Экономикалық-әлеуметтік география

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 16:40, реферат

Краткое описание

Қоғамның аумақтық ұйымдасуындағы басты буын - экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӨАК). Олар аумақты игеру барысында қалыптасады. Әрқайсысы ландшафт, тұрғын халық және шаруашылыктың үштік бірлігін көрсетеді. ЭӨАК-нің мысалы ретінде қала, ауыл шаруашылық аудан, демалыс зонасы, т.б. қарастыруға болады. Ең ірі кешендерге облыстар және тұтас ел жатады. География оларды сипаттап жазып, жүріп жаткан процестерді түсіндіре отырып, болашаққа болжам жасайды. Бұл зерттеулердің мақсаты - қоғамның тиімді аумақтық ұйымдасуын қалыптастыру.

Содержание

Экономикалық-әлеуметтік география
2. Қазақстанның шаруашылығы
2.1 Дәстүрлі экономика кезеңі
2.2 Нарықтық экономиканың пайда болу кезеңі
2.3 Жоспарлы экономика кезеңі
2.4 Нарықтық экономикаға өту кезеңі
3. Қазақстанның экономикалық әлуеті
3.1 Табиғи-ресурстық әлует
3.2 Экономикалық әлует
4. Дереккөздер

Вложенные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 57.68 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

  1. Экономикалық-әлеуметтік география

2. Қазақстанның шаруашылығы

2.1 Дәстүрлі экономика кезеңі

2.2 Нарықтық экономиканың  пайда болу кезеңі

2.3 Жоспарлы экономика  кезеңі

2.4 Нарықтық экономикаға өту кезеңі

3. Қазақстанның экономикалық әлуеті

3.1 Табиғи-ресурстық әлует

3.2 Экономикалық әлует

4. Дереккөздер

 

Экономикалық-әлеуметтік география

Экономикалық-әлеуметтік география - қоғамдык географиялық ғылым болып саналады. Ол халық пен шаруашылыктың орналасуын, яғни қоғам өмірінің аумақтық ұйымдасуын зерттейді.

Қоғамның аумақтық ұйымдасуындағы басты буын - экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӨАК). Олар аумақты игеру барысында қалыптасады. Әрқайсысы ландшафт, тұрғын халық және шаруашылыктың үштік бірлігін көрсетеді. ЭӨАК-нің мысалы ретінде қала, ауыл шаруашылық аудан, демалыс зонасы, т.б. қарастыруға болады. Ең ірі кешендерге облыстар және тұтас ел жатады. География оларды сипаттап жазып, жүріп жаткан процестерді түсіндіре отырып, болашаққа болжам жасайды. Бұл зерттеулердің мақсаты - қоғамның тиімді аумақтық ұйымдасуын қалыптастыру. Мұндай ұйымдасуды жоғары дамыған экономика мен адам өмірінің жоғары сапасы ерекшелендіреді.

«Экономикалық-әлеуметтік географияның» мектеп пәні бұл ғылымның негізіне: түсініктерге, теориялар мен зерттеу әдістемелеріне тоқталады. Ол оқушыларды Қазақстан экономикасының әралуандығымен, оның жетістіктері және болашақ дамуымен таныстырады.

Әлеуметтік-экономикалық география бірнеше ғылымдар жиынтығы болып табылады. Оның экономикалык және әлеуметтік екі негізгі саласы бар. Олар бір-бірімен және басқа ғылымдармен - физикалық географиямен, тарихпен, экономикамен, әлеумет- танумен, статистикамен тығыз байланысты.

Қазақстанның қоғамдық географиясы 1920 жылы аяғында пайда болды. Қазіргі кездегі оның көрнекті өкілдері С.Р. Ердәулетов, Ш.М. Нәдіров, баска да ірі ғалым-географтар. Олар Қазақстанның табиғи ресурстарын, халқы мен шаруашылығын зерттеуге үлкен үлес қосуда.

Қазақстанның шаруашылығы

Біздің Отанымыздың шаруашылығы бірнеше ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде жасалған. Бұл ұзақ та күрделі үрдісті 4 кезеңге бөлуге болады

Дәстүрлі экономика кезеңі

Дәстүрлі экономика кезеңі (біздің эрамызға дейінгі I мың жылдықтың басы - XIX ғасырдың ортасы). Ол ұрпақтан ұрпаққа жүздеген жылдар бойы беріліп отырған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердің негізінде дамыды. Халықтың негізгі айналысқан кәсібі көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы болды. Малдың жеке меншікте, ал жайылымның қауымдық меншікте болуы бұған өз ықпалын тигізді. Мал шаруашылығына қоса егін салу, жеке жөне қалалық кәсіптік қоленері де (киіз үй жасау, арба жасау, киім тігу, ұсталық, т.б.) дамыды.

Дәстүрлі шаруашылық өнім жеке пайдалану жағдайында болғандықтан, тұтыну сипатында ғана болды. Айырбас түріндегі сауда көбінесе қосымша рөл ғана атқарды.

