Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 08:22, курсовая работа
Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19
2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33
2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 76
МАЗМҰНЫ
1 Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлік институтына жалпы
2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33
2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру
нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 76
Кіріспе
Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.
Нарықтық экономикаға ауысу барысында жеке тұлғалар кәсіпкерлер нысанында толық шаруашылық бостандыққа қол жеткізіп отыр. Олар өз еріктерімен тауар нарығындағы сұраныс және ұсыныс мәселелерін зерттей отырып, жаңа өнімнің қоғамға қажетті түрлері бойынша үлгілерін жобалап ұйымдастырады, сатылатын өнім ассортименттерін жаңартып басқада түрлерін қалыптастырады, өндірісті жаңа техникалық жабдықтармен қамтиды, өзгеде қатынас субъектілерімен қарым қатынастарға түсу арқылы байланыстар құрады, пайда табу мақсатында өзгеде нарық талаптарын қанағаттандыратын әрекеттерді жүзеге асырады. Олардың табатын табыстары өндірістерін қаржыландыратын негізгі қайнар көз болып табылады. Егерде кәсіпорындар қаржы тапшылығы мәселелеріне жолығатын жағдайда қаржыландырудың өзгеде қайнар көздерімен қатынастар қалыптастырады, мәселен банктар, қорлар өзара несиелендіру қоғамдары және т.б. Бұлармен қатар кәсіпкерліктің ең ұтымды ерекшеліктерінің бірі ретінде олардың еріктілігін айта кетуге болады, мәселен ертедегі жоспарлық экономикамен салыстырар болсақ ғылыми – техникалық, стратегиялық саясаттарымен бағдарламаларын өздері қалыптастыру арқылы, нарықтың тікелей бәсекелестік заңнамасына бағына отырып қоғамның шынайы қажеттілігін қанағаттыратын бірден – бір қолайлы да, қолды құрал болып отыр.
Кәсіпкерлік қатынастардың дамуы өз алдына қоғамдағы көптеген экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шеше отырып еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларын жақтартуда орасан зор орын алады. Бұл қатынастар елдің сыртқы экономикалық іс - әрекеттерін дамыта отырып өздеріне және тұтынушы қоғамға, қолайлы да тиімді шетелдік нарықтардың шығаратын тауарларын ұсына отырып, отандық өндірісте шығатын тауарларды өткізу нарығының жаңа белестеріне жол ашады. Ал бұл өз алдына отандық тауарларды өндіруші кәсіпкер тұлғалардың кәсіпкерлік қатынастарын дамытуға, шетелдік тұлғалармен қарымқатынастарға түсе отырып қоғамдағы кәсіпкерлік қатынастардың молайуы мен күрделенуіне бірден – бір қолайлы жағдай туғызады.
Кәсіпкерлер - деп коммерциялық
іс-әрекеттерді өздеріне тиесілі
мүлік негізінде қалыптастырушы
сонымен қатар сол мүлік
Қазақта мынадай
бір нақыл сөз бар: “Бай
байымай, кедей жарымайды”- демекші,
еліміздің экономикасының
Кәсіпкерлік қатынастардың дамуы мемлекет дамуына аса үлкен септігін тигізетіні хақ. Себебі кәсіпкерлік қатынас ең алдымен жеке тұлға мүддесін басшылыққа ала отырып оның дамуына және материалдық қалыптасуына атсалысу арқылы, елдің де көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз. “Өзім дегенде өгіздей күшім бар” – демекші егер кәсіпкер тұлға алдымен өзінің жағдайын жақсатуға бар күші мен мүмкіндігін сарп ететін болса, осымен қатар ол елдің де әлеуметтік, экономикалық, құқықтық жағдайын жақсартуға кең мүмкіндік туғызады. Яғни өзіне түсетін пайда жағдайын ұйымдастыра отырып ол өнім шығару мақсатында, жаңа жұмыс орындарын өмірге келтіру арқылы қоғамды жұмыспен қамти отырып біраз тиімді жағдайлар қалыптастырады. Айтар болсақ қазіргі таңның өзінде еліміздің нарықтық қатынастарға белшемізден батқанымызға он жылдан астам уақыт өтседе, бұл салада әліде шешілмей отырған мәселелердің шегі әлі де аз емес.
