Қазақстандағы кедейшілік мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:09, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатым: Кедейшілікке қарсы күрес жүргізу – мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі болып танылады. Қазақстанның әрбір аймағына кедейліктің өзіндік деңгейі мен сипаты тән. Сондықтан кедейшілікке қарсы күрестің аймақтық бағдарламаларын дайндағн дұрыс болар еді. Әр аймақтың бағдарламасын жасағанда, оған кіретін барлық аудандарды жеке-жеке зерттеу керек. Оның үстіне ең ауыр әлеуметтік жағдайға тап болған аймақтар мен аудандарды бөліп көрсету керек. Кедейшілікке бөлінетін қарыжатты ең алдымен осы аймақтар мен аудандарға жұмсау керек.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3

1 бөлім. Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі................................5
1.1. Кедейшілік және оның өлшемі.....................................................................
1.2. Кедейшілік - әлеуметтік-экономикалық категория ретінде................................

2 бөлім. Қазақстандағы кедейшіліктің осы заманғы жағдайы.
2.1 Қазақстандағы кедейшіліктің қазіргі жай-күйін талдау
2.2. Қазақстандағы кедейшілік мәселесі және оны шешу жолдары

Қорытынды...............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ.docx

— 64.96 Кб (Скачать файл)

4) ауылдағы еңбекпен қамтылу  құрылымының индустриялық еңбектің  үлесін ұлғайту жағына қарай  оңтайландыру (ауылшаруашылық өнімдерін  өңдеу, тұрғын үй және жол  құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым  нысандары құрылысы, агросервис  және т.б.);       

       Кедейшілік  деңгейін төмендетудегі мемлекеттік  органдардың қызметін жетілдіру

жөніндегі шаралар:

- халықты еңбекпен қамтуды  көтеру мақсатында облыс экономикасын  өсіруді қамтамасыз ету үшін  ықпалдырақ шаралар қабылдау;

- қолданылып жүрген нормативтер  негізінде әлеуметтік салалар  қызметтерімен (білім, денсаулық  сақтау, мәдениет және спорт) облыс  халқын қамтамасыз ету жөнінде  шаралар қабылдау;

- алғашқы медициналық  көмек көрсетуге, базалық білім  беруге, атаулы көмек көрсетуге  бағытталған қаражаттардың мақсатты  жұмсалуына бақылауды күшейту;

- ауылдық жерлердегі әлеуметтік  салалар объектілерін ашуға жәрдемдесу;

кедейшілікті төмендету  мәселесі бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі қоғамдық бірлестіктер арасында өзара байланыс тәжірибесін  енгізу;

- бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде жеке меншік, кедейшілікті  төмендетудегі оңды тәжірибелерді  насихаттауға қатыстыру.

       Облыста  кедейшілік деңгейін төмендетуде  жеке меншік секторлардың қызметін  жақсарту үшін мыналар қажет:

- жұмыс орындарын құруға  жұмыс берушілерді ынталандыру  мүмкіндіктеріне талдау жасау,  оның ішінде әлеуметтік әлсіз  топтар үшін;

- жұмыссыздарды оқыту  және оларды жұмысқа қабылдау  бойынша кәсіпорындарды ынталандыру  жөнінде шаралар қабылдау;

- дайындық және қайта  дайындық курстарын ұйымдастыру  кезінде мамандарға қажеттілікті  анықтау үшін жұмыс берушілерді  тарту;

- халықтың кедей тобы  үшін әлеуметтік мәні бар тиімді  жобаларды қаржыландыруға ірі  компаниялардың әлеуетін пайдалану;

- қайырымдылық шаралары  түрінде халықтың кедей тобына  әлеуметтік көмек жүйесін дамыту.

 

      Шағын қалалардағы  кедейлiктi азайту үшiн мынадай  шаралар қолдану:

  • әр қаланың ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiн басшылыққа ала отырып, шағын қалаларды дамыту бағдарламасын әзiрлеу;
  • экономикалық тиiмдiлiк өлшемiн басшылыққа ала отырып, экономикасы тоқыраған шағын қалаларға инвестициялық көмек көрсетудi қамтамасыз ету;
  • тиiмсiз кәсiпорындарды қайта құрылымдап, олардың негiзiнде қажеттi ресурстары бар жаңа перспективалы өндiрiстер ашу;
  • өндiрiстi әртараптандыруды қамтамасыз ету;
  • таратылған кәсiпорындар негiзiнде шағын кәсiпкерлiктi дамытуды қамтамасыз ету;
  • шағын қалаларға бiлiктiлiгi жоғары кадрларды тарту үшiн жағдайлар жасау және ынта туғызу;
  • YEҚ тарапынан бизнес-орталықтар мен бизнес-инкубаторлар ұйымдастыруда көмек көрсету қажет.

