Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2015 в 06:01, реферат
Экономикалық ілімдер тарихының пәні және зерттеу әдісі. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Англия және Францияда классикалық политэкономияның пайда болуы
А. Смит және Д. Рикардоның экономикалық көзқарастар жүйесі
Пьер Буагильбер ауылшаруашылық өндірісі францияның экономикалық өсуінің негізі деп санады. Сондықтан да ол, ақшаны ғана емес, тауар мен заттардың бүкіл алуан түрін «байлық» деп санай отырып, өнеркәсіпті бір жақты көтермелеуге қарсы күресті.
Петти тауар құнын ақша формасында білдірсе, Буагильбер оның сөзсіз болатындығын түсінбей тауардың ақша формасын елемеді. Ол «нақтылы құны» бойынша тауарларды айырбастауға ақша кедергі жасайды деп санады. Пьер Буагильбер ақшадан негізгі зұлымдық пен халықтың кедейлену себептерін көрді, сондықтанда ол тауарлы өндірісті сақтай отырып, ақшаның “билігін”, жою керек немесе оның рөлін қарапайым айналым құралына дейін түсіру керек деп болжады. Ол тауарларда жинақталған құн, өзгеше тауар ретінде, ақшаның көмегімен сырт түрінде көрінуі мүмкін екендігін түсінбеді.
Буагильбер классикалық саяси экономия мүшелерінің ішінде, жалғыз ақшаны жоюға шақырды, себебі, тек ақша ғана тауарларды шын құн бойынша айырбастауды бұзады деді. Француз экономист-социологтары С.Сисмонди мен П.Прудон жүз жыл өткеннен кейін, классикалық мектептің көп ережелерін (теорияларын) жоққа шығарып, өздерінің реформаторлық бағдарламаларында П.Буагильбердің идеяларын қолдады. Мысалы С.Сисмонди халықтың қал жағдайын жақсартуды үкіметтен күтті, утопиялық тілектер мен ғылыми- техникалық прогресс сәйкес келмейтіндігін түсінбеді.
П.Прудон ақшаны жоюды қолдады, утопия мен анархияға толы реформаторлық идеяларды да мойындады.
Пьер Буагильбердің классикалық саяси экономия алдында сіңірген еңбегі құнды жұмсалған жұмыс уақытымен анықтаудан ғана тұрмайды, сондай-ақ, ол Франциядағы физиократтардың ізашары болып саналады.
Адам Смит (1723-1790 жж.) – классикалық саяси экономияның негізін салушы. Оның басты еңбегі - «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» саяси экономияның ғылым ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуы болды. Бұл еңбегінде автор саяси экономияның пәнін, методологиялық және жалпы негіздерін айрыша ілім саласы ретінде анықтады. Кітап 5 бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі, өндіріс процесі мен оны бөлуге арналған және негізгі таптардың табыстары мен олардың пайдасы туралы ілімнен тұрады; екінші бөлім, капитал және оның функционалды формаларын қарастырады. Үшінші бөлімде капитализмнің даму тарихының жағдайлары көрсетілген. Төртінші бөлімде бұрынғы өткен экономикалық ілімдерге (меркантилизм және физиократизм) талдаулар берілген. Бесінші бөлім мемлекеттің қаржы мәселелеріне арналған.
А. Смит ғылым ретінде саяси экономияның қос міндетін анықтады:
Бұл экономика ғылымына қосылған маңызды үлес болды. Ол ел байлығы мен оның қуатын арттыру жолын анықтайтын ғылым ретінде саяси экономияның міндетін айқындады.
А. Смит логикалық абстаркция әдістері арқылы экономикадағы заңды, анықтаушы процестерді және кездейсоқтықтан абстаркциялауды; сыртқы көрністен ішкі заңдылықтарды анықтау әдістерін жасады.
А. Смит методологиясы экономикалық либерализм тұжырымдама негізі ретінде мына жайлардан қөрінеді:
А. Смиттің экономикалық ілімінің негізгі идеялары:
А. Смит, экономикалық құбылыстар өздігінен стихиялық және объективті заңдармен анықталады деп санады. Ол экономиканың табиғи еркіндігің, шаруашылық күштерінің еркін айналымын жақтады. А. Смит адамзат қоғамын қоғам дамуының кезеңдерінде тәуелсіз адамдардың айырбас (меновой) одағы деп санады, өйткені айырбасқа бейімділік-бұл тарихтан тыс процесстер. Бұл классикалық мектептің көзқарастарының негізі болды.
