Қазақстанның ДСҰ кіру артықшылықтары мен кемшіліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 19:10, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: ДСҰ-ның айрықша ерекшелігі болып оның өзара тиімді шарттарға, ашықтық пен осы ұйымның барлық мүше-елдерінің тең құқықтығына негізделген еркін сауда-саттықты қамтамасыз етуге арналған халықаралық сауда ережелері мен тәртіптік шараларды орнатуы табылады. Ашық сауда саясаты шағын ішкі саудаға ие және кеңейіп келе жатқан әлемдік рыноктарға жол ашуға мұқтаж болып отырған Қазақстан үшін объективті түрде қажет болып табылады. Өздерін дәл болжамдауға болатын және халықаралық құқыққа негізделген ДСҰ-ның шарттары Қазақстанға тиімді ішкі мүмкіндіктерін пайдаланумен саудалық серіктестерімен тартыста өзінің бәсекеге қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

баяндама вто1.docx

— 9.63 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: ДСҰ-ның айрықша ерекшелігі болып оның өзара тиімді шарттарға, ашықтық пен осы ұйымның барлық мүше-елдерінің тең құқықтығына негізделген еркін сауда-саттықты қамтамасыз етуге арналған халықаралық сауда ережелері мен тәртіптік шараларды орнатуы табылады. Ашық сауда саясаты шағын ішкі саудаға  ие және кеңейіп келе жатқан әлемдік рыноктарға жол ашуға мұқтаж болып отырған Қазақстан үшін объективті түрде қажет болып табылады. Өздерін дәл болжамдауға болатын және халықаралық құқыққа негізделген ДСҰ-ның шарттары Қазақстанға тиімді ішкі мүмкіндіктерін пайдаланумен саудалық серіктестерімен тартыста өзінің бәсекеге қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуынан көретін жағымды мен жағымсыз жақтарын анықтау, яғни ел экономикасына тигізетін зардаптарын бағалау және Қазақстанның ДСҰ-ға қатысудан көретін артықшылықтарын анықтау осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.

Жұмыстың міндеті: Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуынан түсетін экономикалық пайда мен кемшіліктеріне анализ жасау.

 

 

Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуынан көретін экономикалық зардаптары

ДСҰ-ға мүше болудағы шарттардың біріне елдің сыртқы сауданы, реттеу шараларын, әсіресе импортты шектеудің тарифтік және тарифтік емес шараларын қабылдауы бойынша мүмкіндіктерін шектеу жатады.

Үкімет сонымен қатар ДСҰ-ға ену аясы тар мақсат емес екендігіне негізделеді. Біз өзіміз ДСҰ-ның режимдері мен механизмдерін өз еліміздің мүдделеріне арнап пайдалану алуға тиіспіз.

Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің маңызды ерекшеліктерінің бірі сол – ол оның ішкі жағдайларымен ғана белгіленбейді. Ол ТМД елдерімен, ЕврАзЭС-тегі төрт елмен, Орталық Азияның төрт елімен экономикалық одаққа кіреді. Олардың әрқайсысында Қазақстан өзіне белгілі түрдегі келісімшарттық міндеттемелерді алған, олардың әрқайсысында барлық мүше-елдер белгіленген режимдер мен механизмдердің шеңберлерінде қатаң түрде өзара әрекеттеседі.

Келесі заңдылықты атап кеткіміз келеді: ел неғұрлым әлсіз болған сайын, оның ДСҰ-ға аса қатаң шарттармен енуі соғұрлым жылдам болады, себебі оның жоғалтатын ештеңесі жоқ. Мысалы, Қырғызстанның ДСҰ-ға енуі үшін оған кедендік баждарды күрт төмендетуіне, ал кейбір тауарларға қатысты тіпті олардың күшін жоюына, лицензиялаудың күшін жоюға, жергілікті және шетелдік кәсіпкерлерге арнап ортақ түрдегі заңнамалық режимін енгізуіне тура келді. ДСҰ-ға енгеннен кейінгі Қырғызстандағы кедендік баждың орташа мөлшерлемесі 10% болып, сараланбайтын болды.  ДСҰ-ға енумен Қырғызстан өзіне кедендік баждардың қолданыстағы мөлшерлемелерін арттырмауға міндеттеме алды. 