Нарықтық экономиканың пайда болу кезеңі

Нарықтық экономиканыц пайда болу кезеңі (XIX ғасырдың ортасы - 1920 жылдың аяғы). Нарықтық экономиканың негізіне - жеке меншік, тауар шаруашылығы мен еркін (нарықтық) баға жатады. Оның қалыптасуындағы басты рөлді тауар-ақша қатынасының дамуы атқарды. Көптеген шаруашылықтар мал басын көбейтумен, сауда-саттық үшін астық өсірумен айналыса бастады. Жәрмеңкелер кеңінен ұйымдастырылды. Айырбас сауданы біртіндеп ақшалы сауда ығыстыра бастады.

XIX және XX ғасырлардың  аралығында алғашқы темір жолдар салынды. Олар Қазақстан шаруашылығын жалпыресейлік және әлемдік нарықпен байланыстыруға қол жеткізді. Тау-кен жәнө фабрика-зауыт өндірісі пайда болды. Алғашқы электр стансалары іске қосылды. Дегенмен, экономиканың негізін ауыл шаруашылығы (аграрлық құрылым) құрады. Ол техника жағынан артта қалумен және шикізаттық бағытта болумен сипатталды.

Жоспарлы экономика кезеңі

Жоспарлы. экономика кезеңі (1920 жылдың аяғы - 1990 жылдың басы). Жоспарлы экономиканың іргетасын мемлекеттік меншік пен шаруашылық кызметті жоспарлау кұрады. Оның дамуы орталықтан түсетін мемлекеттік жоспарларға байланысты болды. Олар нені, қай жерде және қанша мөлшерде өндіру қажет екендігін анықтап беріп отырды. Баға қоюды, өнімді таратып бөлуді үкімет жүзеге асырды. Сол себепті жоспарлы экономиканы әміршілдік-таратушы экономика деп те атайды.

Жоспарлы экономика кезеңінде ел экономикалық артта қалушылық қыспағынан құтылды. Дамыған индустриалды-аграрлық экономика құрылды. Мұнда шешуші рөл атқарған индустрияландыру мен тың игеру болды. Қазақстаң өнімнің көптеген түрлері бойынша КСРО-да алдыңғы орындардан көрінді. Бидайдың әрбір жетінші тоннасын Қазақстан егістіктері өндірді.

Бірақ жоспарлы экономиканың айтарлықтай кемшіліктері де болды.

Экономика дамуының негізгі бөлігін кәсіпорындарды көптеп салу құрады. Көбінесе пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуге күш салынды. Осының нәтижесінде шикізаттық бағыт ұлғайып, экологиялық мөселелер пайда болды. Экономикаға қажетті отын, металл орасан көп мөлшерде өндірілді. Ал халық тұтынатын тауар шығару төмен деңгейде қалды. Шаруашылық адамдардан гөрі өзіне көбірек жұмыс істеді. Өндірісті қайта кұру кәсіпорындардың жоспарды орындауына кедергісін тигізді. Бұның өзі тозығы жеткен құрал-жабдықтарды ауыстырып, ғылыми-техникалық революция нәтижелерін меңгеруді баяулатты. Жоспарлы экономиканың нарыктық экономикадан артта қалуы анық байқалды.

1980 жылы екінші  жартысында оның қарқыны одан  әрі нашарлай түсті. Кеңестер Одағы үлкен тоқырауға ұшырады, бұл оның тарауына әкелді. 1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігін жариялады. Шаруашылық қалыптасуының жаңа кезеңі басталды.

Нарықтық экономикаға өту кезеңі

Нарықтық экономикаға өту кезеңі (1990 жылы басынан бастап). Оның мақсаты нарықтық экономиканың негізін салу болды. Бұл үшін үш негізгі міндеттерді шешу қарастырылды:

  1. экономикалық іс-әрекетке еркіндік беру (либерализациялау; лат. liberalis - еркін);

  1. мемлекеттік меншікті жеке иеліктерге беріп, жеке меншікті шаруашылықтар құру (жекешелендіру);

  1. шет елдермен жан-жақты шаруашылық байланыстарын қалыптастыру (әлемдік шаруашылық интеграциясы).

Қазақстанның ол кезде ұлттық валютасы болған жоқ. Сондықтан, қайта құруға Ресей үкіметі ықпалын жүргізді. Ол «шұғыл радикалды қайта құрудың» ауыр жолын таңдады. Ондағы басты нәрсе - бір мезгілде бағаны босату және мемлекеттік шығынды қыскарту болды.

Бұл уақыт екі кезеңнен тұрады.

Біріншісіне (1992-1998 жылдары) ең ауыр жоспардан нарыққа өтудің тығырықты жағдайы сәйкес келеді. Ол бұрын болып көрмеген бағаның ұшығуымен, өндірістің, өмір сүру деңгейінің құлдырауымен ерекшеленеді. Бірақ дәл осы кезде болашақтағы дамудың негізі жасалды.