А. Смит, еңбек бөлінісі мен айырбастық ұлғайып өсуі бірін-бірі итермелей отырып қатар жүреді және қоғамдық өндіріс процесінің нәтижесінде стихиялы (өздігінен) тауарлық әлемінен бөлініп шыққан ақшаның маңызды рөлін көрсетті. Ақша функциясының ішінен ол айналым құралдарының функциясын айрықша атап көрсетті. Ол ақшаны айналым процесін жеңілдету үшін техникалық құрал деп санауға тоқталды. Оның өлшеусіз еңбегі, ол ақша мен несиені өндірістен шығарды және бұлардың бағынышты ролін көрсетті. Дегенмен А. Смит ақша несие факторларының дербестігін және олардың өндіріске кері әсерін жете бағаламады.. Смиттің экономикалық көзқарастарынын негізгі құн теориясы оның көзқарастарының қарама - қайшылығын айқын көрсетеді . Мәселен, ол құнның үш анықтамасын берді:
А. Смит, қоғамда өмір сүретін үш таптың: жер иеленушілердің, капиталистердің және жұмысшылардың бар екендігін ескере отырып жоғарыдағы теорияны негіздеді. Жер иеленушілер – өндіріс құралдарының меншікті иелері болғандықтан жалгерлік ақы ретінде рентадан табыс алады.
Капиталистер – өндірістің негізгі құралдарының иегерлері және жұмыс күшін жалдаушылар болғандықтан табысты пайда түрінде алады. Егер ол жерді жалға алып және тау-кен өндіру өнеркәсібін құратын болса, онда пайданың бір бөлігін жер рентасы түрінде жер иесіне береді, сонымен ол өндіріс капиталисттерінің ауыл – шаруашылық капиталистерінен айырмашылығының жоқтығын көрсетеді. Бұл оның үлкен ғылыми жетістігі.
Смит сондай-ақ, ешқандай меншікке ие емес және өзінің еңбегін еңбекақыға жалданбалы жұмысшылар табын ерекше көрсетті.
А. Смиттің негізгі қателігі оның үнемі еңбекті сату деп айта беретіндігінен тұрды, ал Маркс одан кейінірек, шындығында сатып алу - сату (заты) еңбекті емес, жұмыс күшін, яғни еңбекке жарайтын қабілет екендігін түсіндірді. Капиталист еңбекті сатып алып отырып, оны еңбек процесінде пайдалану құқығын иеленеді, сөйтіп жұмысшы капиталист үшін қосымша құн жасайды.
Смит одан әрі еңбектің қандай түрлері ұлт байлығының өсуіне әсер ететіндігін зерттеді. Осы жерде ол еңбектің екі түрін - өнімді және өнімсіз еңбекті қарастырды. Бірінші – қосымша құн жасаушы, ал екінші – осы байлықты тұтынушы. Ол былай деп жазды: «Мәселен, мануфактурадағы жұмыскер еңбегімен, өзі өңдейтін заттардың құнын өсіреді яғни оны өзіне керекті және шаруашылық иесінің пайдасын көбейтеді». Өнімді еңбек туралы пікірі Смитке кезінде өзіндік ең батыл ескерткіш жасауға мүмкіндік берді. Мәселен, ол былай деп жазды: «Кейбір ең құрметті деген қоғам сословиялары үй қызметшілерінің еңбегіне ұқсас, ешқандай құн өндірмейді... Мысалы, мемлекет басшысы (государь) өзінің бүкіл сот шенеуніктері, бүкіл әскері мен флоты өнімсіз (өндіріссіз) жұмысшылардан тұрады. Сол, бір тапқа кейбір ең маңызды, сол сияқты жеңіл ойлы кәсіпкерлер – ақсүйектер, дәрігерлер, барлық тектегі жазушылар, актерлер, музыканттар, опера әншілері және басқалар жатқызылуы тиіс». Осылай ол қоғамда өнімсіз жұмысшылардың үлесі неғұрлым аз болса, қоғамның байлығы соғұрлым тез өседі деген идеяны алдыға салды. Бұл-мемлекеттік билікпен белгілі бір дәрежеде оппозицияда болған, бірақ қолдарында дворяндық үкімет бар, прогрессивті таптың позициясы еді.
