Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі мектептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 20:37, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманда «экономика» сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.
Біріншіден, «экономика» сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады. Осы қатынастарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрап, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады.
Екіншіден, «экономика» сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз.

Содержание

1.Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі мектептері.

2.Экономикалық Нобель силығының лауреаттары.

3.Жекешелендіру процесі.

Вложенные файлы: 1 файл

Жоспар.doc

— 74.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК 

УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

СРС №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Орындаған:Төкенқызы Аяулым

 

                  Группа:БТ-307

 

                  Тексерген: Габдуллина Л.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей-2014 ж

Жоспар:

 

1.Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі мектептері.

 

2.Экономикалық Нобель силығының  лауреаттары.

 

3.Жекешелендіру процесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі мектептері

 

Қазіргі заманда «экономика» сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.

   Біріншіден, «экономика» сөзімен  игіліктер мен қызметтер көрсететін  өндірістік және өндірістік емес  салалардың жиынтығы ретінде  түсіндіріледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады. Осы қатынастарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрап, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады.

   Екіншіден, «экономика» сөзін  ғылымдар тоғысындағы экономикалық  қатынастарын қызметтік немесе  салалық астарын қарастыру деп  білеміз. Экономикалық  теорияның  өкілдері өндіріс деңгейінің  макро мен микроэкономикасын  және интерэкономикасын бөліп қарағанда да «экономика» ұғымын түсіндіреді. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипаттайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрлерін бөліп қарайды: дәстүрлі,нарықтық,еркін бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары.

   Үшіншіден, «экономика» сөзі  экономикалық ғылым жалпы экономикалық  теория ретінде қарастырылады.

  Экономикалық ғылым – ең  ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы  рет «экономия»(«ойкономия») термині  біздің дәуірімізге дейін III-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д.430-355жж.) және Аристотель(б.д.д.384-322 жж.) еңбектерінде пайда болды.

  «Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде  – Аристотель құл иеленушілік  шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру  туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген.

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.  
Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.  
Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.  
Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.  
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVIXVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.  
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.  
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.  
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков. 

Меркантилизм 2 кезеңнен тұрады : алдыңғы және соңғы.Алғашқы меркантилистер алтын мен күмісті байлықтың негізгі формасы ретінде  қарастырады .Сонымен қатар ақшаны сыртқа шығаруға тыйым  салды.Соңғы  меркантилистер  ақша емес тауар айырбастау сферасын зерттеуді;

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.  
«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.  
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.  
Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.  
Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.  
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.  
Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.  
Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық  Нобель  силығының лауреаттары

 

Нобель сыйлықтары  (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.Бейресми түрде бұлай Альфред Нобельдің құрметіне Швеция Банкінің экономикалық ғылымдағы сыйлықтарын атайды. Экономика саласы бойынша ең беделді сыйлық болып табылады. Нобель сыйлығымен марапаттау салтанаттарында берілетін басқа сыйлықтардан ерекшелігі, бұл сыйлыққа қаржы Альфред Нобельдің мұрасынан бөлінбейді, оның өсиетнамасында экономика аталған жоқ. Сондықтан, бұл сыйлықты “шынайы нобельдік” деп санау дискуссиялық сұрақ болып табылады. Бұл сыйлық 1969 жылы Швед Банкімен оның 300-жылдығына орай қабылданды. Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты 12 қазанда жарияланады; барлық сыйлықты беру салтанаты Стокгольмде жыл сайын 10 желтоқсанда өтеді.

Швеция корольдік ғылым академиясының хабарлауынша, бұл сыйлық АҚШ-та жұмыс істейтін үш ғалымға - Ларс Питер Хансен, Юджин Фама және Роберт Шиллерге берілген.

Биыл бейбітшілік саласы бойынша тағайындалған Нобель сыйлығы халықаралық Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға (Organization for the Prohibition of Chemical Weapons) берілген.

Химия ғылымы саласы бойынша Нобель сыйлығының 2013 жылғы иегерлері - Мартин Карплюс (АҚШ пен Австрия азаматы), Майкл Левитт (АҚШ пен Ұлыбритания азаматы) және Арье Уоршелл (АҚШ пен Израиль азаматы).

Бұл сыйлықтың медицина саласы бойынша биылғы жеңімпаздары - америкалық ғалымдар Джеймс Ротман мен Рэнди Шекман және германиялық Томас Зюдхоф.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жекешелендіру процесі

 

Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. 

Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. 

Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар менфабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. 

Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

  1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.
  2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.
  3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.
  4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

  • шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
  • бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
  • шағын және орта бизнесты дамыту;
  • жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
  • бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық  құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

 


Информация о работе Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі мектептері