      Жалпы алғанда  аграрлық саясатты және атап  айтқанда, кiрiстердi қалыптастыру  саясатын жетiлдiру ауылдағы кедейлiктi азайтудың басым бағыттары болуға  тиiс, ол үшiн:

  • несие саясаты арқылы ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;
  • ауылшаруашылық техникасының лизингiн дамыту;
  • ауылшаруашылық өнiмдерiн сатып алу орындарының желiсiн дамытуға жәрдемдесу;
  • келешегi жоқ өңiрлерден дамып келе жатқан өңiрлерге, аудан орталықтарына және шағын қалаларға iшкi көшi-қонды ынталандыру жөнiнде шаралар қолдану;
  • ауылшаруашылық өндiрiсi мамандарын даярлау үшiн кәсiби мектептер (лицейлер) желiсiн сақтау және дамыту жөнiнде шаралар қолдану;
  • ауылдық несие серiктестiктерiнiң дамуы үшiн жағдайлар жасау;
  • өзiн өзi жұмыспен қамту саласы ретiнде жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшiн жағдайлар жасау;
  • қол жетiмдi жергiлiктi шикiзат пен табиғи материалдарды пайдаланып, дәстүрлi қол өнepi мен ұсақ кәсiпшiліктерді дамыту үшiн жағдайлар жасау;
  • ауыл тұрғындарына бөлiнген егiстiк жерлердi пайдалану тиiмдiлiгiне талдау жасау және жердi өңдеуде, тұқым, тыңайтқыштар, жанар-жағар май материалдарын сатып алуда көмек көрсету;
  • ауылдық аудандарда сатып алу-дайындау орындарын ұйымдастыруда көмек көрсету қажет.

          Халық кедейлiгiне экологиялық факторлардың әсерiн төмендету мақсатында:

  • экологиялық ахуал және халық денсаулығына қатердiң болуы туралы шынайы және толық ақпаратқа халықтың кеңiнен қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
  • халық арасында табиғи ресурстарға, соның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне ұқыпты қарау қажеттiлiгi туралы түсiндiру жұмыстарын жүргiзу;
  • меншiк нысандарына қарамастан табиғат пайдаланушылардың - заңды және жеке тұлғалардың экологиялық талаптарды орындауына бақылауды күшейту;
  • табиғи ресурстарды кешендi пайдаланудың ғылыми негiзделген схемаларын қолдану қажет.

 

      Кедейліктi  азайтуда мемлекеттiк басқарудың  тиiмдiлiгiн арттыру үшiн:

  •       халықты әлеуметтiк қорғаудың нормативтiк құқықтық базасын одан әрi жетiлдiру жөнiнде шаралар қолдану;
  •       халықтың тұрмыс деңгейiне пәрмендi мониторинг жүргiзудi қамтамасыз ету және оны арттыру жөнiнде барабар шараларды дер кезiнде қолдану;
  •       әлеуметтiк нормативтер негiзiнде ел халқын әлеуметтiк сала қызметтерiмен (бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт) қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;
  •       әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыруға бағытталған бюджет қаражатының дер кезiнде және толық аударылуын қамтамасыз ету;
  •       алғашқы медициналық көмек, негізгі бiлiм бepу қызметтерiн, атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге бағытталатын қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту, бағалаудың нақты рәсiмдерi мен өлшемдерін пайдалана отырып, мониторинг жүйесiн енгiзу;
  •       табиғи монополиялар субъектiлерi шығындарының құрамын қалыптастыру кезінде ең алдымен олардың негіздiлiгiн, тұтынушылар үшiн тарифтердiң ашықтығы мен әдiлдiгiн ескеретiн амалдарды жетiлдiру;
  •       экономикалық қызметтiң рұқсаттық жүйесiн одан әрi ырықтандыру жөнiнде шаралар қолдану, есептеме беру жүйесi мен рәсiмiн оңайлату;
  •       кедейлiктi азайту мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен мүдделi қоғамдық бiрлестiктер арасында диалог жүргiзу практикасын енгiзу;
  •       қоғамдық бiрлестiктердi тарта отырып, кедейлiктi азайту мәселелерi жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi комиссиялар құру;
  •       қалаларда және басқа да елдi мекендерде коммерциялық емес ұйымдар түрiнде кедейлiк проблемалары бойынша үйлестiру орталықтарын құруды ынталандыру;
  •       бұқаралық ақпарат құралдарын, соның iшiнде жеке бұқаралық ақпарат құралдарын кедейлiктi азайту мәселелерi бойынша оң тәжiрибенi насихаттауға тарту;
  •       мемлекет, YЕҚ және жеке құрылымдар тарапынан халықтың әлеуметтiк осал топтарын әлеуметтiк қолдаудың қазiргi нысандары туралы ақпарат тарату жөнiнде белсендi ақпараттық-насихат жұмысын жүргiзу қажет.