Бұл кезеңге жататын негізгі шаралар:

  1. либерализациялау;

  1. жекешелендіру;

  1. ұлттық және басқа банктердің құрылуы;

  1. төл теңгенің енгізілуі;

  1. кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру.

Осы аталған шаралар экономикалық саясаттағы өз бетімен атқаратын істі қамтамасыз етіп, өндірісті жандандыруға көмектесті.

Екінші кезеңді (1999-2008 жылдары) экономикалық өсудің онжылдығы деп атауға болады. Оған қолайлы жағдай туғызған Қазақстандық экспорттың (шетке шығарудың) негізін құрайтын мұнай мен металға әлемдік бағаның өсуі еді. Осы жағдай экспортқа бағытталған мұнай мен металдың экономикасын құруға себеп болды. Ол әлемдік экономиканың жағдайы мен халықаралық нарықтағы бағаға тәуелді.

Әлемдік экономика дамып, баға көтерілген кезде Қазақстанға кіріс мол кірді. Халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді. Еліміз экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысып, Қазақстанның алтын валюталық қоры жасалды. Әлемдік экономикалық тығырық кезеңінде мұнай мен металға сұраныс қысқарып, баға күрт төмендеді. Бұл жағдай өндірістің құлдырауына, жұмыссыздыққа әкелді. Бұрын жиналған қор ғана дағдарыстың әсерін жеңілдетті. Ал оның салдарын толық жеңу тек әлемдік экономикамен байланысты.

Бұл тәуелділікті азайтудың жалғыз жолы - экономикалық-әлеуметтік әлуетті нығайту болып табылады.

Қазақстанның экономикалық әлуеті

Елдің дамуын өндірістік-экономикалық мүмкіндіктер, яғни экономикалық әлует анықтайды. Ол бес құрамдас бөліктен тұрады

Табиғи-ресурстық әлует

Табиғи-ресурстық әлует - аумақ жер қойнауының, жер, су байлығы, ол — табиғаттың сыйы. Қалған құрамдас бөліктерді қоғам өзі жасайды. Тұрғын-халықтың (еңбек) әлуетінің маңызы артып келеді. Халық санының (оның ішінде жұмыс күшінің) артуы үлкен рөл атқарады. Бірақ ең алдымен сапалық сипатқа назар аудару қажет. Ол - халықтың денсаулығы, білімділігі, ақпараттық сауаттылығы, мамандығы, жаңа технологияны меңгеру қабілеті, ғылыми-техникалық әлует зерттеулерге жұмсалған шығын мен инженерлердің, ғалымдардың саны мен сапасына байланысты. Өндірістік әлуеттің негізін өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы құрайды. Олардың жұмысын банктер мен көлік қамтамасыз етеді. Экономикалық әлуеттің маңызды құрамдас бөлігі - экономикалық-географиялық жағдай (ЭГЖ). ЭГЖ шет елдермен шаруашылық байланысының қолайлы тұстарын анықтайды.

 

Экономикалық әлует

Экономикалық әлует - жоғары дамудың алғышарты. Оны жүзеге асыру терең ойластырылған стратегияға байланысты. Қазақстандық даму стратегиясы елді түпкілікті жаңалауға (модернизациялауға) бағытталған. Онда жаңа типті жоғары дамыған экономика құру басты орын алады. Мұндай экономиканың сипаттары:

  1. ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады;

  1. тек шикізат қана емес, сонымен қатар күрделі (жоғары технологиялық) дайын өнім өндіреді;

  1. халықаралық шаруашылық байланысына қызмет көрсетеді;

  1. әрбір қазакстандықты лайықты өмір сүру деңгейіне көтереді.

Мұнда табиғи ресурстар шешуші рөл атқаруы тиіс. Экспорттан түсетін кіріс арқылы экономикалық әлуеттің барлык құрамдас бөліктерін нығайту қажет. Экспортқа жіберілетін жоғары технологиялы өнім шығаруды жолға қою керек. Одан соң, әр түрлі шет елдік компанияларға қызмет көрсететін мықты кешен құру керек. Мысалы, жүк тасымалы, өнімді сату, ақпарат беру сияқты. Осы арқылы ресурстарды экспортқа шығару тәуелділігін әлсіретіп, елдің тұракты дамуын қамтамасыз етуге болады.[

Дереккөздер

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7

 

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.

Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.

Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:

— кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;

-туризмге тура  немесе жанама салалардың және  кәсіпорындардың дамуы;

— сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;

— аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;

— алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы; -халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын

бизнестің дамуы;

— қызмет көрсету секторының өсуі;

— елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.

Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары -Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік  фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Полыпа және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. «Эйр-Казахстан»-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.

Информация о работе Экономикалық-әлеуметтік география