Кәсіпкер тұлға қазіргі нарықты қозғаушы негізгі күш сол себепті оны зерттеу біздің ойымызша ешқашанда өз маңыздылығын жоймайтындығына кәміл сенеміз. Қазіргі күрделі интеграция, халықаралық байланыстың күннен – күнге ұдайы дамуы, осы кәсіпкерлік қатынастардың санатына көптеген өзгерістер әкеле отырып, оны реттеуші жағдайлар мен құқықтық нормалардың санқырлы өзгерістерге ұшырауы аса қатты алаңдатушылық туғызуда. Себебі мемлекеттің тұрақтылығы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастырушы тұлғалардың қолына беріліп отыр. Ал олай болса осы қарастырғалы отырған жұмысымыздың қазіргі таңдағы маңыздылығының орны ерекше екенін ескерер болсақ, жұмыстыңда маңызды мәселелердің біріне жазылып отырғанын байқауға болады.
Жұмыстың басты мақсаты
болып Қазақстан
Дипломдық жұмысты зерттеу барысында қазіргі таңда әрекет етіп отырған құқықтық нормативтік актілермен осы кәсіпкерлік саласын зерттеп отырған авторлардың еңбектерін зерделедік. Мәселен олардың қатарына: М.К. Сулейменов, Н.И. Клейн, И.В. Дойников, М.М. Рассолова, С. Братуся, Н. Маяет, С.П. Мороз, С. Хизрич, Р. Хоскинг, А. Паловкин, П.Савченко, В. Шулус және тағыда басқа авторлардың еңбектерін терең зерттеу арқылы кәсіпкерлік қатынастардың табиғаты мен пәнін анықтауды және осы кәсіпкерлік қатынаста кең етеп алып отырған мәселелерді анықтауды жүзеге асырдық.
Жұмыс құрылымы бойынша
кіріспе, екі тарау, қорытынды және
қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады. Бірінші тарауда жалпы
кәсіпкерлік қатынастардың
Методогиялық негіз ретінде құқықтық зерттеу әдістері тарихи-құқықтық, ресми құқықтық, салыстырмалы құқықтық және заң құбылыстарын талдау жүйесі әдістері басшылыққа алынып зерттелінді, сондай –ақ дидукциялық пен талдау әдістері ұштастырды.
1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтының жалпы сипаттамасы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 10 бабы кәсіпкерлікті – меншік түріне байланыссыз, мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік кәсіпкерлік) шаруашылық жүргізу құқығына немесе жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) негізделген, тауар (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымды қанағаттандыру жолымен таза табыс алуға бағытталған азаматтардың және заңды тұлғалардың ынталық қызметі ретінде анықтайды [1]. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігіне, тәуекеліне және атынан жүзеге асырылады.
Қазақстанда кәсіпкерліктің кұрылуы және дамуының негізі кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасымен айқындалады. Бұл сұрақтар ең алғашқы ретте «Қазақ ССРО-да кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылық қызметінің бостандығы туралы» 1990 жылдың желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасының заңында көрініс тапқан. 1992 жылдың шілде айында «жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заң қабылданған. Ол заңда, жеке кәсіпкерлік – бұл азаматтардың қызметі, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымды қанағаттандыру жолымен жеке табыс немесе пайда алуға бағытталған, заңды тұлғалардың мүліктік жауапкершілігіне (ұжымдық кәсіпкерлік), тәуекеліне және өзінің атынан жүзеге асырылатын ұжымдық меншікке немесе азаматтың өзінің меншігіне және оның атынан, тәуекеліне және оның мүліктік жауапкершілігіне (жеке кәсіпкерлік) негізделген әрекет сипаты ретінде бейнелеген. Жалпы кәсіркерлік қатынастарды қарастыру барысында алдымен елімізде әрекет етіп отырған кәсіпкер тұлғалардың құқықтық жағдайына зейін салған жөн. Мәселен олар заңды тұлға құру арқылы немесе құрмау арқылы өздерінің кәсіпкерлік іс - әрекеттерін қалыптастыра алады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33 бабына назар аударсақ заңды тұлғаларды анықтаған, яғни оқшау мүлкі бар, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына негізделген азаматтық қатынастарға түсе отырып белгілі бір құқықтар мен міндеттерге иеленетін, сотта талапкер және жауапкер бола алатын тұлғаны қарастырған. Ал жеке кәсіпкерлікке акциялардың бақылау пакеттері немесе үлестік қатысуының көп бөлігі мемлекетке қарайтын заңды тұлғалар қызметі жатпайды деп көрсеткен.