Әрине, ДСҰ-ның әлемдік сауданы реттейтін ұстанымдары мен нормалары соншалықты қатаң бола тұра, аталмыш ұйымға жаңадан еніп жатқан елдер үшін олар бірқатар елдермен белгілі бір мерзімге өзінің екі тараптық саудалық қатынастарын келісімдеп, сақтауына рұқсат ететіндігін ескерген жөн. Бұл Қырғыз Республикасына бір мезгілде ДСҰ-да және ЕурАзЭҚ -те болуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы елдің ДСҰ-ға енуінің салдарынан халықаралық саудада орын алуы мүмкін ұтылыстары мен шығындарына қарамастан елдің ұзақмерзімді келешектегі өз экспорт құрылымының дамуы мен ондағы қосылған құнға ие тауарлардың үлесінің артуы жағына қарай өзгеруімен ие болатын артықшылықтарды ескеру қажет.

Сонымен қатар, осы кезеңде де ДСҰ-ға енудің жағымсыз салдарын толықтай жоятын болмаса, тым болмағанда оларды жұмсартуға мүмкіндік беретін кез келген шараларды қабылдау қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болары еді:

  • Қазақстан мен ДСҰ серіктес-мүше-елдерінің құқықтарының, мүдделері мен міндеттемелерінің теңгеріліміне қол жеткізу, міндеттемелерді «бірінен соң бірін» қабылдаудың орнына, келіссөздерді міндеттемелердің «қоржынына» негізделумен жүргізу;
  • Қазақстан мен келіссөзді жүргізуші-елдердің мүдделерінің теңгеріліміне қол жеткізу мақсатымен келіссөздер бойынша біздің серіктерімізге арнап қарсы шарттармен үйлестірумен тауарлар мен қызмет көрсетулерге жол ашу бойынша жеңілдіктерді, ДСҰ-ның түрлі келісімдері бойынша міндеттемелерді қалыптастыру;
  • ЕурАзЭҚ қатысушы-елдерімен рыноктардан тауарларға, капитал мен жұмыс күшіне жол ашуды реттеу жөніндегі келісімделген шараларды жүргізу, енудің ортақ тұрғысын әзірлеу. Қазақстан Ресей Федерациясының аймағы бойынша өтетін транзиттен өте тәуелді болып отырғандығымен қатар, көптеген тауарлар бойынша Қазақстан сонымен қатар бәсекелес болып табылатындықтан,  РФ-мен аталмыш ұйымға бір уақытта кіру қажет;
  • ДСҰ-ға енуге даярлану ісі халықаралық ұйымдардың тарабынан келесі салалар бойынша техникалық қолдауды белсенді түрде іздестірумен қатар жүруі тиіс: мемлекеттік қызметкерлерге  арналған ДСҰ-ның ережелерін, тауарлар мен қызметтердің халықаралық стандарттарын қолдану жөніндегі, соның ішінде саудалық келіссөздерді  жүргізу шеберлігін арттыру мақсатымен тиімді тренингтер мен семинарларды, ұйымдастыру; ұлттық сауда орталықтарын дамыту және оларды сауда мен инвестициялар жөніндегі ғаламшарлық ақпараттық желімен жалғастыру; сауданы дамытудың ұлттық орталықтарын ұйымдастырудағы техникалық көмек;
  • Сонымен қатар Қазақстанда мемлекеттік аппарат пен кәсіпкерлік салаларға арнап ДСҰ-ның тақырыптарын білетін арнайы мамандарды даярлаудың мемлекеттік жүйесін құру қажет.
  • Қазақстанның ДСҰ-ға қатысудан көретін артықшылықтары
  • Басты жағымды фактор - әлемдік рыноктарға қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін ашу. Соның мысалы – Үндістандағы Бангалор қаласы, ол  американдық корпорациялардың келісімшарттарының көмегімен әлемдегі ең ірі программалық қамтуды әзірлеу орталықтарының біріне айналды. ДСҰ-ға мүше болу елдің инвестициялық тартымдылығын едәуір мөлшерде арттыратындығы құпия емес, себебі бұл ұйымның басты ұстанымдарының бірі болып "транспаренттік" ұстанымы, былайша айтқанда, елдің толығымен ашықтығы, заңнамалық базаның айқындылығы ұстанымы табылады. Әрине, өз инвестицияларының қорғалуына сенімді шетелдіктер сол елдің экономикасына өз ақшаларын аса үлкен ниетпен жұмсайтын болады. Аймақтық блоктардың арасындағы өткір бақталастық мерзімді түрдегі "банандық соғыстарға" әкелуде. Алайда ДСҰ өзінің арқасында саудалық соғыстар нағыз әскери кикілжіңдерді тудырмайтын құралға айналды. Бұл қазіргі кездегі Қазақстан мен көптеген ТМД елдері үшін тынышсыз болып келетін уақытта әсіресе маңызды болып табылуда.
