Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 07:51, курсовая работа
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қатынастардың дамуы болып табылады. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделеген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып-сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қатынастар акционерлердің басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді.
КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1.ШаруашылыҚ жҮргізудіҢ акционерлік формасыныҢ теорИЯлыҚ негіздері
Акционерлік компаниялардың пайда болу тарихы және олардың дамуы……………………………………..…………………… 6
Акционерлік қоғамдардың мәні мен мазмұны.………….. 11
2. қазақстан республикасындағы АҚ- НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ (АҚ системотехника мысалында талдау)
2.1 Акционерлік қоғамдардың экономикалық тиімділігі және олардың дамуы ………………………………………………………….19
Акционерлік қоғамның анализі мен талдауы.................20
ҚазаҚстан Республикасында акционерлік ҚоҒамдардыҢ Қалыптасу мен даму ерекшеліктері
3.1 Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың жағдайы мен қызмет ету шарттарын талдау………………………………..………..24
Қорытынды………………………………………………..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………30
1.ШаруашылыҚ жҮргізудіҢ акционерлік формасыныҢ теорИЯлыҚ негіздері
2. қазақстан республикасындағы
АҚ- НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
2.1 Акционерлік қоғамдардың экономикалық тиімділігі және олардың дамуы ………………………………………………………….19
3.1 Қазақстандағы акционерлік
Қорытынды………………………………………………..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………30
Кіріспе
Бүгінгі күні Қазақстанда
нарықтық экономиканың негіздерін құрудың
маңызды шарттарының бірі акционерлік
қатынастардың дамуы болып
Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қатынастардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады.
Акционерлік қатынастардың, қаржылық ресурстардың мобилизациясы ақшаны байланыстырудың, инфляциямен күрестің және ақша айналымын тұрақтандырудың құралы болып табылады.
Елімізде акционерлік қатынастардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің екінші этабын жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру формаларына акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру кезінде әртүрлі деңгейде мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдар құрылады.
Өндірістің дамуында еңбек коллективтерінің
еңбегін ынталандырудың, қызығушылығын
жоғарлатудың тиімді көзі акционерленген
кәсіпорындардың меншігіне
Сондай-ақ, акционерлік қоғамдар ел экономикасына несиелік және тікелей формадағы шетелдік капиталды тартуға мүмкіндік береді. Тікелей инвестициялар біріккен кәсіпорындарды құру, компанияның (қоғамның) акция пакеттерін иемдену немесе кәсіпорынды жеке жоба бойынша жекешелендіру бойынша тартылады. Шетелдік капитал өндіріс факторларының халықаралық мобильділігіне сүйенуге, ғылым, технология, басқару тәжірибесін тасымалдауға мүмкіндік береді.
Акционерлiк
қоғамдардық экономиалық
Экономикалік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылықтың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде экономикалік есепке жүктелетін міндеттер әрі күрделі, әрі ауқымды болып отыр. Өйткені қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде еліміздегі мемлекет меншігінің үлесі сегіз пайыз болса, қалған бөлігі меншіктің басқа нысандарының үлесінде. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, ұйым және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілері болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан-теңіз екендігін дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он төрт жыл уақыт өтті. Осы жылдардың аралығында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер Одағы тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылықтардағы экономикалік есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды. Экономикалік есепті халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуді жетілдіре түсу мақсатында, экономикалік есептің типтік шоттар жоспары қайта қаралып, жобасы жалпы талқыға ұсынылды.
Акционерлік қоғам капитал шоғырлануының қажеттілігі туындауы нәтижесінде, ең алдымен, алыстағы отар елдермен сауда жасауда пайда болды. Бұл қажеттілік ХV ғасырдың соңындағы Ұлы географиялық ашылулардың кең етек алуымен байланысты. Акционерлік компаниялардың негізгі белгілері ХVІ ғасырдағы Голландия компанияларында анық көрінеді. Дегенмен, көптеген оқымыстылар акционерлік компанияларға тән белгілерді бұдан да ертерек уақытта болғанын және олардың отаны ретінде ортағасырлық Италияны да, Ежелгі Римді де көрсетеді. Каминканың айтуынша, голландиялық компаниялардың көзге түсерлікткей айқын болуы бүкіл Еуропаның назарын өзіне аударғандығынан ғана ең ежелгісі деп саналған [2,152 б.].
Акционерлік компанияларға өтудің ең ежелгі формаларының бірі ретінде Ежелгі Римдегі vectіgalіum publіcorum-ды көрсетуге болады. Олардың негізінде бір немесе бірнеше тұлғалармен 3,5 немесе 5 жылға жасалған келісім шарты негізінде мемлекеттік кәсіпорынды жалға беру жатқан. Серіктестіктің құрамына салым сомасымен ғана жауап беретін толық серіктестіктер мен салымшылар кірген. Олар өздерінің сипаты бойынша қазіргі заманғы коммандиттік серіктестіктерге ұқсайды, бірақ олардан акционерлік компаниялармен ұқсастықты көру өте қиын, өйткені оларда акционерлік компанияның ең маңызды белгісі – акциялар болмаған.
Ал 13-ші, 14-ші жүзжылдықтарда communіtates, socіatates немесе colonnae дегендер ерекше дамуға ие болды. Олар кейбір тұлғалардың өздерінің тауарлары мен ақшаларын қандай да бір жүзуге аттанған кеменің капитанына берген, нәтижесінде ортақ қор (columna comunіus) құрылған, сондай-ақ қатысушылардың үлестеріне сәйкес пайда болған. бірақ, әлі де болса «акция түсінігі болмаған және қатысушылардың мүліктік жауапкершілігі салынған салым мөлшерінен жоғары болған.
