемлекеттер
тарапынан жүргізіліп отырған демографиялық
саясат әсер етіп отыр. Бұл жүйелі түрде
– халықтың ұдайы өсу процесіне, әсіресе
оның туу мөлшеріне әсерін тигізу мақсатында
жүргізіледі. Ол екі түрлі бағытта ықпал
ету аясында, халықтың өсіп-өнуіне әкімшілік,
экономикалық, әлеуметтік, үгіт-насихат
және басқа да шаралар жүйесінде жүргізілуде.
Мысалы, халықтың ұдайы өсуінің бірінші
типінде тууды қолдауға бағытталған демографиялық
саясат белсенді түрде жүргізілсе, екінші
типінде керісінше, оны шектеу саясаты
қолға алынуда. Әсіресе отбасы мөлшерін
жоспарлау жөнінен,көптеген дамушы елдерге
ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Біздің елімізде де демографиялық ахуалды
тұрақтандыруға және ондағы жағымсыз
тенденцияларды болдыриауға боғытталған
қолдау саясаты жүргізілуде. Осы орайда
оған үкімет тарапынан ерекше көңіл бөліп,
2000 жылғы 17 тамызда «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік демографиялық концепциясы
туралы», ал 2001 жылғы 30 қазанда «ҚР-ның
2001 – 2005 жылдарға арналған демографиялық
даму бағдарламасы»жайлы қаулылар қабылданды.
Республикамыздың демографиялық хал –
ахуалын сауықтыру барысында және оны
жүзеге асыруда, «Көші – қон және демография
жөніндегі агенттік» ауқымды іс-шаралар
жүргізілуде. Дамушы елдерде 1950-1990 жылдар
арасында, халық өлімінің күрт азаюы мен
олардағы туудың дәстүрлі деңгейінің
сақталуы нәтижесінде халықтың өсімі
жоғары болады. Бұл құқбылыс «демографиялық
жарылыс» деп аталды. Оның нәтижесінде
, мұнда тұратын жер шары халқының 2/3 бөлігі
жылына 25-30‰ шамасында өсіп, дүние жүзі
халқын соңғы 40 ждылдай уавытта екі еседен
аса өсірді. Мысалы, дүние жүзі халқы 1960
жылы 3 млрд. Шамасында болса, ал 2000 жылы
оның саны 6млрд.–тан асты. Халықтың ұдайы
өсуінің екі түрлі: дамыған және дамушы
елдердегі типтерінен басқа олардың аралығында
бірнеше өтпелі түрлеріде бар. Осы халықтың
ұдайы өсуінің бір типінен екінші типіне
өтуін француз демографы А. Ландри «демографиялық
төңкеріс» деп атады. Сонымен бірге «демографиялық
дағдарыс» ұғымы көптеген Еуропаның дамыған
елдеріне тән болып отыр. Бұл елдерде халықтың
өсуі емес, керісінше оның кемуі байқалады.
Мысалға: Германия, Чехия, Венгрия, Скандинавия
елдерінде, халықтың көбею қарқынында
жеке дүние бөліктері мен елдер арасында
өзгерістерге әкелді. Мысалы, 1960-2000 жылдар
арасында: Еуропа халқы 25% –ға көбейсе,
ол Азияда – 114% –ға, Африкада 211%-ға, Солтүстік
Америкада 147%-ға көбейді. Халықтың ұдайы
өсуінің өтпелі түрлеріне келсек, олар
туудың орташа мөлшерімен, өлімнің аздығымен
және халықтың бірыңғай өсуімен сипатталады.
Халықтың ұдайы өсуінің бір түрден екінші
түрге ауысуының негізгі себебіне қоғамдағы
әлеуметтік – экономикалық өзгерістер
жатады. Ол өз кезегінде демографиялық
процестердің нәтижесінде тууға әсер
ете отырып, халықтың құрылымын үлкен
өзгерістерге ұшыратады. Мәселен, адамзат
қауымдастығы өз басынан табиғи өсімнің
аса жоғары деңгейін өткерді. Ендігі жерде
әлем тұрғындарының, әсіресе дамушы елдердегі
халықтың күрт өсуін болдырмай тұрақтандыру
қажет. Алайда планетамыздың халқы жыл
санап көбею үстінде. Осыған байланыстытұрақтандыруға
жетудің тура жолы бірінші кезекте – дамуы
кенжелеп қалған елдер халқының өмір сүруі
мен мәдени деңгейін көтеру, ғылым мен
білімді дамыту. Бұл жерде осы тұрғыдағы
көптеген дамушы мемлекеттердің ұстанып
отырған демографиялық саясатының маңызы
зор.