  • ДСҰ-ға енбесе Қазақстан түрлі экономикалық кемсіту әрекеттерінің әсеріне түсетін болады. Әлемдік рыноктағы ойын ережелері біздің қатысуымыздан тыс, көбінесе тіпті бізге қарсы орнатылады. Қазақстан Республикасының мүдделерін нұсқан келтіретін санкциялар, квоталар,  Джексон-Веник түзетпесі мен өзге шаралар біз халықаралық еңбекті бөлістірудің толық қанды қатысушысына айналмайынша, жалғаса береді. Алайда қазіргі кезде Қазақстан өз рыногын одан да күшті бәсекелестерге арнап ашуға даяр емес. Біздің өнеркәсібіміз, ауыл шаруашылығымыз, қаржылық секторымыз қолдаушылық қорғауды қажет етеуде.  
  • Еркін сауданың оппозициясы екі қарама-қайшы идеяларға негізделеді -  және олардың екеуі де дұрыс емес.  Алғашқысы – еркін сауда жұмыс орындарын жылыстауына ықпал етумен және саудалық тапшылығын тудырумен дамыған елдердегі  тіршілік деңгейін төмендетеді. Екіншісі – сауданың еркіндігі бай және кедей елдердің арасындағы экономикалық құзды кеңейтеді. Жоғарыда айтылғандардың екеуі де шын болу үшін бай елдер жұмыс орындарынан айырылумен, одан да баюы тиіс, ал дамушы елдер жұмыс орындарына ие болып, жылдам дамып және сонымен қатар одан да кедейленуі тиіс. Мысалы, сіз басқа елдермен еркін түрде, былайша айтқанда, тарифтер мен шектеулерсіз саудаласасыз делік. Аса үлкен сұранысқа елдің басқа елдерге қарағанда жақсы және арзан жасайтын өнімі ие болатын болады. Соның нәтижесінде барлық серіктес-елдердің тұтынушылары ең тиімді бағамен ең үздік тауарларға ие болады. Алайда бұл ең қарапайым және түсінікті жағдай. Ал егер өзге елдердің барлығы импортқа қатысты жоғары тарифтерді енгізіп, жалғыз сіз ғана кедендік тосқауылдарсыз қалып қалсаңыз не болады? Сіздің өнеркәсібіңіз экспорттау мүмкіндігінен айырылумен, арзан және сапалы импорттың астында басылып қалуы мүмкін емес пе? Еркін сауданың тосындығы сол тіпті осы жағдайдың өзінде сіздің ел ең тиімді жағдайда болады. Ең алдымен, енді тек қана сіздің тұтынушыларыңыз рыноктағы барлық ең арзан да сапалы тауарларға қол жеткізетін болады. Ал сіздің өз өнеркәсібіңіз бәсекелестердің барынша жоғары қысымының астында қайта құрылатыны соншалықты, түбінде бәсекелестерден де тиімді және пайдалы болып шығады.  Мысал ретінде Жаңа Зеландияны келтіріп кетуге болады, ол ауыл шаруашылық өнімін импорттаушы-ел бола тұрып, және өте төмен тарифтерге ие болумен, ішкі бәсекелестікті тудырды, сөйтіп қазіргі кезде бұл ел орасан зор дамудың үлгісі болып табылады. Ал өзге елдердегі жағдай оған қарағанда нашар болады. Олардың тұрғын халқы енді барлығы үшін, соның ішінде отандық тауарлар үшін көбірек төлеуге тиіс болады – себебі бәсекелестік стимулдың болмауы жағдайында бағалар көтеріліп кетеді. Ол елдердің өнеркәсібі тоқырауға ұшырайды.   
  • Сонымен қатар, отандық өнеркәсіпке нұсқан келтірілмейтін болады, сөйтіп Қазақстан ұйымға енуден келесі себептер бойынша айда табады деген пікір де орын алуд: біріншіден, қазіргі кезде қазақстандық өнеркәсіп импорттық қосалқы бөлшектердің үлкен көлемімен толықтырылған, және сол себептен енгізілетін өнімге қатысты баждардан шығынға ұшырауда;  екіншіден,  отандық өнеркәсіп көрсетіп отырған төмен баға мен нашар сапаның қатынасын ешбір шетелдік фирма ұсына алмайды, себебі  өзінің беделін қымбат көреді. Бұл ретте теңгенің төмен бағамы кез келген импорттық баждарға қарағанда, он есе жақсы қорғаныс.