 

 

      Сонымен  қатар елде, атап айтқанда, әсiресе  ауылдық жерде денсаулық сақтау, бiлiм беру қызметтерiне, ауыз суға  қол жетiмдiлiгiн арттыру саласында  кедейлiктi азайтудың неғұрлым маңызды  мәселелерін шешу үшiн халықаралық  ұйымдардың мен донор елдердiң  көмегiн тарту көзделуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

         Бүгінгі күні кедейшілік қандай  мемлекеттік болмасын өзекті  мәселесіне айналып отырғаны  баршамызға айдай анық. Кедейшілік  ол басқару органдарының назарын  аударуды қажет ететін ең маңызды  мәселелердің бірі. Қазақстандағы  кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және  табиғи себептерге негізделген.  Кедейлік – адам мен отбасының  өмір сүруінің барлық қырларын  қамтитын әлеуметтік құбылыс.  Бұл күрделі мәселе бүгінде  тек адамның өмір сүру деңгейінің  көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын  анықтайды, яғни халықтың әлеуметтік  жағдайы, тұрмысы, экономикалық  жағдайы қаншалықты қанағаттанарлық  екенін көрсетеді. Кедей адамдар  мемлекет алдында экономикалық  тәуелді. Ол мемлекеттің көмегінсіз  өзінің отбасының материалдық  жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз  әлеуметтік топ.

         Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік  күш экономикалық өсуге ғана  емес, сонымен қатар тұрмысы нашар  халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне  де бағытталып отыр.

        Кедейлік  қоғам өмірінің барлық қырларына  әсерін тигізеді; оны болдырмау  үшін кедейліктің ең негізгі  шығу себептеріне көңіл аудары  керек. Әлеуметтік теңсіздік,  жұмыссыздық, әлеуметтік жанжал, қылмыс, дискриминация, шынайылықтан  бас тарту сияқты қоғамдағы  болып отырған көптеген мәселелер  осы кедейшіліктің әсерінен туындап  отыр.

        Бүгінгі  күнге дейін Қазақстанда халықты  кедей тобына жатқызатын нақты  бір қабылданған критериялар  жоқ, сонымен қатар елдегі кедейшіліктің  масштабын анықтауда халықтың  орта деңгейдегі табысы туралы  ақпараттың жоқтығы қиынға соқтырады.  Кедейліктің негізін анықтаудың  қажеттілігі ол елдегі бай  адамдар мен кедей адамдар  арасында айырмашылықты анықтауға  және кедейлікті жою мақсатында  қолданылып отырған күш қай  аймаққа бағытталуы керектігін  көрсетеді.

      Кедейлiк  деңгейiн төмендетуде жеке меншiк  секторы елеулi рөл атқарады. Ол  халықтың еңбекке қабiлеттi бөлiгiн  жұмыспен қамту және күнкөрiсi  төмендерге қайырымдылық көмегiн  көрсету жолымен қоғамдағы әлеуметтiк  шиеленiстi төмендетуге ықпал етедi.

      Жұмыс берушiлердi жұмыс орындарын, оның iшiнде халықтың  әлеуметтiк осал топтары үшiн  жұмыс орындарын құруға ынталандыру  мүмкiндiктерi толық дәрежесiнде пайдаланылмайды.

      Қайырымдылық  бағдарламалары республикада жеткiлiктi деңгейде дамымай отыр. Олар қазiргi уақытта осы қызметтi реттейтiн  нормативтiк құқықтық базаның  болмауы салдарынан бақылаусыз  дамуда.

 

       Жоғарыда  көрсетілген өзекті мәселені  шешу жолында елдегі кедейшілік  деңгейін төмендету басымдықтарын  таңдауда анықтау қажет. Қазіргі  нарықтық экономикалық жағдайда  халықтың әлеуметтік жағдайы  төмен топтарға әлеуметтік көмек  көрсету бағдарламалары белсенді  түрде қызмет ету керек. Бүгінгі  күнге дейін Қазақстан басқа  да елдер сияқты әлеуметтік  саясаттың негізгі шараларын  әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін  қолданып келді. Республикада  әлеуметтік кепілдік беру жүйесіне  бағытталған заңдар қабылданды.