Жеке кәсіпкерлердің меншігіне қол сұғылмайды және заңмен қорғалады. Жеке кәсіпкер болып табылатын шаруашылық субъектінің қызметіне тоқтату және мәжбүрлеу шараларын қолдану тек сот шешімімен ғана жүргізіледі. Жалпы қазіргі таңда нарықтық қатынастарға көшу өз алдына мемлекеттегі жаңа қоғамдық базисті қалыптастыра отырып нарық заңдарының санқырлы ерекшеліктерімен күн өткен сайын шынайы мың құбылмалы түр сипатын көрініске салып отыр. Әрбір мемлекет өзінің дамуын қалайды, елдің қарқынды дамуы мен тұрақтылығы ең алдымен еліміздің экономикалық жағдайына байланысты. Елдегі өткізіліп жатқан мемлекет тарапынан орын алып отырған санқырлы реформалар міне сол халықтың, қалың бұқараның әлеуметтік жағдайын дамытуға негізделген. Қазақ елін экономикалық дағдарыстан алып шығу бастапқы кезде көптеген келеңсіздіктерге соқтыру арқылы, алуан түрлі білместіктердің арасында қалың адасуға ұшыраған мезеттерде жоқ емес. Бірақ соған қарамастан қазіргі кезді саралап, зерделей отырып біршама істің басының оңалып әжептеуір алға ұмтылғанымызға өмір куә. Міне соның ішінде басты көңіл аударып осы еңбегімізбен зерделеуге алып отырған тақырып қашанда өз маңыздылығын жоймайды. Себебі еліміздің экономикалық болашағы негізінен осы кәсіпкерлік қатынастарға негізделеді.
Түптеп алғанда негізінен
экономиканың дұрыс және жедел дамуы
алдымен мемлекеттің қойып
нақты ақпарат қымбат тұрады;
себепті неғұрлым тиімді көрсетілетін табиғи монополиялардың алатын орны өз алдына қарама қайшылықтарды жояды (газбен қамту, сумен қамту, телефон жүйелері және т.б.);
көрсетілмейтін, қайшылықтарда қайта немесе артық өндіру мемлекетпен реттелуді қажет етеді;
қатысатын (біріңғай энергожүйесі ұлттық қорғаныс, ұлттық ақпараттану т.б.).
1995 ж. 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында 4 тармақтың 25 бабы әсіресе белгіленген, кәсіпкерлік қызмет бостандығына әрбір азаматтың құқығын жариялаған .
1994 ж. 17 тамызда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің № 912 қаулысымен 1994- 1996 жылдарға Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті мемлекетік қолдау және дамыту жүзеге асыру бойынша шаралар мен тапсырмалардың жоспарлары бекітілген. 1995 жылдың соңында Қ.Р.- сы өкіметің, 1996-1998 жылдарға экономикалық реформаларды тереңдету бойынша, әрекет ету Бағдарламасы қабылданған, қасысында ең алдымен шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті мемлекетік қолдауды нығайту ең негізгі мәселе болып белгіленген. Содан кейін 1996 ж. 14 маусымында «Кәсіпкерлік қызметтің бостандығына мемлекетік кепілдікті жүзеге асыру бойынша қосымша шаралар туралы», 1997 ж. 6 наурызынан «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау және жандандыруды нығайта түсу бойынша шаралар туралы» Президентінің нұсқаулары қабылданған.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке