Шағын кәсіпкерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 22:23, реферат

Краткое описание

Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді

Вложенные файлы: 1 файл

Шағын кәсіпкерлік.docx

— 28.55 Кб (Скачать файл)

Қор микрокредиттік ұйымдардың желісін құрған, микрокредиттік ұйымдарды қаржыландырады, соның ішінде қаражаттар рыноктаіс-әрекет етуші микрокредиттік ұйымдардың экономикалық айқындамасын күшейтуге бағытталады, Қордың қатысуымен құрылған микрокредиттік ұйымдар қаржыландырылады.

Микрокредиттеу секторына  жекеменшік капиталды тарту мақсатымен ШКДҚ жарғылық капиталда ШҚДҚ-ның  үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі механизм әзірленді. ШКДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі жобалар жіберіледі. ШКДҚ шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оларға екінші деңгей банктерінде кредиттер алу кезінде кепілдіктер береді. Бұл механизмді енгізу шағын бизнес сферасына ресурстардың үлкен көлемін тартуға мүмкіндік береді, сонымен бірге Қазақстанда сақтық компаниялары қызметтерінің спектрін кеңейту үшін қозғау салады.

Лизинг - Қордың қаржылық қызметі бағьттарының бірі; ірі лизингтік компаниялар майда жобаларды қаржыландырмайды, мұның өзі шағын бизнестің қаржылық-қаражаттарға кіруін шектейді. Бұл жағдайда қордың артықшылығы - төмен пайыздық мөлшерлемесінде және мәміленің ең жоғары сомасына шектелімдердің жоқтығында.

Қордың өңірлік филиалдарының  торабы, кәсіпкерлік практиканың  республикалық оқу орталығы, оқу-әдістемелік, ақпараттық, талдамалық және кәсіпкерлікке консалтингтік қолдау көрсететін кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік орталықтары бар.

 


Информация о работе Шағын кәсіпкерлік