  • Қазақстан үшін, біздің республикамыздың мұнай, мұнай өнімдері, табиғи газ, электрқуаты мен көмірдің әлемдік экспортына үлкен мөлшерде қатыстырылғанына байланысты ДСҰ-ға қатысушылардың арасындағы сауда-саттықты кемсітпеу негізінде жүргізу үлкен мәнге ие болуда.  ДСҰ-ға ену бізге 149 қатысушы-елдермен барынша ықпал ету режимін қамтамасыз ететін болады және бізге экспортты, стандарттарды лицензиялау, демпингке қарсы және өтемақылау баждарын қолдану саласында бірқатар артықшылықтар береді, және тұтастай алғанда мемлекеттің сыртқы экономикалық белсенділігінің артуына ықпал ететін болады. ДСҰ-ға қосылу әлемдік қауымдастыққа көптараптық сауда жүйесінің толық қанды қатысушысы ретінде бірігу мен республиканың заңдарын қазіргі заманғы халықаралық деңгейге шығару жолындағы ажырағыссыз қадам болып табылады. 
  • Қорытынды
  • ДСҰ Қазақстанға ғаламдық сауда жүйесіне толықтай бірігудің келешек артықшылығын ұсынуда. ДСҰ ұсынып отырған нығайтылған және кеңейтілген ережелер, даулы мәселелерді шешудің одан да тиімді механизмі мен сауданы дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер Қазақстан экономикасын реформалаудың бағдарламасын елеулі түрдегі сырттай қолдау болып табылуы мүмкін. Қазақстан үкіметі ДСҰ-ға ену туралы өз өтінімін ұсынумен осыны мойындаған. Аталмыш ұйымға кіру процесінің өзі экономикалық ырықтандыруға ықпал етуде маңызды роль ойнауы тиіс, ал шешімдік бастамасы шетелдік инвесторлардың Қазақстанның реформалардың жолын ұстанатындығына көзін жеткізуі тиіс. 
  • Қазақстан, әрине, барлық параметрлер бойынша ДСҰ-ға қосылғысы келетін аса мағыналы мемлекеттердің арасында тең жағдайға ие болуда.  Қазақстан осы тұрғыда «өлі нүктеден» ілгері жылжығандығына қарамастан оның халықаралық экономикалық қатынастардың толық қанды қатысушысына айналу процесі әлі көптеген күш-жігер жұмсауды қажет ететін болады.  Қазақстанның осы бағытта кездестіретін қиындықтары, сондай-ақ оның сол қиындықтарды жеңіп шығуы да ықтимал болып табылады.
  • Сыртқы сауда саласының реформасын жүзеге асыру жауапкершілігі әрине, Қазақстанның үкіметіне жүктелген. Алайда Қазақстанның  халықаралық сауданың көптараптық жүйесіне бірігу процесіне халықаралық қолдаудың көрсетілуі ең алдымен қазақстандық өнімдердің батыс рыноктарына өздеріне жол ашуының жағдайларын жақсартудың арқасында үлкен мағынаға ие болуда. 
  • Қолданылған әдебиеттер мен мақалалар
  • Мырзахметова А.М. “ ВТО и проблемы внешнеторговой политики РК”, диссертация на соискание степени к.э.н. А. – 2001 ж.
  • Андрюшина Е. “Казахстан на пути в ВТО”, Вестник предпринимателя – 2002 ж. № 9, 10-13 бет.
  • Быков О.Н. “Год планеты: Экономика.  Политика.  Бизнес”,  Многотомник, Институт   мировой   экономики   и   международных   отношений  РАН, М.. - 2001 ж.  336 бет.
  • Монгуш Т.Ф. “Кыргызтан и ВТО”, Экономика и коммерция, М. - 2001 ж. №3, 4-6 бет.
  • Рахимбеков Т.С., Есполов А.Т. “ Проблемы вступления Казахстана в ВТО”, АльПари, 2005 ж. №2, 13-16 бет.
  • Арыстанбков К. “Казахстан и ВТО: экономические ожидания”, Казахстанская правда, 2003 ж. 3 сәуір.
  • www.wto.ru – Дүниежүзілік Сауда Ұйымының сайты.(орысша)
  • www.kisi.kz – ҚР стратегиялық зерттeу институтының сайты. 

Информация о работе Қазақстанның ДСҰ кіру артықшылықтары мен кемшіліктері