Мемлекет пен қоса кедейшілік мәселелерін шешуде үлкен рөл  азаматтық қоғам ұйымдарына, соның  ішінде ғылыми-зерттеу институттар, үкіметтік емес және діни ұйымдарға  беріледі. Маңызды рөлге әлеуметтік диалог пен кәсіподақтардың дамуы  ие болады: әлеуметтік және еңбек қатынастары  кәсіподақтар, жұмыс берушілер мен  мемлекетпен шешілуге тиіс. Бұқаралық  ақпарат құралдары есеп беру мен  айқындылығын жоғарылату, сондай-ақ адамдардың өміріне ықпал тигізетін саяси  шешімдерді қабылдауда қоғамдастықтың қатысуын қамтамасыз ету құралына айналу керек.

      Әлемдiк  тәжiрибе жергiлiктi халықтың қатысуымен  және көмектi тiкелей алушылар - халықтың  әлеуметтiк осал топтарын тартып, жергiлiктi деңгейде нақты мақсаттарды  шешуге арналған бағдарламалардың  кедейлiктi төмендетуде ең тиiмдi бағдарламалар болып табылатынын  көрсетуде. Қазiргi уақытта кедей  халық өзiнiң проблемаларын шешуге  байланысты бағдарламаларды әзiрлеуге  және орындауға тартылмаған. Бұл  қолданыстағы бағдарламалардың  сол кедейлердiң қажеттерi мен  мүмкiндiктерiн жете есепке алмау  салдарынан өз мақсаттарына жиi қол жеткiзе алмайтындығын бiлдiредi.

      Халықаралық  зерттеулер, сондай-ақ Қазақстан  бойынша зерттеулер қоғамның  әртүрлi жiктерi кедейлiктi түрлiше түсiнетiндiктерiне  айғақ болады. Кедейлiк көбiнесе  бiлiмiнiң төмен болуымен және  өз проблемаларының себептерiн  қаз-қалпында бағалаудағы қиындықтармен  байланыстырылады. Iс жүзiнде, егер  кедейлерге себептердi түсiнуде  көмек көрсетiлсе, өз мүдделерiн  бiлдiру және ақпарат алу мүмкiндiгi  берiлсе, олар өз проблемаларын  шешiп, кедейлiкке тиiмдi түрде  қарсы тұра алар едi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 

1. 1999 жылғы 16 қарашадағы  «Қазақстан Республикасындағы күнкөріс  минимумы туралы» Заң

2. 2001 жылғы 17 шілдедегі  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек туралы»  Заң

3. ҚР Үкіметінің 2000 жылғы  8 сәуірдегі «Кедейшілік шегін  анықтау тәртібі туралы» №537 Қаулысы

4. ҚР Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы «2030 жылға  дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын  іске асыру жөніндегі шаралар  туралы» №3834 Жарлығы

5. Н.Назарбаев «Қазақстан  – 2030.Барлық қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және  әл-ауқатының артуы үшін».Президенттің  Қазақстан халқына жолдауы.Алматы 1997.

6. 2004-2010 жылдарда Қазақстан  Республикасындағы ауыл аумақтарын  дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.ҚР  Президентінің 2003 жылғы 10 маусымындағы  №1149 Жарлығымен бекітілді.

7. 2003-2005 жылдарда Қазақстан  Республикасында кедейшілікті азайту  жөніндегі Бағдарлама.ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы №296 Қаулысымен  бекітілді.

8. Қазақстан Республикасындағы  кедейшілік мониторингінің индикаторлары  Қазақстан Республикасының статистика  жөніндегі Агенттігі,Алматы,2003.

9. Қазақстандағы халықтың  тұрмыс деңгейі. ҚР статистика  жөніндегі Агенттігі,Алматы,2002.

10. «Кедейшіліктің себептері  мен жағдайлары» үй шаруашылықтарын  бір жолғы зерттеу.ҚР статистика  жөніндегі Агенттігі,Алматы, 2002.

 11. 2003 жылғы адам дамуы туралы Баяндама,БҰҰДБ, 2003.

12. 2000 жылғы адам дамуы  туралы Баяндама,БҰҰДБ, 2000.

13. 1999 жылғы адам дамуы  туралы Баяндама,БҰҰДБ, 1999.

14 Қазақстандағы адам дамуы: Оқулық/ Н.К. Мамыровтың және Ф. Акчурдың ортақ

ред. - Алматы: Экономика, 2003

 

15. ҚР халықтың өмір  сүру деңгейі (мониторинг) – Алматы; ҚР Статистика жөніндегі

Агенттігі, 2010.__


Информация о работе Қазақстандағы кедейшілік мәселелері