Экономиканы мемлекеттік реттеудің аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 18:35, реферат

Краткое описание

Экономиканы реттеудің екі аспектілері белгілі: біріншісі – нарықтық тетіктер -тауар-ақша қатынастары мен баға арқылы; екіншісі – әкімшілік-әміршілдік, директивалық. Бірінші аспектісі бойынша өндірістің өсіп дамуы төлем қабілеті бар сұранысқа байланысты. Сонымен қатар нарықтық тетіктер экономиканың дамуын ғана сипаттап қоймайды, оның құлдырауын, дағдарысқа ұшырайтынын да көрсетеді. Дағдарысты болдырмау немесе жеңілдету мақсатында, мемлекет алдын ала ұлттық экономиканың даму бағдарламасын жасайды

Вложенные файлы: 1 файл

Экономиканы мемл реттеу.docx

— 16.70 Кб (Скачать файл)

  Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті.

 

 

 

 

 

 

 

СОӨЖ 

Тапсырма:Экономиканы мемлекеттік реттеудің аспектілері

 

 

 

Орындаған: Иманғали А.

Гуппа: ЕжА 131гр

                                                                        Тексерген: Череева Б.

                                     

 

 

                                       Алматы 2015 жылы

 1) Экономиканы реттеудің екі аспектілері белгілі: біріншісі – нарықтық тетіктер -тауар-ақша қатынастары мен баға арқылы; екіншісі – әкімшілік-әміршілдік, директивалық. Бірінші аспектісі бойынша өндірістің өсіп дамуы төлем қабілеті бар сұранысқа байланысты. Сонымен қатар нарықтық тетіктер экономиканың дамуын ғана сипаттап қоймайды, оның құлдырауын, дағдарысқа ұшырайтынын да көрсетеді. Дағдарысты болдырмау немесе жеңілдету мақсатында, мемлекет алдын ала ұлттық экономиканың даму бағдарламасын жасайды.

    Екіншісі бойынша  кәсіпорын өндірістің тұрақты  өсуі үшін өзіндік мақсат пен  бағдар ұстайды. Бұған тек жоспар  ғана емес, жеке мүдделерін көздейтін  басшылар ойлары да ықпал етеді. Олар үшін өндіріс көлемінің  өсуі – тұрақты жеке табыстың  көзі. Мұндай әкімшілік реттеудің  басты критерийі, әдетте, сандық  өсім. Өндіріске қажетті қаражатты  кәсіпорын мемлекеттен алады, сондықтан  олардың тәртібінде шек болмайды. Мұндай жағдайда қосымша күрделі  қаржыдан өздігінен бас тартатын  кәсіпорын басшысын кездестіру  қиын, өйткені ол кәсіпорын үшін  ештеңеге де тұрмайтын еңбексіз  табыс. Банкрот жағдайының өзінде  де кәсіпорын қаржыдан бас  тартпайды, кез келген зиянды  шығындарды мемлекет өндірісті  қамсыздандыру шаралары ретінде  жауып отырады.

2) Келесі қарастырылатын  қандай модельдер арқылы реттеледі:

        Бюджеттік  реттеу – мемлекеттік органдардың  мемлекеттік бюджетті әр түрлі  бағыттар бойынша жұмсау, реттеу. Бұдан басқа мемлекет салық  төлемдерінен тыс бюджетке қосымша  төлем белгілейді, сөйтіп ақша  айналымы мен қор жинауды қалыптастырады.

Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу- бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді. Аталған бағыттар мемлекетке қажет өндіріс салаларын белгіленген бағдарлама бойынша дамытады.

Баға арқылы реттеу- бұл нарықтық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады. Сатушылар шығындарының орнын мемлекеттік бюджет есебінен толтырып отырады. Мұндай тәжірибе дамыған елдердің баршасына тән. Алайда, нарықтық экономикаға өтіп жатқан біздің елімізде бағалар еркіне жіберіліп, оларды ешбір шектеу мен реттеу болмай отыр. Бұл мәселенің  де тиімді тетіктерін ойластыру қажет-ақ.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу - сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін жалғастырады, алайда оның  өзіндік ерекшеліктері де бар.

 

 

Глоссарий

Экономика - Негізінде экономика сөзі екі мағынаға ие: 1) шаруашылық ;   2) әлеумет пен қоғам берілген игілікті тіршілік ету жолында қалай кәдеге жарататынын зерттеп, ізерлеп отыратын ғылым.

Мемлекет  — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. 

 Саясат - адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;

Қаржы -  мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуын айтамыз.

Санкция -  құқықтық норманың бір бөлігі, шаруашылық және қаржы қызметін қалыпты жүргізу ережелерін, келісімді, шарттық немесе басқа да міндеттемелерді бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу жолымен ықпал ету шаралары.

Мемлекеттік реттеу -  мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.

Нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.

Лицензия - Жеке адамдар немесе ұйымдарға патентпен, техникалық біліммен, тәжірибе, өндірістік құпия, сауда маркасымен қорғалған өнертапқыштықты пайдалануға рұқсат беретін құжат

Салық - шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. 

Амортизация -жалпы ұлттың өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған  капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі.

Экспорт - өнімді Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерде тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатында осы аумақтан әкету.

Импорт – ішкі рынокта өткізу үшін елге шет елден тауарлар, технологиялар әкелу.

Квота - өндіріске‚ өткізуге‚ экспортқа немесе импортқа қатысу үлесі‚ ол ұлттық немесе халықаралық келісімге не халықаралық топқа қатысушылардың әрқайсысы үшін белгіленеді; халықаралық экономика немесе валюталық-қаржы ұйымының жарғылық қорындағы немесе капиталындағы белгілі бір елдің жарнасы

Сертификаттау -  сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.

Стандарттау -есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б. тағайындау және қолдану

Міндетті резервтер нормасы -коммерциялық банктің  жалпы міндеттемелеріне  катысты белгіленетін, коммерциялық банктің  міндетті түрде сактауға тиісті міндетті ақшалай резервтер сомасы.

 


Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің аспектілері