Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 13:14, курсовая работа
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру.
2.Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен мәселелеріне терең талдау жүргізу.
3.Талдау негізіндегі мәселелерді шешу жолдарын зертеу арқылы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Курстық жұмыстың мазмұны: кіріспе, негізгі үш бөлім және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі «шағын және орта бизнестің теориялық негіздері» деп аталады. Осы жерде шағын және орта бизнес түсінігіне анықтама беріліп кетеді.
Кіріспе.................................................................................................................3
1.Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері
Шағын және орта бизнес түсінігі және мәні..................................................5
Қазақстан Республикасы экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...................................................................................................................8
Шағын және орта кәсіпорындардың дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар.........................................................................................................11
2. Қазақстандағы шағын және орта бизнес дамуын талдау
2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайы...........................................16
2.2 Қазақстандағы орта бизнестің дамуын талдау.............................................21
3. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын мәселелерін шешу және оларды жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері және оларды шешу жолдары....................................................................................24
3.2 Шет мемлекеттерінің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесін қолдану............................................................................................................27
Қорытынды.....................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер........................
Шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемалар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын бизнесті дамыту мен қолдаудың 2011 - 2012 жалдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:
- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
-қоғамдық бірлестіктердің шағын бизнесті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
- шағын бизнестің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
- шағын бизнесті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады [www.akorda.kz].
Сонымен,
жоғарыда баяндалғандай экономиканың
жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде
шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде
болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын
саяси - экономикалық жүйенің бірі болып
табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың
тұрақтылығы солай
Республикамызда
шағын бизнесті дамыту барысында
шағын кәсіпорындардың меншік істерін
ұлғайту және айналым қаражаттарын
толықтыру үшін несие ресурстарын
тарту проблемасы жиі кездесіп отырады.
Несие алудағы қиыншалықтар несие
ресурстарын тарту шарттарында
және тағы бір ерекшелік - инфрақұрылымның
сапасының төмендігі болып
- кепілмен қамтамасыз ету проблемасы;
- жоғары дәрежедегі ссудалық пайыз;
- несие
ресурстарын иеленудегі
- несиелендірудің
жарналық кезеңінің артта
Сонымен қатар,
инфрақұрылымның жетілмеуі
Кәсіпкерлік қызметте шағын кәсіпорын бюджеттерін құру келесі этаптардан тұруы тиіс:
- шағын
кәсіпорын дамуындағы жалпы
- әрбір бөлімге жалпы бағыттар мен тапсырмаларды анықтау;
- оперативті бюджеттерді дайындау;
- басқару құрамымен бюджет дайындығын талдау;
- қорытынды бюджетті дайындау.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуі ірі өндірістік кәсіпорындардың кіші бизнеске орын беруімен айқындалады. Бұған себеп ретінде, көптеген ірі кәсіпорындардың өз уақытында тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауын, өзінің өнім сапасын бәсеке нарығында жоғары дәрежеде көрсете алмауын айтуға болады. Шағын бизнесті дамыту қазіргі кезде мемлекет экономикасының дамуына әсер ететін негізгі фактор.
Қазіргі кезде несиелендіру саласының тағы да бір жетістігі - бұл микронесилендіру болып табылады. Мемлекеттің микронесиелендіру қызметін енгізуі микрокәсіпкерлер қызметін қаржыландырудың негізгі көзі ретінде орын алды.
Микронесиенің негізгі критерийлеры болып мыналар табылады:
- несиенің салыстырмалы кішігірім көлемі;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие бағытын қолдануы;
- несиелендірудің қысқа мерзімдері (көбінесе бір жыл іші);
- несиені
ұсыну және қайтару
Әлемдік тәжірибе
микронесиелендіру жүйесін
-микронесие беретін институттар, бірақ бұлар заңнамалық құқық негізінде жинақтарды тарту қызметін жүргізу алмайды және мемлекеттік реттеу және қадағалау қызметіне жатпайды;
-микронесиені жүзеге асыратын институттар. Бұл институттар елдің орталық банк жағынан пруденциалдық реттеуге жатқызылады;
-мемлекеттік органдар жағынан толық пруденциалдық реттеуге жататын, міндетті және ерікті депозит жинақтарын тарту құқын иеленетін микронесие беретін институттар.
Микронесиелендіру
еңбек қызметін тұрақтандыру бағытындағы
қаржылық көмек болып табылады. Қазіргі
таңда елімізде микронесиелендіру
қызметін жүргізу ең маңызды фактор
болып табылатын
Шағын кәсіпорын өзінің іс - әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:
Біріншіден, шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы - ресурстық базаның жетіспеушілігі: материал - техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлерде болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек болды.
Екіншіден, шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің іс - әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ. Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек, ондай жағдайлар жемқорлыққа апарады.
Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар - жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан - жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебіміз, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын – алу шараларын жүргізеді [37]
Бүгінде аймақтарда кәсіпкерліктің бәрінен көп кездесетін субъектілері әзірге азаматтардың заңдық тұлға құрмай - ақ, дербес яғни біріккен кәсіпкерлік болып отырғаны белгілі. Мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге, сондай - ақ, тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруға тиіс.
Бұл бөлімде
жалпы Қазақстандағы шағын
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 тамыз Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жай-күйін сипаттайтын негізгі индикаторлардың былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өскені байқалады (қосымша 1).
Айталық, белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны республикада 7,9% былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өскені байқалады және 675859 бірлікті құрады, оның ішінде 65291 - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы санының 9,7%) және 8204 - орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (1,2%), 430804 жеке кәсіпкерлер (63,7%) және 171560 - шаруа (фермер) қожалықтары (25,4%).