А. Смит ілімінің әлемдегі экономикалық ойды дамытуға үлкен ықпалы болды. XVIII ғасырдың соңында – XIX ғасырдың басында оның идеялары Ұлыбританияда, Францияда және басқа елдерде, оның ішінде Ресейде кең таралды, крепостнойлық пен патшаға қарсы күресте пайдаланылды.
Давид Рикардо (1772-1823 жж) - өнеркәсіп төңкерісі дәуірінің экономисі, Англиядағы классикалық саяси экономияны жасауды аяқтаушы А. Смиттің экономикалық теориясын жалғастырып, оның кейбір кемістіктерін түзетуші.
Д. Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның зерттеу методологиясында.
Оның бірінші еңбегі ақша айналымы мен валютаға арналды. Оның басты еңбегі – «Саяси экономияның бастаулары және салық салу» (1817 ж), 32- тараудан тұрады, онда экономия теориясын зерттеудің негізгі методологиялық үлгілері берілген. Экономист – саясаткер ретінде оның Ұлыбританияға астық әкелуге тыйым салу заңына қарсы шығуы, бұл заңнан соң жер рентасы бағасының өсуіне және өнеркәсіп пайдасың төмендеуіне әкеліп соққан болатын.
Смит сияқты, Рикардо мемлекеттің экономикаға араласуына қарсы болды, сыртқы сауданың еркіндігі үшін күресті. Қоғам мен шаруашылықтың дамуына деген тарихи көзқарастың жоқ болуы Рикардо үшін, сол сияқты бүкіл классикалық саяси экономияға тән болды. Капитализмді ол бірден-бір мүмкін және табиғи құрылыс деп, ал оның экономикалық заңдары – жалпыға бірдей және мәңгілік деп санады. Оның ілімінің шектеулілігі осыдан тұрады. К.Маркс экономика ғылымының дамуы үшін Рикардоның тарихи маңызы, бәрінен бұрын, капитализмнің экономикалық қатынастарын еңбек құны теориясының позициясынан зерттеуге талпынуы мен өндірісте капиталистік тәсілдің ішкі заңдылықтар жүйесін ашуға ұмтылысынан тұратындығын көрсетіп берді. Құн тек алғашқы қауымдық қоғамда ғана еңбекпен анықталады деген Смиттің ережесін теріске шығара отырып, Рикардо жұмысшы еңбегі капиталистік қоғамның барлық таптар табыстарының (еңбекақының, пайданың, проценттің, жер рентасының), бірден-бір көзі деді. Рикардо мынандай қорытындыға келді, капиталистің пайдасы – жұмысшының төленбеген еңбегі, дегенмен ол құн заңының тұрғысына байланысты пайданың пайда болуын, қосымша құн заңын ашып көрсете алмады. Рикардо, сондай-ақ, еңбектің қосарлы сипатына түсінбегендіктен саяси экономияның басты қарама-қайшылығын шеше алмады.
Давид Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның экономия теориясын зерттеудегі үлгілік (моделдік) методологиясынан тұрады. (2 үлгіні қараңыз).
Рикардо, саяси экономия пәні деп, қоғамдағы таптарды құрайтын, адамдардың экономикалық қатынастары деді. Оның алға қойған басты міндеті – еңбекақы, пайда және жер рентасы формасындағы негізгі таптар арасындағы ұлттық табысты бөлу негізіне жататын заңдарды зерттеу болып саналды. Абстракциялы ғылыми әдісті қолдана отырып Рикардо, капиталистік шаруашылықты ең ортақ реттеуші принципі ретінде еңбек құны заңын жасады және ол саяси экономияның бастапқы ережелерінің бірі болып саналды. Рикардо экономикада объективті және стихиялы, бірақ танымдық заңдар әрекет етеді деп санады. Олардың танымдық әрекеттерімен қатар ол қоғамдағы өндіріс күштерінің өсуіне әсер етуші экономикалық саясатты жасау саяси экономияның міндеті деп санады
Информация о работе Экономикалық ілімдер тарихының пәні және зерттеу әдіс