И.Т. Тарасов ең алғашқы акционерлік қоғам ретінде 1345 жылы (кейбір мәліметтер бойынша 1371 жылы) Генуездік банкті атаған. Банктің капиталы 20400 тең бөлікке бөлінген, оның басқару органдары жалпы жиналыс пен басқарма болған. Генуездік банктің үлгісі бойынша 1694 жылы Ағылшын Патерсон банкі құрылған [3.83-84 б.].
Ал, Маркстің ілімі бойынша акционерлік қоғамдар капиталистік жеке меншік негізінде пайда болды. XІX ғасыр акционерлік бірлестіктердің күшейген кезеңі болып табылады. Акционерлік меншіктің қалыптасуына өндіргіш күштердің дамуы мен жаңа қоғамдық қажеттіліктер ретінде көрсетілген объективтік сипат тән болған.
Акционерлік меншікті капитализмнің экономикалық құрлымының бөлінбейтін компонентіне айналдырған түпкі себептеріне өндірістің орталықтану мен шоғырлану процестерінің жүзеге асу қажеттіліктерімен байланысты капиталдың жинақталуы болды. Капиталистік өндіріс әдісі кезінде акционерлік кәсіпорындардың пайда болуының материалдық негізі қоғамдану процесі болып табылады. Оның дамуы ірі машина өндірісінің қалыптасуымен жалғасты. Бұл жағдайда жеке капиталдар өзінің масштабы бойынша бұл өндіріске қызмет көрсетуге толық сәйкес келмейді. Капиталистік өндіріс қатынастары мен индивидуалды меншіктік қатынастар жүйесі өндіргіш күштердің даму қажеттілігімен қайшылыққа түседі. Бұл қайшылықты шешудің нәтижесі ретінде жаңа – акционерлік меншік формасы пайда болды [4,11 б.].
Акционерлік істің дамуы Голландияда жалғасын тапты. 1595 жылы (басқа мәліметтер бойынша 1602 жылы) Голландтық Ост-Инд компаниясы құрылады, одан кейін де бірнеше акционерлік компаниялар құрылады. Олардың ең ерекшесі голландтық Вест-Инд компаниясы болып табылады. Ірі, әрі ең ежелгі голландтық акционерлік компанияға, сондай-ақ Суринам, Северный және Леван акционерлік компанияларын да жатқызуға болады. ХVІІ ғасырдағы Амстердамдық биржа қазіргі күнгі ірі әлемдік биржалардың қатарында.
Голландиядан кейін
Еуропада акционерлік істің
қалыптасуы мен дамуының барлық бастапқы
кезеңі акционерлік қоғамдардың
айналысындағы ажиотаж
АҚШ-тың өмір сүруінің алғашқы кезеңінде әрбір жаңа кәсіпкерлік корпорация, корпорация жарғысын бекіту формасы ретінде берілетін сәйкес шарттардың немесе федералды органдардың заңшығарушы органдарының тек қана арнайы шешімдері бойынша ғана пайда бола алды. Қайтадан құрылып отырған корпорациялар қатаң бақыланды. Сондай-ақ, корпорацияның капитал мөлшері мен оның қызмет жасайтын территориясы да реттелініп отырды.
Ресей империясында акционерлік істің
дамуы алдыңғы қатарлы Еуропа
елдерінен әлдеқайда артта
Ресейде акция спекуляциясы мен жаппай банкротқа ұшырау Еуропадағыдай үлкен масштабта болған жоқ. Көбінесе, бұл мемлекеттің акционерлік компаниялардың құрылу процесін қатаң бақылауымен және акция құнының жоғары болуымен түсіндіріледі.
Революцияға дейінгі Ресейлік заңшығарушылық саудалық, сондай-ақ, акционерлік форманы мәдениет пен ағартушылықты (театр, мұражай, кітапхана, аурухана, оқу орындары) ұйымдастыру үшін де қолданады [3,112 б.].
1916 жылы Ресейде 5.5 млрд. сом капиталы
бар 2956 акционерлік қоғамдар тіркелді
[7,25 б.]. Кеңестік биліктің алғашқы
жылдарында мемлекеттік емес
коммерциялық компаниялардың
1.2 Акционерлік қоғамдардың мәні мен мазмұны
Алғашында акционерлік қоғамның мәні біріккен тұлғалардың дамуымен құрылған, яғни бірігіп қызмет жасау шарты негізінде пайда болған. Г.ф.Шершеневичтің “Cауда құқығының курсы'' еңбегінде акционерлік қоғамға толығырақ анықтама беріледі: “Aкционерлік қоғам салынған үлес мөлшерінде әрбір қатысушының жауапкершілігі шектелген бірдей бөліктерге бөлінген капитал көмегімен өндіріс пен сауданы келісім-шарт негізінен бірігіп жүзеге асыру мақсатында құрылған тұлғалардың бірігуі”[8,383 б.]. Акционерлік компания тұлғалардың, әлде капиталдардың бірігуі болып табыла ма? Осы мәселе бойынша оқымыстылардың пікірлері бөлініп кетеді. Мысалы, Г.Ф.Шершеневич акционерлік компанияны тұлғалардың бірігуі, ал А.И.Каминка біруақытта тұлғалардың да, капиталдардың да бірігуі деп санаған: ”акционерлік компания өлі капиталдан ғана емес, сонымен қатар осы капиталдардың өкілі болып табылатын тұлғалардың бірігуі болып табылады”[2.9]. Пахман С.В., Писемский П.А., Цитович П.П. акционерлік компанияларды капиталдардың бірігуі деп санаған.