Қаржы Министрлігінің Салық комитетінің деректері бойынша белсенді жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің ең көп саны Оңтүстік Қазақстанда облысында – 45806 (10,6%), Шығыс Қазақстан облысында – 40693 (9,4%), Алматы облысында – 40231 (9,3%), Қарағанды облысында – 33884 (7,8%), Алматы қаласында – 55246 (жалпы саннан 12,8%) шоғырландырылған.
Статистиканың деректері бойынша белсенді жұмыс істейтін шаруа (фермер) қожалықтарының едәуір бөлігі Оңтүстік Қазақстанда – 59206 (35,4%), Алматы облысында – 47898 (27,9%), Жамбыл облысында – 15580 (9,1%), Шығыс Қазақстан облысында – 14674 (8,6%) және белгіленген.
Республиканың барлық өңірлерінде шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер санының ұлғайғаны байқалды. Мәселен, Атырау облысында олардың саны 43,7% өсті, Маңғыстау облысында – 43,8%, Қызылорда облыстарында – 31,7%, Ақтөбе облысында – 29,6%, Павлодар облыстарында – 13,1%, Батыс Қазақстан облыстарында – 27,8%, Солтүстік Қазақстан – 6,2%, Қарағанды облыстарында – 8,9%, Ақмола облысында – 8,9%, Қостанай облыстарында – 4,1%, Астана қаласында – 50,2%, Алматы қаласында – 34,2%.
Өткен жылғы тиісті күнге пайызбен салыстырғанда Алматы облысында – 10%, Жамбыл облысында – 9,1%, Шығыс Қазақстан облысында – 2,4% және Оңтүстік Қазақстан облысында – 7,4% шағын және орта бизнесте белсенді субъектілер санының төмендеуі байқалды (қосымша 2).
Талданған кезеңде елдегі шағын және орта бизнес жұмысымен қамтылғандардың саны бірқалыпты және 2474,4 мың адамды құрады, оның ішінде 649779 - шағын бизнестегі заңды тұлғалар (жалпы санының 26,3%) және 697408 орта бизнестегі заңды тұлғалар (28,2%), 697062 жеке кәсіпкерлер (28,1%) және 430205 - шаруа (фермер) қожалықтары (17,5%).
Өңірлер бойынша жағдай мынадай: Атырау облысында (5,3%), Ақтөбе облысында (5,3%), Маңғыстау облысында (1,1%), Ақмола облысында (0,9%), Қостанай облысында (1,2%), Астана қаласында (5,4%) және Алматы қаласында (3,4%) шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының ұлғаюы байқалды.
Жамбыл облысында – 5,7%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 1,9%, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5% және Алматы облысында – 2,4% төмендеген байқалды. Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында өзгерістер байқалмады. (қосымша 3 )
Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнімдер (тауарлар, қызметтер) шығаруының ұлғайғаны байқалды. Мысалы, өткен жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 2011 жылғы қаңтар-шілдеде жедел мәлімет бойынша (тұрақты бағаларда) бұл индикатор 0,4% ұлғайды және 4090,7 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 1011,2 млрд. теңге (65,4%) - шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 2674,8 млрд.теңге (24,7%) - орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 335,1 млрд.теңге (9,2%) - жеке кәсіпкерлер және 69,4 млрд.теңге (1,7%) - шаруа (фермер) қожалықтары.
Көрсетілген кезеңде барлық облыстарда шағын және орта бизнес субъектілерінің өнімдер (тауарлар мен қызметтердің) шығаруының ұлғаюы байқалды: Ақтөбе облысында (0,7%), Атырау облысында (0,3%), Қостанай облысында (0,2%), Шығыс Қазақстан облысында (0,9%), Қызылорда облысында (0,3%), Ақмола облысында (0,3%), Оңтүстік Қазақстан облысында (0,1%), Қарағанды облысы (0,3%), Солтүстік Қазақстан облысында (0,5%), Маңғыстау облысында (0,1%), Алматы облысында (0,3%), Астана қаласында (1,5%), байқалды.
Павлодар облысында, Батыс Қазақстан облысында, Жамбыл облысында және Алматы қаласында өзгерістер байқалмады.
Салалық бөліністе 2011 жылғы қаңтар-шілде шағын және орта бизнес субъектілері шығарған өнімдердің жалпы көлеміндегі үлесін бөлу, мынадай нұсқада көрсетіледі: өнеркәсіпке – 24,8%, көтерме және бөлшек саудаға, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуге – 23,4%, құрылысқа – 15%, ауыл, орман және балық шаруашылығына – 5,3%, жылжымайтын мөлікпен операцияларға – 3,2% және басқа салаларға – 28,3% (қосымша 1) [www.stat.kz]
Қорытындылай кететін болсақ екінші тараудың алғашқы бөлімінде жалпы Қазақстандағы шағын бизнестің дамуына ықпалын тигізетін Қазақстан Республикасының Презинденті Н.Ә Назарбаевтың жолдаулары, бағдарламалары жайлы және де шағын бизнестің дамуына кері септігін тигізетін жағдайлар жайлы айтылды. Екінші бөлімінде шағын және орта бизнестің дамуы жағдайына Қазақстан Республикасының статистика агенттігнің 2011 жылдардағы мәліметтеріне сүйене отырып салыстырмалы түрде талдау жасалды.
Кустық жұмыстың келесі тарауында Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамуына кедергі болатын мәселер және оладың шешу жолдары қарастырылады, сонымен қатар шағын және орта бизнестің дамуына бірден бір септігін тигізетін « Даму» қорының осы мәселерді шешу барысында қалай жумыс атқарып жатқандағы жайлы қарастырылады.
Біріккен
Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының
деректеріне назар аударсақ, әлемдегі
дамыған елдерде шағын